Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 12:54, реферат
Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары М.Әуезов баспасөз беттерінде пәлсапа, педагогика, методика ғылымдары мен халық ағарту ісінің толып жатқан проблемаларын көтергені белгілі. Мәселен, “ Абай ”журналының 1918ж 1-санында жарық көрген “Ғылым ” атты мақаласында: “ Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білімінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу қажет... ” Адамшылдыққа таза жүргізу үшін, -деп жазды М.Әуезов, -көп ой керек, ойлау үшін оқу керек. Және оқу әр тараптан мағлұмат беріп, ақиқатқа баланың көзін жеткізіп, көңіліне жақсылықпен тәрбие беру керек. М.Әуезов- Қазақсатндағы жалпы педагогика теориясы мен тарихының саларында арнаулы зерттеу еңбек жазбағанымен, оқу және оқыту әдістемесіне айрықша мән берген ғалым-ұстаз.
Мұхтар Әуезовтің әдебиет зерттеу еңбегі. Әуезов шығармашылық өмірінің апғашқы кезеңінен бастап көркем шығармалар жазумен қатар, әдеби сын, зерттеу еңбектер тудырған. Оның ең алғаш баспа бетінде жарияланған еңбектері әдеби-публицистикалық сын мақалалар еді. Жазушы 1928 ж. «Өз жайымнан мағлұмат» атты Өмірбаянында:
«Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет бетінде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды»
деп жазған еді. Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бірі болып, әдебиет тарихына байланысты зерттеу мақалапар, оқулық еңбектер жазып, тыңнан жол салды, мол ғылыми мұра қалдырды. 1918 ж. «Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар» атты мақалалардан бастап, 20- жылдары «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі», «Қызыл сүңқарлар» (1922-23), «Алтынсарыұлы Ыбырай» (1923), «Халық әдебиеті туралы» (1924), «Қобыланды батыр» (1925), «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» (1926), т. б. мақалалар мен «Әдебиет тарихы» (1927) атты көлемді зерттеу кітабын жариялады. Жазушы осы кезеңнен бастап Өмірінің соңына дейін қазақ ауыз әдебиеті мен жазбаша әдебиетінің тарихы, оның басты екілдері мен негізгі туындылары турапы зерттеу еңбектер жазған. Әуезов әуел бастан әдебиет тарихын халықтың жалпы азаматтық тарихымен тығыз бірлікте қарастыру қажет деп білді. Ол қазақ фольклористикасында ауызша әдебиеттің түрлерін:
1) сыршылдық салт елеңдері;
2) әңгімелі өлендер (батырлар әңгімесі, ел поэмалары, тарихи елеңдер;
3) айтыс-тақпақ;
4) ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ
деп топтастырады. Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары М.Әуезов баспасөз беттерінде пәлсапа, педагогика, методика ғылымдары мен халық ағарту ісінің толып жатқан проблемаларын көтергені белгілі. Мәселен, “ Абай ”журналының 1918ж 1-санында жарық көрген “Ғылым ” атты мақаласында: “ Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білімінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу қажет... ” Адамшылдыққа таза жүргізу үшін, -деп жазды М.Әуезов, -көп ой керек, ойлау үшін оқу керек. Және оқу әр тараптан мағлұмат беріп, ақиқатқа баланың көзін жеткізіп, көңіліне жақсылықпен тәрбие беру керек. М.Әуезов- Қазақсатндағы жалпы педагогика теориясы мен тарихының саларында арнаулы зерттеу еңбек жазбағанымен, оқу және оқыту әдістемесіне айрықша мән берген ғалым-ұстаз. М.Әуезов өзінің “Қазақ әдебиетінің тарихы” атты еңбегінде ұлттық психологиясының жекелеген мәселелерін қазақтың, ауыз әдебиеті үлгілері нұсқасынан іздестіріп, қоса қаратырып, ғылыми тұрғыда сөз етеді. Ұлттық әдебиетінің шығу тарихын тереңнен қарастырып, ауыз әдебиеті үлгілерін талдауға арналған М.Әуезовтың бұл тұңғыш оқулығы мың тоғыз жүз жиырма бесінші жылы Ленинградта оқып жүргенде жазылып, мың тоғыз жүз жиырма жетінші жылы Қазақсатанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында “Ел әдебиеті” деген атпен басылып шықты. Оқулық ауыз әдебиетін жанр түрлеріне қарай талдауға арналған жеті бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім “ Сыншылдық салт өлеңдері” деп аталады. Осы бөлімнің “Ел салтындағы шер өлеңдері” деген бөлімшесінде қазақтың тұрмыстық-салт дәстүрлеріне байланыфсты шыққан жоқтау, ескерту, қоштасу, көңіл айту, т.б. өлең түрлерінің мазмұнының мен тәлімдік мәніні терең талдауға көңіл бөлген. “Дінге байланысты өлеңдер” деген бөлімшесінде наурыз, бақсылардың сарыны жарапазан өлеңдерінің түрлері мен шығу тарихына тоқталған. Діни өлең-жырлардың шығу арихын халықтың мәдени, экономикалық және әлеуметтік өсу дәрежесімен байланыстыра қарастырған.
Ал, “ Қыз ұза”ту үстіндегі салт өлеңдері” деп аталатын үшінші бөлімшеде қалың малға сатылған қазақ қыздарының ел-жұрт, ағайын- туғанымен кетерде көрісіп, қоштасып, сыңсуы;“ Жар-жар” айтысында жаңа түскен жас келінге қайын жұртын таныстыру, жұбату мақсаты мақсаты көзделетіні; “Беташар ” жырында жат жұртқа келін болып келген жас әйелег жаңа жерде өзін қалай ұстауы, жүріп-тұрысы, мінез-құлқы, іс-әрекеті сөз болатыны, онда көбінесе ақыл-нақыл, өсиет-өнеге айтылатыны педагогикалық тұрғыда талданып баяндалған.
Үшінші бөлім қазақтың батырлар жыры: Едіге, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Шора Батыр, Қамбар Батыр жырларының мазмұны, шығу тарихы, мұндағы көзделетін мақсат-мүддесі, Отан қорғау, патриоттық сарындар жан-жақты қарастырылған. “Ел поэмалары ” деп аталатын бөлімде “ Қозы Көрпеш - Баян сұлу ”,“ Қыз жібек ”, жырларының мазмұны,көтерген әлеуметтік мәселелері: әйел теңдігі, жастардың сүйгеніне қосылуы мақсат етуі, феодалдық салт-дәстүрдің екі жақтың қосылуына бөгет болуы, осы жолда Төлеген мен Қозының өлімге ұшырауы айтылады.
“Тарихи өлеңдер” деп айтылатын төртінші бөліиге тарихи уақиғаларға байланысты туған “Кенесары Наурызбай”, “Исатай Махамбет”, “Бекет батыр” жырларының мазмұны мен мәні, шығу тарихына талдау жасалған.
М.Әуезвтің ойшыл, ғалым-
- салт-сана жағынан зиянды
болмайтын, пайда келтіретін
- онан соң оқитын кітаптарды
таңдағанда, балаларға жылда мектепте
оқитын әдебиет сабағына