Мұхамед Хайдар Дулати

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2014 в 20:20, реферат

Краткое описание

Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед-Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз алдыңызда суреттеліп, бұл кісіде сол кездегі Мір Әлішер Науаи, Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым жазушылардың бірі екенін көресіз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп таратқан, әсіресе, оның парсы тілінде жазылған “Тарихи Рашиди” деген кітабы болды. Бұл кітап бүгінде барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүние жүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МҰҚАМЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ.doc

— 121.00 Кб (Скачать документ)

МҰҚАМЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ


Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед-Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз алдыңызда суреттеліп, бұл кісіде сол кездегі Мір Әлішер Науаи, Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым жазушылардың бірі екенін көресіз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп таратқан, әсіресе, оның парсы тілінде жазылған “Тарихи Рашиди” деген кітабы болды. Бұл кітап бүгінде барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүние жүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр. 
Мұхаммед-Хайдар туысы жағынан ұлы жүз дулаттардан тарайды.  
Академик В.В. Вельяминов-Зерновтың анықтауынша: Мұхаммед-Хайдар дулат руынан, текті атадан. Дулаттар тарихи заманнан келе жатқан түрік нәсілдес көп тайпалардың бірі. XVI ғасырларда қазақ қауымына қосылып, Алтын Емел тауынан Шымкентке дейін қоныстанып отыр дейді. Шоқан Уәлихановтың жазуынша, Мұхаммед-Хайдар – дулат руы Болашы бидің ұрпағы. Дулат руы ол кезде атақты рулардан болып, Қашқар хандары әйелді осы рудан алатын болған. Мұхаммед-Хайдардың өз әкесі – Мұхаммед Хұсайын Жетісу, Шу өзені, Талас бойын мекен еткен дулаттар ортасында туып-өсіп, оның ел билеген атақты адамдарынан саналған. Қазақтың Қасым ханы мен өзбектің Шайбани ханы Алтын Ордадан қалған мұра – Сырдария бойындағы қалалар үшін жауласып жүргенде, Хайдардың әкесі – Хұсайын, оның ағасы – Мұхаммед Қайсар, дулат биі – Сұлтан Ахмет – барлығы дулат руының тума бектері аталған қолбасылар. Олар бір жағынан Ферғанадағы Бабырға күш берсе, екінші жағынан Қасым ханды қолдап, өзбек Шайбани ханға қарсы тұрады. Хайдардың әкесі Хұсайын көрген ол кезде өзінің қайын атаса Моғұлстан ханы Жүніс ханның мезгіл-мезгіл Ташкент пен Ұратөбе қаласын басқарады. Осы кезде келешектегі жазушы Мұхаммед Хадар келеді. Тегінде ұлы жүз үйсін, дулаттардың не шанышқылының Ташкент қаласын басқаруға қатынасуы тарихта аз болмаған. XVII-XVIII ғасырларда олардың беделі бұл қалада аса зор болған, ең соңғысы Төле бидің өзі көп өмірін осы қалада өткізіп, бірталай естелік қалдырған, өзі өлгеннен кейін денесі де сол қалада жерленген. 
Жетісудың ол кездегі саяси аты Моғұлстан болса, оны мекендеген тайпаларды ресми тілде Моғұл деп атады. Бірақ бұл Моғұл деп отырған көшпелі тайпалар-моңғол да, ұйғыр да, өзбек те емес, түрік тілінде сөйлейтін сол жердің тарихи заманнан бері келе жатқан тұрғын халқы болатын. Екінші түрде айтқанда моғұл деп атаған елдер кейін ұлы жүз құрамына кірген үйсін мен дулаттар, қаңлы мен шанышқылы, жалайырлар. Бұларды біріктіріп, саяси тіршілік ретінде не моғұл, не дуғлат деп атағандығы байқалады.  
Дұрысында бұл моғұлдарды шағатай ұлысынан бөлініп шыққан сол кездегі қазақ тайпаларының (ұлы жүздің) бірінші саяси одағы (бірлігі) деуге болады. Кейін Алтын орда үкіметі ыдыраған кезде Керей мен Жәнібек (Әз-Жәнібек) соңына ерген қыр қазақтарымен Моғұлстанға келіп, ұлы жүз тайпалары үйсін, дулаттан көп күш алып, шу өзені бойында Қазақ хандығын құрады.  
Осы кезде Моғұлстан үкіметі де кеңейіп, күшейеді. Өйткені, оның құрамына енді қашқар уәләяты да қосылады. Моғұлстанның билігі толғынан Қашқар жұртына ауысқанда, XVI ғасырдың 30 жылдары, Рашид ханның заманындаұлы жүз тайпасы, оның ішінде дулаттар Моғұлстан бөлініп, Қазақ хандығына қосылады.  
Дулаттар әлі күнге сол тарихи қонысында тіршілік жасап, қазақ халқының бір іргелі бөлігі болып отыр. Ол кезде Дуғлат, бүгінде дулат аталуында еш қайшылық жоқ. Бұл сол тарихи дұғлаттардың кітапта дұғлат аталып, халық аузында дулат аталуы ғажап емес. Өйткені өткен ғасырдағы кітап тілінің әсерімен Абайдың өзі де көп сөздерді солой жазғандарын мұра етіп, Орта Азия халықтарымен бірге мақтаныш ететін, оның тікелей ұрпағы – қазақтың ұлы жүз тайпасы оның ішінде дулаттар. 
Тарихи жазулардың бірде-бірінде Мұхаммед – Хайдардың нақтылы қай жерде туғаны көрсетілмеген. Бірақ бұл мәселені өзге мәліметтерімен анықтауға болды: біріншіден, оның әкесі Хусайынның тіршілік жасаған орындары арқылы, екінші, анасы Хуб Нигар-ханымның болған жерлері арқылы. Бұлардың екеуінің де тұрғылықты орындары Ташкент қаласының төңірегі болған. Әкесі Хусаин Қасым-ханмен бірге Шайбаниға қарсы соғысқанда,осы Ташкент маңында қаза табды. Сондықтан Мұхаммед – Хайдар осы Ташкент төңірегіндегі туған облуы керек. Мұхаммед-Хайдардың анасы Хубнигар-ханым – Шагатай ұрпағы. Моғұлстан ханы – Жүнісханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін басқарған. Хайдардың жазуынша Жүнісхан – көшпелі руларды отаршылыққа айналдырып, қала салу ісімен шұғылданған кісі. Дегенмен, Жүністің өзі де жаз күні жайлауға шығып, Арыс, Бөген, Шаян, Қаратауға дейін жайлап, көшпелі тайпалармен аралас отырады. Жүністің екі баласы – Ахмет-Алаша мен Мұхамед қазақ қауымның бірігінуіне көп күш жұмсаған кісілер тобына кіреді. 
Махмұд-Хайдардың шешесімен бірге туысқан Жүністің бірнеше парасатты қыздары болған. Оның бірі – Құтлығ Нигар ханым – атақты жазушы Бабырдың шешесі. Екіншісі – Сұлтан Нигар ханым – қазақ ханы Әдіктің бәйбішесі. Демек, бұл қарым-қатынастың барлығы Мұхаммед-Хайдарға бала күнінен таным болмаса, ол “Тарихи-Рашиди” кітабын да сондайлық жылы, сондайлық ашық жаза алмас та еді. 
Хайдардың жазуынша Сұлтан Нигар-Ханым өз күйеуі Әдік-сұлтан өлгеннен кейін Сыр бойында соғыс жиі бола берген соң, қырда тұра алмай, Қашқардағы туыстарына кеткісі келеді. Өзінің өгей баласы сол кездегі қазақтың ханы Тайырға арыз етіп, “Мен болсам қартайдым, Маураннахр мен рашид, қыпшақ арасы әлі түзелер емес. Қалған өмірімді қалада өткізейін, мен қашқарға апарып,Сейітханның қолына табыс ет ” дейді. Бұл кезде Сұлтан Нигар – ханымның қалған төркіні тегісімен Ташкент, Түркістан төңірегін қалдырып, Қашқарға барғаны байқалады. Кейін олардың соңын ала жетім қалған Мұхаммед-Хайдар да нағашысының қолына барады. Бұл жерде айтылып отырған Қашқар ханы Сейіт жоғарыда көрсетілген Жүніс ханның немересі, сұлтан Нигар ханымның ағасы Ахметтің баласы.  
1526 жылы Сейіт пен қазақ ханы Тайыр араздаса бастағанда, сұлтан Нигар-ханым бұл екеуінің арасына бітім айтады. Екі ханның екеуі де (бірінің апасы, бірінің шешесі) бұл кісінің сөзіне бас иіп, татулыққа келеді. Мұхаммед-Хайдар бұл туралы былай дейді: “Хан Қашқардан щығып, Қошқар келеді. Бұл жерге мен де келдім. Маған айтты: сен Қашқарға бар да апайды алып кел, Тайыр ханмен екеумізді татулыққа келтірсін.” Әдік ұлы Тайыр ханның ол кезде аузынан жалын шығып тұрған еді. 
Бұрынғы Моғұлстан қырғызды, үйсін, дулатты өзіне қаратып, қырғыз бен қазақты бірдей меңгеріп тұрған еді. Міне, осы уақиғаның ашық суретін біз бір ғана Хайдардың “Тарихи Рашиди” кітабынан көреміз. Бұл суреттер, біріншіден, Мұхаммед-Хайдардың туып-өскен ортасы кім екенін білдірсе, екіншіден, оның ол ортаны сондай жақсы біліп, оны кейінгі заманға мұра етіп қалдырғанын көреміз. Мұхаммед Хайдар халық ортасында көбінесе Мырза Хайдар деген атпен даңқты болған. Оған қосымша лақабы Көреген, Мырза Хайдар – Көреген. “Көреген” – ескі моңғол – түрік тілдерінде күйеу деген сөз. Орта ғасырларда хан қызын алып, ел басқарған би батырларға “көреген” деген лақап беретін болған. Мағынасы ел басқартын ханның күйеуі. Бірақ ханның өзі емес. Бұл лақапты Хайдардың өз әкесі Хұсайын да, Әмір темірдің өзі де, тағы басқаларда тағынған. Лақап атынан басқа, жазған кітаптарында Хайдар өзінің қай рудан екенін білдіру үшін ресми атын Мұхаммед - Хайдар Дұғлати деп жазған. Демек, ол шыққан руы дулат елі екенін көрсетеді.  
Мұхаммед Хайдардың шыққан ортасы дұғлаттары екенін Хайдардың өзінен бастап басқа жазушылар да келтіріледі. Мәселен, Орта Азияның атақты тарихшыларының бірі Хафиз Таныш өзінің “Абдулла-нама” деген кітабында Әбілхайыр ханның баласы Беріш-ұғланды Жәнібек пер керей ханы қалай өлтіргенін, дұғлат Хайдар мырза осылай жазады дейді. Осындай сәл ескертулердің өзі де Хайдардың қазақ қауымының жүйрік, білгір, жеке дара адам екенін көрсетіп, оның қазақ қауымына аса жақын болғандығын дәлелдейді. Мұхаммед-Хайдар шыққан дулат тайпасы өз заманындағы ұлыстардың алдыңғы қатарында болып, Моғұлстан кезіндегі саяси тіршіліктің ну ортасында болған. 
Дұғлат тайпасынан XV – XVI ғасырладрда бірнеше атқты адамдар шықты. Олар: Әмір Темірдің Моғұлстанды жаулауына қарсы тұрған белгілі Қамаридтен, Болашы, Түлек, Жорас деген кісілер. XV-XVI ғасырларда бұлардың аталары шағатай мемлекеттің үлкен астанасы Алмалық маңында болып, оларға қызмет етті. Алмалаық – Жетісудағы ең үлкен қала. Сауда мен мәдениеттің, саяси тіршіліктің қайнаған ортасы болды. Хайдардың арғы аталры Дұғлат Бауырты, оның баласы Болашы Шағатай ұрпағы Есенбұқа мен Тұғлық-Темірге қызмет істеп, моғұлстанның атақты билерінен болған. Бұл екеуі де Тұғлық-Темір дәуірінде Алмалық қаласы төңірегінде жасап, дәфенделген Тұғлық-Темірдің әдемі күмбезі осы күнге дейін, сол ескі Алмалық қаласының өзінде, қазіргі Коркос төңірегінде сақталғаны байқалады. 
XIII – XIV ғасырларда Шағатай хандары мен Дұғлат билерінің жаз күні жайлаған жері – Іле өзенінің бойы, Ақкент деген жер. Қазіргі Жаркент (Панфилов) қаласына жақын тұрған. Хайдар атларының тұрақты қонысы – осы Алмалық қаласының Жетісу өңірі. Өзге дулаттар Алмалықтан Ташкентке дейін созылып отырған. Бұл ара – ұлы жүз тайпаларының ескі дәуірлерден XIX ғасырларға дейін мекен еткен жері. Тарихи жешілердің көрсетуінше Дұғлат Болашы би XIV ғасырдыңбірінші жартысында жасаған кісі. Болашы би мен Хайдардың арасында6-7 апта өткен. Хайдардың түп атасы – Болашы Шағатай ұрпағы еенбұқа мен оның баласы Тұғлық темір заманында билік құрған кісі. Мұхаммед – Хайдар Қашқар уәлаяты (Моғұлстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы (Моғұлстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы, Есенбұқа мен Тұғлық-Темір тұқымы, Жүніс хан, Сұлтан Ахмет және Сейіт хан баласы Рашит сұлтанға арнап, кітабының атын “Тарихи рашиди” деп атайды. 
Мұхаммед – Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының төңірегінде туады. Оның әкесі Мұхаммед Хұсайын – Дұғлат Бауырты мен Болашы бидің тұқымы. Ол қазақ ханы Қасым мен бірігіп. Шайбани ханмен жауласып, жүргенде, 1508 жылы Шайбани әскерінің қолында өледі. Cегіз жасар Хайдар әкесінен жетім қалып, үш-төрт жылдай өзінің бөлесі, атақты жазушы Бабырдың қолынан тәрбие алады. 13 жасқа жеткенде, Хайдар өзінің тума нағашысы Жүніс ханның немересі, атақты Сұлтан Ахмет-Алаша ханның баласы Қашқар өлкесін билейтін Сейіт ханның қолына келіп, рның қарамағында әрі би, әрі әскер басы болып болып қызмет атқарады. Сейіт хан өлген соң, оның баласы Рашид сұлтанға уәзір болып істейді, бірақ Мұхаммед – Хайдар рашид сұлтанмен келісе алмай, қйыра Бабырдың балалары Қарман мен Ғұмайынның қасына барып, олар арқылы Қашмир уәләятын басқаратын болады. Сөйтіп кашмир өлкесін басқарып трғанда, 52 жасында сол жерде дүние салады. 
Мұхаммед – Хайдар – XV ғасырдың алғашқы жартысында жасаған Бабыр сияқты Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан білгіш, майталман кісінің бірі. Ол бөтен нәрсеге көңіл бөлмей, бір ғана кітап оқып, өлең шығарып, сурет салу ісімен айналысады, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерімен шұғылданады. Шемберлік ісінде ол бармағынан бал тамған ісмер, сұлулық дүниесін жанымен сүйетін хас шебердің өзі болады. Қырнау, безеу, ою өрнек өнерін тіпті асқарлы түріне жеткізіп, оның шын мағынасында сұлулық қазынасы - өнерге айналдырған. Онымен бірге Хайдар өзінің ойға жүйрік, майталман, сзге шебер, ерекеше саңлақ болуымен халық ортасында даңқты болады. Өзінің айтуынша: “халқпен кішіпейіл болып марқаласуды (кеңесуді), олардың алдыңғы әдепті, мәйін болуды, соғыс үстінде қырағы болуды, атқыш мергендікті, тағы басқа өнер түрлерін үйренуде мен нағашым Сейіт ханның Шәкірті ғана едім” деп, өзінің қойдан қоңыр, кішіпейіл мінезін тағы да сипаттайды. Хайдардан басқа біреу болса, әрине, буға пікісіп, “мен-мен!” деп, кеудесін соғар еді. Оның жазған тарихи шығармалары, көркемөнер, поэзия туралы жазғандары кейінгі жазушыларға зор әсер етіп отырды. Мұхаммед – Хайдардың адамшылық қасиеті туралы бабыр былай дейді: “Хайдардың әкесін өзбектер өлтіргеннен кейін ол менің қарамағыма келіп, үш-төрт жыл тұрды. Кейін рұқсат сұрап, Қашқардағы Сейіт ханға кетті. Не нәрсе болса да, өзінің шыққан тегіне (асылына) тартатын әдеті ғой, мәселен, сап алтын да, күмісте, қорғасын да тегіне тартпай ма! Жұрттың айтуынша ол бұрынғыдан көп есейіп, жақсы жолға түскен. Өзінің қолы әр нәрсеге шебер, оның қолынан келмейтін іс жоқ: ол әрі жазушы, әрі суретші, онымен бірге садаққа оқ жасап, оның жебелерін өзі істейді. Бір жағынан дарынды (құйылма) ақын. Маған бірер жазу келген еді, әлпеті еш жаман емес. ”  
Кейін есейіп ер жеткен шағында Мұхаммед – Хайдар шын мағынасында Кұншығыстағы даңқты адамның бірі болып, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әдебиетіне, оның тарихына зор үлес қосады. 
Күншығыс халқын зерттеуші ғалымдардың айтуынша Мұхаммед-Хайдардың атын жоғары көтеріп, оны жұртқа танытқан, әсіресе, оның “Тарихи-Рашиди” атты кітабы болды. Бұл шығарманың Күншығыс жазушыларына берген әсері сонша еді, олар мұхаммед-Хайдардың тарихи жазуларына ерекше баға беріп, оның кейбір жерлерін өзерінің жазған кітаптарында пайдаланып отырады. XVI – XVII ғасырлардағы Үнді мен Орта Азия тарихшыларынан Мұхаммед – Хайдардың “Тарихи-Рашиди” кітабын пайдаланбағандары кем де кем-ақ. Оның ішінде Үндістанның Европа әдебиетіне белгілі тарихшысы Мұхаммед-Қасым Ферште Бадахшан, Қашмир уәләяти туралы жазғанында, оның мағлұматын бір ғана “Тарихи-Рашиди” кітабынан алады, Мұхаммед-Қасымның айтуынша “Тарихи-Рашиди” – Орта Азия тарихы туралы жазылған шығармалардың ішінде ең мағыналысы және мағлұматтың ең дұрысы, ең толығы болып санлған. 
Мұхаммед Хайдарды оқыған күншығыс ғалымдарының ол туралы жылы сөз айтпай қалған бірде бірі жоқ. Үндістанның атақты ғалымының бірі – Ағзам. Ол Мұхаммед-Хайдардың Қашмир өлкесі туралы жазғанына зор қуаныш көрсетіп, өзінің “кашмир тарихы” деген кітабында Мұхаммед-Хайдардың әдебиеттегі орнына ерекше баға береді. “Мұхаммед-Хайдар күншығыс ғылымның терең білген данышпан еді оның үстіе ол қаламынан сөз құйылған талантты ақын болды. Оның “тарихи Рашиди” кітабы болған оқиғаны төндіре айтуда ең инабатты шығарманың бірі” дейді

«Тарих-и Рашиди» 
МұқамедХайдарДулати- қазақтың есімі әлемгемге мәшһүр тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, аса дарынды қаламгөрі, әдебиет зерттеушісі, әтнограф. 
Ұлы ғалымнын, әкесі Мұқамед ХVсейн көзінде Моғолстан мемле-кетінің көзінде болған Султан Махмуд ханның туған қарындасы ХVб Нигарханымға үйленген. Дәлрек айтсақ, Хайдар Дулатидің анасы ХVб Нигар ханым - Моғолстанның әміршісі Жуніс ханның кенже қызы. Ал Жуніс ханның тұңғыш қызы Михр Нигар ханым - аты әлемге әйгілі Захириддин Мұқамед Бабырдың анасы. 
Сонымен, Моғолстан ханы Султан Махмуд өзінің күйеу баласы Мұқамед ХVсейнге Ташкент маңайындағы Оратөбе өңірін сыйға тартады. Міне, сонда Ташкент шаһарында 1499 жылы (хижра жыл санауы бойынша - 905 жылы) Хайдар Дулати өмірге келеді. 
Хайдар Дулати - өз заманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам. Тарих ғылымы, поәзия, музыка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша оған дәріс берген ұлы Бабыр, Султан Саид хан сияқты орта ғасырлык аса көрнекті ғұламалары еді. 
Хайдар Дулатидің әкесі Мұқамед ХVсейн Шайбани ханның қолынан қаза табады. Әкесі қайтыс болған соң 1509 жылы Хайдар Дулати сол кезде Кабұлуәлаятын билеп тұрған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр өзінің атақты «Бабыр-наме» атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидың ақындыық талантын, білімділігін, садақ жебесін жасаудағы шеберлігін аса жоғары бағалаған. 
Султан Саид хан Қашқар елінің билік тағына отырган кезде, дәлірек айтсақ 1514 жылы Хайдар Дулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады. Сондай-ақ ол ханның мұрагөрі Әбу ар-Рашитдің ұстаз-тәрбиешісі болып тағайындалады. 
Көзінде Хайдар Дулати есімі аса дарынды қолбасшы ретінде мәшһүр болған. 
1533 жылы Султан Саид хан қайтыс болады да, онын, тағына баласы Әбу ар-Рашид отырады. Жас мұрагер дулат тайпасын жек көріп, қуғынға ұшыратады. Бұған ренжіген Хайдар Дулати алдымен Бадахшанга, сосын үнді елінің әміршісі Бабырдың баласы Камранға барып, 1539-1540 жылдары Аграда тұратын Бабырдың улкен ұлы Құмайынмен бірге болады. 
Хайдар Дулати 1541 жылы Бабыр ұрпақ.тарының көмегімен Кашмир елін жаулап алып, сонда дербес мемлекетке өзі жеке дара билік жүргізеді. 1551 жылы Хайдар Дулати сондағы тағы тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болады. 
«Тарих-и Рашиди». «Тарих-и Рашиди» - Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһур еткен ең басты шығармасы. Бұл еңбегінде ғалым ХV-ХVI ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан аймағында болған аса манызды тарихи оқиғалар туралы жазады. Сондай-ак. Ауганстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым, қаламгер сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, медениетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын зор бігірлікпен жазып қалдырған. Бұл еңбектің ең құнарлылығы - Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бұрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи құбылыстармен шебер түрде байланыстыра отырып баяндайды. 
«Тарих-и Рашиди» - қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің ХV-ХVI ғасырлардағы тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса құнды, таптырмас деректер көзі болып табылады. 
Бұл еңбекте бір кезде ауылы аралас, қойы қоралас болып жат-қан күллі түркі халыктарының қоғамдық-әлеуметтік ғұмыры баян-далады. Алайда Хайдар Дулатидің бұл кітабын қазақ халқының төл тарихы, шынайы шежіресі деуге болады. Қазақ тарихы, Хайдар Дулатидің айтуы бойынша, Моғолстан мемлекетінің өмірге келуімен -тікелей байланысты. Моғолстан - шығысында Ертіспен, солтүсгігінде Балқаш көлімен, батысында - Түркістан және Ташкент шаһарларымен, онтүстігінде Қағариямен шектесіп жатқан ұланғайыр мемлекет еді. Сонау XIV ғасырдың екінші жартысында Моғолстанның алғашқы хандары Тоғлұқ-Темір мен Ілияс-қожа Мауераннахрды өзіне қарату үшін бірқатар соғыстар жүргізді. Бертін келе осы мемлекетке қарасты, Жетсу жеріндегі билік әмір Қамараддинге көшті. Бұл кезде Орта Азияның билеушісі Әмір Темір Моғолстан жерінее қайта-қайта шабуыл жасаумен болды. Моғолстанның билеушлері әмір Қамараддин дулат, Еңке төре, Қызырқожа ханжәне Ақ Орда билеушісі Тоқтамысхан бас қосып, Әмір Темірге қарсы шыкты. 
Он бесінші ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің ішкі қайшылыктары күшейіп, қазақтың көптеген ру-тайпалары Дешті Қыпшақты тастап кетті. Олар Жетісуға қоныс аударған еді. Бұларды Шу өңіріне қазақтың алғашқы хандары саналатын Жәнібек пен Керей бастап барып еді. Моғолстан ханы Есенбұға көшіп келген қазақтарға негізінен Шу өзені, Қаратау маңайынан қоныс берді. Ал Жәнібекпен Керей бұл кезде Жетсуда қазақ хандығын құрды. 
Сөтіп, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші елдермен қарым-қатынасы кең көлемде сөз болады. Сондай-ақ мұнда Керей ханның баласы -Бұрындық хан, Жәнібек ханның баласы - Қасым хан, т. б. туралы құнды деректер бар. 
Хайдар Дулати қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тай-палар жайында егжей-тегжейлі жаза келіп, тайпалық тартыстардың тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтырғанын, ел ішіндегі алауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін нақты деректер негізінде әңгімелейді. 
Хайдар Дулати тарихшы ғалым ғана емес, ол сонымен бірге аса дарынды жазушы, ақын. Сол себепті ол «Тарих-и Рашидиді» көркем сөз зергөрі ретінде жазып шыққан. Каламгер өз көзімен көрген оқиғаларды аса дарынды суреткерге ғана тән шеберлікпен бейнелеп көрсетеді. 
Міне, соның нәтижесінде «Тарих-и Рашиди» ресми тарихтан гөрі, көркем шежіре дәстүріменжазылған шығармаға көбірек ұқсайды. Жалпы Хайдар Дулати өмір сүрген дәуірде оқыған зиялылар арасында шежіре жазу салты кең тараған еді. Әйтсе де Хайдар Дулати жазған шежіре ғылыми жығынан да, көркем сөз өнері тұрғысынан да өзгелерден ШОҚТЫҒЫ биік туынды болатын. 
Қазақта шежіре айту мен жазудың қалыптаскан мақамы тәсілі бар. Хайдар Дулати қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын бейнелейтін тұстарда осы дәстүрді сақтайтын сияқты. Мәселен, «Тарих-и Рашидиде» қазақ билеушісі Қасым ханның алыстан қонақ болып келген Сұлтан Сайд ханды қалай қарсы алғанын бейнелейтін көрініс бар. Мұнда Қасым хан өзінің құрметті қонағына қарата айтатын монологы берілген. Бұл монолог-сез ішкі логикалық үйқасқа құрылған акқ өлең болып келеді. Қасым хан сөзінің тындаушысына тигізетін эмоциялық әсері күшті екенін аңғару қиын емес. Қасым хан сонда сөйлейді: «Біз дала халкымыз, бұл жерде қымбат бұйымдар мен тағамдар жоқ. Ең қымбат байлығымыз - жылқы және ең дәмді тамағымыз – оның еті, әрі ең сүйкімді сусынымыз - оның қымызы мен одан дайындалатын тағамдар. 
Біздің өлкемізде бау-бақша мен зәулім үйлер жоқ. Серуендейтін жеріміз – малдың жайлауы, сонда барып бәріміз бой жазып, сайран салып, жылқыларды қызықтаймыз», -мына екі сәйгүліктей екі жылқыны ешқашан көрмегені әңгімеледі. 
Бірде Қасым хан: «Ел - жылқының күш-қуатына қарай тіршілік етеді. Менде осы екі арғымақтан басқа өзіме лайық сенімді ат жоқ. Сондыктан екеуін бірдей сізге тарту ете алмаймын. Енді сіз қадірлі қонағым болғандыктан, екеуінің бірін таңдап, қабыл алыңыз. Ол әрқайсысын жеке-жеке сипаттап шықты. [Саид] хан біреуіналды. Ол аргымақтың аты –Оғылан Түік еді. Шынындада, сондай бұдан кейін туған жок,. Қасым хан тағы бірнеше атты сол үйірден таңдап, алдына тартты (80, 309). 
Хайдар Дулатидің бірқатар елдерге жасаған саяхаттары да осы екбекте тартымды түрде баяндалған. «Тарих-и Рашиди оқиғаларға, ғажайып көріністерге аса бай еңбек. Мәселен, қаламгер Тибет елінің табиғатын сүйсіне суреттеп, сондағы алтын өндіру кендері туралы қызықты хикаялар айтады. 
Осы Тибет сапарында ол жол-жөнекей көптеген қиындықтарға тап болып, ақыры гүл жайнаған Бадахшанға зорға жетеді. Бұл сапарда ол жанындағы жеті жүз адамынан айрылады. Жан азабынан соң Бадахшан оған жұмақтай көрінеді. Сонда Хайдар Дулатидіңжазған мынадай бір өлеңі бар екен: 
Бір сәтке де жаным сенсіз жай таппас, 
Маған деген мейрімінде шек болмас.  
Әр тал шашым сөйлеп кетсе тіл бітіп,  
Алғысымның мыңнан бірін айта алмас. 
Хайдар Дулати ез дәуірнің белгілі ақыны болған. : Жыр қадірін жетік білетін атақты Бабыр патша кезінде Хайдар Дулатидің ақындық дарынын аса жоғары бағалаған. Жиын-тойларда Дулатидің лирикалық өлеңдерін әуенге салып айтады екен. 
Ақын өлеңдерінің негізгі идеясы - адамгершілік, сүйіспеншілік, достыққа адалдық болып келеді. 
Ол өз өмірінде әлемнің көп жерлерін аралап, талай-талай тарихи оқиғаларға куә болған. Тағдыр тауқыметінт көп көрген ақын кезінде ел аралаған кезбе-саяхатшы да, Кашмир тағында отырган хан да болған. Сол себепті ол мына жалған дүниенің өткінші екенін, адам өмірінің құбылмалы болатынын, қашанда жақсылық пен жамандық езара шайқасыпжататынын өзгелерден гөрі тереңірек пайымдаған. 
АҚЫННЫН, философиялық ой-толғамдарын төмендегі жырларынан аңғару киын емес: 
Бүкіл әлем бірден ғайып болады, 
Бар тіршілік күзгі гүлдей солады. 
Мәңгі ғұмыр - тек Аллаға жарасқан, 
Пенделері топырақ болып қалады. 
Немесе: 
Бізден бұрын ғайып болып кеткендер, 
О дүниеге бізден бұрын жеткендер, 
Бір сәт қана бізден бұрын мас еді, 
Шарап болып қайта оралды, төкпендер! 
Хайдар Дулати Кашмир елін жаулап алып, хан тағында отырған кезіндегі көрген-білгендерін зор шеберлікпен жазады. Мәселен, «Тарих-и Рашидиде» бейнеленген мынандай керіністер бар: «Каш-ми рауасының (температурасы) жаз айында ете қоңыр салқын, сондықтан ешқандай желпуіштік кажеті жок,. Ұдайы қокыр салкын самал есіп тұрады. Оның хош иісті лебі адам жанын жадыратып жібереді. Үнемі Исаның деміндей жандандырып жіберер қасиетке ие таңғы самалдан райхан жапырактары төгіліп жатады. Сайраған бұлбұлдар мына халді баян еткендей: «Шіріп кеткен сүйектерді кім тіріп алады?» 
Бәйіт: 
Жаны жарқын адамнын, жылы ұшырар ауласы, 
Соны сезген адамның қай кезде де сау басы. 
Қыста ауанын кокыр салкындыгы сондай, кардын, калыктускені-не карамастан, тон киюді қажет етпейді. Оның суықтығы сол табиғи жылуды толық күйде еске түсіріп тұрады. Әлемді сәулесімен нурландырар күн шапағын шашпаған кезде, табиғат оттың жылуынан бас тартпайды. Мынаөлеңде айтылғандай. 
Бәйіт: 
Мазасыздау көңілім, ұшқан тозаң-көк мұңы, 
Бүгінгі күн, білгенге, шарап, шатыр от күні. 
Мұндай күн Кашмирде кей-кейде болып тұрады. Оның көктемгі ауа райы [Құранның сүресінің]: «... жан бітірген кезде» мән-мағынасын айқын бейнелегендей, оның даласының көк майсасы жәннат шалғының даңқын ұрлағандай, ал оның бақтарының гүлдері мен ағаштарының алдында жұмақ бағынын, өңі солғын тартады. Гүлдендірген бақтарынан ағып жатқан өзендері Құраннык аятында айтылғандай: «... төменде бұлақтар ағып жататын жәннатқа кіргізетінінен» еске салады. Оның отты қызғалдақтары Халелдік отына кінә артқандай еді. 
Бәйіт: 
Жұмақ жаққа бұрылған шықсан жолдың шетіне, 
Отын жаққан Халелдік қызғалдақтар бетіне». (80, 467) 
Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді. «Тарих-и Рашиди» екі дәптерден (кітап) тұрады. Бірінші дәптерде Моғолстанды және Қашқар елін билеген Шағатай ұрпақтарынык әулеті тарихы баяндалады. Мұнда автор Тоғлық Темір билік жүргізген кезден (1347-1348 жылдар) бастап хан тағына Әбу ар-Рашид отырган кезеңге (1533 жыл) дейінгі тарихи мерзімді қамтыған. 
Ал екінші дәптердің көлемі біріншісіне қарағанда төрт еседей көп. Қаламгер оны 1542 жылы жазып бітірген. Бұл дәптер ақынның өз көзі|мен көрген оқиғалары бойынша жазылған. Екінші дептерді ғұмырнамалык, шығарма деуге болады. 
Шынында да, «Тарих-и Рашиди» - құнарлы, бейнелі тілмен қазақтың шежіре айту дәстүрінде шебер жазылған көркем туынды. Ол дарынды қаламгер ретінде тарихи тұлғалардың жанды бейнелерін жасаған. Оқырман көне дәуірдің қым-қиғаш оқиғаларын өз көзімен көргендей әсер алады. «Тарих-и Рашиди» қанатты сөздерге, мақал-мәтелдерге, сан қилы әдеби теңеулерге мейлінше бай. Ең бастысы –бұл мемуарлық еңбектің шынайы көркем туындыға тән сюжеттік желісі бар, композициялық құрылысы ширақ жасалған әрі метафора, эпитет, теңеу іспеттес көріктеу құралдары қатар пайдаланылады. 
Тағы бір назар аударатын жәйт - автор белілі бір тарихи деректерді тізбектеумен шектеліп қоймайды. Дәл сол деректер жайында өзінің ой-толғаныстарын дидактикалық философиялық, психологиялық тұрғыдан талдап түсіндіреді. Ғалымның бұл философиялық пікірлері арнайы зерттеуді қажет етеді. 
Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу үстінде өзін дарынды ақын ретінде де таныта білген. Проза тілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді ол арагідік поэзия тілімен, яғни жырмен жеткізеді. Хайдар Дулатидің ақындық дарынын кезінде «Тарих-и Рашидиді» өзге -тілдерге тәржіма жасаған Батыс пен Шығыстың көптеген ғұламалары ерекше атап көрсеткен. 
Хайдар Дулати бұл еңбегінде өзінен көп бұрын өмір сүрген және өзімен мен замандас Шығыс шайырларының поэзиясына теориялык талдау жасап, олардың өлеңдерінен мысалдар келтіріп отырады. Олар -Науаи, Жәми, Бинаи, Сухайли, Хилали, т. б. ақындар. Сондай-ақ мұнда сурет өнерінің тарихы да сөз болады. Әсресе суретші Бекзада және оның шәкірттері салған көркем бейнелерге зор ептілікпен жан-жақты талдау жасаған. Дулатидің музыка өнері, музыкалық аспаптар, оларды жетілдіре түсу жолдары жайындағы ғылыми ой-пікірлері де ерекше назар аударады. 
Жанрлық тұрғыдан келгенде, «Тарих-и Рашиди» - ғылыми екбек әрі түркі тілдес халыктардың шынайы шежіресі, сондай-ақ тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды деуге де болады. 
Біріншіден, «Тарих-иРашиди»-көне түркі, шағатай, араб, парсы, латын, ежелгі грек, үнді тілдерінде жазылған, есімдері әлемге мәшһүр Шығыс пен Батыс ғұламаларының тарихи зерттеулеріне негізделіп жазылған нағыз ғылыми еңбек. 
Екіншіден, Хайдар Дулати еңбегі сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ауызша айтылып келген тарихи деректерді, ан,ыз-әфсаналарды, хандар мен сұлтандардың генеалогиясын (ата-тегін) өз ішіне қамтыған шынайы шежіре кітап деуге болады. 
Үшіншіден, қазақ, зиялылары шежіре кітаптарды тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды ретінде таныған. Тіпті алғашқы ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре мәтінін тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындыға айналдырып жіберетін болған. 
Мінее, Хайдар Дулати өзінік «Тарих-и Рашиди» атты екбегін жазу барысында осы жәйттерді мықтап ескере отырып, оны жоғарыда айтылган үш талапқа да жауап беретіндей етіп жазған. 
Енді осы «Тарих-и Рашиди» кітабынзерттеу, басқа тілдерге тәржіма жасау жайында бірер сөз айта кетейік. 
Хайдар Дулатидің бұл еңбегін тұңғыш рет Англиянык аса көрнекті тарихшысы Ә. Денисон Росс (1871-1940 жж.) ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып шығарған. Осы кітап сол күйінде ешбір өзгеріссіз қайтадан 1972 жылы Лондонда жарық көрді. Шығарманың қазақ тарихына қатысты тұстарын кезінде белгілі шығыстанушы ғалымдар В. Вельяминов-Зернов, В. Вяткин, Т. Султанов, К. Пищулина тәржімажасап, өз еңбектерінде ғылыми негізде пайдаланды. 
Шежіренің кейбір бөлімдерін кезінде қазақтын көрнекті ғалымы С. Асфендияров та тәржіма жасаған. Хайдар Дулати шежіресінің қазақ тарихына қатысты жерлері 1969 жылы орыс тіліннде жарық көрді. Өзбек ғалымдары «Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен орыс тіліне аударып, 1996 жылы Ташкентте бастырып шығарды. 
Қорыта айтқанда, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашид» еңбегі - түркі тектес халыктар тарихынан, соның ішінде қазақ кауымының көне шежіресінен аса құнды деректер беретін бірден-бір туынды.


Информация о работе Мұхамед Хайдар Дулати