Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 12:16, доклад
Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын -Мағжан Жұмабаев. Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдары аса күрделі белестерді бастан кешірді.
Мағжан поэзиясы - қазақ ұлтының мұрасы
Қазақ поэзия әлемінде айырықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын -Мағжан Жұмабаев. Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдары аса күрделі белестерді бастан кешірді.
Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болған Жұмабайұлы есімін ақтау ісі тек 1958 жылы қолға алынды. Осы жылы ресми комиссия құрылып, ақынның таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым жасалды. Бірақ одан нәтиже шықпай, Жұмабайұлы шығармалары басылмай қала берді.1960 жылы Түркістан әскери округі әскери трибуналының алқасы шешімімен Жұмабайұлы толығымен, біржола ақталды. Жұмабайұлы есімі ақталса да, ол жөнінде Қазақстан Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге хабарланбады. Осылайша, Қазақстан халқы ұзақ уақыт бойы Жұмабайұлы шығармаларымен жете таныса алмай келді. Түркияда ақын кітаптары жарық көргенімен, олар қазақ оқырмандары қолына тимеді. 1969 жылы Жұмабайұлымен қызметтес, таныс болған адамдар Жұмабайұлын ақтау, шығармаларын жариялау керектігі жөнінде Қазақстан басшыларына хат та жолдаған болатын.
Бірақ Жұмабайұлының шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. 1995 жылдан М.Базарбаев, С.Қирабаев, Х.Абдуллин, Ш.Елеукенов, Б.Дәрімбет, Ш.Сариев бастаған ғалымдар тобы Жұмабайұлының 3 томдық шығармаларын шығаруды қолға алды.
Жұмабайұлы шығармашылығын тереңірек зерттеу еліміздің егемендік алуынан бергі кезеңде ғана нақтылы жолға қойылды. Жұмабайұлы есімін мәңгі есте қалдыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Алматы және Петропавл қалаларында бір-бір көшеге Жұмабайұлы есімі берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы Мағжан Жұмабайұлы ауданы болып аталды.
Соңғы жылдары 2011жылдың 16 тамызында «Жас Алаш» газетінің №65 санында Мағжан Жұмабаевтың 1938жылы қайтыс болуына қатысты күмән келтіретін адамдар пайда болды. Бірі батыр атамыз Бауыржан Момышұлы, Сібірде жүргенде лагерьлердің бірінде тұтқындардың арасынан көрген. Сонымен қатар, ақын Хамза Абдуллин Мағжан Жұмабаевтың қайтыс болуы туралы ресми құжаттармен мүлдем келіспейді. Ол ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолын толығымен зерттеген. Хамза Абдуллиннің айтуынша «ақын Мағжан Жұмабаев өз өлімімен 1959 жылы қайтыс болған». Оған дәлел ретінде, ақсақал Абдулла Абдрахмановтың Мағжан Жұмабаев туралы естеліктерін мысалға келтіреді. Ақсақал Магадандағы сталиндік лагерьлердің бірінде ақын Мағжан Жұмабаевты 1948 жылы кездестіргендігін айтады. Кейінірек «Жас алаш» газетінің ұйымдастыруымен арнайы экспедиция құрылып, ақсақал Абдулла Абдрахманов бастаған топ Магаданға да барып қайтты. Бірақ өкініштісі, олар ақынның бейітін таппады.
Алайда құжаттарға сүйенсек, «Жұмабаев Мағжан Бекенұлының ату туралы шешім 1938 жылдың 19 наурызында іс жүзіне асырылған» деп 1938 жылдың 11 ақпан №277 СССР НКВД хаттамасында көрсетілген. Мағжан Жұмабаевтың ісіндегі құжаттарды қарастырсақ, оны 30 жылдардың аяғында Магадандағы тұтқындардың арасында көрдім деушілік шындыққа жанаспайды.
Әрине, біз оның тағыдыры туралы бүге-шүгесіне дейін білгіміз келеді. Сондықтан оған қатысты кез келген ақпаратты жан-жақты қарастырамыз. Кезінде оны орыс әдебиетіндегі ең білімді ақындардың бірі – Валерий Брюсовпен салыстырған. Себебі, көзінің тірісінде ақынды тек қазақ оқырманы ғана емес, сонымен қатар Ресейдің өзінде де жоғары бағалаған. 18 наурыз 2010 жылы Алматы басылымынан шыққан «Қазақстандағы сталиндік репрессия туралы» кітаптың авторы, тарихшы Мамбет Қойгелді Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын бірнеше жыл зерттеген. «ХІХ-ХХ ғасырдың ақыны Абай Құнанбаев болса, оның артынан Мағжан Жұмабаев пайда болды» дейді тарихшы.
Сол кезеңдегі XX ғасырдың бас кезіндегі шытырман окиғалардың бәріне Мағжан Жұмабаев куә болды. Олардың бәріне ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді.
Мағжан үшін ең негізгі мәселе-қазақ елі
жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы
жүдеу қалпында. Қазан төңкерісінің даңғаза
ұраны мен жалған насихатына ақын иланбады.Сондықтан
да ақын ендігі үміті мен арманын жастарға
артады
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!- деп басталатын
өлеңінде ақын, өзінің ертеңінен үміт
үзбейтіндігін, бүгінгі кеткен есені,
ұтылысты ертең-ақ «көздерінде от ойнаған,ар-намысты
жандарынан да қымбат көретін» жастар
қайратылығына кәміл сенеді. Жастардан
күткен үміті ақталып келе жатыр деген
ойдамыз.
Мағжан
Жұмабаев - қазақ өлеңінің ұлттық бояуы
мен рухын ұстана отырып, оны түрлендіре
байытқан, адам жанының сұлулығы мен сыр-сымбатын
жырлаған, осылайша қалың оқырманның жүрегіне
жол ашқан халқының білікті де парасатты
ақыны. «Мен өзімнің «менім» арқылы жасырмай,
жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым.
Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі осында»
деген екен Мұқағали. Бұл сөз - замандары
басқа болса да, жүректерінің соғысы бір,
өздерінің таза жаратылысымен ұрпақ жанын
әлдилеп өтетін, сезімтал әрі адал ниетті
қос азамат ақынның өзара ұқсас ақындық
болмысы деп айтсақ артық болмас деп ойлаймыз.
Өлмес өлең туғызып, артына өшпес із қалдырған
осы бір Мағжан сынды ғажайып ақынның
әруақты жырына тағзым еткен абзал.
Мағжан Жұмабаев қазақтың аса дарынды
ақиық ақыны.Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі
қайталанбас жарық жұлдыз,қайталанбас
құбылыс. Мағжанның рухы-қазақтың рухы.
Мағжанның арманы – ұлттың арманы. Сондықтан
біз қазақ ұлтына қызмет етуіміз қажет.
Ал, ақынның мұрасын қорғау – әр қазақтың
міндеті.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ «Қазақ тілі және журналистика» кафедрасының магистранты Алпысбаева С.К.