Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2013 в 19:15, реферат
Өмір жолы.
Ілияс поэзиясындағы лирикалық леп.
Өтірік өлеңдер
І. Жансүгіровтың балаларға арналған шығармалары.
Ілияс поэзиясындағы лирикалық леп.
Ілияс Жансүгіровтың балаларға арналған шығармаларының сыршылдық сипаты
Жоспар:
Ілияс жансүгіров 1894 жылы Жетісуда, Ақсу өңірінде туған, алғашқы сауатын өз әкесі Берсүгірден алып, арабша оқып, жазуға үйренеді. Ол бала күнінен өлең, жыр, дастан, қиссаларға құмартып,толарды әке үлгісімен домбырамен жатқа айтқан. Жетісу өлкесіндегі атақты ''Мамания'' мектебінде оқиды. «Мамания» мектебін Қалбайұлы Маман дейтін Жетісудағы зиялы адам 1899 жылы салдырған. Маманнның Тұрысбек, Сейітбаттал, Есенқұл деген балалары және Тәңірберген, Құдайберген деген немерелері әкелерінің ісін жалғап, 25 жыл бойы 8 сыныптық мектепті өз қаржыларымен ұстаған, балаларды тегін оқытып, киіндіріп, тамақтандырған. Онда 60 орындық интернат, қыздардың тігін шеберханасы, монша болған. Мектепте математика, физика, география, орыс тілі, араб тілі пәндері оқытылған. Құран сабақтары берілген. Мұғалімдерге үй салып беріп ,жалақыларын да Маман балалары өз қалталарынан төлеп отырған.
Жақсы оқыған шәкірттерді аллыстағы Петербор, Орынбор, Уфа қалаларында степендияларын беріп оқытып шығарған. «Мамания » мектебі шәкіртерінің ішінде қазақтың атақты ақыны І. Жансүгіров, алғашқыт қазақ инженері, белгілі тарихшы-Мұхаметжан Тынышбаев, көрнекті ағартушы –Біләл Сүлеев, «Алаш» партиясының бағдарламасы мен жарғысын алғаш жазған-Барлыбек Сырттанов т.б. бар. «Мамания» мектебі оқулықтар мен басқа да оқу құралдарын Ресейден алдырған, Орынбордан, Тройцкіден шығатын «Қазақ», «Алаш» сияқты газеттер, журналдар мектепке үзбей жеткізіліп тұратын.Осы «Мамания» мектебінің құрылтайшысы Есенқұл Маманұлы 1911 жылы қазақ романдарына бәйге жариялаған, бәйгеге сегіз роман түскен. Олардың ішінде бізге қазір белгілі болып отырғаны-Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы.Ілияс осындай ортада алғашқы білімін алған. 1914 жылы Мамания мектебінде Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы бойынша пьесасы қойылып, ондағы жігіт рөлін Ілияс Жансүгіров ойнаған.Ілияс жас күнінде Абайдың өлең кітабын тауып оқып, қатты әсереленеді, ақын болсам деген арманға түседі. Ол өз бетінше іздеп жүріп өлең кітаптарын, қиссаларды құмарта «қиссашы бала» атанады. Біржан мен Сараның, сүйінбай мен Күнбаланың , Әсет пен Кемпірбайдың айтыстарын жатқа жырлаған. 1920 жылы Тәшкенде мұғалімдер курыснда оқып, оны бітірген соң елге оралып, бала оқытады, газеттерге өлеңдер, сықақтар, мақалалар жазуды әдетке айналдырады. 1922 жылы Алматыға келіп «Тілші» газетінде қызмет істейді. Осыдан бастап Ілияс әдебиетпен айналысады. 1925 – 1928 жылдарда Мәскеуде Журналистика институтында оқиды. Оны бітірген соң «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде істейді, одан кейін Қазақстан Жазушылары Одағын басқарады, Қазақстан әдебиеті баспасында поэзия бөлімінің редакторы болады. 1938 жылы репрессияға ұшырап, атылады. Бар болғаны 44 жыл өмір сүрген Ілиястың әдебиет мұрасы орасан бай: өлеңдер, сықақтар, әңгімелер, фельетондар, дастандар, роман, пьессалар, тарихи повестер, ел аузынан жинап бастырған айтыстар,өтірік өлең, жырлар, газет бетіне жариялаған мақалалар, ғылыми еңбектер т.б. ұшан теңіз шығармалар жазып үлгерді.
Жансүгіров
халықтың бай фольклорын
І.Жансүгіров өзі жинап, бастырған өтірік өлеңдер туралы былай дейді: «Бұл жинаққа ел әдбиетінің белгілі бір түрлері – өтірік өлең, өтірік ертегі, өтірік айтыс,өтірік мақтан тағысын тағылары енген»
Ел әдебиетінің бұл түрі бұл күнге дейін жиналып, басылып жарық шықпай жатқан қазына. Өтіріктер А.Диваев жинағында там – тұмдап ұшырайды. Бірақ, ел ішінде өтірік аз емес, өтірік осыған аз емес, өтірік орасан көп. Қазақтың өтірік өлеңі – өтірік ертегі дегендері расында кенеуі жоқ босқа өтірік емес, өте шеберлікпен, тілдің орамдылығымен өзгеше өңделген сөз, тұрмыс құбылысындағы құнарсыз нәрсені дардай қылып,ойдай ортақ орын, қарыдан қысырап матап, болымсыз нәрсені әлденеге ұқсатып, дандайсытып, тыңдаушының сілекейін шұбыртақан өтірік. Ел жанына жақпайтын жай сөз болса, белгілі бір түрдегі алып «ел әдебиеті»болмас еді. Ел бұл күнге дейін сақтамас еді. Өтіріктің өмірге ұқсастығы болмаса, ел әдебиетінің бойына сіңбес еді. Жоқ,өтірік – ел әдебиетінің бір мүшесі. Өтірік әдебиетте өмір көп. Өтірік өз мәнісіндене тіршіліктің шын жаңа жағына, не көңілдің күйін көксеуге байланысып отырады. Айталық:
Иенлік пен масаны құда қылып
Инеліктің үстіне шекпен
Иә, қазақта құдалық
бар, оның арасында делдал бар:
Әкесіне ас беріп жатыр екен.
Көбелектің үйіне кіріп
Әрине қазақ айтқан соң, көбелек те ас береді. Ас беру әдеті көзді аша көрген мұра ғой. Көбелек «отаусыз» неге қалсын. Міне, бұл – жалпы енді билеген салт – сананың, әдет – танымның жарық шоғы.
І.Жансүгіровтың балаларға арналған «Шәркей» әңгімесінде Шәутен деген балаға шәркей жасап берген шешесінің еңбегі өте нанымды суреттелген. Жазушы осы әңгіме арқылы баланың өзін еңбек процесінде қатыстырады, бақылатады, еңбекті бағалауға шақырады. Бір ғана шәркей тігуге қаншама еңбек төгілетініне баланың көзін жеткізеді. Бұл әңгіменің танымдық мәні де ерекше. Өте түсінікті және құрылған қарапайым тілмен жазушы жалпы қазақ қол өнері, соның ішінде жүннен зат жасалу үрдісі туралы баяндайды. Дәл осындай қазақ халқының ұлттық кәсібі, нанымы, өмір салты шынайы суреттелген шығарма – ақынның «Малта» деген өлеңі.
Құлыншақтай қу шұнақ,
Құйрық – жалсыз, сұр шұнақ.
Балаға берді апасы
Сұрша малта, жұмыршақ.
Алды бала қуанып,
Кетті аузынан су ағып
Бала:
- Жымың – жымың күлдірген.
Жып – жымағай малта ғой.
Малта – малта малақай,
Қайдан шықтың, айта ғой.
Жоғарғы ерні қыбырлап,
Төменгі ерні жыбырлап.
Малта сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
Ілиястың қазақ поэзиясын
Ілияс Жансүгіров табиғат пен
адам арасындағы құдіретті
Балалардың сәулелі жан толқынын барынша мөлдірете айту бұдан артық болмас. Ақынның әрбір демінде, арбір сөзінде қуаныштың самалы есіп тұр. Сіз де олармен бірге таң алдындағы торғайдың әуезін тыңдағыңыз келеді.
Ілияс поэзиясына тән
Информация о работе Ілияс Жансүгіровтың балаларға арналған шығармаларының сыршылдық сипаты