Ілияс Жансүгіров

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 08:39, доклад

Краткое описание

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Әкесі ескіше сауатты адам болған, ақын алғаш білім, тәрбиені өз әкесінен алған. Кейін медреседе, онан соң Ташкенттегі қазақ-қырғыз мұғалімдер курсында оқиды.
Ілияс білімін әрі қарай жалғастыру мақсатымен Мәскеудің журналистика институтына барып оқуға түседі, оны 1928 жылы бітіріп шығады. Сонан келісімен ол әдебиет ісіне белсене араласады. Өлең жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Еліне танылған шебер қаламгер қазақтың көрнекті ақындарының алдыңғы легінде болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ілияс Жансүгіров.doc

— 40.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Ш. Айманов атындағы жалпы білім  беретін қазақ гимназия

                               мектеп-интернаты

 

 

 

 

 

 

                                  Реферат    

                                   

 

                               тақырыбы:

  

 

 

                                                

                                                Орындаған: Төлегенов С.Т

                                                 Тексерген: Саликова Э.М

 

 

 

 

 

 

 

                   Баянауыл 2008-2009 оқу жылы

 

 

 

   Ақынның өмірі мен шығармашылық өсу жолдары.

Ілияс ақын артына, халқының рухани өміріне  өшпес асыл мұра қалдырып кетті.

      Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Талдықорған облысы  Ақсу ауданында дүниеге келген. Әкесі ескіше сауатты адам  болған, ақын алғаш білім, тәрбиені өз әкесінен алған. Кейін медреседе, онан соң Ташкенттегі қазақ-қырғыз мұғалімдер курсында оқиды.

      Ілияс білімін  әрі қарай жалғастыру мақсатымен  Мәскеудің журналистика институтына  барып оқуға түседі, оны 1928 жылы  бітіріп шығады. Сонан келісімен ол әдебиет ісіне белсене араласады. Өлең жинақтары бірінен соң бірі жарық көреді. Еліне танылған шебер қаламгер қазақтың көрнекті ақындарының алдыңғы легінде болады.

     Ілияс- әрі лирик,  әрі эпик ақын. Оның алғашқы  өлеңдерінің өзінен де сыршылдық   жыр лебі еседі.

                                Мақпалдай жол,

                                    Ақырын айтты өлеңді,

                                    Ақын бұлбұл өлеңдете жөнелді.

Осы «Жетім» өлеңінің өрнек құрылысы да Ілиястың жаңа өрнекшілдікке қанат  қаққан ақын екндігін танытады.

     Ілиястың туған жеріне, дарқан даласына деген перзенттік   сүіспеншілігі оның «Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңінде, «Дала» поэмасында сыршылдықпен шебер өрнектелген.

                                Ағынды менің Ақсуым

                                    Арқырап әлі ағасың...

                                    Жалғыз жазғы бір кеште,

                                     Жағаладым жағасын.

 

                                     Тұнжыраған торғын түн,

                                     Төндім сұлу суына,

                                     Таңырқап тау-тас тамсанып,

                                     Жымиды жұлдыз мұныма...

Ал «Жетісу суреттері» нәзік  сыршылдығымен де, көркемдік айшықтарымен де оқушыны баурап алады. Ақынның туған жерінің табиғатын, жер-суын, тау-тасын, өсімдік, жан-жануар дүниесін соншама біліп, соны мейірлене жыр арқауына қиыстыра өре білгеніне сүйсінесің. Ақының жыр жолдарынан бірер мысал:

                   Жер таппан жерде жетер Жетісуым...

                      Албыр бет Алматыда алма әдемі,

                      Алғандай ақ тамақты ауызға  үріп...

                      Қарқара жарасымды жазық жайлау.

                      Үй-күлше, құрттың жайған өресіндей...

                      Жайлау жоқ  Көктөбенің төбесіндей,

                      Ыстықта, жер айнасы мөлтілдейді...

Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаға. Ақын өзі оны бар жанымен түсінген де,  мейірі қанғанша сусындаған. Тек  сондай жан әлемінен  ғана  «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды бірегей туындылар жаралар болар.

      Ақын 1916 жылы жазылған «Әншіге» деген  өлеңінің өзінде-ақ ән өнерінің  «ой салар, ойын түртер... еліртер... елбіретер, толғантар, толғақ салар, толықсытар» тәңірісін таныта білген.

       Кейінірек  жазған «Әнші» өлеңін де ән  өнеріне арнайды. Қазақтың «аспанның  аясындаән шалқытқан... даусы көкте   дамылдаған» әйгілі бұлбұл әнші-ақыны  Әсеттің әншілігін әуелете жырлайды.

                      Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп,

                      Қоздырып делбеңді, әсерлетіп,

                      Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,

                      Шапшытып, шүмектетіп, тамылжытып,-  

деп орғытып, өрлетіп  кете береді. Көсемше етістікке жан  бітіре сөйлетеді ақын.      

          Ілияс  ән-күй тақырыбына үш  дастанын арнаған.«Күй»

«Күйші», Күйші», «Құлагер»  дастандары-осы тақырыпқа жазылған ең көлемдіде шеберлік шыңынан көрінген классикалық туындылар.

 

Ілиястың «Күй» поэмасын Молқыбай күйшінің өнері жайлы жыр  шертеді.                                                                                                                 

                    Қобызшы ол- «Ақкөбікті» аңыратқан

   Боздатып  «Боз  інгенді» күңіреткен,-

деп күйші өнеріне ақын таңдай қақтырады.

      Ілиястың өнер тақырыбына арналған шоқтығы биік тағы бір шығармасы –«Құлагер» поэмасы.

Поэмаға арқау болған –арқаның  ардагер әнші-композиторы  Ақан сері трогедиясы.

Дастанның бүкіл бөлім-бөлшектерін біріктіріп тұрған-Ақан сері тағдыры.Үздік өнер иесінің қайғылы-қасіретті,

мұңды,азапты әрі серлік,өнерлілік  тағдырын шытырман оқиғалар  үстінде  көрсеткен. Адамдар, оқиғалар, көптеген  штрих-детальдар, негізінен, Ақан трагедиясын, оның ортасынын көрген өгейлігін, пәктікті, әділеттілікті аңсаған арманын, өнер өміршеңдігін танытуға арналған. Шығарманың бүкіл сюжеттік-көркемдік құрылымы осы эстетикалық мұратын ашуға бағашталған.

Ілиястың «Құлагер»поэмасы сырт арағанда,ақынның сәйгүлік-тұлпарының мерт болуына арналған,соған байланысты туған сияқты.Ақын Ілияс өзі де:

      Әңгіме  Ақын емес,Құлагер ғой,

 Осыдан бастамақшы ек сөздің басын,-

деп,шығармаға өзек болған.Құлагер оқиғасы дегенге меңзейді.Ақынның олай деуінің де үлкен себебі бар. Ілияс поэманың бір жерінде:

Өзгеге ұғындырмас өзі  бұзбай,

Сыншыдан сақта Құдай сортаң тұздай.

Шатасқан шалдуардан жиіркенем,

Елімнің серісіне сөз  айтқызбай,-

дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет: Қазақ әдебиеті  9 сынып


Информация о работе Ілияс Жансүгіров