Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:53, реферат
Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халыќтар тілінің көпшілігінде термин болып ќалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арќылы келіп орныќты. Бұл термин - бір тілдегі барлыќ сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексикалыќ ќұрамына енген сөздерді тексеретін-лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология., сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен ќатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалыќ категорияларды сөздің грамматикалыќ өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп ќарауға болмайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалыќ системадағы алатын орнын, шығу төркіне ќолдану ќабілеттігін күнделікті ќарым-ќатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология.
Кіріспе
Лексика-көне гректіктің Lexiros
(сөздік) деген сөзі. Лексика деген
сөз жер жүзіндегі халыќтар тілінің
көпшілігінде термин болып ќалыптасып
кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі
арќылы келіп орныќты. Бұл термин
- бір тілдегі барлыќ сөздердің
жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы
лексика деген терминнің
Лексикология тілдегі барлыќ сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік ќұрамының келеі мәселелерін түгел ќамтып, оны егжей-тегей түсіндіруді маќсат етеді.
Лексикология - сөзді және сөздердің жиынтығы-тілдің сөздік ќұрамын (лексикасын) зерттейді. Сөз лексикологияда лексикалыќ единица ретінде ќарастырылады. Лексикалыќ единицалардың (сөздердің) жиынтығынан тілдің сөздік ќұрамы (лексикасы) ќұралады.
Лексикология тіл біліміндегі
басқа салалардан кеш дамыды.20 ғасырдың
өзінде лексикологияны әлсіз құрылымға
ие,тіл білімі мүлде семантикамен
айналыспауы керек деген
Енді,лексикологияның
Тіл қызметінің ерекше бір саласы - ономастика. Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономасиология деп аталады. Ономастика – кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «оnomа» есім, ат) onomastika - ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы (кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т.б.) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В.В.Радлов, В.В.Бартольд, Н.Катанов, А.Н.Самойлович, С.Е.Малов, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Қ.Жұбанов, І.К.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ә.Қайдар, Т.Жанұзақов, Ә.Абдрахманов, Е.Жанпейісов, Қ.Рысбергенова, Г.Мадиева, А.Жартыбаев т.б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика (жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым), антропонимика (адам аттарын зерттейтін ғылым), этнонимика (ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика (хайуандар аттары), гидронимия (теңіз,өзен, су, көл атауларын зерттейді) т.б.
Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы – антропонимика. Антропонимика кісі аттары, әке аты patronim (отчество), фамилиялар, лақап аттар (прозвища), бүркеншік аттарды (псевдонимы) зерттейтін ономастиканың бір саласы.
Қазақ ономастикасының зерттелу тарихына аналитикалық шолу жасалған еңбекте бұл саладағы зерттеулер 4 кезеңге бөлінген. Соның ішінде жалқы есімдерге қатыстылары мыналар:
1 кезең: 1950 – 1970ж.ж. (Т.Жанұзақов «Лично-собственные имена в казахском языке» 1961ж; «Қазақ тіліндегі жалқы есімдер» 1965ж; «Қазақ есімдерінің тарихы» 1971ж.)
2 кезең: 1970 – 1990ж.ж. (Т.Жанұзақов «Очерк казахской ономастики» 1982ж; Е.Керімбаев «Атаулар сыры» 1986; «Қазақ емісдері» 1988; В.Махпиров «Собственые имена в памятнике Х в. «Дивану лугат ат-турк Махмуда Кашгарского» 1980ж канд. дисс. )
3 кезең: 1990-2000ж.ж. (В.Махпиров «Имена далеких предков» 1997; М.Мұсабаева «Қазақ тіліндегі антропонимиялық «аталымдардың» этнолингвистикалық сипаты» 1995ж канд. дисс.; У.Мусабекова «Мотивационный аспект антропонимов казахского и русского языков» 1996 канд. дисс. Е.Керімбаев «Этнокультурные основы номинации и функционирования казахских собственных имен» 1992ж. док. дисс.; К.Головина «Сопоставительный анализ идиоэтнических топонимов и антропонимов русского и казахского языков»; К.Жаппар «Эстетические функции имен собственных в поэзии О.Сулейменова» 2000ж; ).
4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең (Б.Көшімова «Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі» 2001ж; Б.Досжанов «Қазақ тіліндегі көне антропонимдер» 2003ж; Д.Керімбаев «Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты», 2004ж; Г.Аубакирова «Идиоэтническая семантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном тексте» 2004; А.Бахамова «Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая характеристика» 2004; ).[5,71]
Антропонимика (кісі аттары) - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра. Антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Немесе қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас келін күйеуінің ағасын, інісін я қарындасын тура атымен атай алмай, жанама ат қойып алатын. Атап айтқанда, қайынсіңлілерін – шырайлым, бикеш, бойжеткен, әке қыз, еркем, ержеткен, ерке қыз, ал ер адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт т.б. деп атайды. Тіпті күйеуінің құрдастарының аттарын атауды да ұят санап құрдас, замандас немесе аттас деп атау дәстүр ұстаған.
Осымен байланысты эвфемизм
мен табу ерекше назар аударады да,
антропонимдердің лингвомәдени, әлеуметтік
т.б. аспектілерінің архетиптік сипатын
көрсетеді. Яғни, эвфемизм - бір затты
немесе құбылысты тікелей өз атымен
емес басқа сөзбен атау. Айтуға дөрекі,
қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып
айтудың негізінде шыққан. Оның тілдік
көріністері қазіргі қазақ
Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сәйкес кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл құбылыс әдетте табу деп аталады. Бұл проблеманың қазақ және түркі тілдегі табиғаты, тілдік көрінісі Ә.Ахметовтің еңбегінде арнайы зерттелген. Солардың нәтижесінде оның дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығы, оның генезисі анықталады.
Тілші-ғалым Ә.Хасенов
эвфемизм мен табу құбылысын
лексиканың қалыптасып баю
Әлем халықтарының көпшілігінде,
оның ішінде қазақ тілінде де жалқы
есімдердің көбі табуға айналған. Ш.Саадиевтің
мәліметі бойынша, әзірбайжанда күні
бүгінге дейін шын аттар
Қазіргі қазақ тіліндегі
антропонимдерді тарихи-
Қазақ тіл біліміндегі ономастика, антропонимика саласын қалыптастырушы ғалым Т.Жанұзақовтың антропонимдердің қалыптасуын, даму кезеңдерін басқаша жіктегенін байқаймыз. Атап айтқанда: 1) Ескі түркі кезеңі (V-Хғғ.) пұтқа табынуға байланысты жалқы есімдер. 2) Ортағасырлық кезең (Х-ХVІІғғ.) - туыстық атаулар, тайпа, ру атауларымен, жануар мен өсімдіктер, астрономиялық атаулар, қымбат тастар мен материалдық мәдениет пен тұрмыс, әлеуметтік-саяси терминдермен байланысты. 3) ХVІІ-ХІХғғ. кезең - негізінен аппелятивтік лексикамен байланысты қалыптасқан жаңа атаулар: Жібек, Баршын, Қамқа, Шекер, Алуа т.б. 4) Совет кезеңі - жаңа дәуірге сәйкес жаңа ұғымдармен байланысты есімдер көріп отырғанымыздай, бұл зерттеудің нәтижесі, тілдік деректердің мазмұны нақтылығымен дәйектелген .
Сонымен бірге Г.Ф. Саттаровтың
мақаласында татар тілінің
Бастапқы материалдар
мәселесін көтеру қазақ лексикографиясында
С.Жиенбаев еңбегінен басталады. А.Ысқақов
қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне
қажетті дәйектеме
Қазақ лексикографиясы бойынша жаңа зерттеулердің бірі – Г.Көбденованың «Қазақ тілінің тарихи лексикографиясы: құрылымы мен ұстанымдары» атты еңбегі . Автор картотекалық қордың сипаты, маңызы мен рөлі туралы айта отырып: «Картотекалыќ ќор – кез келген лексикографиялыќ бастаманың, сөздіктер жасаудың негізгі базалыќ ќоры. Лексикография саласының ең өзекті саласы болып саналатын картотекалыќ ќорда карточканың саны, олардың тіл байлығын көрсете алуы, сөздер мен сөз тіркестерін ќаншалыќты жинай алуы, жазылған мысал-дәйексөздердің сол сөздер мен тіркестердің барлыќ мағынасын ќамти алуы, ќамтыған жағдайда сол мағыналарды саралауға, жіктеуге және дәлелдеуге олардың мүмкіншіліктерінің жетуі, мысал-дәйексөздерге алынатын авторлар мен деректемелер т.б. мәселелердің дұрыс шешілуі оның сапасын айќындай түседі» - дейді.
Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу жайлы пікірлер тілді зерттеушілер тарапынан айтылып жүр. Бұл мәселе қазақ лингвистері назарын да тыс қалмаған мәселен Кеңесбаев І. (1977), Қайдаров А., Жайсақова Р. (1979), Болғанбаев Ә. (1988), Қожахметова Х. (1972), Смағұлова Г. (1993) сынды зерттеушілер фрозеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді.
І.Кеңесбаев фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болмайтынын айтты.
Фрозеологизмдердің сөйлем
ішінде басқа сөздермен байланысқа
түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын,
сөйлемнің бір мүшесі болатындығын,
ал сөйлем мүшесі белгілі бір сөз
табына қатысты екендігін Х.
Фразеологизмдерді сөз табына қарай шартты түрде болса да жіктеуге болатындығы анық, оларды топтастыруда қазақ тілшілері бір – бірімен алшақ кете қоймады.
Ә.Болғанбаев «фразеологизмдерді етістік мағыналы фразеологизмдер, сындық мағыналы фразеологизмдер, заттық мағыналы фразеологизмдер, үстеу мағыналы фразеологизмдер» деп төрт топқа бөледі фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына жатқызу мәселесінде компоненттер құрамының беретін мағынасына, морфологиялық табиғатына синтаксистік қызыметіне көңіл бөлу керектігін айта келіп Г.Смағұлова алты топқа бөледі: 1. Етістік мағыналы фразеологизмдер. 2. Есім мағыналы фрозеологизмдер. 3. Үстеу мағыналы фразеологизмдер. 4. одағай тұлғалы фрозеологизмдер. 5. Әр тарапты (модаль) сөздерден жасалған фразеологизмдер. 6. Сөйлеу дағдысына қолданылатын.
Фразеологизмдерді белгілі бір сөз табына жіктеуде бұрын – соңды айитылған пікірлерді ескере отырып, төмендегідей топтарды айтуымызға болады: 1. Етістік мәнді фрозеологизмдер. 2. Есімді фразеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фразеологизмдер. 4. Әртүрлі сөз таптарынан жасалған дер.