Көркем прозадағы психологиялық талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:55, реферат

Краткое описание

«Көркем прозадағы психологиялық талдау» атты диплом жұмысында әдеби кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады [1; 13б]. Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [ 2;834б].

Прикрепленные файлы: 1 файл

КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.docx

— 67.84 Кб (Скачать документ)

КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ 
 
КІРІСПЕ 
«Көркем прозадағы психологиялық талдау» атты диплом жұмысында әдеби кейіпкердің жан диалектикасын, ішкі рухани әлемін, құпиясы мол күрделі табиғатын зерттейтін әдебиеттану ғылымындағы психологизм поэтикасының теориялық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Психологиялық романның өзге жанрлық түрлерден ерекшелігі кейіпкердің жан дүние бейнелеуінен көрінеді. Суреткер кейіпкердің жан дүние диалектикасын, белгілі бір іс-әрекетке бастар көңіл-күйінің себеп-салдарын көркемдік тұрғыда талдап жазғанда ғана шығармада психологизм өріс алады [1; 13б]. Бұл ойымызды нақтыласақ: "...әдебиеттегі психологизм-кейіпкердің ішкі әлемнің толық суреттелуі шығармадағы эстетикалық әлемнің бөлігін құрайды" [ 2;834б]. 
Шынында да көркем шығармада кейіпкердің әр түрлі қалыптағы қарама-қайшы дүниетанымын, көзқарастарын, іс- әрекеттерін, көңіл күйлерін тереңдей талдап, жан-жақты бейнелеу психологизмнің көркемдік табиғатын танытады. 
Ғылыми сында психологиялық талдаудың аналитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б. Майтанов М. Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "тұйық психологизм" [3;86б],- деген ат береді. Бұл синтетикалық психологизмнің өзгеше бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. Синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс-әрекет, қақтығыстар сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі құбылулар. 
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, 
 
 
ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық тәсілдің басты көрінісі-ішкі монолог. Адамның сезім-күйін, ой-толғанысын, күйініш-сүйінішін барлық қайшылығымен асқан шеберлікпен шынайы әрі дәл де нанымды нақышпен бейнелейтін психологиялық романның ерекшелігі жанрлық талап пен автордың кәсіби шеберлігінде жатыр. Психологиялық романның көркемдік әлемін Ф.М. Достоевскийше түсінсек, бар мәселе - автордың оқырманды өз кейіпкерінің ішкі өміріне қалай ендіруінде жатыр. Кейіпкеріне сөз бере отырып, оның сана ағымын, қақтығысқа толы рухани әлемін, жан қозғалысын нәзік детальдармен бейнелей білу нағыз шеберліктің шыңы[4;88б]. 
Психологиялық роман табиғатының өзі жеке адам тағдырын екі әлем, атап айтсақ, сұлулық пен ұсқынсыздық, саналылық пен бейсаналық, өмір мен өлім т.б. арасындағы ымыраға келмейтін күрес пен мәңгілік құндылықтар жайында ой қозғауға мәжбүр етеді. Бұл-психологиялық туындыға қойылар басты шарттардың бірі. 
Психологиялық шығарманың өзіне тән жанрлық ерекшеліктері нақты көркем мәтіндерді талдау барысында төмендегідей айқындалады: 
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді. 
Екіншіден, мұнда ең бастысы-жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адам бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады 
Үшіншіден, шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады. 
 
Төртіншіден, психологиялық прозаның көркемдік әлемі өзінің жанрлық талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды [1;14б]. 
Негізі, көркем шығармада психологиялық талдау жасалынбаса "адамның ойына өң беріліп, көңіліне күй түсірілмейді"   [5;36б]. 
 
І ТАРАУ КӨРКЕМ ПРОЗАДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ 
1.1   Психологиялық талдаудың түрлері 
Көркем әдебиеттегі психологизм мәселесі-ғылыми, әдеби мәні мол, күрделі мәселө. Психологизм-қоғамдық алғышарттар мен жеке адамдар дүниетанымын, олардың іс-әрекетіне жетекші сана-сезімдік қозғаушы күштерді сенімді суреттеу жемісі. 
"Қахарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығармашылық феномен- психологизм" [6;3б],- дейді Б. Майтанов. 
"Психологизм-көркемдік әлемнің жұлын-жүйесі" [6; 12б] болғандықтан психологияның әдебиет саласындағы тұрақты "елшісі" ғана, себебі әдебиет психологияның өзінен бұрын енші алып ертө дамыған. Даму барысында психологизм элементгері ертедегі әдебиеттерде де орын тепкен. Нақтылы психологизмнің көркемдік тәсіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі сентименталист жазушылардың алғы мақсаты-адамның жан қозғалысын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттеу. 
XIX ғасырдың басына қарай адамның жандүниесіне үңілу тіптен тереңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысана адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс, адам жанын жандандырудың басты тәсілі психологизмнің осы тұрғыда алатын орны ерекше. 
Қ.Әбдікова әдебиеттегі тұлға мәселесінің психологиялық талдау арқылы жүзеге асатынын айта келіп, Ж.Аймауытов талдау жасайды. Қазақ    әдебиетіндегі    тұлға    мәселесін    психологизм    тұрғысында  айтқан А.Иезуитов: "Біріншіден, психологизм- сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті, көркемдік кепілі" [11;50б], -деп баса көрсеткен. Суреткер барлық күш- қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа-адам жүрегінің сырын, адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Адам жанына психологиялық талдау жасау жаңағы шеберлік шеңберімен астасып жатады. 
"Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" психологиялық талдаудың пайда болуын 3. Фрейд есімімен байланыстырып былай делінген: "Шығармашылық қабілетті жыныстық инстинктерімен төркіндететін әйгілі туындылардың психологиялық астарына басқаша үңілуге шақыратын психоанализ тәсілі өнердің барлық саласына соның ішінде әдебиетгануға ерекше ықпал етті... 
Психологиялық талдау өнертанудағы соны сипаттағы белес болды, кейіпкер психологиясын талдау тареңдей түсті" [10;278б]. Көркем әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету-суреткердің негізгі міндеттерінің бірі. Мүны танытудың әдіс-тәсілі «сана ағымы» «жан диапектикасы» сияқты психологиялық талдау негізінде Р.Стендапь, Л.Толсгой, Ф.Достоевский шығармаларында қалыптасқаны айтылып жүр. 
Психологизмге алғаш баға бергендердің бірі Н.Чернышевский Л.Толстой шығармаларындағы психологизмді реализмнің басты тәсілі, әсіресе адамды танытудың материалистік әдісі деген және «психологиялық талдау-шығармашылық таланттың қуатын көрсететін қасиеттің ең маңыздысы»-екенін атап айтқан [11;36б]. Кейіпкердің жан қалтарысының, сезім толқындарының әрбір қақтығысын көз алдымызға тізбектей мөлдіретіп әкелу қаламның эпикалық қүлашы мен лирикалық толғанысын керек етеді. Шығарманың өн бойындағы үзілмес желі оқиғалар тізбегін адам жасаса, әрекет-қимыл, тартыс  үстінде болса сол   қозғалыстарға  жан   беретін-  ақыл-ой,   сана-сезім,  яғни   "жан диалектикасы" болып табылады. 
Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді, соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім. Сол себепті көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғары деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас. 
«Психологиялық роман-адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айырықша мән берген» [12;280б],-деп баға береді А. Ысмақова. 
Орыс әдебиетінде XIX ғасырда психологиялық романды Л.Толстой шығармашылығынан бастап тарататынын айттық. Ол адамның сезім күйін, толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық қайшылығымен терең ашып бейнелеген. Кейіпкердің ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін, құпия сырларын әсерлі суреттеу адам мінезін асқан шыншылдықпен нанымды көрсетуге мүмкіндік береді. Л. Толстой жеке адамдардың "жан диалектикасын" ашу арқылы қоғамдық өмірдің қайшылықтарын адамгершілік пен қатыгездіктің қақтығысынан туған трагедиялық жағдайды әсерлі бейнелейді. 
Ал, Ф.Достоевскийдің психологизмді берудегі жаңашылдығы -романдардағы сан алуан кейіпкердің өмір қүбылыстарын сезінуі әрқилы. Кейде тіпті бір-біріне мүлде қайшы дүниетаным көзқарастарын үңіле зерттеп сипаттауынан айқын аңғарылады. Кейіпкердің адам тағдыры, дүние жаратушы жайлы белгілі бір шешімнің, нақтылы түйіннің аясына симайтын, шығармаға көп үнділік -полифониялық қасиет дарытатын қым-қиғаш ой-толғаныстарынан, 
жеке адамның ой-санасы, ішкі сезімі бүкіл әлеммен, бүгінгі ғана емес, өткен өмір мен де, көлешекпен де жалғасып жатқанын байқаймыз [4;85б]. 
Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман деп зерттеушілер Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде [12;280б]. Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т.б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары. 
Адамның жан дүниесін бейнелеу- психологизм, әрине бір ғана жанрдың психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" [12;280б] деп санаған жөн.Осыған байланысты психологиялық талдаудың элементтерін басқа туындылардан табуға болады ( М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов т.б.).Ал бүлардағы психологизмның басты орны алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н.Чернешевский: "Психологиялық талдау әр түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері, екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге-сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге - құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы - психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық терминмен айтқанда-адам жанының диалектикасы",-[И;36б] деп айтады. Ұлы сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі 
қолданысга жүрген "аналитикалық, синтетикалық "деген терминдерді қолданбағанмен соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "түйық психологизм" [3;86б] деген ат береді. Бул синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді. 
Ж.Дәдебаев М.Әуезов шығармашылығына қатысты психологиялық талдаудың эпикалық және лирикалық тәсілі болатынын айтқан [9; 159б]. Қалай десе де екі ғалымның еңбегінде психологиялық талдаудың аты өзгергенмен негіздері бірдей шығып отырады. Бұған дәлел-М.Әуезов шығармашылығына қатысты талдаулары. Бірінші, Ж.Дәдебаев эпикалық тәсілмен психологиялық талдауды мынадай мысалдармен дәлелдеп көрсетеді: "Қунанбайдың қыбыр қақпай бір нүктеге қадалып сөйлеген сөзі, жалпы бет-бедері ешбір қимыл-қозғалыссыз беріледі. Ал, Абаймен алғаш кездескен сәттегі Тоғжан күйі, оның бет пішіні, бірнеше рет қызыл бояумен албырап толқып көрінеді. Жазушы Тоғжанның әшекей сырғасына дейін толқытып баяу дірілмен сілкіндіре суреттейді. Осылайша іс-әрекеттерді, олардың көріну процестерін суреттеген"[9;159б]. Психологизмнің синтетикалық түріне Б.Майтанов жоғарыда аталған психологиялық процестерді көрсетеді. Сонымен қатар , "Оянған өлкедегі" Ғ. Мүсірепов стилінде синтетикалық психологизмге жатқызады. Мұнда өзімізге мәлім сюжет қоюлығы, қоғамдық-саяси тартыстар шымырлығы, суреттеу құрылымындағы динамизм басым [3;137б]. Осыдан келіп, синтетикалық психологизм дегеніміз - қоғамдық тартыстағы кейіпкер көрсететін іс- 
әрекет, қақтығыстар, сыртқы кескін-келбет, бет-жүздегі қүбылулар екендігін қорытуға болады. 
Синтетикалық тәсіл қазақ әдебиетінде ертеден қалыптасқан. Бүгінгі таңдағы синтетикалық тәсіл жазушы идеясының жүзеге асуына қызмет етіп, жазушылық мақсат-мүддеге бағындырылады. Бұған дәлел портретті, қимыл-әрекетті алсақ, екеуі де ауыз әдебиетіндегі батырлар жырынан бастап, бүкіл әдебиеттегі кейіпкер түр-түлға, ой-санасын, мінез-қүлқын танытуға қызмет етіп келеді. Пейзаж да, деталь, штрих та (бүлар аналитикалық тәсілге де тән) ертеден қалыптасқан дәстүр. 
Жоғарыда аталған синтетикалық элементке қарама-қайшы, бірақ онымен өзектес сана ағымындағы күрделі толқындарды суреттеу, ішкі толғаныстарды көрсету, жан диалектикасын бейнелеу-аналитикалық психологизм деп аталады. Аналитикалық психологизм-негізінен психологиялық роман жанрының тууына, шығармаға психологиялық талдау жасауға негіз болған бірден бір тәсіл. Аналитикалық тәсіл Қ.Әбдікованың көрсетуінше "Ақбілек" романының негізгі желісін қүраған, оның басты көрінісі- ішкі монолог. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналысында соның ойында өтеді. Психологиялық талдаудың аналитикалық түрі арқылы кейіпкер өзін-өзі таниды. Ішкі жан дүниесінің дірілі, сезім қақтығыстары арқылы танылады[7;73б]. 
Г.Пірәлиева: "эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп отырады" [13.71б],- деп, ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бір әдісі осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау (өзін-өзі жегідей жеу) екенін айтады. Бүған "Ақбілектегі " Мүқаш бейнесін жатқызуға болады, аналитикалық түрғыда Ақбілектің де, Мүқаштың да жан дүниелерінің сұлбасы жасалған. Ж. Аймауытов аналитикалық психологизмге синтетикалық тәсілді де үстемелеп отырған. Бұл туралы 
Қ.Әбдікова өз еңбегінде атап көрсетіп: "Аналитикалық тәсіл мен синтездік тәсілдердің ғажап қосындысын жасаған" [7;45б], - дейді. 
Таза аналитикалық тәсілмен жазылған шығармалар баршылық, олардың көркемдік бояуы кемімей, композициялық құрылымына шек келмей жазылған. Мұндай шығармаларды "сана ағымына" құрылған шығармалар деп атап көрсетіп жүрміз. Әдебиетімізде мұндай туындыларға Ә.Кекілбаевтың, 0. Бөкейдің шығармалары жататынын А. Ысмақова, Г. Пірәлиева атап көрсетті. 
Аталған жазушылар      туындыларындағы    психологизм 
мәселелерінің актуальды мәні жоғарыда аталған жайттармен желілес. 
 
1.2    Психологиялық   талдаудың   көркемдік қызметі 
 
Қазіргі қазақ жазушыларына осы заманғы әдебиеттің жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған үлкен міндеттің бірі - "адам жанының диалектикасын" ашу. Дәлірек айтқанда, кейіпкердің ішкі рухани әлеміне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау саласында терең толғану, тынбай іздену керек болып отыр [9; 142б]. Психологиялық талдаудың бұлайша әдебиеттің күн тәртібінде бірінші мәселеге айналуының басты себебі неде? 
Әдеби әдіс мәселелері ең басты дүниетанымдық, көркемдік құбылыс саналса, осы мәселелердің неғұрлым нақты, толымды, шешімі айқын ғылыми келбеті-кейіпкер жан дүниесін бейнелеу мүмкіндіктері мен амал, жолдары, бағыт-бағдары, сол бағдардағы жемісті нәтижелер арқылы танылмақ. Шартты теңеуге барсақ: "көркемдік әдіс-мазмұн, психологиялық талдау-пішін. Пішін мазмұнға қарай, мазмұн пішінге қарай өзгермек. Эстетикалық байлық-іш пен тыстың бірлігі мен өзара ықпал әсерінде, жаңа байланыс түзе алуында". Психологиялық талдаудың тағы бір көркемдік мәні мынада деп ойлаймыз, атап айтқанда "ол-жазушы үшін толыққанды образ, өміршең тұлға жасаудағы бірден бір қолайлы да, оңтайлы тәсіл". Расында, образ, характер жоқ жерде көркем шығарма рухы түгілі оның елесі де жоқ. Осы туралы сөз қозғаған Ә. Қоңыратбаев:" Даралау-характер жасаудың ішкі заңы" [14; 31б], - деген болатын. Даралыққа жету үшін типтендіру қажет. 
"Типизм - творчествоның негізгі заңының бірі, онсыз творчество жоқ" [14;32б]. Сонда біздің психологиялық талдаудың көркемдік    қызметіне   тоқталғанда    айтатынымыз    оның    кейіпкер 
характерін даралаудағы басты сипаты. Мысалға: Қазіргі қазақ әдебиетінің классигі Ә.Қоңыратбаевтың шығармаларын алып қарайық. Жазушының қол артқан басты тәсілі-психологиялық талдаудың аналитикалық түрі. Аналитикалық дегеніміз- бір кейіпкердің жан дүниесін бүгі-шегісіне дейін талдау деп жүрміз. Яғни, Ә.Кекілбаев шығармаларының басты сипаты - психологизм. 
"Аңыздың ақыры " романындағы кейіпкерлер - ¥лы Әмірші, Бибі ханым, шебер іс-әрекеттерімен емес, Г.Піралиеваның тілімен айтсақ:"Көңіл-күйлеріндегі күйзелістермен, жан әлеміндегі арпалыстармен, ішкі буырқаныстардан сыр берер бет-жүздегі, мінез-құлықтағы сезімдік құбылыстармен көрінеді" [13;172б]. Әмірші де кезінде Әмір әскерінің көп сардарының бірі ғана болатын. Сол көптің бірін осы данқ пен дақпыртқа, бақытқа жеткізген қанағаттанбаушылық 
сезім еді. Жоғарыда біз айтып өткен типтендіру мәселесі- Алмас ханның бойында. Өмірдің қаталдығы мен қатыгездігін, қулығы мен сұмдығын, әккілігін, талғампаздығын бойына жинақтаған тамаша кейіпкердің сұңғылалығына нандырады. Әккі Әмір ел қарамағындағыларды уысында ұстау үшін елді қабағынан тануды қажет құрал етті. Айналысындағы адамдардың іші-сыртын, пендешілік осалдығын, көңіл түкпіріндегі құпия сырларын Әміршінің тап басып зерттейтінін бейнелеуде үлкен суреткерлік алымдылық танытқан.  
Жазушылық бұндай позиция туралы Ә. Қоңыратбаев былай деген: "Сонымен бірге оның өзіне адамдық характері болуы керек. Мұны даралау дейміз. Даралау жоқ жерде образ жоқ" [14;31б].     
Өз сырын өзге түгіл өзінен жасыратын Әміршінің табиғаты-тұнып тұрған құпия, өзінің не күйінішін, не сүйінішін сырт көзге сездірмес тәкәппар. Кейіпкер-тек төңірегіндегілер үшін ғана емес, оқушысына да оңайлықпен сыр ашпайтын тылсым характер. Оның сырт    көзге    байқала    бермейтін    ішкі    сезім    иірімдеріне,    жан арпалыстарына, ой-сезім құбылыстарына, санасындағы психологиялық процесгегі, терең тебіреністеріне тек автор көмегімен дендейсіз. Әміршінің ой-монолог, көпті көңіліне ойланса да, неден күдіктенсе де іште сақтайтын сарбаздығы оқиғаны оймен өрбітеді. Суреткерлік бүкіл роман бойына оқиға қумай, адам жандүниесіне терең бойлап, оның психологиясын, рухани әлемін, ішкі иірімдерін драматизммен ашуында жатыр. Біз айтып өткен сипаттамалар "даралаудың бір тәсілі мінездік талдау-психологизм" [9;173б]. Ендеше, кейіпкер психологиясын шынайы суреттеу шеберлігі суреткердің ерекшелігі ғана емес, оның ерекше талантының айғағы да. Психологтік түйсік немесе суреткерлік сезімталдық-туа біткен таланттың еншісі. "Аңыздың ақырындағы" Әміршінің тынымсыз ойға, небір қиялдарға бөленген ұзақ жол, жол бойындағы оңашалық, жалғыздық болса, еліне келген бетте оны мазалайтын нәрсе-өзегіне құрт түскен қызыл алма. Бұл жерде қызыл алма-Әміршінің тынышын тонаған көркемдік нышанның басты кілті. Иә, қызыл алма-опасыздықтың символы. Осы бір өзөгіне құрт түскен қызыл алма арқылы үй-ішінің, өз шаңырағы астындағы алауыздықты, өзі жоқта орын алған опасыздықты ғана түсініп қойған жоқ Әмірші, сонымен қатар, жалған өмірдің өткіншілігін, жер жүзінің жартысын билеген қаһары да, атағы жер жарған даңқ пен дақпырттың да шын ғашықтың жүрегінен шығып, көңілінен қаланған мұнара меңзеп тұрған адал махабаттың қасында ешқандай да құны жоқ екенін түсінеді, түсінеді де күйінеді. Күйініш оны күйреуге әкеледі. Жазушының шеберлігі сол дараланған образдың нанымдылығын, шынайылығын сақтайды. Бұл ретте психологиялық талдау ерекшелігі творчестволық ерекше категория ғана емес, ол реалистік әдебиеттегі көркемдік тәсілдердің бірі, яғни адам характерін ашып, образын сомдауға мүмкіндік беретін, әдеби тәжірибеде сыналып, өміршендігін көрсеткен стильдік   тәсіл.   Айталық,      бұл   үрдістің         беделді      өкілі   деп Ш.Айтматовты атауға болады. Кемеңгер жазушы өз шығармаларындағы даралауды психологизм тәсілімен жүзеге асырады. Барлық прозасында жоғарыда біз айттып өткен даралау типтендіру, көркемдіктің шынайы заңдарына жүгіну, ұсақты дардай ету, реализм мен ғажап поэтика бар . "Алғашқы ұстаз", "Ақ кеме", "Боранды бекет" шығармаларындағы кейіпкерлердің сомдалуы, олардың саналарындағы ағым процестерімен астарлас. Ондағы адамдар схема емес автордың өзін де, оқушыны да үйіріп, тез билеп алады. Демек, шеберліктің кілті-мәселенің айқындығында, қолмен ұстап көргендей барлық жан-жүйесін таныта білуде. 
Психологизм- көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет, біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге "психологизм-көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі" [6;318б]. Психологиялық талдау - шығарманың композициялық құрылымына, сюжөттік желісіне кейіпкер сомдау амал-тәсіліне әсерін тигізер бірден бір әдіс. Сондықтан да психологиялық талдау әдебиеттегі өміршеңдігін сақтай бермек. 
 
II ТАРАУ 
ХХҒАСЫР КӨРКЕМ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЛАМГЕРЛІК ШЕБЕРЛІК 
2.1 Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы ішкі монологтың өзіндік ерекшелігі 
Прозадағы психологизм әлем әдебиетінде ХХғасыр басында-ақ әр түрлі бағытта дамығаны мәлім. Сол кездері жарық көрген Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың т.б. шығармалары дәлел. 
Ж.Аймауытов-суреткердің ішкі өміріне психологиялық талдау жасаудың үздік үлгісін "Ақбілек" романы арқылы көрсетеді. 
"Ақбілек" романының ұстанып отырған нысанасы-әйел тендігі. Бұл-сол кезеңдегі демократия бағытындағы жазушылардың ортақ тақырыбы. Романда бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғат-тіршілігімен, яғни пенделік қалтастарымен қаз қалпында бейнелейді [13;3б]. 
Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді. 
Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қарамүрттың меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-жақты әрі айшықты бедерленеді. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен тұрмай оң жақта отырып, жүкті болуы, оны білген атастырылып жігіт Бекболаттан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы қырғи қабақтық т.б. бәрі Ақбілектің тағдырын қиындатып, жан азабына салады. Кейіпкердің қиын тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс т.б. секілді әдеби тәсілдерге жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезендік қазақ өмірін, ондағы жаңа тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Сөйтіп, жазушы Ақбілекті үлкен психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Романның әрбір беті бізге Ақбілектің өміріндегі тоқтаусыз өзгерісті, бір байламға келе алмаған ой арпалысын аңғартады. Және бір айтар жай, оқиғаны баяндау барысында автор мен кейіпкердің ойы мен сөзі көбіне бірігіп кетіп отырады. 
Мысалы: "...Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз... Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сүлу... Ол елден асты: қазақ түрсын, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз шайтан... Өз еркімен келіп отырған жоқ... " Бұл автордың монологы секілді, бірақ бұл Ақбілектің ой арпалысынан сыр беретіндей. Мұндағы көп нүктелер кейіпкердің санасында жүріп жатқан ой ағысын, өзін-өзі жұбату (шарасыздықтан туған), алдауды аңғартады. [15; 164б] 
Кейде керісінше, Ақбілекке тиісті ішкі ой автордың атынан айтыла береді; «Төре» болса қайтсін? Мұның іздегені орыстың төресі ме еді? Киім тамақ әпереді дейді. Соған зар болып, осылардан сұрауға келіп отырғаны-ау! Шаруаны қатын істемейді дейді. Енді кім істемекші ?" 
Міне, осы үзінділерден романдағы ішкі монологтың ортақ төл сөзбен берілгендігін байқауға болады. Мұны не әңгімелеушінің (повествователь) не кейіпкердің айтып тұрғаны белгісіз, екеуі кірігіп кеткен [13;46б]. 
Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі,  оның әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді.  Мысалы, жазушы кеиіпкерлерінің рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын ашу үшін ішкі монологқа көп жүгінеді. "Бекболат", "Офицер", "Мұқаш" деп жеке-жеке тарау етіп алады да басты деген үш кейіпкердің портреттерінен бастап, ішкі ой-сезімдеріне дейін осы монолог арқылы барлау жасайды. Олардың өз ауыздарына сөз сала отырып, біраз табиғатын аша түседі. 
Тегінде адам анадан туғанда жаман болып тумайды. Оның жақсы, жаман болуы да өмір сүрген ортасына, алған тәрбиесіне байланысты болса керек. Олай болса әрбір адамды өмір бақи бір ғана нәрсе- ар-ұят қана азаптап өте алады. Мәселен, Мұқаш осындай сатқындыққа неге барды? Оны күнәсіз жас қыз Ақбілектің тағдыры талғандырмады дейсіз бе? Осы әрекеттеріне есеп бермей төсегінде тыныш ұйықтай алатын Мұқаш па? Роман сонда Мұқаштың жоқ болып кетуі себепсіз емес қой. Міне, бүл жайлар " Мұқаш" деген тақырыппен берілген кейіпкерлердің монологында жан-жақты ашылған. Яғни бұл автор тұрғысынан ішкі монологты кейіпкер болмысын, оның ішкі ойын, ой ағысы мен драмалық құбылысгарын талдау құралы ретінде пайдаланған әдісі екенін аңғарамыз. Суреткердің бұл тәсілі кейіпкердің рухани жан әлемін ашудағы қазақ прозасында алғаш қолданылған өзіндік түрлік ізденіс. 
Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері (формалары) де бар. Кейде ішкі монолог кейіпкердің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында да берілуі мүмкін. Немесе тура автордың өз атынан, әйтпесе кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі ретінде көрінуі ықтимал. Міне, біз айтып отырған осы үш тәсілдің бәрі "Ақбілектің" өн бойында тұнып тұр. Біздің жоғарыда ішкі монологты не автор, не кейіпкер айтып тұрғаны белгісіз деуіміз сөбебі де сондықтан. "...Әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткел түскенің Ақбілектің жүрегі сезөді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?... деп сарылыг, сарғайып күтеді: әкесінің көзі түсер ме екен деп көзінің қырымен жаңсыз аңдып отырады. Бір қарасада қайғысы жеңілетіндей, бақытты болатындай көреді. Сонда да әкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен де мынау жаман батты. "Жан дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді кімге сыямын? " деп қайғырды [15;253б]. Міне, Ақбілекті ендігі ауыр күрсіндіретін жаңа қайғы осы еді". 
Бұл-ішкі монологтың кейіпкерлерінің ішкі ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысынан берілуі."... Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз...Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ түрсын, атағына орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса, үмітсіз сайтан... Өз еркімен келіп отырған жоқ... Қара күшке, тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған жоқ. Ақбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Азар болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп сорлылының бірі шығар... " [15;164б]. 
Бұл-кейіпкер рөліне көшкен автор сөзі екендігі сөзсіз. Міне, қарап тұрсаңыз роман бастан-аяқ монологтан тұратын секілді. Және көбі белгілі бір оқиға, сезім, не жан толқуы туралы бір кейіпкердің монологы емес, қапыда үлкен қасыретке душар болған бойжеткеннің айналысындағы адамдардың болмашы ғана жылы қабақ, мейірім, тағдыры титтей пенделігі бақыт тілеген тынымсыз жан арпалысы тоқу мен тебіреніске мұң мен налаға толы тынышсыз ішкі әлемі, эмоционалдық сезім жағдайы т.б. жүйелі түрде жүріп жатқан психологиялық процесс. 
Біз көбінесе жекелеген эмоционалдық жағдайды екінші бір сезімге ауысуына, оның бет-жүз құбылысы мен ой-сана процесіндегі қозғалысына куә   болып отырмыз. Мысалы, бір бөлімнің сонындағы Әмір ағалары Ақбілекті тауып, ауылына алып келе жатқандағы көрініс, сондағы қыз шері-монологы қалай шебер берілген десеңізші:" Осы арам деміммен, арам ауызымен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындармын, қайтып оны да арамдармын? Құдайдан қорқпай, оны құтты қадам мешіттей үйіне қалай кіремін? "Кәпір" сүйген, аймалаған, аяғымен жайнамаз салатын жерін қалай денем шімірікпей басармын? Мені көргенде, "пәленшенің орыс бүлдіріп... кеткен қызьГ деп, кім көрінген ішінен түрады-ау! Әлде біреуі әкеммен, не өзімнен егіскен күн айтыпта салады-ау!... " [15;201б]. 
Жалғыздық-ішкі монологтың ең негізгі қасиетті екені белгілі. Өйткені адам жалғыз қалғанда ғана ойына, сана ағымына ерік бере алады. Сөйтіп өз-өзімен сөйлесіп кеткенін де сезбей қалады. 
Эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп дамытып отыр. Дәл осындай ойлау динамикассы Ақбілектін ақтарға ұстатып кейін үйіне қайтып келе жатқан Мүқаштың ішкі монологы арқылы да бейнелейді. Аймауытовтың сихологизмінде әсіресе психологиялық өзін-өзі талдау (психологический анализ ) көрнекті орын алады. Ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бірі әдісі-осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау, жегідей жеу.Бұл әдіс көбнесе өзі қылмыс сәттегі (сәтке дейін немесе сәттен кейін) көңіл күйі, жан азабы үстінде кейіпкердің ақтарылуы немесе өз ары алдында ақтаулы жағдайында көрінеді. Және ол сөз қылмыс жасаушының өз атынан айтылады оның екі түрі болады: өзін-өзі талдау (самоанализ) және кейіпкердің өзін ашуы (самораскрытие героя). Осы екінші түрде кейіпкер өзінің ойы мен сезімі, ішкі өмір ағының айтады, ол мезгіл өзі қылмыс жасаған сәтке сәйкес кёледі. Кейіпкер дәл сол сәтте қандай көңіл күйде болды не сезінді т.б. туралы әңгімелейді. Ал, бірінші жағдайда өзінің әлеміндегі жәй-күй мен жан арпалысы, өз ісін таразға салу   тұрғысынан   жан-жақты   айтылады.    Осы   орайда   айтылған теориялық тұжырымға Аймауытов бейнелеп отырған Мұқаш бейнесі, оның ішкі монологы нақты дәлел бола алады [13;8б]. 
"... Япыр-ау, мен қазақпын ба? Қазақ болсам өз қаныма неден мұнша өшіктім? Өзгем өзге ғой, "ағайтайлап" жалынып, қолын созып келе жатқан Ақбілектің білегін көкке созғызып, жүйкесін құртып орыстарға ұстап бердім-ау! Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық бар еді? ... Тегі мен өлерімді білмейтін ақмақ шығармын " [15; 164б]. 
Мұқаштың өзін әшкерелейтін күнәсі де бар, оның себебі де бар өз дәрежесінде оның бәрін Мұқаштың өзі-ақ ақтарып салады. Аймауытов пайдаланып отырған бұл тәсілі Ф.М. Достоевскийдің Раскольников бейнесін көз алдымызға әкеледі. Достоевскийдің кейіпкердің жан дүниесін ашуда қолданатын «двойственность» (екіге жарылу) тәсілі Жүсіпбектің де жиі жүгінетін әдісі. Оған "Ақбілек" романы тұтастай дәлел [16; 17б]. 
Ендігі бір ескерер жәйт, романдағы кейіпкерлердің өзін-өзі іштей әшкерелеуі, өз ісін саралап-таразылауынан өзге автордың араласып отыратыны жиі кездеседі. Мәселен, әлгіндегі Мұқаштың қаны бұзық адам екендігін автор мына бір соны сурет арқылы да аша түседі: "...Баласын иіскейін деп оқталды да, ойына бірдене түсіп кеткендей тоқтай қалды. Күнәға батпаған, періштедей сәбиге жаман қолын, арам демін, арам ернін тигізуге батылы бармады. Молдадан да, ұйықтап жатқан нәрестеден де, нәресге емес, өзінен ұялғаны күштірек тәрізденеді. Аңдаусызда аяқ астынан әлде бір ит арс еткендей- ақ, Мұқаштың тұла бойы шымыр ете түсті" [15; 167б]. 
Суреткер пәк нәресте мен қылмысты әке бейнесін осылай салыстыра отырып, кейіпкердің ішкі әлемін әшкерлей шенейді. 
Суреткер қыз қасіретін бейнелеуде ой толғаныстарымен бірге сол ішкі шерді сыртқа сездіртіп тұратын бөт құбылыстарына, жалпы мимикаға   үлкен   мән   бергені   байқалады.   Ішкі   тебіреніс сәтіндегі кейіпкер жүзіндегі, дауысындағы, көзіндегі, қимыл-қозғалысындағы еріксіз әрекеттер де өз рөлдерін мінсіз атқарады. Осы орайдағы озық үлгінің бірі ақтардан да, қасқырдан да, қасқырдан да қутылып, әулие-дуанаға аттай мініп келе жатқан уыз жас Ақбілекті жазушы былай бейнелейді: "...Оның келе жатқан ауылы, әкесі. Әкесін көреді құшақтай көріседі, апасына құран оқытады, әкесін апасындай болып күтеді. Бірақ, өзін-өзі қалай жүбатса да, жүрегінің басында түйіртпектеліп бір зілді нәрсе жатыр, ол туйіртпек нәрсе арқандаған аттай, қуаныштың қүлашын жаздырмайды, бер жағы бүған да шүкіршілік еткісі келсе де, ар жағы қүрсаған күндей жадырамайды, езу ғана жымиғандай болады. Бет-ауызы, көзі күлмейді, ілгіштеніп жібермейді "[15; 191б]. 
Аймауытов адам психологиясын, жан-жүйедегі дүлей толқындардың сыртқа сыр беріп қалатын осынау оңтайлы әдістерін де әдемі түрлендіреді. 
 
2.2 Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі ой ағысы М.Жұмабаев шығармашылығын зерделі зеттеушісі Ш. Елеукенов былай деп жазады:  «Шолпанның күнәсі» атты әңгіме, сөз жоқ, қазақ прозасының көркем дамуындағы ірі қадам, қазақ әдебиеті психологизміне соны дем бітірген шығарма" [17;282б ]. 
Автор «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде шығармашылық еркіндікке жекелеген әйел образы, оның мінез-құлқын, табиғатын зерттеу, танып-білу арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын кеңінен қамти жазу арқылы барды. Әңгімеде бір Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының жан сезіміне терең шолу бар, сонымен бірге адамның тіршілік иесі ретіндегі жан сырын ашып, сол арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді, табиғатты зерттеуге ұмтылу бар. 
Жанры жағынан қарастырғанда бұл шығарма-психологиялық әңгіме. Автор адам жанының құпия сырларын шұқшия зерделеп, саралайды. Мағжан Жұмабаевтың көркем мінез жасау жуйесінде күрделі психологизм алдыңғы сапқа шығып, көркем зерттеу нысанына айналған. 
М.Жұмабаевтың қай шығармасынан болсын жаңашылдық пен өзгешелік көрініп тұрады. Шолпанның өзгеден оқшаулығы-өзінің сүйгеніне, жүрегі қалаған адамға тұрмысқа шыққандығында. Ол кезенде сүйгеніне тұрмысқа шығу- қазақ қыздарының арасында сирек кездесетін жайт. 
Психологиялық көркем дүниелерді сомдаған Мұхтар әуезовтің көркем шығармадағы психологизм туралы:«Орыс жазушыларында анық сүйенетінім: Толстой, Достоевский. Адам жанын соларша қойма ақтарғандай ақтармаған соң, жазушылықтың мәні де жоқ. Прозаға психология аралыспаса, өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ-тақ жолы» [18;129б] деген пікірі бар. Мағжан Жұмабаев та өз шығармасында адам болмысының қатпар-қатпар қалтарыстарына үңіле білді. Онсыз шығарманың «сылдыр су» болатындығын ұғынғандығы анық. 
Бұл әңгімедегі бар оқиға, сыртқы әлем Шолпанның санасындағы құбылыстар арқылы өрбиді. Шолпанның өмірі де ойлау логикасы да өзгеше, ешкімге ұқсамайды. 
Ол-ойдың адамы, сондықтан да ол көп қателеседі. Баланы керек етпеген қателігін Шолпан кеш те болса, түсінді, түсінді де бармағын тістеді. Сүйгені Сәрсенбай бала сүйгісі келеді екен. Сол түннен бастап Шолпанның ойына не келіп, не кетпеді, не істеп, не қоймады. Қолынан келгенің бәрін істеді. «Пірәдәр келін» де атанды, молданың сасық түкірігін де жұтты. Бір бала үшін дүниеден бас кешіп кеткен ол ақырында беттегі арын белге түйіп, күйеуінің көзіне шөп те сала бастайды. Осының бәрі сүйгені, соның бақыты үшін жасалған әрекеттер. Алайда, оның ойын да, жанын да, түсінер жан табылмады. Жанына жалау болар жалғыз жары да оның ойының тілегінен тысқары болғасын. 
Шынында да, ірі сезімнің иесі ғана ірі әрекетке бара алады. Біреудің бақыты үшін өзін қүрбандыққа шалу да үлкен жүректің, ерен ерліктің белгісі. Тәңірден сұраудан, тәуіптен емделуден бала болмасын білген Шолпан басын өлімге тігеді. Ол өлдің өсегіне, құдай алдыңдағы күнәден де қорқпай Сәрсенбайдың бір ғана тілегі- бала үшін Әзімбайға келісім береді. Бұл, әрине, арзан мінез, жеңілтек қылық емес. Мұндай қадам тек батыл әйелдің ғана қолынан келмек. Шолпанға елдің сыпсыңы емес, Сәрсенбайды бақытты ететін бала керек. 
 
Адам жанындағы драматизмді, үлкен әлеуметтік мәні бар ішкі қайшылықты автор былай бейнелейді: 
"...Сәрсенбай әңгімесінің арасында жәй сөздің екпінінен: "Балалы үй-базар, баласыз үй-мазар" деген сөз ып-ырас-ау дегенде, Шолпанның басында жаңа бір ой жарқ ете түсті: "Үш жылдан бері балам болмасын деген тілегінің қате болғанда да есалаң екендігі, бала болмаса екеуінің өмірінің қу мазарға айналатындығы " еді" [19;295б]. 
Бұрындары ойы түгіл түсіне енбеген бола міне осы сәтте бастап Шолпан үшін жатса да, тұрса да арманға айналды. Бала Шолпанға жаңа ой, жаңа арман, жан толғанысгары мен азан арпалыстары алып келді. "Өмірдің әрбір минуты сайын Шолпан ойының, Шолпан жанының әрбір ұшқыны өліп жатты." Бірақ бала болмады. Қазақтың " Ұрлық қыл да мал тап. Ойнас қыл да бала тап" деген мақалына сүйінген Шолпан шын шатасгы. Осы бұзық ой келген сәттен бастап "баланы кімнөн табу керек" деген сауал мазалайды. Арлы әйел жанын жегідей жеген бұл сауал тағы да тынымсыз ой арпалысын, сана сергелдеңін тудырады. Сөйтіп, батыл шешімнің шешуін де тауып береді. Ақыры болашақ баласына ата болар адамға -Әзімбайды таңдайды, жастығы, тектілігі, деңсаулығының мықтылығына дейін таразыға салып, санасынан өткізіп әбден елеп-екшеуі Шолпанның тегін әйел еместігін, кең масштабты ойлайтын ақылды Әйел-ана екендігін дәлелдесе керекті. 
Жалпы автор кейіпкер тіршілігін өз бейнелік қадір-қасиетіне, мінез-құлқына, үміт-ынтасына, іс-әрекетіне қарай бір қою оқиға қомында бейнелеуге бейім. Адам психологиясы, толқу-тебірену, өмір жолындағы бұралаң-бұлтарыстарының логикалық құбылыстары, сананың үздіксіз күресі т.б.  мұнда үлкен шеберлікпен суреттелген Бір ғажабы біз Шолпанның түр-түсін де жөндеп танымаймыз, ол сұлу ма, жоқ әлде көріксіз бе, түр-тұлғасы қандай? Жейіпкер" бізге Шолпан емес, оның ойы, санасы секілді. Өйткені, әңгімеде сана кейіпкердің рөлін толығымен атқарып тұр. 
Көз келген психологиялық шығармада оның табиғатын ашатын тәсілдердің қолданылатыны хақ. Олай болса "Шолпанның күнәсінде" де адамның психологиялық құбылыстарын, жан дүниесін ашып, характер сомдауға сүбелі үлес қосарлық, іс-әрекеттің нанымдылығын да дәлелдерлік логикалық шешімдері ширықтыратын көркемдік компонеттердің жүзеге асқаны күнәсіз. 
Жазушы тіршілік үшін, бала үшін ешбір жолдан тайынбайтын әйел бейнесін сомдаған. Әңгіме соныңда автор кейіпкерін азапқа салып өлтіреді. 
Әдөбиеттанушы - ғалым Ә.Ысмақова: «жазушы өз кейіпкерін ақтап отырған жоқ, бірақ оның білетіні біреу: ешкім адам өмірін қиюға құқылы емес, себебі, өмірді адамдар бермейді, ол жоғарыдан берілген» [ 12; 181] деп , Шолпан өлімінің себебіне үңіледі. 
Психологиялық талдаудың күшті компоненті - ішкі монолог. Бұл орайда орыс ғалымы Т.Мотылева: «Адам өз сөздерінөн гөрі, ойларында әлдеқайда ашық болады. Ішкі монолог ол XIX ғасырдың бірінші жартысында ұлы реалистердің адам ойының мән ашудағы басты тәсілі болды. Онда сырт көзден бүркемеленіп, ашық айтылмайтын мән-мағына бар» [20; 179б], - деген пікірді айтады. 
М.Жұмабаев та осы ішкі монологты әңгіменің өң бойында ұдайы пайдаланып отырады. Автор Шолпанды көбінө іштей сөйлетеді, ойлантады, күйіндіреді, қуантады. Бала болуын алғашында тілемеген Шолпан кейін өзгереді. Өзінің қателескенің сезіп «аь» ұрады. 
Автор кейіпкер өмірінің бір ғана бөлігін алады да, сол ситуатция арқылы    бүкіл болмыс-бітімін, жан-дүниесін ашып береді.  
Оқиға бас аяғы аз ғана уақыт ішінде өрбиді. Ары қарай оқиғаның шешімі ширыға түседі. Шолпанның күнәсі жұртшылыққа біліне бастайды. Сәрсенбай әйелінің бойындағы баланы өзінің баласы еместігін біледі. Яки, Сәрсенбай өзінің бедеулігін бұрыннан -ақ сезген. Мұны Мағжан түсіндіріп жатпайды. Оқырманға бұл астарлы ой түсінікті. Өйткені, Сәрсенбайдың кемшілігі жайында ой Шолпанның ішкі толғанысынан көрінеді. 
«Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі терең психологизм, ішкі монологтың барлық мүмкіндігін пайдаланып, жалпы көркем шығарманың сипатын сай баяндаудың драмалық тоқайласуын оқиға мен кейіпкердің ситуациясына сай мәнерлеу, бұл тұста адам жанының, оның бүкіл іоәрекеттің психологиясы мен ой-арманын, толғанысын болмыс пен қүбылысқа тән бүкіл қилы-қилы сезім қалтарыстарын иіріп отыратын М.Жұмабаевтың өзіне тән және осы тектес бүкіл классикалық шығармаларға тән үрдіс. 
2.3 М.Әуезов әңгімелеріндегі жалғыздық мәселесі 
Жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағалаумауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл адамның (кейіпкердің) ішкі табиғатынан, болмыс-бітімінен сыр берер, оның характерін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені, адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой алдырады. Жалғыздық- адамға өз ойымен болуға, еске алу, елесгеу, қайғыру, сүйсіну, белгілі бір шешім қабылдау т.б. секілді толып жатқан философиялық, психологиялық категориялар мен процесгерді, сан алуан түрлі сезімдік құбылыстарды бастан кешетін кезең. Ішкі монологтардың, ішкі ой қақтығыстарының жүзеге асатын кезі де осы сәт. Кейде адам қатты қапаланғанда немесе шектен тыс қуанғанда еркінен тыс, ойланбаған, тіпті ойы түгілі түсіне енбеген сұмдық іс-әрекеттерге баруы да мүмкін. Оны психологияда, философияда, әдебиеттану ғылымдарында шындықты санамен бейнеленуіне тікелей қатыспайтын, еркіннен тыс болатын-психикалық, физиологиялық құбылыс "безсознательность" (санасыздық) делінеді. Оның қазақ әдебиетіндегі үздік үлгісі-"Қаралы сұлудағы" Қаракөз, оның ойда-жоқта өзінің қойшысы Болатқа сыр алдырып қоюы. Қаракөз тап сол сәтте бұл әрекет туралы саналы түрде ойлап үлгерген жоқ, тек ой оған аяқ асты келді де тіпті еркінен тыс түрде өзі ойламаған оқиғаға тап болды. 
М. Әуезов бұл жерде жалғыздықтың шын мәнінде де табиғат пен тіршілік   заңына   тән   емес   үлкен   трагедия   екендігін   терең философиялық астармен жеткізіп отыр [13;26б]  
Тегінде М.Әуезовтің суреткерлік шеберлігінің өзі осы адам жанын, табиғатын, психологиясын терең тануында жатса керек. Оны ұлы жазушының әзі былай деп түсіндіреді: «Тегі адам құр әрекет етпейді, ол белгілі бір байлау жасап, соның нәтижесінде мінез көрсетеді. Сол байлаудың жасалуын ішкі бір қажөтті сырдан туатын бойлау екені бізден жасырын қалады. Ал, оқушыға ең керекті, ең қызықты жай- сол бүркемеде қалған жасырынның өзі емес пе?» Адамның ішкі өмірін, оның қайшылықтары, күрделілігі мен тереңдігін кеңінен талдап жазу М.Әуезовтың шығармашылығына тән қасиет. Сондықтанда психологизм суреткердің өзіне лайық стилі де. Әрине, адам өзінше бір жұмбақ әлем. М. Жұмабаев айтпақшы "Теніз терең емес, адамның жаны терең. ... Дүниеде адамнан қиын жұмбақ жоқ, адам- шешуі жоқ жұмбақ ," [19;97б].Сол жұмбақ дүниенің шешуін табу таза таланттың ғана шығар шыңы. Ол үшін адамды сырттай суреттеп, бейнелеу емес, оның ішкі өміріне ену, оны зердемен зерттеу психологиялық бейнелеудің кеңдігін талап етеді. 
Әуезовтың әңгімелерінде кейіпкердің ішкі монологы, үзіліссіз жүріп жатқан сана ағымы, психологиялық талдау секілді психологизмнің сан алуан түрлі тәсілдер екі-үш бетті тегіс алып жататын сәттері сирек емес. Кейде тіпті бүкіл әңгіме кейіпкердің ішкі өмірінен тұрады. Және бір тоқталар жай, жазушының әдеби әдістердің әртүрін пайдалана отырып, кейіпкөрдің көңіл-күйі ұзақ әрі жан-жақты етіп жазудан, яғни оқырманын жалықтырамын деп жүрексінбейді де. Өйкені, шығарма шырайы осындай ойлығымен, жан дүние тереңдігімен, сюжеттік динамика мен психологиялық бейнелеудің нәтижесінде әңгімелеудің күрделі стилін тудырады. 
Жазушының "Жетім " әңгімесі міне, осынау үлкен қасиеттерді бойына жинаған туынды. Әңгіме "әп" дегеннен-ақ     қарама-қайшы /контраст/ жағдайдан басталады. Қалың тау ішін бетке алып келе жатқан үш жолаушы жігіт көңілді. Алыстан күн күркірегені білінгенімен олардың көңілдерінде кірбің көрінбейді, ән салып, тауды жаңғырықтырады. Ал, осы кезде оларға "қарсы жақты бөтке алып, жалғыз, жаяу бала келе жатты". "Оның" ойында үлкен мұң, қабағында қалың қайғы бар еді. Табиғат-тіршілікте, өмір-өзенде егіздің сыңарындай жүретін жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қатты қайғы, адамгершілік пен әділетсіздік, т.б. екі жақтан келе жатқан екі, жағдайдағы, екі түрлі тағдырдың Өлім мен Өмірдің ешқашан бітпейтін күресін еске салғандай. Мына жан-жағыңызды қоршаған тіршілік-табиғат осынау тұтасқан қарама-қайшылықтардың бітіспес күресінен түратын секілді. Бірін-бірі білмейтін және біріне-бірінің ешқандай қатысы жоқ жолаушыларды жазушы оқырмандарына осылай ой айту үшін алып отыр. 
Әңгіме кейіпкері он екі жасар бала Қасым тас жетім. Ол айналасы екі- үш жылдың ішінде бар жақынынан, әке-шешесінен, ата-әжесінен де айрылды. Дүниеде жалғыздықтан артық қандай қиянат-қайым қайғы, қасірет бар десеңізші?! Қаршадай Қасым сол қасіретті жұтып.жалғыз қалды. Бүгінгі мына азапты жолға шығуына мәжбүр еткенде осы жалғыздығы, жетімдігі еді. Жас баланың жалғыз жанашыры әжесінен айрылғандағы зары: 
"... - Әжетай, мені кімге тастап кеттің?! Мені неге ала кетпедің, менің қаңғыпр қалғаным ба? Менің шынымен сорлы, шынымөн сорлы, шынымен жетім болғаным ба?" [22;213б], - деп дауыс салып жылауы-оның ішкі күйініші, жалғыздықтан жапа шеккен айқайы еді. Алайда, өлім- жалғыздық, жан-жағындағы жатбауыр адамдардың алдындағы мұнның айғайы, шыңғыруы-бейне бір бозторғайдың боздауындай шырылындай тым әлсіз екен. Әжесінің өлімінен соң қайғыдан қайтып бас көтере алмаған бала     тек түсінде ғана бақытқа жөткендей болатын. Өйткені, ол түсінде үнемі    " өзін алдына сүйіп уатып, көзін сүртіп жүрген әке- шешелерін көруші еді". 
Түс көру тәсілі - психологиялық бейнелеудің бір түрі.     Бұл тәсіл   біздің   әбедиетімізде   кейіпкердің   ішкі   өмірін   беруде   жиі қолданылатын әрі берік дәстүрге енген көркемдік компонент [13;28б]. Оны жазушы жиі қолданбаса да ең онтайлы сәттерде сәтті пайдалана да біледі. 
Мұндағы түс әжесінің артынан өлуге бар жас баланың аз да болса тіршілік кешуіне дәнекер болған, азғана өміріне талшық еткен тәсілтін. Түсінде әке-шешесінің:"- Біз тіріліп келдік енді өлмейміз... Сен қорғансыз емессің, сен жыламайсың, сенің көз жасын бізді қайта алып келді..." [22;218б], деген сөздерді бала санасындағы арманның сәулесі-тін. Бірақ өмір секілді: түс те алдамшы екен, бертін келе енуді де қойды, әке-шешесі де, әжесі де "келмейтін болып, алыстай берді". "Қасымның үміті жарық күні де батты. "Міне, осы сәттен бастап Қасымның нағыз қасіретті де қайғылы күндері басталды. Әжесі қайтқан соң жаны ашығансып қолына алған ағайыны Иса бүкіл мал-мүлкін өзіне алды. 
Әлгінде үш салт атты жолаушыларға қарсы жүріп келе жатқан Қасымның қайғысы-ағайыны Исадан көрген қорлығы. Әңгімеде басты рөл атқаратын авторлық әңгімелеу бізге жасырын жатқан кейіпкердің жан құбылысындағы психологиялық процесті жан-жақты ашады. 
Үнемі аштықта, күтімсіздікте, ауыр жұмыста жүретін жас баланың бертін келе "ашулы болып, қаны бұзыла бастайды." "... осының бәрі қосылып, ойын шатастыра берді. "Жетім ит", "Жаман немеГдеген сөздер оның тілінде шығарады. Көршілердің қайрауымен Исаға ақырында қол да көтереді. Бұл-Қасымның тасбауырлыққа, өз тағдырына лақтырған тасы, қатыгездікке қарсы қарғысы еді. Осы бетінен қайтпаған бала қайтып Исаның үйіне қайрылмайды,.." зарлап  
еңіреп, әжесі мен атасының атын атап шақырып, солардың басына қарай жүгіреді. Одан арғы Қасымның тағдыры Ғазизаның тағдырын қайталайды "Қорғансыз күніндегі" Аяз- Ажал дүние - кенестікті дүлей дауылға толтырып "Ғазизаны жетектей жөнелсе ол "Жетімде" күшейіп Адам образына енеді. Алдында тісі ақсиған, ұзын бойлы, қолында ұзын қара пышағы бар қара кісі" болып өлестейді. Бір қызығы автор барлық жағдай осы боранды адамға, тіршілік тағдырына қарсы күш ретінде көрсетеді. Әуезов шығармаларындағы Аяз кейіпкер кейпіндегі Ажал- Адам образының толық қанды кейіпкер дәрежесіне жеткендегі, оның іс-қималдары да адам әрекетін жасайтындығын көрсетеді. Оған жазушының алғашқы жылдардағы әңгімелері толық дәлел бола алады. Мысалы, "Қысты күнгі дала" атты әңгімесінде : "Қалың қарды жамылған ақ дала. Айналада көз тоқтатарлық бұдыр жоқ . Ақ кебеге орнаған дүние ұзақ батқандай, өлім тыныштығындай зор тыныштық басында ұйықтатып тұрғанға ұқсайды.Тіршіліктің бір белгісі білінбейді. Көзге түсетін жан иесі жоқ. Жер жүзін тымсыл буғандай, ызғарлы қар, суық аяз тас қылып қатырғандай..." деген жолдар бар. Автор барлық жағдайда аязды "тірілтіп" адами кейіпте көз алдымызға елестетеді. 
Осы Ажал-Адам қаршадай баланы бауырына қысып, тағы да тастай молаға қарай келеді. Тіпті асыққаны сондай "Қасымға әмірлі дауыспен ақырып: 
- Артымнан еріп жүр, әлсіз денеңнің шаршап талғанына қарама! Аяғына кірген тікенге, жырған тасқа қарама! Өліп қалсаң да артымнан еріп отыр " - дейді. Әлсіз жетімнің жан ұшыра " - Ағатай, жетіммін...",-дегеніне де қарамады[22;219б]. Міне, Ажал-Адам жас баланы жалмауызша жұтқанша көрген қорлығын, қорқынышын, жол бойғы тартқан жан азабын, өз тағдырына қарсы қайсарлы т.б. санамен, бет-жүздегі физиологиялық өзгерістер мен психологиялық процестерді жазушы табиғатпен табыстыра, яғни   психологиялық параллелизм арқылы бейнелей ашады. 
 
2.4    Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романындағы сана ағымы  
Сана ағымы-адамның ішкі жан дүниесіне талдау жасау. Сана ағымы қат-қабат тізбектеліп, бірін-бірі толықтыра келетін ойлар ағыны болады, яғни көркем туындыдағы көйіпкер ойына, ішкі дүниесінің арпалысына, санасындағы процестерге негізделінген шығармалар сана ағымында сомдалғаны даусыз[13;33б]. 
Ә.Кекілбаевтың қазақ әдебиетіндегі психологиялық прозаны дамытуға қосқан үлесі мол. "Аңыздың ақыры" романында жазушы байсалды баяндау, философиялық, психологиялық терендікті өз творчествосына темірқазық етіп алған. Тарихи тақырыпқа барғанда кейінгі уақытта қалыптасқан үрдістен бойын аулақ салып, тарихи тұлғалардың көркемдік бейнесін кескіндеуде кейіпкердің моральдық болмысынан тұтастықты сақтап дамытады. 
"Қызыл алма", "Мұнара", "Махаббат" атты үш тараудан түратын роман әу баста Үлы Әміршінің алыс сапардан оралу сәтінен басталады. Әңгіме кейіпкер бейнесіне көшкен автор атынан, үшінші жақтан баяндалады. Бірақ ондағы ойдың бәрі ішкі монолог, еске алу, көңіл түкпіріндегі күпті ойлар, қартайғандықты мойындатқан қажу, т.б. арқылы бөріледі. 
Романдағы кейіпкерлер-Ұлы Әмірші, Бибі ханым, шебер іс-әрекеттерімен емес, көбінө көңіл-күйлеріндегі күйзелістерімен, жан әлеміндөгі арпалыстармен, ішкі буырқаныстан сыр берер бет-жүздегі, мінез-құлықтардағы сезімдік құбылыстарымен көрінеді. Романда диалогтан гөрі монологтың басыи болуы да жатырқатпайды. 
Психолог-прозаик кейіпкерінің сұңғылалығына нандырады. Әккі Әмірші қарамағындағыларды уысында ұстау үшін елді қабағынан тануды қажет құрал етті. Айналасындағы адамдардың іші-сыртын, пендешілік осалдығын, көніл түкпіріндегі құпия сырларын Әміршінің қалай тап басып зерттейтінің бейнелеуінде суреткерлік алымдылық бар. Роман тек Әміршінің ойы-монологі, күпті көңіліне ойланса да, неден күдіктенсе де іште сақтайтын сырбаздығы оқиғаны оймен өрбітеді.Суреткер бүкіл роман бойына оқиға қумай, кейіпкерлерін ділмарсытып көп сөйлетпестен тек жан дүниеге бойлап, адам психологиясын, оның рухани әлемінің ішкі иірімдерін драматизмнен ашуында жатыр. 
Роман басында Әміршінің тынымсыз ойға, небір қиялдарға бөленген ұзақ жол, жол бойындағы оңашалық, жалғыздық болса, еліне келген бетте оны мазалайтын нәрсе-өзегіне құрт түскен қызыл алманың өзіне сәлемдеме боп жіберілуі. Бұл жерде қызыл алма-Әміршінің тынышын тонпгян көркемдік нышанның басты кілті. Осы бір өзегіне құрт түскен қызнл алма арқылы үй-ішінің, өз шаңырағы астындағы алауыздықты, өзі жоқта орын алған опасыздықты ғана түсініп қойған жоқ Әмірші, сонымен қатар, жалған өмірінің өткіншілігін, жер жүзінің жартысын билеген қаһары да, атағы жер жарған даңқ пен дақпырттың да шын ғашықтың жүрегінен шығып, көңілінен қаланған мұнара меңзеп тұрған адал да таза махабаттың жанында ешқандай мәні жоқ екендігін де түсінеді, түсінеді де күйінеді. Күйініш оны күйреуге әкеледі. Өзегіне құрт түскен қызыл алма Әміршінің де өзегіне құрт салады. Қасындағы адамдардың қас-қабағынан-ақ аңдып барлық жайды, сырды ұғатын Әмірші енді өзінің бастапқы қалпына келе алмайды, бүрынғы эгоистік мінез, көзқарастан біртіндеп өзгере бастайды. Бұрындары тек өзім дейтін, төк өзінің ғана үстемдігімен есептейтін ол енді төңірегіндегі адамдардың қасқабағын андитын дәрежеге жетеді. Неге? Бәріне өзегіне құрт түскен қызыл алма кінәлі. Бұл Әміршінің ойы ғана емес, тіршілігінің де контрасты, екіге жарылуын көрсетеді. Суреткер Әміршінің ойы мен санасындағы, бүкіл тіршілігіндегі осындай аяқ астынан пайда болған қақ жарылуын бейнелеген сәтіне көз салып көрелік: 
"...Былайғы пенденің күндізгі қысылып-қымтырылып, өз аяқ-қолын өзі матаған сіреспе тіршіліктен бір сәт босап, арқасы жазылатын түндері бар, түнде ол жұрттың көзіне көрінбейді, сөзін де естімейді, ың-шыңсыз оңашаға көшеді. Бұның ондай түні де жоқ. Бұл түнде де тас қаранғыда да ояу отырғандай. Түнек қараңғының түкпір-түкпіріндегі жымысқы көздердің бәрі бұны көреді, ал бұл төңірөгін тас қып қымтап алған тас қарағының тасасында не болып, не қойып жатқанынан атымен бейхабар. Ол адамдық тіршіліктің күндізгі бейнетін бір кісідей-ақ тартқанымен, түңгі ләззатынан біржола мақұрым..." [23;57б]. 
Жан әлемін аяусыз соққылаған сауал жауабын ол өзінен, жанындағы адамдардан іздейді. Кез-келген кісінің ішкі сырын, құпия ойын айтқызбай қас-қабағынан, көзқарасынан, қимыл-әрекетінен танитын әккі Әмірші екі қайтарса да алманы қайта алып келген қызметші әйелдің жұмбақ қылығын жазушы көркемдік компоненттердің портреттік бейне, мимика, іс-әрекет, бет-жүздегі құбылыстары арқылы ашады: 
«...Бұрын қызметшілеріне назарын тіктемеуші еді, бұл жолы тінте қарады. Тайсала қоятын қызметші әйел көрінбейді. 
Сонда қалай, мына әйел манағы құрт шыққан алманы әліге дейін көрмеген, білмеген болғаны ма? Көрсе, бұдан неғып қысылмайды? Қызметші әйел беті бүлк етер емес, дастарқанды реттеп болды да, басын иіп, тағзым еткен күйі жұп-жұмыр бөксесіне сарғыш шытыра көйлектің етегін бұлқ-бұлқ тепкілетіп, тек әйел ғана ойлап таба алатын бір әдемі әзәзіл  жүріспен есікке жылысты " [23;38б]. 
Адам     психологиясын ашуға     қызмет    ететін     көркемдік компоненттер-портрет   (сыртқы   детальдар)   іс-әрекет,   бет-жүздегі құбылыстар т.б. бәрі бірігіп жан дүние қозғалысы мен жағдайға ( душөвные движение и состояние) Кекілбаевтың жиі жүгінетін тәсілі [13;35б]. Әміршінің ішкі дүниесіндегі ой-сезім құбылыстары мен жан арпалыстары да осындай сыртқы детальдар ( дененің қозғалыстары, беттің құбылуы, жест т.б. ) арқылы ашылады. Тоқтаусыз ағын судай ойы (монолог) бар Әмірші табиғаты ішкі тағдыры арқылы енген құпия тұлға. "Әйгілі әйел бәрін біледі екен" деген бір сөйлөмді баяндау желісін үзбей келе жатқан авторлық сөзі екен деп қаласың. Шындап зер салсақ, бұл Әміршінің ішкі ойы-монологы екен. Әйелдің әрбір әрекетін, қимыл-қозғалысыч қадағалап шығарғандағы өзіндік шешімі. Осы жерде автордың өз ссзімен кейіпкердің сөзін бөлшектемей, бір-бірімен ажыратқызбастай етіп, қолданатын өзіндік өрнекке, ерекше баяндау стилі де қылаң береді. 
Кейіпкер ойын осындай оқыс бір детальдар арқылы автордың шеберлігіне қосаа, ой-сезім ағысының табиғилығын да аңғаруға болады. Өйткені сыртқы детальдар адам санасы мен жан дүниесіндегі үздіксіз жүріп жатқан психологиялық, процестің ұшқындары. 
Кішкентай детальдан үлкен философиялық-әлеуметтік ой түюді творчествалық кредо еткен жазушы үшін әлгіндегі қызыл алма да-деталь, сиқырлы мұнара да-деталь, кіші ханымның түсі де- деталь. Алайда, олардың бәрі романға үлкен жүк артып тұр. Осындағы әр деталь сол кезеңнің әлеуметтік-қоғамдық мәнін, өлім мен ақиқат алдындағы адамзаттың жалғыздығын, әлсіздігін әшкерелеп, бүкіл адам нәсіліне ортақ махаббат, адамгершілік, әділет, қайырымдылық секілді ізгі қасиеттердің мәңгілігі туралы философиялық ой түйеді. Ақыры осы үш деталь Әміршінің талай түнгі тынышын тонап, сан күннен бергі санасын сарсытқан жауапты тауып береді: 
"...Иә, көп мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махабатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ ол кімге кімнің   махаббаты?.. 
Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымнаң алыс жорықтағы жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін бейнелеген... Өліп өшкен махаббатын бейнелеген... " деген Әмірші монологінің ізін ала автордың комеытарий жалғасады:- Иә, солай. Көк мұнараның сиқырына ол енді түсінді... Әлгі бір көзбен көріп қолмен ұстатқандай ұрымтал ойдан жаңылып қалармын дегендей, іштей қайта-қайта ойлап, әбден жаттап отыр. Иә, бәйбішесі жіберген өзөгіне құрт түскен қызыл алманың жауабы енді табылды... [ 23;б0б]. 
Міне, Әміршінің ырқына ерік бермей ағылған ой ағыны осылай шешімін тапты. " Асылы, пенде пақыр қайдағы жоқ азапты өзі ойлап табатын болса керек",- деген автордың сөзі бүкіл шығарманың өн бойына өзек боларлық тақырыптың түп қазығы да іспетті. Әмірші бір ғана мұнараның жұмбақ жайына қанығамын деп, бүкіл өмірдің, адамзат баласының табиғатына тән пендешіліктің парқына, тылсым сырына үңіпеді, өмірдің өтпелігіне, жалғандығына, даңқ пен дақпырттың алдамшылығына көз жеткізеді. Әмірші санасында бірде сатылап бірде тізбектеліп, бірде бір-бірін баса-көктей арпалысып, ырыққа көнбей ағылған, тасқындап тасыған психологиялық процесс-ішкі сезімдер жүйесі-ашу, ыза, кек қызғаныш, өкініш, ар-үят, т.б. рефлекстологиялық құбылыстар ықпалымен еріксіз, ырықа көнбей бір ойдан бір ойға, бір ашудан бір ашуға көшіп, жол-жонекей талай жауыздықты ойлап, пішін сол мезетте жүзеге асырып та үлгереді. Осы Әмірші бойындағы жауыздық пен санасындағы «қайдағы жоқ» азапты өзі ойлап табатын сан алуан сезікті ойлар мен сол сергелдең сезім тудырған түйінділер оны талай жауыздыққа әкеп тірейді. Адам жанының динамикасын кейде саналылыққа, ырыкқа көнбейтін рефлекстологиялық құбылыстарды ғалым Л.Выготский: "Біздің санамыздың қос сферасы арасында бір минутке де тоқтамайтын, тұрақты,   жанды динамикалық   арна   бар.   Ырықсыздық   біздің   іс- әрекетімізге әсер етеді, біздің мінез-құлқымыздан байқалады ( Әміршінің жауыздық іс-әрекеті осының салдары емес пе?) және осы іздердің сорабыме.н біз ырықсыздық пен оны уысында ұстәйтын заңдарды тани түсуді үйренеміз " деуі тегін емес, Адамның жан әлемі мен оның ұғым, көзқарастарының ажырамас тұтастығы іс-әрекет үстінде, солардың сипатына қарай ашылатынын паш етеді [24 ;318б]. 
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы образ эволюциясы осылай, себеп-салдардың түп-тамырына қазбалай, қазымырлана көз жеткізу арқылы дамиды. 
"Аңыздың ақыры" романының композициялық қүрылысында "Қызыл алма" деп аталатын бірінші тарау тек қана бәйбішесі жіберген қызыл алма құпиясына Әміршінің үңіліп, өзі жоқта салынған мұнара бойындағы жұмбақ сырды сарылып іздеуінен тұрса, екінші тарау-"Мұнара" шебер жігіт Жаппардың жүрөк сыры, мүнара салу барысындағы санасы мен сезімдегі творчестволық психология, бір көргеннен ғашық болған Кіші ханымға деген жан баласына тіс жарып айта алмас құпия махаббатын тілсіз, жансыз тас арқылы айшықтауы, яғни мылқау мұнара-жігіт монологінен тұрса, үшінші бөлім-"Махаббат" бұл кіші ханымның жан арпалысынан, күйзелісінен, санасындағы сәт сайын күрт өзгеріп отыратын сезім қүбылыстарынан, трагедиялық тағдырынан сыр суыртпақтайды. Романның басты үш кейіпкерлеріне үш бөлім арналған", үшеуінің тағдыры да, ішкі өмірлері да, жан сезім арпалыстары да, тіпті тіршілік тынысты да, қоршаған ортасы да сан алуан, жас мөлшері де әр түрлі. Бірақ оларды ортақтастырып тұрған жай-мұнара, махаббат мұнарасы, бір-бірлеріне деген ішкі, құдіретті де құпия іңкәр сезімдері ғана. Қазақ прозашылары ішінде Ә.Кекілбаев секілді сана ағымына" біржолата бет бұрған, оның табиғатын терең  танып, өз әлінше меңгерген қалам-гер кемде-кем. 
Қазақ прозасында ішкі монолог, сана тасқыны тәсілдерімен жазылған "Аңыздың ақыры" романындағы "Мұнара" тарауында да сол көркемдік екпінінен жаңылмастан жалғасын тапқан. "Қырсыққанда қымыран іриді " дегендей шебер жігіттің жұтқыншағын жыбырлатып бара жатқан жөтел - бұл бөлімдегі бірінші деталь - әрі бұл "сезікті секіреді" дегендей, Әмірші алдындағы құпия қылмысын жүзімнен, көзімнен білініп қалмас па екен?" деген бозбала жігіттің ішкі толғанысын, үрейін де жеткізіп тұр. Автор жігіттің сасқан, қысылған жайын елеусіз қалдырмай, бүге-шігесіне дейін қазбалап жазады: 
"... Дымы ішінде боп, тыныш тұруға тырысқан ол бәріне де шыдап бақпақшы болды. Бірақ көмейі әлленеге қыж-қыж жыбырлап, тамағы қышып қоя берді. "Қап, қайдағы пәле қайдан тап болды" - деп ойлауы мұң екен, алқымға толып, қылғындырып тұрған пәлекет босанатын жер іздеп абайсыз жөткірініп қалды. Ол аз дегендей тағы жөткірінді... Екі беті ду қызарып кетті...» 
Автор шебер "жігіттің "Әмірші намазға келеді деген хабар естісімен дегбірі кеткен беймаза көңілін осылай әдемі кестелей білген. Сондай-ақ, суреткер     шебер жігіттің көңілі қалаған 3урадан торығып өмір қызығынан түңіліп жүрген тұсында осы мұнараның салу туралы тапсырма алып, оның күннен-күнге биіктеп бара жатқан құрылысымен бірге көңілі де көтерілгенін жазушы параллельді психологиялық тәсілмен шебер қиюластырған.  
«Жаппар мұнараның кемшілігін енді көрді. Біресе көңіліне қонбайтын ерсі бірдеңені көзі шалып қалғандай, басын шайқап өз өзінен таусылып, жан-жағына түкірініп бітеді...» [23;111б] 
Осы үзіндіден кейіпкердің ішкі толғаныс тебіреністерімен қоса, сыртқы қимыл әрекет, кескін келбет құбылысы да қалыс қалмайды. Мұнда кейіпкердің өз түрінен алар сезім толқынысын жариялау фактісі, қимыл-әрекеттері өзгеріс сыры мен оның сыртқы эффектісі де орын алған. Үшінші жақтан баяндай отырып кейіпкердің ішкі өміріне, сырт көзден тысқары тіршілік-тынысын тап басумен бірге оқыс, тосын іс-әрекеттерін де сол бір шабытты шақтың шалт сезімдерін қапы қалдырмайды. Ішкі жан дүние арпалысгары да мұнда сыртқы қозғалыс арқылы ашылады. Бір-бірімен жымдасып, бірігіп кеткен осынау көркемдік компоненттер жазушы шөберлігінің тағы бір қырын танытқандай. 
Кейіпкердің іштей күрделі қақтығысқа, ішкі психологиялық тартысқа құрылуы-Әбіш творчествосына тән қасиет. Оның бір үздік үлгісі де осы "Аңыздың ақыры" романы. Әсіресе, "Махаббат"деп аталатын үшінші тарау тек қана Кіші ханымның ішкі диалогына, ой-сана қақтығысына, пікір қайшылығына құрылған. Характер табиғатындағы сезімдік құбылыстар мен ой-сана ағысын, жан сарайындағы сан алуан арпалысты тап басып, тәптіштеп жазуды талап ететін психологиялық талдау сөз өнеріндегі шынайы шеберлікті қажет етеді. Өзіне объекті етіп алған адамдардың рухани әлемін, ішкі иірімдерін ілкіден зерттеп, терең танытып келе жатқан талантты жазушы бұл жолы да психологиялық барлауға мән бөрген. 
Әбіш шығармасында аңыз-әңгімелерді бір ғана қарапайым оқиғаны (детальды) тілге тиек етеді дө, соны үлкен трагедиялық коллизициялар дәрежесіне көтеріп, рухани әлемдегі, адам санасындағы психологиялық, әлеуметтік, этикалық, моральдық өзгеріс-қозғалыстарды көркемдік ойлау жуйесі арқылы шебер өрнектейді. Детальға үлкен мән беретін сурөткер сол арқылы өмірдің әлеуметтік, философиялық мағынасына үңіліп, жан диалектикасын, адам психологиясын, ішкі рухани әлемді ашуға тырысады. 
2.5 О.Бөкей шығармаларындағы психологиялық параллелизм және пейзаж 
«Параллелизм екі құбылысгы салыстырып қана қоймады, сонымен бірге біреуне тән әрәкетгі өкіншісіне телиді. Егіздеудің негізгі мәнін еске алсақ, гүлмен, ағашпен т.б. көрінетін табиғат бейнесі адам өміріне ұқсасгырылды»,- деп жазады А.Н. Веселовский [25;91б] 
«Параллелизм-екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі. Екі түрлі ұғымды білдіретін тіл элементтері бір-біріне әсер етіп, тұтас поэтикалық бейне тудырады. Бұл халық ауыз әдебиетінде жиі қолданылады»[13;91б]. Кейіпкердің ішкі толғанысын, тебіренісін білдіру үшін қолданылатын психологиялық параллелизмге "Ер Тарғын" жырындағы Тарғынның монологын мысал етуге болады. Психологиялық параллелизмнің әдебиетте баяғыдан қалыптасқан тәсіл екенін атап көрсету керек, Ол үшін бұл айшықтау үлгісінің табиғатына үңілу қажет. "Қызғыш құс" өлеңін зерттеушілер психологиялық параллелизм үлгісі деп қарастырады. Бұл өлеңде ақынның тағдыры қызғыш құспен салыстырылған. 
Көл қорыған сен едің, 
Сен де айырылдың көліңнен.  
Ел қорыған мен едім,  
Мен де айырылдым елімнен.  
...Сені көлден айырған,  
Лашын құстың тепкіні.  
Мені елден айырған, 
ХанЖәңгірдің екпіні[26;192б]. 
Адамдар тіршілігіне тән әрекеттер табиғатқа көшірілген. Сол арқылы табиғаттағы тіршілік иесі-қызғыш құстың әрекеті, тірлігі, аянышты халі бейнеленеді. Және ақынның өз тағдыр-талайы, қызғыш қүсқа мүң шағып, тіл қатуының астарында оны өз көңіл-күйінің әуенімен түйсіну сезімі жатыр. Бул сияқты мысалдар Абай, М. Жұбанов, Қ. Аманжолов т.б. ақындар шығармаларынан кездеседі. 
"Мүзтау" повесіндегі Ақтанның оқшау бітімімен күллі психологиясы оны қоршаған табиғатты жанды бейнеге айналдыру барысында танылады. Повесть оқиғасының мазмүнында Ақтанның "арғы жақтан келген" жүмбақ адаммен кездесуі бар. Жүмбақ адамды атуға оңтайланып, мылтығын кезеген Ақтан бәрібір оны ата алмайды. Кейіпкердің осы сәттегі көңіл-күйін жазушы табиғатпен егіздей берген: "Түлан түгқан табиғат қүр долылықтан түсер пайданың аздығын шамалады ма, әне ...бейшара ақыл-есін жиды... "[27;83б]. Ақтанның әрбір сәттегі көңіл-күйін табиғат қүбылысынан ажыратамыз. 
"Бүгін де күн бүлтты... тек сурғылт түман ғана жер-көкгі жалмауыздай жалмап алып, қыдиып, іргеде жатыр"[ 27;84б]. 
"Аңшы соңғы рет жүрегі сазып, аспанға қарады: көкпеңбек боп, мүңсыз-қамсыз төңкеріліп түр екен. Қас қылғандай Алтай да дәл бүгін үзатылар қыздай жасануын шіркіннің. Аспаннан жылу, үңгірден салқындық білінеді. "[27 ;85б]. 
Кейіпкер бойындағы бір-біріне қарама-қарсы ой-сезімдердің тайталасын табиғат арқылы бейнелеу бүл повесге жиі үшырасады. "Таудың алты ай сүлап жатар қысы күшіне біржола енгендей, аса бір ауыр да түнжыр мінез танытады табиғат" [27;86б]. Ақтан болмысын Мүзтау биігімен үқсасгыра суреттеу оның ерекше бітімін таныта түсу үшін қажет болған сияқты. Мүзтау- Алтай табиғатының ерекше бітімі болса, Ақтан-тобырдан саяқ, рухы биік, ерекше тұлға, авторша айтсақ, "ертек адамның соңы". 
"...Оның қазіргі табынары да қүдайы да сонау көк төсіне ракетадай атылған айналайын Мүзтау еді:   Мүзтауды, оның алып бейнесін көрген адам бақытты болады деуші еді" [27;86б]. "Музтау" повесінде автор мүзтаумен егіздей суретгесе "Атау кереде" Таған назарына Музтау тылсым сипатымен ілігеді. 3 Ахметов бейнелеу, туспалдау тәсілдерінің кейіптеумен үласып жатқанын атап айтса, психологиялық егіздеуді де осы кейіптеумен сабақтасқан деп қараймыз. О.Бөкей табиғат құбылысын жанды бейнеге айналдырып табиғатты кейіпкер болмысымен егіздей суреттеуге назар аударған. Осы повесттегі егіздеу басқа да шығармаларына тән. "Қум мінезінде" қумның жазушы қаламына ілігуі жайдан-жай емес. " Қүм үнсіз жыласа, Бархан туншыға ызаланады, туншыға назаланады. Ақырында қум көшеді, Бархан буырқанады. Әдемі, асгарлы параллелизм ",- дейді сыншы Б.Ыбырайымов[28;35б]. Бархан мен қүмды егіздей суреттегенде жазушы қумға адамға тән әрекетті дарытады. Қумды жанды кейіпкерге айналдырып, кейіптеу тәсілінен егіздеу тәсіліне көшеді. "Қум жылдар бойы суырыла-суырыла езіліп қалған, баяғыша жер бауырлап, сусымай, албасты лағып көше бермей байыз тауып, біржола қоныстанған соңғы кезде Қызылқұм мінезі мүлдем өзгертіп, мынау қазақтарша отырықтана бастап еді... Сүмандап кеп, сусылдап кеп суыртпақтала жортар жо^а жүрісі саябырсып, тобан аяқ болып, томпайып-томпайып қалған құмдақ қызыл күрендене топыраққа айнала бастаған " [29; 18б]. Құмның осындай кейіпте бейнеленуі ұлттық болмыс пен мінезді де танытып өтеді. Көшкен қум көшпенді халық тарихы мен шежіресі де кірігіп , әрекетіне ұлттық мінез кірігеді. Адамға тән көңіл-күй қумға көшіріледі: "Кей күндері мынау шымдауыттана бастаған қумның сыңсып, әлдебір аянышты үн шығарып, кейде мынау тарихтың бар шежіресін қойнына тығып, бүк түсіп жатқан қум өз-өзімен өксігендей демігіп, сырылдарын Бархан естігендей болушы еді... Қулақ түре-түре өзінен басқа тірі жан естіп, ұға бермейтін сыбыр есгігендей екі көзін тас жұмып, елістерін, ерте айырылған әке-шешенің 
сол құмның астынан әлдиі талып жетіп, мәпелеп тербеткендей жабыраңқы жанын жұбатқандай болушы еді" [29;20б]. Жазушы суреттеуінде құмның жанды кейіпкері түрінде танылуының өзі күрделі сипатқа ұласқан. Құм әрекетінің құпия сыры Бархан түйсігіне аян. 
"Иә, құм жылайтын, ...Иә құм сөйлейтін, ...иә, құм жырлайтын, ...иә, құм толғайтын, ...иә құм айтатын, ...иә, құдай құм күлетін, кәдімгідей күлөтін... Қызылқұмның тілін тек өзі ғана білетін Бархан онымен күбір-күбір әңгіме шертісер еді "[29;25б]. Бархан мен құмның тілдесуі адам мен табиғат арасындағы шиеленісті жағдайды паш етеді. 
"Қызылқұм-аңызға айналған аңызақ шөл даланың-кейуана жердің мәңгілік мойынбайтын, мәңгілік өзгермөйтін, қайратты да қайсар мінез-құлқын танытар ұлы елдің бел баласы екен-ау" 
Құмды суреттеуцө оны бүге-шігесіне дейін сөз ету Бархан бейнесін аша түсу үш;н кіжет. Құмның іс-әрекеті, мінезі Барханмен егізделе берілуі арқылы пығарма оқиғасының мазмұнын ашып тұр. "Иә, бүгін Қызылқұм мінез көрсетті! Неге ашуланады, ненің ырымы бұл?" [29;30б]. Бархан буырқанысының нышанындай болды... Ішкі нала мен ыза, оның үстіне өзі жарасын емдап жазған қарақұйрықты Сейтқұлдың атып, итке жемтікке тастауы Барханды ашындырады. Ол Сейтқұлға қол жұмсайды. "Мәңгі бақи ұйықтап келген арыстан ашуы" оянады. "Бархан мінез көрсетті",-дейді жазушы [29;32б]. Алдымен тып-тыныш жатқан құм көшп, . Жазушы суреттеуінде құмның көшуі-мінез көрсетуі. Табиғат құбылысы мен адам мінезін егіздей беру ұлттық рухани тамырдан нәр алған  көркөмдеу тәсілін өз повесіне шеберлікпен арқау етіп, Құм және оның көшуі арқылы Барханның бүкіл болмысын танытады. Құмның барлық іс-әрекеті адамға тән сипатымен ерекшеленеді. Оның сөйлеуі, сақ-сақ күлуі осыған мысал. "Жылдар бойы нығызданып, дөңайбат жасап жатып апған қиқар қамның аяқ астынан ер-тоқымын бауырына алып тұлауы қайран-қаларлық... жыртық, қызыл құмның бой жасағаны шығар... енді қайтіп ашу шақыра шамырқанып, мінезкөрсете алмайтын шығар... жарықтық, мәңгілікке көз жұмып, өлген шығар [29;36б]. Кейіпкердің ары қарай жалғасатын ішкі ойы құмның құпия сыры туралы тұжырымға тіреледі. Сол құмның суреттелуінен Бархан болмысын, оның іс-әрекетінен Бархан мінезін табу қиын емес. Құмды жазушы көйін тең тәсілмен суреттей отырып, Барханмен егіздейді. Кейіпкер есімінің де символдық мәні бар. Құм-Бархан жазушы бейнелеуінде бір-бірімен үйлесім тапқан егіз тұлға. Құмды жанды кейіпкерге айналдырып, Барханмен егіздейді. Повесге құм-саналы рух. Құм тағдыры мен Бархан тағдыры бірлікте алынған. Әрі екінші қырынан қарасақ, құм деп отырғанымыздың өзі Барханның ауыстырылған (метафоралық) бейнесі тәріздес. Дегенмен, бұл повесте кейіптеуге негізделген психологиялық параллелизмнің ролі басым. Адам мен табиғатты егіздей суреттеу "Жасын" әңгімесінен де көрінеді. Бас кейіпкер-Қиялхан, оның табиғаттағы "сыңарьГ-қарағай. Барханды құммен ішкі ойы арқылы тілдестірсе, Қиялханды қарағаймен түсінде тілдестіреді. Қарағай мен Қиялханды егіздей сурөттегенде ең алдымен сыртқы ұқсастық негізге алынады "бұлақ жағасындағы жалғыз қарағай жеке-дара қарауытады. Қалың жынысты орманнан оқшау адаса жаратылған қарағай Қиялханның қазіргі сақ өмірін қайталағандай болатын". Қарағай кейіпкердің түсінде тіл бітіп, сөйлеп, оның арман-тілегіне бағыт береді, адамзат атаулыны табиғат, жаратылыс атынан жазғырады. Жалғыз қарағайға жай түсіп қирауының ишаралық сипаты бар. Қиялханның өзгелерге оғаш керінер ой-арманы бәрібір күйрейді. 
Психологизм О.Бөкейде жақсылық пен жамандық арасындағы бітіспес күрестің түп тамырына үңілу, бүгін мен болашақты кешегі күн көзімен бағамдау   мақсатында   көрінеді.   Жоғары   саналы,   сезімтал кейіпкерлер қалай болғанда да бүгінгі күнмен, тіршілікпен   үйлесім таппай жатады. Сондықтанда олар табиғатқа жақын. 
Жазушы туындыларын тағы бір қырынан қарауға негіз болатын табиғат суреттерінің өрнекгелуі. Жазушының пейзаж жасау шеберлігіне С.Қирабаев: «...Суреткерлігі еш талас тудырмайды тіл өнерін жақсы меңгерген... образды тілге, бейнелі суретке бай. Ол адам психологиясын еркін, ішіне кіре суреттейді. Табиғатгы Алтай табиғатын жетік біледі, оны да геройларының тағдырымен ортақтастыра көркем бейнелейді» [30; 529б],- дейді. 
Жазушының суреткерлігі туған жер табиғатының суретін шебер бейнелеуінде "Алақаншықтана басталып сабалап үрген қарлы боранда қан түкіртерлік қатыгездік бар. Әлемдегі затты әзірше болса да, жалмап жүтып, жоғалтып жіберген. Айқай дүниенің бар билігі өзіне тиген, сол билікке масаттанған қарлы боран мың-миллион қамшысын үйіріп, оң жамбасына келгенін бәрін осқылып, көк айыл долылық қысып, өзгеше өкпегі қатігез мінезбен осқырынады" [30;529б]. Аспанның ішкі дүниесіндегі арпалыс жалғыз ұлдың қауіпті сапарға атгануы алдындағы қорқынышы боранның арпалысымен үндесіп түр. Шалдың санасында екі түрлі ойдың шарпысуы өтеді. Бірі-үлым сайтан көпірден аман өтер ме деген кауіпті ой да, екіншісі- сол қауіптің алдын алып тәңірге жалбарну қорымға барып аруаққа сыйыну. Бірінші ойдың конкретті көрінісі боранда, екінші ойдікі-Аспан, екеуі де арпалысып келеді. Енді құйрық-сайғақ шаншылған төмпешікке жеткеннен кейінгі табиғат көрінісі: "Боран басылайын деді. Аспаннан адасып   келіп   қашып үлегермей  қалған   қар  ұшқындары  ғана еріншектене қылаулайды'. Төңірек түгел көрініп қүлаққа Бүқтырманың 
сарыны талып жетті. Табиғаттағы бар зат дүр сллкіне сірпіліп, азынаған 
пәледен қүтылғанына қуанды». Ұлыған боранның зәрі сынып, айылын жия бастады. Бағанағы долылықтың бәрі жоқ тынши қалған, себебі  
Аспан шал қорымға жетіп тәуіп етіп, аллаға сыйынып ішкі қауіптен арылып, сабырлы қалыпқа енген. Оның санасындағы боран-ойды, сыйынуы арқылы ығыстыра бастады. Аспанның санасындағы тыныштық табиғатқа да орнай қалды. 
«Мынау аппақ дүние» повесінде көктемнің жайма-шуақ кезеңі Нұрланның жан дүниесіндей пәк, таза кейіпте суреттелген О.Бөкей пейзажды қаьарман жаныньщ нәзік қылын шертудегі басты перне етеді. Табиғат суретінсіз кейіпкердің жан диалектикасына бойлай алмайсыз. Табиғат сынды адам да құпия, соны ашу үшін О.Бөкей саралауды табиғаттан бастдйды. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Зерттеу жумысында біздің негізге алып отырғанымыз психологизмнің көркем әдебиетте алатын орны, психологиялық талдаудың шығармадағы образдық даралауға әсері болғандықтан, жұмысты жалпы психологизмнің пайда болуы, зерттелу тарихынан басгадық. Психологиялық талдаудың стильдік ерекшелігі мен көркемдік қызметін таныту үшін жалпы адамзаттық әдеби туындыларға сүйендік. Адамдық ой-сананың, сезім күйдің сәулеленуін, оның шығармадағы өзіндік сипатын сақтап адам жанының диалектикасын ашуға лайықтап қолдану жазушының шеберлігіне байланысгы Психологизм элементтері ертедсгі ауыз әдебиетінен бастап, әдеби процестің қалыптасуында әр түрлі шымада көрінген. Оның аналитикалық және сиитетикалық түрлері қаламгердің қолданысына қарай қүбылып отыр^ды. Бізпің басты міндетіміздің өзі осыдан туындайды, себебі Ж.Лймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Әуезовтың, Ә.Кекілбаевтың, О.Бөкейдің шығармаларындағы психологизм мәселесінің бүрынғы қолданыстан ерекше екеніне, айырықша сипаттылығына тоқталдық. Психологизм мәселесінің сан ғасырлық даму эволюциясының оң биік шегінде қалам тартқан жазушылар психологиялық талдаудың ең бірінші кейіпкер характерін даралаудағы сипаты мен көркемдік  қызметіне баса назар салған. 
Психологиялық талдауды аналитикалық тәсілі жазушы үшін образды сомдаудың ең көрнекті әдісі екенін айттық. Оған дәлел Ж.Аймауытовтың «Ақбілегі'», М.Жұмабаевтың "Шолпанның күнәсі", М.Әуезовтың   «Қаралы   сұлу», Ә.Кекілбаевтың   "Аңыздың   ақыры" шығармаларына жасалған талдаулар. 
Сана ағымы әдісінің щығармадағы көрінісі-ішкі монолог. Ішкі монолог Жүсіпбек, Мағжан психологизмнің басты амал тәсілі. Ішкі монологты ұлғайта қолдану, оны толғаныстарға ұластыру, сол арқылы авторлық идеяны, көтерген мәселені таныту-қаламгердің басты ерекшелігі. Психологиялық талдаулардың булардан басқа әдебиетгерде ертеден орын алған тағы бір түрі-психологиялық егіздеу мен пейзаж, шығармалардың көркемдік образдылық аясын кеңейте түседі. Пейзаж бұрынғы әдеби қолданыстағыдан қысқарғанымен нақтылана бейнеленіп, көйіпкер жанының сол сәттік жан дірілін танытуға айырыкша әсер етеді. 
Сонымен қазіргі әдебиет сыншыларын, зерттеушілерін психологизм, психологиялық талдаулар елеңдете бастады. Осыған байланысты психологизмнің қаламгер туындыларындағы психологиялық талдаудың негізі мен мәніне тұжырым жасап, ой қорытуға тырыстық. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.    Пірәлиева Г. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері. 
Автореферат.-Алматы, 2004,13-6 
2.    Литературная энциклопедия терминов и понятий. Главный редактор 
и состовитель А.Н.Николюкин. Москва, 2003, с.834 
3.    Майтанов Б. Қаьарманның рухани әлемі. Зерттеулер.-Алматы; 
Жазушы, 1987, 86-6 
4.    Достоевский Ф.М. 0 Русской литературе. Москва, 1987,-с.88 
5.    Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы, 2002, 36-6 
6.    Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. 
Алматы:Санат, 1996.,3-6 
7.    Әбдікова Қ. Ж.Аймауытов романдарындағы тұлға концепциясы. 
Алматы.1997 
8.    Иезуитов А. Проблемы психологии в эстетике и литературе// 
Проблема психологии в советской литературе Л.: Наука, 1970,с.52 
9.    Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. Алматы, 
Ғылым.1991, 155-6 
 
10.    Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы: «Ана тілі», 1998-2786 
11.    Чернышевский Н. Полные собрания ОГИЗ. 1939, Москва З 
12.    Исмакова А. Казахстанская художественная проза. Поэтика.жанр, 
стиль.Алматы, 1998.2806 
13.    Пірәлиева Г. Ізденіс өрнектері:Әдеби сын. Зерттеу.Сұхбаттар.- 
Алматы:Б.Ж. 2001-776 
14.    Қоңыратбаев Ә.Шеберлік сырлары /әдебисын-Алматы:Жазушы. 
1979-316 
15.    Аймауытұлы Ж. Шығармалары.Алматы: Жазушы, 1989.-1646 
16.    Піралиева Г. Ішкі монолог  Алматы, 1994,16-176 
17.Елеукенов Ш. Мағжан Алматы: Санат, 1995-2826 
 
18.Әуезов М. Анкетаға жауап//Жұлдыз/1991/№10-129б ІӘ.М.Жұмабаев Шығармалары . Үш томдық 2-Зт. Алматы: БілімД996-2956 
 
20.    Мотылева Т. Внутрекий монолог и «поток сознаний»//Вопросы 
литературы, 1986,№1 с.179 
21.    Әуезов М. «Өскен өркен» Алматы: Жалын 1977,4126 
22.    Әуезов М. Жиырма тсмдық шығармалар жинағы-АлматыіЖазушы 
1979,1т 
23.    Кекілбаев Ә. Ек томдық шығармалар жинағы.АлматыД989,576 
24.    Выготский Л.С. Психология искусства.Москва,1987,-с.318 
25.    Веселовскмй А.Н. Психологический параллелизм и его формы в 
отражениях поэтического стиля. В кн.: Историческая поэтика. Москва: 
Высшая школа     1989, с90 
26.    Бес ғасыр жырлайды: Екі томдық, Алматы: Жазушы, 1989, 1926 
27.    Бөкеев О. «Мұзтау» Повесть, эссе, новеллалар, Алматы: Жазушы, 1976 
28.    Ыбырайымов Б. Көркемдік көкжиегі – Алматы: Жазушы, 1981-356 
29.    Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Повестер, Алматы: Жазушы 1994-186 
30.    Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы,  Алматы: Жазушы, 1992. 2т Сын мақалалар мен зерттеулер. 544б   
 
 
18.Әуезов М. Анкетаға жауап//Жұлдыз/1991/№10-129б ІӘ.М.Жұмабаев Шығармалары . Үш томдық 2-Зт. Алматы: БілімД996-2956 
 
31.    Мотылева Т. Внутрекий монолог и «поток сознаний»//Вопросы 
литературы, 1986,№1 с.179 
32.    Әуезов М. «Өскен өркен» Алматы: Жалын 1977,4126 
33.    Әуезов М. Жиырма тсмдық шығармалар жинағы-АлматыіЖазушы 
1979,1т 
34.    Кекілбаев Ә. Ек томдық шығармалар жинағы.АлматыД989,576 
35.    Выготский Л.С. Психология искусства.Москва,1987,-с.318 
36.    Веселовскмй А.Н. Психологический параллелизм и его формы в 
отражениях поэтического стиля. В кн.: Историческая поэтика. Москва: 
Высшая школа     1989, с90 
37.    Бес ғасыр жырлайды: Екі томдық, Алматы: Жазушы, 1989, 1926 
38.    Бөкеев О. «Мұзтау» Повесть, эссе, новеллалар, Алматы: Жазушы, 1976 
39.    Ыбырайымов Б. Көркемдік көкжиегі – Алматы: Жазушы, 1981-356 
40.    Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Повестер, Алматы: Жазушы 1994-186 
41.    Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы,  Алматы: Жазушы, 1992. 2т Сын мақалалар мен зерттеулер. 544б  


Информация о работе Көркем прозадағы психологиялық талдау