Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:57, реферат
Бүгінгі таңда әлемдік лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Бұның себептері көп: ең алдымен, атап айтар болсақ, көптеген ғалымдар түр-түс атауларын бірыңғай психологиямен байланыстырады. Өйткені психологтар табиғатта түр-түс толқындары болады, түр-түс дегеніміздің өзі адамның миы мен көзінің жемісі.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
А) Қазақ халқының түстерді жіктеуі
Ә) Қоңыр түсінің символикасы
Б) Көк түсінің символикасы
В) Қызыл түсінің символикасы
Г) «Түр-түс ұғымымен жасалған күрделі жер-су аталымдарының мазмұндық ерекшеліктері».
Түстердің психологиялық ерекшеліктері.
А) Қызыл түсі
Ә) Көк түсі
Б) Қоңыр түсі
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
А) Қазақ халқының түстерді жіктеуі
Ә) Қоңыр түсінің символикасы
Б) Көк түсінің символикасы
В) Қызыл түсінің символикасы
Г) «Түр-түс ұғымымен жасалған күрделі жер-су аталымдарының мазмұндық ерекшеліктері».
А) Қызыл түсі
Ә) Көк түсі
Б) Қоңыр түсі
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Бүгінгі таңда әлемдік
лингвистикада түр-түс
Физика саласындағы ғалымдарды түр-түстің энергетикалық табиғаты қызықтырады, физиологтар болса, адам көзінің түр-түсті қабылдау үдерісін зерттейді, психологтар түр-түс адамның психологиясына қалай әсер етеді, қандай эмоция туғызады деген мәселелерді қарастырады, гуманитарлық салаларда (көркем әдебиет пен көркем өнерде) түр-түстің эстетикалық қызметіне көңіл бөлінеді.
Ал лингвистикада, оның ішінде,
әсіресе, когнитивтік лингвистика
саласында түр-түс атауларын
Түр-түс атаулары, түр-түс
символикасы – әрбір халықтың
өзіндік феноменін танытатын
күрделі құбылыс. Осыған байланысты
қазіргі кезде жедел даму үстіндегі
тілдердің қолданылуының
Сондықтан тілші-ғалымдар түр-түс
атауларының барлық аспектілеріне
назар аударып келеді. Ғалымдарды
төмендегі мәселелер
– әрбір ұлтқа тән маңызды (когнитивті және прагматикалық тұрғыдан) түр-түс атауларын ажырату;
– түр-түс атауларына лингвистикалық парадигма ретінде қарап, зерттеу;
– түр-түсті қабылдау мен оны атаудың универсалиялары;
– лексикалық-семантикалық ақпарат беретін компоненттерді зерделеу;
– түр-түс атауларының семантикалық өрісінің корреляциясын анықтау;
– түр-түс атауларын метатіл ретінде зерттеу;
– әрбір халықтың түр-түс атауларының лингвомәдени ерекшеліктерін салыстырып, кешенді түрде сипаттау және т.б.
Осы аталғандардың ішінде бірнеше аспект айрықша маңызды болып, қазірге дейін, зерттеулердің көп болғандығына қарамастан, қызу пікірталас тудырып отыр. Атап айтқанда, мұндай мәселелердің бірі – әрбір ұлтқа тән маңызды, ұлттық этносимволиканы білдіретін түр-түс атауларын ажырату. Көптеген ғалымдар И. Гётенің жүйесін атап өтеді; ол барлық түр-түс спектрін үш топқа бөлген:
Ал америкалық лингвистер Б. Берлин мен П. Кей пікірі бұл мәселенің анық-қанығын ашып берді деп есептеуге болады. Олар 98 тілдегі түр-түс атауларын зерттеп, жинақтаған материалдың негізінде 11 негізгі түсті көрсетеді: basic colour terms – black (қара), white (ақ), red (қызыл), yellow (сары), green (жасыл), blue (көк), brown (қоңыр), purple (алқызыл), pink (қызғылт сары), orange (қызылсары), gray (сұр).
Яғни, қайсыбір тілде бар болғаны үш қана түс атауы болатын болса, онда олар – ақ, қара, қызыл. Орыс тілші ғалымдарының көпшілігі осы жіктемені мойындайды және орыс тілінде 11 негізгі түс бар деп санайды, олар – ағылшын тіліндегі blue дегеннің орыс тілінде екі баламасы бар деп есептейді: blue – көк (синий) және көгілдір (голубой).
Ал қазақ тіліне келер болсақ, «Сырға толы түр мен түс» кітабында қазақ тіліндегі түр-түс атауларының саны көрсетілмейді, авторлар түр-түс атауларын біршама санап шығады, бірақ олар толық емес. Бұдан басқа қазақ тіліндегі құла, шабдар, тарғыл, күрең деген түстер қазақ ұлты үшін маңызды, бұлардың қазақ халқы үшін этнобасымдығы мен этнорелеванттығы бар. Бұған қазақ көркем әдебиетінің фактілері мен паремиология, бастысы, түр-түске қатысты ғылыми зерттеулер айқын дәлел бола алады.
Қазақ тіліндегі этнобасымдық
пен этнорелеванттыққа ие түр-түс
атауларының талдауына
Бұрынғы кезде түр-түсті
тек қана өнер және әдеміліктітануда
қолданған болса, бірақ қазіргі
таңда түр-түс атауы экономика
және өндіріс саласында кең
Соңғы жылдары әлем тілдерінде түр-түс атауларын беретін лексикалық тілдік бірліктер құрамы мен саны жағынан күрт өзгеріске ұшырады. Бұған ағылшын тіліндегі лексикалық модельдердің әсері болып отыр. Ағылшын тілінде, әсіресе, жарнама терминдерін беру кезінде сипаттама түр-түс атаулары жиі қолданылады: олар мәдениетаралық қарым-қатынас бойынша орыс тіліне де өтіп, колоростика терминдерінің қатарын толықтыруда. Орыс тілінде негізгі түр-түс атауларымен қатар объектінің түсін нақтылайтын атаулар (изумрудный, малиновый, сиреневый), түстің реңктерін айқын көрсету үшін приставка қосылып жасалған атаулар (ярко-синий, светло-коричневый, бледно-розовый) қолданылады.
Біздің ойымызша, ассоциациялық тұрғыдан, заттың түсін нақты көрсетіп, түр-түс атауын жасау үшін сол зат ұлттың мәдениетінде бар немесе мәдениеттердің ықпалы арқылы әлеуметтік-экономикалық шындыққа енген болуы қажет. Мысалы, қазақтың ұлттық мәдениетінде бар болғандықтан, қазақ тілінің иеленушісі бидай өңді, селеу түстес, екі беті алмадай қып-қызыл, күл түстес, сүттей жарық, қарақаттай көздері, бота көз деген сипаттамаларды естігенде (оқығанда, қабылдағанда) нақты бір ассоциация тудыра алады.
Қазақ халқының түстерді жіктеуі
Қазақ халқы бүкіл өң-түсті қылаң, баран деп екі текті топқа жіктейді.
ҚЫЛАҢ дегені – ақ, боз, ақ боз, шаңқан, шаңқан боз, тарлан, ақ тарлан, боз тарлан, тағы басқалары.
БАРАН дегені – қара, қоңыр
көк, жасыл, қызыл, күрең, жирен, торы, сұр,
күлгін, құла, шабдар, сары, солай жалғаса
береді. Қазақтың баранға жіктеген
өң-түстері табиғаттағы
Қазіргі түсіндірме сөздігімізде бұл сөз мағынасы — қара қоңыр, қара кер жылқы түсін білдіретіндігі ескертілген. «Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін» (Ақан сері).
Қазақ тілінде «баран» сөзі тек қана малдың, оның ішінде көбіне жылқының түсін білдіру үшін қолданылады. Осыған қарағанда әрі кейбір тілдердің дерегіне сүйенсек, әңгіме болып отырған сөз тілімізге «кірме» сияқты.
Монғол тілінде: бараан хүрэн
— қызыл қоңыр деп
Қоңыр түсінің символикасы
Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі – қоңыр түсі. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қоңыр түсіне байланысты тура және ауыспалы сөздер тізбегі берілген, мысалы: қоңыр, қоңыр ала, қоңыр аю, қоңыр ән, қоңыр бел, қоңыр дауыс, қоңыр жел, қоңыр жүз, қоңыр көлеңке, қоңыр күз, қоңыр қаз, қоңыр леп, қоңыр салқын, қоңыр тарту, қоңыр үн». Қоңыр – жер түсі, тірлік, өмір бейнесі. Қазақ нанымында бұл түс ерекше орын иеленеді. Қоңыр– алдымен қауіпсіздік, тыныштық, мамыражай тірлік белгісі. Қоңыр сөзі түстік мағынадан басқа мынадай: қоңыр күй, қоңыр дауыс, қоңыр күз, қоңыр жел, қоңыр әңгіме, қоңыр қабақ, қоңыр тірлік, қоңыр сөз, қоңыр самал, қоңыр дала, қоңыр салқын, қоңыр кеш, қойдай қоңыр, майда қоңыр сияқты тіркестермен келіп, әртүрлі құбылыстың небір жанға жайлы, құлаққа жағымды, жүрек тебірентетін нәзік те әсем сәттерін, өмір, тіршіліктің жайбарақат, мамыражай, кейде тіпті жұпыны да сыпайы қалпын суреттейтін ерекшеліктері көзге түседі. Мысалы: қоңыр кеш, қоңыр үн, қоңыр үй, қоңыр көлеңке, қоңыр төбе, қоңырқай көз, т.б.
Көк түсінің символикасы
Қазақ халқының менталитетінің ерекшелігіне, яғни тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына, наным сеніміне байланысты түр-түстердің белгілік мәні «көк» сөзінің төңірегіне байланысты да қалыптасқан. Көк сөзі тіркескен сөздерімен сындық мағынада, күрделі аталымдық мағынада, тұрақты тіркестік (фразалық) немесе ауыспалы мағынада байланысады.
«Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде» көк сөзімен
Көк түсіне байланысты ұғымдық белгінің түрлері
Көк
Байлықтың белгісі: көк тонды, көк етікті, т.б.
Құдіреттілік күштілік белгісі: жеті қат көк, көк түркілер, көк бөрі, заңғар көк, көк болат, көк темір, т.б.
Жастық, махаббат белгісі: көгілдір сезім, көк сағым, көк көгершін, көгілдір аспан, т.б.
Ойсыздық, сенімсіздік белгісі: көк долы, көк мылжың, көк жалқау, көк ми, көк бет, көк айыл, т.б.
Түр-түс ұғымдарын саралап, зерделей түскенде, топтастырғанда ұғатынымыз көк түс ұлттық менталитетімізді айқындауға зор септігін тигізері анық. Әсіресе көк түс – тазалық, пәктік белгісі десек, оның өзі құдіретті күш иесі, Тәңірімен, байланыста ұғынылып отыр. Байқасақ, көк сөзіне қатысты тілдік, белгілік мағыналарында жағымсыз ұғымнан гөрі, ұнамдылық белгісі басым екен.
Қызыл түсінің символикасы
Бастапқыда оттың,
күннің түсіне қатысты
Информация о работе Көк, қызыл, қоңыр түстерінің символикасы