Көк, қызыл, қоңыр түстерінің символикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 18:56, реферат

Краткое описание

Бүгінгі таңда әлемдік лингвистикада түр-түс атауларының зерттелуіне айрықша мән беріліп келеді. Бұның себептері көп: ең алдымен, атап айтар болсақ, көптеген ғалымдар түр-түс атауларын бірыңғай психологиямен байланыстырады. Өйткені психологтар табиғатта түр-түс толқындары болады, түр-түс дегеніміздің өзі адамның миы мен көзінің жемісі.

Содержание

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
А) Қазақ халқының түстерді жіктеуі
Ә) Қоңыр түсінің символикасы
Б) Көк түсінің символикасы
В) Қызыл түсінің символикасы
Г) «Түр-түс ұғымымен жасалған күрделі жер-су аталымдарының мазмұндық ерекшеліктері».
Түстердің психологиялық ерекшеліктері.
А) Қызыл түсі
Ә) Көк түсі
Б) Қоңыр түсі
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тустер реферат.docx

— 43.40 Кб (Скачать документ)

Қызыл түсінің  мағыналық топтары

Қызыл 

Әдемілік, сұлулық белгісі: қызыл толқын, қызыл шырайлы, қызыл жүз, қызыл ажар, т.б.

Қатігездік белгісі: қызыл найза, қызыл қан, қызыл көз, қызылбас,

Өткірлік белгісі: қызыл тіл, қызыл сөз, қызыл ер, т.б.

Жастық белгісі: қызыл шақа, қызыл қарын, қызыл сирақ, т.б.

 

«Түр-түс ұғымымен жасалған күрделі жер-су аталымдарының  мазмұндық ерекшеліктері».

Жер-су аттарында өте жиі  кездесетін түр-түс атаулары барлық жағдайда бірдей қолданылмай, ол ұғымдардың әртүрлі табиғи жағдаймен сәйкестігін,географиялық ерекшелігін, бағыт-бағдарын, орын-жайын  анықтауға қатысты қолданылады. Қазақ тіліндегі жер-су аттарының  құрамында кездесетін түр-түс аттары көптеген жағдайда дүниенің төрт бұрышын, батысы мен шығысын, оңтүстігі мен  солтүстігін, сондай-ақ белгілі бір  географиялық нысанның екінші бір нысанға  қатыстығын, алыс-жақын, жоғары-төмен  болып орналасуын анықтауы тек қазақ  тіліне немесе тек қазақ халқына  ғана тән ерекшелік деп қарауға  болмайды. Бұл бүкіл түркі әлеміне  ортақ көне замандардан келе жатқан космогониялық, геосимволдық дәстүр болып  саналады. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете  жүріп, қоршаған ортаның сан алуан  құпия сырларына көңіл бөлді. Табиғи ортаға бейімделу арқылы жер  бедерін, климат ерекшеліктерін, су көздерін анықтау, өсімдік жамылғысы, жайылымдардың  сипаты, т.б. белгілер жер-су атауларынан  көрініс табады. Бұдан басқа табиғат  жағдайының қолайсыздығынан туындайтын жер бедерлік ерекшеліктер географиялық түске қатысты атауларда да байқалады. Сөйтіп жер-су атауларында кездесетін түстік белгілер, яғни жер сипатын  түстік жағынан бейнелейтін сындық күрделі аталымдар нәтижесінде  қазақ халқының қырағылығын көреміз. Өйткені кез келген аймақтағы  жер-су атаулары халықтың тілдік негізінде  жасалады, ұзақ тарихи-лингвистикалық өзгерістерді басынан кешіреді. Көне түркі тілінің тасқа жазылған ескерткіштерінің табылуы, М.Қашқари  сөздігінің сақталуы елдің қазіргі  дәуірге дейінгі тілдік жүйесінен  мол хабар беріп, жер-суға қатысты  көне күрделі атауларды саралауға, талдауға жөн сілтейді. Қалай болғанда да, түс атауымен қатысты туындаған  күрделі ұғымды жер-су атаулары белгілі  бір себеппен туындайтыны зерттеу  барысында байқалды. Ең алдымен Қазақ халқының көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу барысындағы өз жерінде мекендеп, өмір сүрудегі тәжірибесі топонимдерде кеңінен сақталды. Халық атап кеткен – жер-су атауларынан физикалық, бедерлік, сындық-сипаттық белгілерді байқаймыз. Тіпті атаулардан елдің шаруашылық ерекшелігін, күнделікті тыныс тіршілігін, табиғатты пайдаланудағы қызметін де аңғаруға болады. «Ақ» компонетті жер-су атаулары қазақ топонимикасында өте жиі және топоним түрлерінің (жер, су, тау, қала, мекен, дала т.б.) бәрінде де кездесе береді екен. Мысалы, Ақсу, Ақтоғай, Ақкөл, Ақсай, Ақжар, Ақмола т.б. Мұндағы ақ және қара, қызыл, сары, қоңыр, көк түс атауларына қатысты туындаған күрделі жер-су атауларында түс ұғымдары тура және ауыс мағыналарда қолданылады. Осыларды номинация, уәждеме теориясы негізінде қарастырып, шешімін табуға тырыстық. Б.Тілеубердиевтің пікірінше, Қазақстан жер-су атауларының құрамында белгілі бір түсті білдіретін сөздер саны өте көп кездеседі. Қара, ақ, қызыл, көк, сары, ала, боз, қоңыр, құба т.б. түсті білдіретін сын есімдер әдетте объектілердің түсін немесе түрін білдіреді де, тау, тас, төбе, бұлақ, арық, биік, су, дала, жол, адыр, сор, құм, сеңгір, жон т.б. географиялық объектілерді анықтау үшін қызмет етеді. Сонымен бірге, ғалым түр-түсті білдіретін қазақ топонимдерінің семантикасын талдау кезінде жер-су атауларының құрамындағы «түр-түс» сын есімдері тек түсті ғана білдіріп қоймай, кейбір топонимдерінде түстен бөлек мағынаны білдіретінін байқауға болатындығын айтады. Қазақ топономикасында бұған ең бірінші рет топонимист Е.Қойшыбаев көңіл аударды. Қортындылай келе, осы саладағы зерттеулерді негізге ала отырып, құрамында ақ, қара, қызыл, көк, сары, боз,ала т.б. түр-түс атаулары кездесетін күрделі топонимдердің түстік мағынадан алшақтап бағыт-бағдарды, басқа заттық түсініктердің белгісі болатынын аңғаруға болады.

Түстердің психологиялық  ерекшеліктері

Қызыл түс

Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі ретінде ассоциацияланады. Бұдан бөлек қызыл түс азия елдерінде қызбен байланыстырылады. Бұған дәлел, қазақы танымда: «қыздың көзі – қызылда» десе, қытайда: hong yan bo ming, hong yan (сөзбе-сөз: қызыл реңк, 'әйелдің нұрлы жүзі' bo ming: соры ашылмаған) «арудың маңдайы тайқы» т.б. Күн шығыс елінің дәстүрлі үйлену салтында жас келін қызылдан желек жамылып, қызыл көйлек киіп, қызыл күймеге отырған. Олар тіпті той-думандарында да қызыл шырақ жағып, қызыл түсті қима қағаз суреттер ілуді қуаныштың символына балағандықтан, таным-түсініктеріне сәйкес қызыл түсін «бақыт пен жеңіске», «адалдық пен мейірімділік» секілді ұғымдармен ассоциациялайды.  Дүние жүзінде қызыл раушан гүлі махаббаттың белгісі ретінде саналғандықтан, қызыл түс көбінесе раушан гүлімен немесе махаббат, ғашықтық сезімімен де ассоциацияланады. Ал қызыл планета Марс – соғыс құдайы ретінде танымал екендігі белгілі, сондықтан болар қанды қырғын соғыстар, қан майдандар қызыл түсімен байланыстырылып, санада ұрыс, төгілген қанмен елестетіледі. Ассоциациялық өрісте берілуі – қызыл әскер, қызыл қан, қызыл от, қызыл жалын, қызу қанды, қызыл гүл т.б. Психологтардың кеңесі бойынша, қызыл түсті мына кезде таңдаңыз: қызығушылық тудырғыңыз келсе арманыңызды іске асырғыңыз келсе,қорқыныш пен үрейден қорғанғыңыз келсе, бойыңыздағы қуатты арттырғыңыз келсеқызыл түсті таңдаңыз. Сондай-ақ, «Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді», – деген пайымдаулар бар.

Көк түс

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Адам болмысы жаратушы күшімен тығыз байланыста болғандықтан көк түсі алғашқы болмыс ретінде көп тілде көрініс тапқан. Мәселен, латынша: materia – болмыс, алғашқы зат, үнді еуропаша madher – көк (синий), ежелгі үнді тілінде mati – сана, ақыл (разум); славян тілінде мать – ана; неміс тілінде mutter – мать; түрікше mabi – көк. Осыған байланысты көк түсінің ассоциациялануы барлық елде көбіне-көп, аспан, жаратушы (тәңірі), ана бейнесінде болып келеді. Соған сай туған тіркестер де көк аспан, көк заңғар, көк бөрі ежелгі таным бойынша түркілердің анасы. Көк күмбез, көк әлем т.б. Дегенмен, көк түсі кейбір этностар танымында жастық пен албырттықты ассоциациялайды. Мысалы, орыс ұлтының ұғымындағы көк түсі: «синий цвет - духовность, жертвенность» (көк түс – жанға жайлы, қаза болу); «голубой цвет – юношеская привязанность» (көгілдір түс – жастықпен байланысты). Яғни, бірде жанмен (дух, душа) ассоциацияланса, бірде жастықпен (юнность) пайымдалады. Қазақы танымда да көк түсін жастықпен ассоциациялау бар. Мысалы, көктеді (өсіп шықты, жайқалды), көктей солу (жастай қайтыс болды), көсегесі көгеру (балалы-шағалы болу) т.б. Көк түсінің ассоциациялануынан туындаған психологиялық пайымдауларға көз жіберсек, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келетін көрінеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады екен. Көк түсті таңдағандар - тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады. Көк түсі -  арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген адалдығыңның белгісі ретіндегі түс. Көк түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар», – деп ұғынылады.

Қоңыр түс

Қоңыр түс – топырақтың және ағаш тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр, сондай-ақ, жердің түсі. Жер халықтың тіршілік орны. Осымен байланысты қазақ елінің танымында  ерекше жағымды мәнде ассоциацияланады. Жалпылай алғанда қоңыр түсі, ежелден  Азиялық көшпелі халықтардың  болмысына тән түс болғандықтан, бұл түсті тау-тас, құм мен дала, қой төлі мен шопан бала, самал  жел, кеш, үй т.б секілді ұғымдармен ассоциацияланады. Мәселен, араб, иран тілдерінде қоң – қар – қор (қорум, қорымтас), каф, қап (Қап тауы), қая, қия, құз, қыр, қыз (Қазбек), кур –  гора, тау, биік мағыналарын білдірген. Қазіргі тіліміздегі жер, тау, ұғымдары «кур» аталған екен. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны  қамтамасыз етеді. Қоңыр түсінің  ассоциациялануы, тыныштық өмір бейнесімен де астасып жатыр. Соған сай туған  тіркестер қатары: қоңыр  жел, қоңыр  тірлік, қоңыр күз, қоңыр самал, қоңыр  дала, қоңыр кеш, қоңыр жол, қоңыр  ымырт, қоңыр төбе, қоңыр күй, қоңыр  леп т.б Ассоциациялық тіркестер  қатарындағы қоңыр үн, қоңыр дауыс  ер адамға тән, ер баланың белгілі  бір даму кезеңіне сай пайда болатын, ән салғанда кәсіби әншілікті қажет  етпейтін (қоңырлатып ән салды) дауыс, үн. Мысалы, «Оғлан үні қоңрады –  Баланың дауысы қоңырлады» Бала балиғатқа  жеткенде дауысы өзгерді, дауысы қоңырланды. Ендігіде қоңыр түсінің адам санасында  ассоциациялануына байланысты, психолог мамандар мынадай пікірлерді ұсынады: «Қоңыр түсті ұнататындар өмірден  мол тәжірибе алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген  адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді. Қоңыр  түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде  олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес. Көбінде еркектердің  сүйікті реңкі. Кейде кейбір тондардың  ескірген, оңған түрі секілді де әсер береді».

Қорытынды

Қай халықтың болмасын, тұрмысы  мен танымындағы бар дүние  сол халықтың жадында сақталып, тек  тілінде ғана көрініс табады. Тіл арқылы мәдениетті: халықтың тарихын, салт-дәстүрін, мінезін, менталитетін танимыз. Халықтың дүниетанымы негізінде қалыптасқан мәдениеттің кейбір құпия сырлары тілдегі символ сөздерде жасырынған. Қазақ халқының ұлттық танымында қалыптасқан әрбір түр-түстік символдар халықтың рухани-материалдық мәдениетінен де, салтынын да орын алады. Бұл әр халықтың түр-түс табиғатын өзінше танып, өзінше анықтап, өз тілінде ат қойып, күнделікті қолданысына енгізуіне байланысты болса керек. Мәселен, ақ сөзімен келген тіркестердің мазмұны қазақ халқының ұлттық дүниетанымында қасиеттіліктің символдық галереясын сомдайды. Қара сөзі тіркескен сөзіне орай бірде қайғы, қаза, өлімнің, жамандықтың, арамдықтың белгісі, бірде (қара шаңырақ, қара қазан) қара сөзі қасиеттілікті, киелілікті, қарапайымдылықты аңғартады Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі – қоңыр түсі мінезге тән қарапайымдылық пен момындықты белгілейді. Ал көк түс қашан да қазақ халқы үшін биіктікті, адалдықты, тұрақтылықты, мәңгілікті сипаттайды. Түр-түс компонентті қазақ топонимиясы – географиялық жалқы атаулардың жай ғана жиынтығы емес, ол ментальдік факторларды көрсететін лексикалық бірліктер жүйесі. Көшпелі қазақ , малшы адам табиғатқа және географиялық ортаға өзінің шаруашылық қажеттілігіне қарай орнығады. Сондықтан жер-су атауларында тек табиғат пен географиялық нысандар ғана емес, табиғат ерекшелігі, құбылыс түрлері, түсі де қабылданып, бейнеленеді. Міне, осындай ерекшелік, танымдар жер-су атауларына лексикалық негіз болды.

Қорытындылай келгенде, тіліміздегі  түр-түстер өздерінің символикалық қасиеттері арқылы түр-түске мүлдем қатысы жоқ не одан бүгінде тым  алыстап кеткен ұғым-түсініктерді, мән-мағыналарды білдіреді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі  Т. Жанұзақов, Алматы 2008 ж.
  2. Қайдаров Ә, Ахтамбердиева З. Өмірбеков Б. Түр-түстердің тілдегі көрінісі. –Алматы: Ана тілі, 1992.– 160 б.
  3. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері (Монография). – Алматы: Санат, 1994. – 168 б.
  4. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Мектеп, 1980. – 125 б.
  5. Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мәдени лексикасы: Фил.ғыл.докт.. дисс. автореф. –Алматы, 1997. – 53 б.
  6. Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994.
  7. Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы: Оқу құралы. – Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы АқМУ, 2006. – 161 бет.
  8. Жарқынбекова Ш. Концепты цвета в казахской и русской культурах. –Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 226 с.
  9. . Қайдаров Ә., Өмірбеков Б., Ахтамбердиева З. Сырға толы түр мен түс. – Алматы: Қазақстан, 1986. – 95 б.
  10. Мүсірепов Ғ. Түстердің аясы //Қазақ әдебиеті газеті, 1966. - сәуір.

Информация о работе Көк, қызыл, қоңыр түстерінің символикасы