Кейкі (Нұрмағамбет) Батыр Көкембайұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 22:16, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты
Қазақтың ұлы тұлғаларының бірі-Кейкі батырдың Патшалық Ресейге,большевиктерге қарсы күресімен ғана шектелмей,оның отансүйгіштігін,өз елі үшін жан пида қылдыратын ержүректігін таңсана оқып,мәңгілік есте сақтау

Содержание

*Жұмыстың міндеті
*Жұмыстың мақсаты
*Жұмыстың мазмұны
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қорытынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы0.0..docx

— 481.10 Кб (Скачать документ)

    Қазылық-би жұмысы–Досан Қарабайұлына, Қосжан Манабайұлына, сот Дәуіт Ержанұлына тапсырылды. Бұл аты аталған азаматтар түгелдей кеңестің құрамына енді. Хан жарлығын іске асыру үшін болыстарда елбегілер сайланды. Елбегілер тікелей Дәуітке бағынатын. Олар мал-жанның есебін алды, елден сарбаздардың мұқтаждығына ақша, мал жинады. Хан жарлығы бойынша байлар 40 қойдан 1 қой, 5 қарадан 1 қара мал зекет берді, қару-жарақ алу үшін, елшілердің жол қаражаты үшін ақша қоры қазынашылар қолында жиналды. Елде тәртіп болу үшін ұрлық-қарлыққа қарсы қатал жарлық шықты. Бұйрық қағаздарын, жалпы хабарларды тарату үшін әpбіp 15-20 шақырым жерде байланыс бекеттер орнатылды, халық оларды “қызыл бекеттер” деп атады. Себебі, орналасқан үйлердің көбі қызыл кірпіштен еді.Әбдіғапардың қарамағындағы сарбаздардың саны күннен-күнге өсті.

    Сарбаздарды топтастыруда, мылтықтары бар 200 сарбаздан 5 ерекше мергендер тобы құрылды (әрқайсысында 40 мергеннен болды), соның екі тобы винтовкамен қаруланған еді. Мыңбасылары жорыққа шыққанда жанында 40 мерген ертіп жүретін. Мергендерді жаттықтыруға Кейкі, Жағыпар тағайындалды. Кейкі бүкіл Торғай еліне аты шыққан мерген, халық оны “қол мерген” деп атайтын, себебі, мылтығын бір қолымен ұстап сермеп қалып, атып дәл тигізетін. Өзі де қарулы болған, мінезі шатақтау, аяушылықты білмеген.

1917 жыл. Қаңтардың 5-і. (А.Г.Сандецкийдің  бас штабқа берген хабарынан):

    ...Торғай маңында үлкен екі қарақшылар тобы бар: біріншісі… (бұл кезде тарап кеткен), екіншісі қаланың солтүстігінен 150 шақырымда Қараторғай болысында, Әбдіғапар Жанбосынов хандікі... Жанбосын ханның көтерілісшілерінің бір тобы Шолақсай керуен жолын торуда, мақсаттары керуендерді басып алу.

    Күздегі келісім бойынша, Қостанай жағынан келетін әскер жолы торуылданды. 16-ның соңы мен 17-нің басы өте суық болды. Қақаған аязда ауылдан 150 шақырым жортуылдап, боранды далаға патша әскерлерімен шайқасу жолын бөгеу ерлік емес пе!. …

Файзолла ақын “Әбдіғапар хан” атты поэмасында былай дейді:

Қыстың суық күні еді тұрған қақап,

Үскірік қызыл аяз қарып тұтап.

Хан мен сардар шақырды жүз мергенді,

Бөлектеп көп ішінен атын атап.

Жүз жігіт жетіп келді Қапар ханға,

Мен мұндалап аттары аталғанға.

Кейкі менен Өменді басшы қылып

50-ден аттандырды “Тышқан тамға

    Шыны солай болған, Амангелді мен Кейкі аз ғана (100-ге жуық) мергенімен қантардың 13-і күні Шолақсайға жетіп, онда Садуақас пен Досан жинаған Науырзымның 1500 жігіттерін қосып алып, Қостанай әскеріне қарсы шыққан.

    Әбдіғапар мен Амангелді сарбаздарын соғыс тәсілдеріне үйрете отырып, дүркін-дүркін мыңбасыларын жорықтарға шығарып отырды. Ақпанның ортасында Уәлі сарбаздары Қарақоғада күшті әскер тобын қарсы алып, күні бойы соғысты, бір-екі күннен кейін осы әскермен Қосжан, Карбоз сарбаздары Құмкешуде шайқасқа түскен. Сарбаздардың батыл қимылдарын проф.К.Харлампович (1926 жылы жазған кітабында) былай түсіндіреді:

    …Сарбаздар кешегі ауылдың балалары, соғыспақ түгіл мылтықтың не екенін білмейтін жастар… Кенесары сарбаздарына ылғи кедейлерге: “сендерді байытамын” деп армиясын құрды. Ал бүгінгі сарбаздар саналы түрде елін-жерін, қазағын қорғаймын деп келді. Сондықтан да олар қолында тек шоқпары болса да, жан-тәнін аямай, азулы жауға қарсы тайсалмай тиісетін.

    Амангелді мен Өмен мергендер тобын үшке бөліп, осы тұстан өтеді-ау деген болжаммен, қалың тоғайдың шетінде орналастырды: бір тобын Кейкі, екіншісін Өменнің өзі, үшіншісін Жағыпар басқаратын болды. Бәрі Кейкінің бастауын күтеді. Мылтықтың тең жартысы ғана винтовка. Орыс әскерлеріне күш көрсететін осылар.

    Мергендерге жәрдемге келетін атты сарбаздар сай ішінде, басшылары Қарабайдың Әлжаны, Оған жақын Қосжанның сарбаздары. Әріде Дәуіт пен Уәлінің сарбаздары. Бұлар қылыш-найзамен қаруланған, олар өзен бойында қалың қамыс пен тоғай тасасына орналасқан.

    Ақпанның 23-і күні. Таң атты, күн шығып көтеріле бастады, күшті аяз.

    Ертемен сырнайлатып, барабандарын соғып патша солдаттары тегіс соғысқа шықты. Әскер Қарасудан өтіп Доғалға келіп тоқтады. Полк бастығы Тургенев пен офицерлер қаз-қатар тұрып дүрбілерімен Доғал Ypпeк арасындағы тоғайлар мен қамыстар жағын сүзгілеп қарап жатыр. Кешеден бері жүргізген барлау жұмысынан бұл маңайда сарбаздардың қалай орналасқанын біле алмаған, барлаушылардың бірінші тобы Үрпекке жетпей-ақ, Кейкінің жігіттеріне кез болып, оққа ұшқан еді.

    Казактар өліктің аузындағы “тығынды” көріп, әбден ашуланып: “қырғыздардан өш аламыз” деп кіжініп, “шанышқыларын” қадап алып жаяу шайқасқа ұмтылған. Бұларға әскербасы тоғайға қарай жүруге рұқсат берді, өздері қыр басына зеңбіректерін орната бастады. 50-ге жуық жаяу әскер тобы мергендерге тұспа-тұс келе жатты. Жау жақындап қалды, бір кезде Кейкінің “ат” деген дауысы гүр ете түсті, мылтықтарын кезеп отырған мергендер екі дүркін оқ жіберді, осы біp атыстан казактардың жартысы құлап түсті, қалғандары есін жинап, атысып еді, мергендердің атыстары күшті болды. Казактар шегініп барып жата қалды, қашқандары да оққа ұшты. Бұрын-соңды сарбаздардың мұндай қимылын көрмеген әскербасы, офицерлеріне жаңа бұйрық беріп жатты.

    Тургенев жаяу әскермен қатар, Доғалдың оң жағымен кеткен эскадронның найзашылардың қоршауына түсіп, кескілесіп жатқанын көрді. Оларды құтқару үшін көмекке тағы жүздіктің қалған бөлігін жұмсады. Тек солардың көмегі арқасында біразы кері оралды. Артынан қуып келген сарбаздардың қалың “қолын” оқшашарлар қарсы алды. Сарбаздардың алдыңғы қатары жапырылып оққа ұшты, қалғандары тез бұрылып кері шапты.

    Осыдан кейін екі жақ та тым-тырыс бола қалды. Тургенев сарбаздардың қалай орналасқанын көзіне елестеткен болу керек, шабуылдың түрін өзгертті. Біраздан кейін зеңбіректері гүрс етті, алғашқы оқтары өзеннің бергі беттегі Доғал бойына, әр жерге түсіп жарылды. Ол аздай, бірнеше оқшашарлары жақын келіп, өзенге қарай сатырлатып ата бастады. Бір мезетте зеңбіректің атыстары да тоқтады, іле-шала “солдаттар ұшып тұрып уралап алға ұмтылды, біраз жүгіріп тоғайға да еніп, мергендерді таба алмай, тағы да алға жүгірді, тоғайдан өтіп алаңға шыға бергенде, мергендер “сатырлатып” атты. Алды-артынан біразы құлады. Ызалы әскер өлген-тірілгеніне қарамай алға ұмтылды, мергендерге жақындап қалған еді, аңдып тұрған Дәуіт жүздігімен қиқулатып шыға келіп, солдаттарды қым-қиғаш шауып, таптап өте шықты. Тургенев те сол қанаттағы эскадронның бөлігін осы топқа жұмсады, сол сәтте Уәлі басқарған 100 шақты атты сарбаздар оған қарсы шықты да, жетпей орағытып кері қашты. Атты казактар далақтап қуа жөнелді, соғыс шебіне жақындай бергенде, тасада күтіп тұрған Амангелді, Әлжан найзалы қазақтарымен, эскадронға бүйірден келіп тиісті. Ә, дегенше казактарды быт-шыт қылды. Бұл Әбдіғапар ұсынған соғысу тәсілі еді, Амангелді оны шебер қолданды.

    Түс ауып, күн еңкейе бастаған кез. Оқшашардың жақын келіп атқылауына шыдамаған мергендер шегіне бастады. Тургенев әскері сарбаздарды жан-жақтан қоршауға айналды. Амангелді “шегініңдер” деген бұйрық берді. Доғалдың оң жағынан айналып өткен атты казактар тобы, өзен бойындағы сарбаздарды қоршауға алып, қырмақшы. Бірақ мұнда да сарбаздар бұрынырақ шығып, басы Әбдіғапар болып, Ағаштыкөлге бет алған. Казактар далаға шыққан сарбаздарды шабуылдамады, қорықты.

    Торғай қазақтарының 1916-1917 жылдардағы патшаға қарсы жүргізген соғыс әрекеттері ерліктің ұлы өнегесі еді. Ресейде 1917 жылғы ақпанда буржуазиялық-демократиялық көтеріліс жеңіске жетті, патша тағынан түсті. Уақытша үкімет жазалаушы іскерлер тобын кері қайтарды.

    1936 жылдан бастап Кеңес Одағында, әсіресе, Қазақстанда, қандай да болмасын оқиға, коммунистік идеологияға бағындырылды, соның ішінде, 1916-1917 жылдың тарих мәселелеріне көзқарас күрт өзгерді: жеке адамға табынушылық саясаты жүргізілді. Батыр аталарымыздың аттары құрдымға жіберілді. Доғал соғысында, жанын-тәнін аямай ерлік көрсеткен азаматтар әдейі ұмыт болды, аруақтарын аяқ асты етті.

    Шын мағынасында, мақтау бәріне де жететін еді. Сол бір батыр аталарымыздың аруақтары риза болсын деп, осы бір әңгімені халыққа ұсынып отырмыз.

Аманкелді Үдербайұлы Иманов (03.04.1873 -18.5.1919) — қазақ халқының батыры.Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.

7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып,  жастайынан жетім қалады. Ауқатты  адамдарға жалға тұрып жүріп,  еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін,  ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында  самодержавиеге, қоғамда тереңдеп  кеткен әлеуметтік теңсіздік  пен езгіге деген өшпенділік  осы кезден-ақ қалыптаса бастады.  Байқоңыр көмір кенінде темір  ұстасы болған жылдары орыс  жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады. 1905-1907 жылдары орыстың 1-революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегібольшевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды.

 

                                                  III.Қорытынды бөлім

   

    Кеңес өкіметі Кейкіні түртпектеп, оған күн көрсетпеді, астындағы атын тартып алмақ болып, ауылында өзіне де, туған-туыстарына да қоқан-лоқы жасағысы келді. Оған бірнеше рет қарсылық танытып, тойтарыс берген Кейкі елден безіп, Ұлытау тастары мен Қарақұм қойнауын паналады. Халықты Кеңеске қарсы көтеріліске бастайды деп қауіптенген қызылдар соңына тыңшы салып, қарулы отрядтармен қудалады, сыртынан неше түрлі айып тақты. Қоршауда қалған талай қақтығыстарда оны қасқая жарып шығып, сұсыменен-ақ өзіне қарсы оқ аттыртпады.   

    1921 жылы Торғай қаласынан шыққан Александр Токаревтің отряды «Әліби шақырып жатыр» деп алдап қолға түсіріп, жанындағы серіктерін атып тастағандықтан амалын тауып, отряд бастығын өз қаруымен атып өлтірген Кейкі батыр екіқабат әйелі Ақжан мен інісі Түскенмен Амангелді ауданындағы «Жалаулы» деген жерге келіп паналағанында қоршауда қалып, атыста қаза тапты. Қызылдар Кейкінің басын кетпенмен, қолын қылышпен шауып алып, екіқабат әйелін ішіндегі баласымен бірге жарып өлтірді.Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып,басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды.Кейкімен қоса жеті адам жер жастанды. Кейкі Көкембайұлын өлтірген Торғай уезінің әскери комиссары М.Дудиннің отряды. Ол 1922 жылғы 10 сәуірде шәйіт болды. Мұны Қазақ КСР Төтенше тапсырманы орындайтын отрядының орталық штабқа жөнелткен жеделхаты растайды. Кейкі батырдың бас сүйегін 1926 жылы Санкт-Петербургтегі Антропология және этнография мұражайына тапсырған адам – Д.Букинич. Ол елуден аса бергенінде кенеттен қайтыс болған. «Аруақ атты», - деген сірә осы шығар.  
    Туған-тустары Кейкі батырдың бас сүйегін елге әкеліп жерлеу үшін сан мәрте Ресейге ресми қарым-қатынас жасап сұратқандарымен «Мұражай жәдігерлері - мемлекет құндылықтары» деп, Ресей бермей отыр. Кейкіні өлтіргенде тәркіленген туының да қайда екені белгісіз...

    Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 ж. республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен. Ол қазір Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы.

    Кейкі мергеннің ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді аудандағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 ж. батырдың 125 жасқа толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды.

    Жазушы А. Нұрмановтың «Құланның ажалы» романындағы Құлан, Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді» пьесасындағы Кете батырлардың көркем тұлғалары осы Кейкі мерген өмірінен сомдалған. Мақан Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» кітабында жұмбақталып айтылады. Кейкінің қарасөзде жасалған көркем бейнесі Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты романы еді. Алайда кеңес заманында шыққан онда да аты анық айтылмаған. Кейкі бейнесі өз атымен анық айтылып, қанық бояу дерегімен түгелденіп шыққан шығарма Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» тарихи дастаны.

 

                                                           Кейкі Кесенесі


Информация о работе Кейкі (Нұрмағамбет) Батыр Көкембайұлы