Хамаза Есенжановтың “Ақ Жайық” трилогиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2013 в 07:22, реферат

Краткое описание

Хамза Есенжановтың “Ақ Жайық” роман трилогиясы шығармашылығының ішіндегі ең шоқтығы биік туындысы. Жалпы роман үш кітаптан құралған. Олар: Төңкеріс үстінде, Шыңдалу, Тар кезең. Шығарманың композициялық құрылымы мен сюжеттік желісі күрделі болғанмен, бір-біріне байланысып, бір жүйемен өрілген. Бас кейіпкер Хакімнің жандүниесіндегі күйзелісті тамыршыдай тап басып, тамаша бейнелеген. “… Сүйген жардан, тел өскен бауырдан. Бірге оқыған жолдастан айырылып, аз күнде өлік жандай қуқыл тартып кеткен Хакімнің тек өңі емес, іші де қуқыл, дене жансыз, кеуде бос қуыс, ой мұздай, көңілі суып қалған”.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақ Жайық.docx

— 24.30 Кб (Скачать документ)

Л.Н: Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

   Хамаза Есенжановтың

“Ақ Жайық” трилогиясы

              (Реферат)

 

                      Орындаған: Капашева Балжан ФҚТ-41

Тексерген: ф.ғ.к., доцент Ержанова Г. 

   Хамза Есенжановтың “Ақ Жайық” роман трилогиясы шығармашылығының ішіндегі ең шоқтығы биік туындысы. Жалпы роман үш кітаптан құралған. Олар: Төңкеріс үстінде, Шыңдалу, Тар кезең. Шығарманың композициялық құрылымы мен сюжеттік желісі күрделі болғанмен, бір-біріне байланысып, бір жүйемен өрілген. Бас кейіпкер Хакімнің жандүниесіндегі күйзелісті тамыршыдай тап басып, тамаша бейнелеген. “… Сүйген жардан, тел өскен бауырдан. Бірге оқыған жолдастан айырылып, аз күнде өлік жандай қуқыл тартып кеткен Хакімнің тек өңі емес, іші де қуқыл, дене жансыз, кеуде бос қуыс, ой мұздай, көңілі суып қалған”.

Кітаптың бірінші тарауы “ Реальное училищені бітіретін  Хакімнің қыс бойы араға күн салмай барып тұрған жері медициналық курстың  клубы мен Губернатор көшесінің  бойындағы биік басқышы бар жасыл  қиықты әдемі үй. Кеш болса да ол клубқа Мүкарамамен билеу үшін барады да, жасыл қиықты үйге қызды шығарып салады...” [6-7бет] деп басталады. Яғни шығарманың бастауы сол жігіт пен қыздың бір-біріне деген сүйіспеншілігімен басталады. Жазушының басты шығармасы — “Ақ Жайық” трилогиясы Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған. Автор отарлық езгіден қиналған халық бостандығы мен бақыты үшін күрескен ерлердің жиынтық бейнелерін (Хакім, Әлібек, Әділбек, Мүнариа, Шолпан, Нұрым) жасаумен қатар, нақты тарихта болған адамдардың (Дмитриев, Әйтиев, Қаратаев, Белан, т.б.) өмір жолын шебер суреттеді. Бұл үлкен еңбекте жазушы Батыс Қазақстан өңіріндегі революциялық қозғалысты, Кеңес өкіметінің қалай орнағанын суреттейді. Жазушының ұзақ жылдар бойғы еңбегі кезінде әдеби ортада лайықты бағасын алды. М.Әуезов трилогияға мынандай баға беріпті: «Еуропа үлгісінде жазылған тұңғыш шығарма”. Олай дейтіні алғаш осындай жаңа сюжеттік желіде, Еуропа үлгісінде қалам тербеген жазушы.

“Ақ Жайықтың” бас кейіпкері  – үш кітапта бірдей көрінетін, жай  ғана бой көрсетіп қоймай бедерлі  бейнеленіп, мінсіз мүсінделген Хакім. Трилогия оқиғасы реальное училищеде  оқитын Хакімнің сүйген қызы Мүкараманы ойлап, онымен сүйіскен тәтті шақтарын еске алумен басталып, балаң бозбаладан күрестің от-жалынында шыңдалып, революционер дәрежесіне жеткен жігіттің сүйіктісі  Мүкараманың қан жұтқызған қазасына тап болған қайғылы оқиғамен, сонан  соң Бақытжан Қаратаевтың халық  алдында жалынды сөз сөйлеуімен аяқталады.

 

 Шығармада Хакімнің  Мүкарамаға деген сезімін тағы  мына детальдан аңғаруға болады: “ Мойның соза забельдің үстіне  шығып, терезеге үңілгенде Хакімнің  көзіне бұрыштағы үлкен айнаның  ішіндегі Мүкарама түсті. Қыз  білегіне маңдайын сүйеп еңкейіп  қалған, басы жарға тіреліп, жүзі  көрінбейді. Бұл қалай? Хакім терезеге  жүзін тақай түсті. Жылар отырған  болуы керек, екі иіні жоғары  көтеріліп селк-селк етеді, айнадан  ап-анық көрініп тұр... Тағы бір  рет баппен қағып тыңдай қалып  еді, ішкі есіктің ақырын ғана  сықырлағаның есітті. Қызыдың жүрісі... Жүрегі лып-лып ете қалды. “Құшақтар сүйіп алсам” деп ойлады ол сабырсыздана түсіп. Бірақ есік те ашылып кетті де: - Сізге кім керек еді?- деді кемпір мүлде бейтаныс, бірінші рет көріп тұрғандай. – Әби, мен... Мүкарамаға жолығатын шаруам бар еді,-деп Хакім кіруге ыңғайланды. – Мүкарама үйде жоқ, - деді де кемпір қатал пішінмен жалма-жан есікті жаба бастады...”[16-17 бет] осы шағын үзіндіден кемпір қанша Хакімді қуса да Мүкраманың жылап отырған халін көріп кете алмады. Ең болмаса оны жұбатқысы келді. Кемпірден қанша сұранса да оған рұқсат берілмеді.

“ Қала ауру жандай сұлқ жатыр. Көшелерде жан жоқ, жұрт тегіс үйде. Мекемелер, сауда-саттық орындары түгел жабық; қос-қостан салынған құлыптар мен белдеу темірлер есік терезелерді айқара құшақтап алыпты. Қыбырланған жан иесі тұрмақ өлі мүліктер де суық қолдан бой тасалағандай. Жайбарақат кезде қақпа астынан жүгіре шығып жүргіншіге безеңдеп қалатые беймаза иттер де әлде бір жаққа босып кеткен. Кйбіреулері қораның түкпірлерінде , лапас астарында жатып, қақпа жаққа сенімсіз жалтаңдайды, құйрықтарын жымқыра қысып алған.” [111-112бет] Осы көріністен бір қаланың күйзелген жағдайын көреміз. Адам тұрмақ ит, малдың бір қыңсылдаған үні шықпайды.    

Қанішер Абылаев басқарған  елу офицердің “түнде төсекте  бейғам жатқан” екі жүз жасақшыны  қырып салған Ащысайдағы қанды оқиға оқырманның сай сүйегін сырқыратады. Сол қаралы түнгі қанды өртте Хакімнің Мүкараманы жаны ышқынып іздеген, сәлден соң оның өлі денесін көрген сәті трилогияның ең бір көркемдік биікке көтерілген тұсы. Сөзіміз жалаң болмас үшін бір ғана үзінді келтірейік: “Хакімнің тілі байланып қалды. Ол аппақ қудай болып кетті. Көзінен жас, аузынан үн шықпады. Ол тек аулаға шығарып көгендеген қозыдай қатар салған қанды өліктің ішінен адам іздеді… Ол тапты. Шеткі төбесі ортасына түсіп, қопарыла құлап қалған үлкен үйдің жанында Нұрым жатыр еді. Нұрымның қасында Орақов. Екеуінің де басы кесілген, Хакім Нұрымның бассыз кеудесіне төніп, тізелей, мойырыла отыра кетті. Біраз уақыт өтті… Оның ойына бір кез үрейлі нәрсе сап етті. “Мүкарама қайда? Жау қолында!.. – дей берді ол іштей. О, тәңірі! Неге өлмеді жауға олжа болғанша! Неге қанға көміліп жатпады ақ дене! Неге!.. Неге!.. ” – Бұл тілек пе, әлде ашынған ащы қасіреттің елесті үні ме? Оны Хакім білмеді. Тек: “Неге! Неге мына жерде жатпады! Неге жау қолында қор болды! Неге! Неге!” дей берді. Ол бір сәт назарын Нұрымнан басқа жаққа аударғандай болды. Қасында қопарылған үйдің астынан бір топ ауыл адамы өлік шығарып жатыр екен. Хакім мағынасыз көзін сол жердегі үй астынан шыққан өлікке бұрды. Ол бірте-бірте орнынан тұра бастады. Әйел өлік… Жас әйел. Келіншекті екі адам көтеріп шетке шығарып салды. Тағы әйел… Оны да көтеріп келіншектің қасына әкелді. Кәрі әйел. Бір кез… о, тәңірі… бір әйел… бір бала… қыз бала… әйел емес. Шашы төгілген… аппақ… Қағаздай аппақ жүз… Жаңағы қысқа тілек! Жаңағы тар тілек қабыл болғаны ма?.. Хакім ұмтылып келіп өліктің басын құшақтай алды. Өлік Мүкарама еді…”  Бұл үзіндіден Хакімнің Мүкараманы қаншалықты жақсы көретінін байқаймыз. Оның “неге, неге... ” деген сөздері жүрегіннің жарасын жұлып алғандай ауыртады. Сүйгенінің өлімін көріп есінен айырылып, бұл қайғылы оқиғаның жауабын таба алмады.

 

Әртүрлі әлеуметтік топтардың  тартысын шебер суреттеген жазушы әр кейіпкердің жан дүниесін жарқыратып ашумен қатар олардың іс-әрекетіне  оқушыны сендіре біледі. Бір ғана мысал. Етегін жел ғана желпіген, тәні де, жаны да таза ауыл қызы Зағипаның ақтардың әскері зорлап, абыройы ашылғаннан кейін ашынып, у ішіп өлуі де, жаратылысынан қатыгез Абылаевтың жауыздық іс-әрекеттері де олардың бітім-болмысына сай сенімді суреттелген.

“Ақ Жайық” трилогиясындағы  диалогтар серпінді де сенімді әрі  кейіпкер табиғатына сай. Соның мыңнан бір мысалы мынау:

 – Қойшы әрі, –  деді Мәулім жұлып алғандай. –  Сүйіскені несі, сүйісу былай  тұрсын өзіміздікі бетімізден  өбіп көрген жоқ.

 

Осы сөзді бүгінде көшедегі ағылған халықтың көзінше, тапа-талтүсте көзіңді бақырайтып қойып көрінген жерде үлкенді-кішілі еркекпен жаласып  жататын бойында иман, бетінде  ұят жоқ жалаңбұт қыз-қырқын айтса  күлкілі болып шығар еді. Өткен ғасырдың басындағы қаймағы бұзылмаған қазақ ауылындағы әйел затының дәл осылай сөйлері хақ.

 

Енді мына бір шағын  да шалымды диалогқа зер салып  көрейік:

 - Сен де айта білесің-ау, қаншама орыс болып кетсе де Барқынның баласы Барқынның қызын алмас.

- Ойбай-ау қыз алыспайтын  енді не қалар дейсің?

- Қойшы әрі, соншама  діннен безіп кетті дейсің  бе?

 

Бұл да ақылға қонымды, уақытқа  сыйымды сөздер. Анасы ұлына тұрмысқа шыққан, күйеуі әйелін ақша үшін жезөкшелер тобына қосқан бүгінгі күні айтылса, әрине ақылға сыймас еді. Хамза Есенжановтың кейіпкер аузымен айтқан бұл сөздері  бір емес, бірнеше міндетті мінсіз атқарып тұр.

 

Шығарманың ажарын ашатын теңеулерді де автор сәтімен таба білген. Аз ғана мысал: “Үлкен тас көшенің  бойы домбыраның шегіндей дыңғырлап  тұр”. “Қала ауру жандай сұлық жатыр”. “Аттың тағасындай дөңгелек шұқыр  сай…”

 

Бұлар трилогияның тек  бірінші томынан теріп алынған  теңеулер. Екінші, үшінші томды сүзсек, олардың көлемі ғана емес, көркемдігі де арта түсері анық.

 

Адам  – табиғат ананың перзенті. Көркем шығармада адам мен табиғатты  тығыз бірлікте суреттеу жазушы шеберлігіне  сын. Хамза Есенжанов бұл тұста да сүрінбейді. Мәселен, трилогияның бірінші кітабындағы: “Күн сәске түс. Ыстыққа арқасын қыздырып, шөп арасынан өрмелеп, бидайықтың басын да бота тірсек сарыала шегіртке бебеу қаға шырылдап тұр”, деп басталатын, оған жалғас Хакімнің көзімен берілетін табиғат көріністері автор қаламының тамады.

Халық қозғалысында түрлі топтардың күреске шығатыны анық. «Ақ Жайық» романында жалшы, балықшы, егінші, орыс, қазақ шаруалары  сол ұлы кезеңнің шындығына сай  теңдік жорығынан өз орнын алған  сияқты.

Қарсы тараптан бейнеленген генегалдар мен атамандар толық танытады.

Қорыта келе, шығарманың тілі аса ауыр емес, бір оқығанда ұғыныңқы, тілі жеңіл. Оқу барысында  бір сюжеттен екінші сюжеттің туындауы бір тұтас композициялық құрылымға  алып келеді. Кейіпкерлерінің бір-бірімен  диалог арқылы сөйлесуі оқырманға бірден түсінікті болып келеді. Бір жігіттің махаббаты баяндалса да, халықтың сол кездегі қиын тіршілігі шығармада негізгі орын алған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Пайдаланған әдебиет:

  1. Есенжанов Хамза. Ақ Жайық: трилогия. – Алматы; Жазушы, 1988.- Бірінші кітап. Төңкеріс үстінде- 336 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Жоспар:

 

І Кіріспе

  “Ақ Жайық” романының құрылысы мен композициясы

ІІ Негізгі бөлім

  1. Шығарманың негізгі идеясы
  2. Шығарманың өрбуі мен негізгі желісі
  3. Шығарманың шарықтау шегі мен шешімі

ІІІ Қорытынды


Информация о работе Хамаза Есенжановтың “Ақ Жайық” трилогиясы