Діни-ағартушылық бағыт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 19:50, доклад

Краткое описание

Діни-ағартушылық бағытта әрқилы ақындар еңбек еткен. Шығармашылықтарының мазмұны, түрі әрқилы, идеялық көзқарастары сан алуан болғанымен, бұл ақындарға ортақ бірнеше басты белгілердің болған.
Ағартушы –демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын-жазушылар XX ғ.б. қазақ әдебиетіне ұланғайыр үлес қосты. Олар шын мәніндегі кәсіби (профессионалдық) жазба әдебиет деңгейіне көтеріліп, өмір, қоғам, дәуір сырын кең көлемде сипаттап, терең ашуға ұмтылды. Ағартушылық демократтық бағыт өкілдері(Ш.Құдайбердіұлы,
С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Көбеев)

Прикрепленные файлы: 1 файл

XX ғасырдағы ағым-бағыттар.docx

— 16.38 Кб (Скачать документ)

XX ғ.б. негізгі әдеби бағыттар: 1. Діни-ағартушылық бағыт. 2. Ағартушы-демократтық бағыт. 3. Азатшыл-демократтық бағыт.

Діни-ағартушылық бағытта әрқилы ақындар еңбек еткен. Шығармашылықтарының мазмұны, түрі әрқилы, идеялық көзқарастары сан алуан болғанымен, бұл ақындарға ортақ бірнеше басты белгілердің болған.

  • Ағартушы –демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын-жазушылар XX ғ.б. қазақ әдебиетіне ұланғайыр үлес қосты. Олар шын мәніндегі кәсіби (профессионалдық) жазба әдебиет деңгейіне көтеріліп, өмір, қоғам, дәуір сырын кең көлемде сипаттап, терең ашуға ұмтылды. Ағартушылық демократтық бағыт өкілдері(Ш.Құдайбердіұлы,
  • С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Көбеев)

Ұлт-азатшыл бағыттағы  ақын-жазушылардың шығармашылығының басты тірегі ұлттық мүлде болды. Негізінде отаршылдыққа қарсы күрес идеясын европалық саяси күрес тәсілімен ұштастырған бұлардың өз шығармашылығында осы ой-идеяның уағыздады. Ағартушылық, өнер-білім барлығы ең алдымен ұлт азаттығы үшін қызмет етуі керек деген байламды негізге алды.

  • Ұлт-азатшыл бағыт өкілдері( А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов).

Бұл ағымдардан тыс сөз  өнерінің саз өнерімен тығыз байланысты болғандығының тамаша көрінісін танытатын ақындар болған.Олар Ә.Найманбаев, Мүса Байжанов, Балуан-Шолақ, Ақансері т.б.

Жаңа дәуірдегі әдебиеттің көрнекті өкілдері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтер қазақ әдебиетіне жаңа ізденістер, жаңа леп әкелді.

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп тәмам елді ғибратқа ұйытқан, «Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз жол емес» деп рухани бағдар сілтеген Абай ақынның діни жырлары өзінің жеке мұңына – әкелік зарына құрылып, Алладан тілері де сол сарынға ауысқан.

Діни-ағартушылық бағыттағы  ақындар ішінен Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығындағы дүниетаным ерекшелігі зерттеушілер назарын жиі аудартып келеді. Танылған әрбір құбылыстың танымда із қалдырары хақ десек, дінді дендеп білген, өз дәуірінің  озық ойлы рухани тұлғасы болған Шәкәрім  қажының әдеби мұрасынан иман-ислам  тақырыбының көрнекті орын алуы заңды  да. «Ойласам, көрген бейнет, тартқан  қайғы Болыпты не біреуден не өзімнен» деп, тірліктің мәнін тереңдей ұғынған  ақын жырларына жазмышқа мойынсұну, әр істің ғибраты мен хикметін сезінгендіктен заманға шағынбау, таза ақылмен тапқан діннің тағылымынан  туған парасатты көнбістік, ғапылдықтың  салдарын терең ұғынып, уағыз-насихат  пен ақылгөйлік сарынға бейімделу  тән. Сарапшыл, сыншыл, зияткерлік деңгейдегі діндарлық дарыған Шәкәрім өлеңдерінде  Жаратқанға деген жалбарынуды Жарға  деген махаббат алмастырған. Сопылықтың жоғарғы мақамы «Фәна филлаһ»  – «Аллада еріп, жоғалу» дәрежесіне тән. Тәңірлік махаббат тақырыбы ақын шығармаларының ауанын мүлде өзгерткен.

ХХ ғасыр басындағы  әдебиеттегі айрықша сипатты  шығармашылық иесі−Мағжан Жұмабаевтың  Жаратушыға қарата жазылған жырлары  өзіндік бітім-болмысымен ерекшеленеді. Санасында сан түрлі таным  тоғысқан, арғы-бергі әдебиеттегі  ағым-бағыт атаулыны сын көзбен саралап таныған, поэтикалық біліктілігі мен ақындық қуаты сай қосылған ақынның аталмыш тақырыптағы өлеңдерінде соны сезім, тосын ой, таңсық теңеулер жеткілікті. Мағжан ақынның өзге өлеңдерінен де күрделі таным көріністерін көптеп кездестіруге болады. «Өзім − Тәңірі, табынамын өзіме, Сөзім − Құран, бағынамын сөзіме» секілді мағжандық өлең жолдарының мазмұндық қабаты аса терең: мұнда рухтың өлмейтініне, жанның жасампаздығына деген ақынның алғаусыз сенімі де, өзі таныған, тағылым алған символизм мектебі идеяларының жаңғырығы да, ұлт топырағында ғасырлар бойы тамыр жайып, «Адам-Құдай бір-ақ тұлға» деген ұстанымды тірек еткен сопылық дүниетаным көріністері де, Тәңірлік діннен тамыр тартқан тұсаусыз еркіндік те, шабыттың шырқау сәтіндегі ақындық арынның асау серпіні де тоғысып жатыр. «Бұзушы да, түзеуші де өзіммін, Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!» деген соңғы қостармақтан қоғамның саяси ықпалын сезіну де қиын емес.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Діни-ағартушылық бағыт