Әбіш Кекілбаев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 17:06, реферат

Краткое описание

Ә.Кекілбаев тарихи қал-жағдайды емес, олардың себеп-салдарын, адамның жан дүниесі мен психологиясына әсер ететінін көрсетуге айырықша назар аударады.
Жазушы үшін маңыздысы — тізбектелген оқиғалар емес, ата-бабаларының не көксеп, не аңсағаны, нені қадір-қасиет тұтып, қастерлегені.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Үш анық.docx

— 50.22 Кб (Скачать документ)

Үш анық

 

 

     Адам ақиқатты бас көзiмен көрмейдi, ақыл көзiмен көредi. Бiлiп жаратушы – тәңiрi, өлiмнен соң бiр түрлi тiршiлiк бар. Екi өмiрге де керектiсi – ұждан. Ұждан дегенiмiз – нысап, әдiлет, мейiрiм. 
       
      Сөз басы 
       
      Келдi, кеттi, 
      Толды, солды, 
      Өзгелендi бұл әлем. 
      Туды, өлдi, 
      Жанды, сөндi, 
      Өршiп өндi қайтадан. 
       
      Дөңгеленткен, 
      Өңгеленткен 
      Бiлiмсiз күш – күш пе екен? 
      Тiптi мiнсiз, 
      Кемшiлiксiз 
      Естi қылған iс пе екен? 
       
      Жан деген не, 
      Мүлде өле ме, 
      Семiп о да сөне ме? 
      Жоғары өрлеп, 
      Дене жөн деп, 
      Жаныңмын деп келе ме? 
       
      Осы дүниедегi кiшкентай, көзге iлiнбейтiн жандардан бастап, адамдарға шейiн бәрi өзi hәм нәсiлдерiнiң жақсылығын бөлiп, өсiп-өнуге қам қылады. Мұны «барлық таласы» дейдi. Бұл – жаратылыстың берiк жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай жақсылық, бақыт iздейдi. 
      Тiршiлiк туралы адам арасында көптен берi айтылып келе жатқан екi түрлi жол бар. Бiрi – дене өлсе де, жан өлмейдi, жоғалмайды; өлгеннен кейiн де осы күнгi тiршiлiкке мүлде ұқсамайтын бiр түрлi тiршiлiк өмiр бар; сондықтан адамдар жалғыз ғана дүние тiршiлiгiн ойламай, сол соңғы дүние өмiрiнде де жақсы, бақытты болудың қамын ойлай бiлуi керек дейдi. Мұны ақырет дейдi, өлгеннен соңғы өмiр жолы дейдi. 
      Ендi бiр жол – бұл әлемдегi барлық нәрсенiң бәрi өздiгiнен жаралып жатыр, оны былай деп жаратқан ие жоқ hәм өлгеннен соң да тiрiлетiн жан жоқ дейдi. 
      Менiң ойымша, осы екi жолдың қайсысы анық екенiн табу – ақылы сау адамға қатты мiндет. 
      Сол жүйеден барша адамды бақытқа жеткiзудi ойласақ, бiлiп жаратушы ие бар, өлгеннен соң бiр түрлi өмiр бар дегеннiң шын-өтiрiгiн бiлу керек. Егер шын болса, соның қамын ойлап, адамдарды түпкiлiктi бақытқа жеткiзу үшiн, мүбада өтiрiк болса, оған да әуреленбей-ақ жалғыз осы дүниенiң қамын қылу үшiн, оны тексеру үшiн әртүрлi дiндер жинап, әртүрлi ғылым жинап, әртүрлi бiлiмдiлердiң ол туралы жазған кiтап, айтқан сөздерiнен хабары болу керек. Өте-мөте қатты бiр керек шарты – өзiнiң ұстаған дiнiн оқыған, ұғынған қалпынан асырып алмай, «пәленшекең, жақсы кiсi айтыпты» деп сенiп қалмай, бiржола сол ұғымға байланып қалмай, өз ақылына әбден айқын бола алатынын шындыққа сүйенiп тұрып, сол екi жолдағылардың жазған кiтап, айтқан сөздерiн сынау керек. Әйтпесе адам әдет-ғұрып, ақылдан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады. Және өзiнiң мынау жөн дегенiн халық алдына салған дұрыс. Неге десең, қайбiр iс болса да, әбден сыналып, тазарған соң шындық ашылады. Ал екi жолдың қайдан шыққанын тексерсең, адамдардың iздеуi және барша әлемдегi нәрселер қайдан пайда болған, кiм жаратқан деген ойдан шыққан. Неге десең, адамның ақылы оны ойламай тұра алмайды. Және адам баласы жаңалық бiр нәрсе көре қалса, оны кiм жасады екен, әрi не үшiн керек демей тұра алмайды. Сондықтан жаратушыны iздеген әркiм әр түрлi ой жүргiзедi. 
      Тiптi ескi замандағы адамдар да жаратушы туралы әр алуан топшылау ой жүргiзген. Олар о баста бiр нәрсенiң өзiндiк ерекшелiгiне қарап, осында жаратушының қасиетi бар деп, күн, ай, от, ағаш, асыл тас сияқты нәрселерге табынған. Немесе әр алуан жаратушы бар ғой деген оймен бiрнеше сурет салып, соған да табынған, онымен де тұрмай, әдетте сау адамның iстей бермейтiн iстерiн де iстеген: алдамшы, жәдiгөй, бақсы, балгер, дуана сияқтыларды да тәңiрiнiң орынбасары болар деп, сондайларға да табынған. 
      Сүйтiп соқыр кiсiдей сандалып жүргенде пайғамбар деген шығып, «барлықтың (не нәрсенiң) бәрiн жаратқан ие бар, өлгеннен кейiн болатын бiр тiршiлiк бар, осы өмiрде қылған iсiңе қарай, ол өмiрде өлшеусiз бақ, қиын азап бар; мұны бiзге сол жаратушы ие бiлдiрдi де, сiздерге ұқтыруға бұйырды маған» деген. 
      Ол кездегi адамдардың бiрқатары бұған нанса да, бiрқатары нана алмай, бұрынғы қалыптасқан әдеттерiнен шыға алмаған. 
      Ендi бiзге бiлiп жаратушы ие жоқ, өлгеннен соң өмiр жоқ дейтiн ойдың түбiнде осы барлық адам неден бар болды деген ойлаудың жемiсi екендiгi төмендегi сөзден мәлiм болады. 
      Ескi заманның бiлiмдiлерi әр нәрсенiң түп негiзi неден жаралды дей отырып, яғни жаралысты тексере келiп, тамам нәрсенiң түп негiзi төрт түрлi нәрседен деп бiлген. Олар: от, су, топырақ, ауа. Одан кейiн замандар өте келе әлденеше жүргiзiлген зерттеулер арқылы түп негiздi таба-таба, байымдай жүрiп, жақынғы заманда барлық нәрсенiң түп негiзi 80 шамалы нәрсе екенiн аңғарды. Cүйтiп бiлгiрлер әр дененiң көзге көрiнбейтiн құраулардан қосылып, құралғанын таба бiлдi. «Адам өлген соң дененiң барша құраулары шiрiп, бытырып, шашырап, әрқайсысы өз атомдарына қосылып, ұсақ бөлшектенiп кетедi де, жан деген бiржолата жоғалады. Сондықтан өлген нәрседе қайта тiрiлу жоқ» дейдi. 
      Жақын кезде шыққан бiр кiтаптарда Европаның осы кездегi бiлiмдiлерi атомды электр қуатымен әлденеше бөлiп, сол ұсақтың атын электрон қойсын дейдi. Осы бiр майда бөлшектiң аты арабша да болса керек едi. Жақында бiр оқыған кiтабымда мұны «қиқатул камара байбаз» дептi. Мағынасы «электр талқаны-ау» деймiн. Мұндай болғанда, атомдар да бөлiнетiн болғаны ғой. Ал осы кездегi бiлiмдiлер жоғарыда аталған 80 шамалы ұсақ негiздiң бәрiнiң түп негiзi бiр ғана нұр деп жүр дейдi. Олай болса, барлық әлемнiң түп негiзi нұр болғаны да. Нұр жарық қой. Күн жерден бiр миллион үш жүз есе үлкен. Жер мен күннiң арасы 140 миллион шақырым. Нұр күннен, оттан шықса да, жан-жағына күлтеленiп шығады. Нұр секундына 280 шақырым жүредi. Күннiң нұры жерге 8 минут 18 секундта келiп жетедi. Күннен алыс кейбiр планета жұлдызының нұры жерге үш жылда жететiнi бар. Тiптi онан алыстағы аспан денесiнiң нұры жерге бiр мың жылдай уақытта әзер жететiнi бар. Нұрдың жүзiн орысша Юпитер, қазақша Мұштари деген планетаның [...] төрт жолдасының Юпитер айналғанда 12 жылға жақын мезгiлде бiр айналып шығатыны бар. 
      Бұл нұрдың жайын жазғандағы мақсатым мынау: нұр өздiгiнен пайда болмаған, бiр нәрседен шығатын нәрсе, оның да үнемi қозғалыста болып тұратыны есте болсын. Және бәрiмiзге барлық әлемнiң ұшы-қиыры жоқ зор екенi белгiлi. Осы үлкен әлемге қарағанда, бiзге бiлiнбегендерiнiң есеп-қисабын өлшеуге келмейтiнi оқушының ойында болсын. Жоғарыда айтылған барлықтың барлығы өздiгiнен жаралып жатыр, оны былай деп жаратқан ие жоқ дейтiн болжам әлдеқашаннан айтылып келе жатса да, әсiресе XVII-XVIII-XIX ғасырлардың аяқ шенiне дейiн Европаға көбiрек жайылды. Олардың дәлелдiлерiнiң негiзi жоғарыда азырақ айтылып едi. Солай бола тұрса да, тағы да бiз бiлген дәлелдердiң күштiрек дегендерiн қайта атап өтейiн. 
       
      I дәлел: ҚАЙТА АЙНАЛЫС ЖОЛЫ 
      Барлық нәрсенiң түп себебi бұрыннан бар қуатты дене [...]. Бұл нәрсенi заряд дейдi. Қаншалық ұсақтаса, ақырында тiптi бөлшектеуге келмейтiн болады. Сол бөлуге келмейтiн түп негiздердiң атын европаша атом дейдi. Арабша мадда немесе әсер деп атайды. (Бiздiң қазақ тiлiнде атауы жоқ болғандықтан мен бұл кiтапта атомды мадда, я атом деп атадым). 
      Сүйтiп сол барша нәрсе сол 80 шамалы атомдардың бiр-бiрiне қосылғанынан дене жасалып, әлденеше түрге бөлiнiп, бiрiнен-бiрi өршiп, жаралып жатқанын тапқан. Мұны алғашқы тапқан Юнан (грек) жұртының Пифагорc деген бiлiмдiсi. Кейiнгi бiреулердiң айтуына қарағанда, Пифагорcты Финикия жұртынан үйрендi дейдi. Ондай болса, алғаш табушы Финикияның Сит деген қаласынан шыққан Мусхус деген адамы болады. Мейлi, кiм бұрын тапса да, бұл атомды басында оның не нәрседен жаралғанын, не iске жарауын бiлу үшiн iздестiрудiң жемiсi деп бiлу керек. Кейiн гректiң Апигорс, Демократис деген бiлiмдiлерi сол атомды дәлел қылып, барлық әлем сол атомнан өршiп-өнiп, оны былай етейiншi деп бiлiп жаратқан ие жоқ дейтiн бiр жолға негiз салды. 
      Араб жұртының патсалығы зорайып, көп елдi қол астына қаратқан Aббас тұқымы патса болған кезде Юнан бiлiмдiлерiнiң жазған кiтаптарын араб тiлiне көшiргенде осы атом туралы сөз араб тiлiне аударылып едi. Соған байланысты кейiнiрек мұсылман ғұламаларының арасында «осы дәлел бұрыннан бар ма, соңынан жаралды ма» деген даудың енуiне, мiнеки, осы атом ұғымының пайда болуы себеп болды. 
      Соңғы кезде Европаның Гасти, Дикрит, Ньютон, Ниптон, Юнг сияқты ойшылдары бұрынғы Апигорс, Демократистардан қалған «жаратушы ие жоқ» деген жолды қайта жаңғыртып, Европа арасында сол дәлел пайда болды. Бұл ойшылдардың дәлелдеуiнше, әр нәрседе бiрiн-бiрi тартатын қуат барлығы, оны орысша «притяжение» дейтiнi, ал арабша «тажарлық» деп атайтыны, мұны алғаш тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы екенi айтылады. Бұл түйiндi XVII ғасырда ұлы ойшыл Карде алманың үзiлiп жерге түскенiне қарап ойлап тапқан көрiнедi. Ал бiлiп жаратушы ие жоқ дегендi ұғымдырақ етiп айтсақ, әлемдегi не нәрсенiң түп негiзi 80 шамалы атом, солар бiрiне-бiрi тартылыс қуаты заңымен қосылып, дене жасап, бiрiнен-бiрiне өтiп, өнiп я өзгерiп жатыр, оны былай етейiн деп, әрқайсысын әр бөлек жаратып басқарған ие жоқ. Сондай-ақ жан деген өз алдына бiр нәрсе емес, сол атомдардан жаралған денелердiң қозғалысы өзгерiстерiнен шыққан бiр сипат қана. Не нәрсенi өсiрiп, өндiретiн сол. Дүниеде ешбiр зат жоғалмайды, бiрақ өзгередi. Бар планета (жер, ай, күн) болсын, басында газ түтiнi сияқты бiр жалын болып тұрған, тiптi кейiн көп уақыт өте келе әлгi жалын болып тұрған нәрсе сұйық болып көлкiген. Одан соң тағы көп уақыт өте келе салқындаған, қатты денеге айналған. Осылардың нақ мысалы қазiргi бiз бiлетiн жер, ай, жұлдыз болады. Дaгенмен осы сияқты планета атауының өздерi мәңгi осы бiр қалпында қалмайды. Бұлар да бiрталай ұзақ уақыт өте келе бiрiне-бiрi қозғалыс барысында соқтығысып қалып, белгiлi себептермен тағы да газға айналады. Онан кейiн сұйық затқа айналып, онан қатты дене болып қатаяды. Сүйтiп сол үш өзгерiс күйiне түседi де жүредi. Бұлар қайта қатайып, қатты дене болған кезде бастапқысынан я үлкен, я кiшi, я бұрынғысынан өзгеше дене болып қалыптасуы мүмкiн. Сол сияқты әлгiндей ұлы өзгерiстi қайта жаралыста жер де, айуан да, адам да, өсiмдiктер де болады. Бiрақ өлгеннен соң бiзден сезiм кетiп, бiз сол өзгерiстерден еш нәрсе сезбеймiз. Сол қайта жаралыста бiлiм, шаруа, байлық, дене сияқтылар бүгiнгiден мүлде басқа түрде болады. Сонымен бiрге барлық әлем бiржола газ болмай, бiр жағы газ болып жатқанда, бiр жақтағылары қатайып, қайта жаратылып жатады. 
      II дәлел: ЖАРАТЫЛЫС ЖОЛЫ 
      Мұқым барлықтың бәрiн бар қылып тұрған жаратылыс жолы. Ол сондықтан соның бәрiн өзгертiп жатқан түп негiзiнде, өзiнен не шығып, өзiнде не болып жатқанын да сезбейдi дейдi. Сондай-ақ бiлiп жаратушы ие бар деген бекер сөз. Ол жаратылыс жолымен жаралғандардың өзiнен бөлек нәрсе емес, осыдан бөлiнбейтiн заң. Осы әлемдегi барлықтың бәрi де сол заңмен ерiксiз жаралып жатыр. Ол заң өсiп-өнуге, жоғарылауға ұмтылып, ең жақсысын жайлап алады. Сондықтан бұл әлемдегi планета жұлдыздарының жаралысы, жүрiсi, адамның, айуандардың, өсiмдiктегi әр нәрсенiң дене бiтiмi, жаралыс реттерi толық жарасымды, мақсатты жолмен жаратылған.  
      Бұл айтылғандар – философ Ламетри сөзi. 
      III дәлел: ТҰҚЫМДАСТЫҚ ЖОЛЫ 
      «Жоғарыда айтылғандар: бар нәрсе өздiгiнен жаралып жатқан соң жаратушы деген жоқ, құрлықтағы хайуандар, ағаштар, құстар, адамдар, өсiмдiктер – бәрi теңiзден туған. Теңiз жердi орап алғандықтан су хайуандары, өсiмдiктерi құрлыққа шыққан. Жер жүзiнде өсетiн жандылардың бәрi о баста су хайуаны болған. Неге десең, қырда не түрлi жандылар болса, теңiзде де соған ұқсас жандылар бар. Теңiзде жылан, ит сияқтылар болумен бiрге, құс сияқты жандылар да бар. Сондықтан бұларды өз алдына бөлек-бөлек тұқым етiп жаратқан ие жоқ» дейдi философ Майе. 
      IV дәлел: ДЕНЕ СЕЗIМI 
      Бiз әр нәрсенi денедегi сезiмiмiз арқылы бiлемiз. Мұқым барлықтың бәрi жаратылыс жолымен ерiксiз бар болып жатқанын көрiп отырмыз. Бiз оны жаратып жатқан құдайды ешбiр дене сезiмiмiзбен сезгемiз жоқ. Егер шын бiлiп жаратушы ие болса, бұл жаратылыс себептерiнiң еш керегi жоқ болар едi. Егер бiр жаратушы тiлдi құдырет бар болған соң, бұл себептердiң керегi не? Сондықтан бiлiп жаратушы жоқ. 
      Бұл айтылғандар – Фошна сөзi. 
      V дәлел: ӘР ТҮРЛIЛIК 
      «Әр түрлi дүниеге қарасаң, мысалы, тас, ағаш, басқа өсiмдiктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты бiр-бiрiне ұқсамайды. Бұл ненi көрсетедi? Бұл нәрселер қалай болса солай, кез келген себебiне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын-ау дейтiн нақты жаратушы жоқ екенi, мiне, осыдан мәлiм» дейдi ұлы ойшыл Демокрит. (Бұл ¬Ғайса пайғамбардан 300 жыл бұрынғы грек философы).  
       
      Жоғарыда айтқанымыздай, мiне, осындай бiлiп жаратушы жоқ деген сөздер XIX ғасырдың аяқ шенiне дейiн Европа iшiне көбiрек жайылды. Онан кейiн бұл көзқарас нашарлады. Оның себебi – магнитизм, спиритизм, телепатия дегендердiң шыққаны болды. Мұның мәнiсiн мынадай ұғымдарынан көрелiк: 
      Магнитизм – бiр адамның жанына жанның қуатымен әсер берiп, ерiксiз ұйықтатып, сонан өткен бiр iстi немесе келесiде болатын бiр iстi сұрап, ғайыптан хабар айтқызады, тағы басқа iстер iстейдi. 
      Спиритизм – өткен адамдардың жанын шақырып алып, кейде ғайыптан хабар алғызады, кейде қағаз да жазғызады. 
      Телепатия – тiптi алыстағы тiрi адам жаны мен өз жанын хабарластырып, оған ойлағанын iстете алады.  
      Осындай адам таңғаларлық, бұрын сыры беймәлiм метафизика – жаратылыс жолынан жоғары қуат барлығы анықталған соң, бұрынғы дене сезiмiне ғана нанып, онымен бiлiнбеген нәрсенi жоқ деп жүргендердiң ойын шатастырып, басқа ойға түсiрдi. Олар анықтап бiлдiк деседi. Сонда да бұларға жанның түп негiзi бiлiнбегенмен, сау сияқты дене өлгеннен соң да сол жанның өз алдына бiреу болып, бұл дүниеде жәрдемшi екенiн бiлдiк дейдi. 
      Тағы бiр дәлел – XIX ғасырда француз адамы Арлeан Гардта айтуы осылай. Бұл жан жасарып алатын спирит дейдi. Жандар өз денелерiн бiз сияқты барлай алады. Ал бiздiң әрқайсымыз тiрi күнде адам атанып, өлген соң жан боламыз. Бұл дене – жанға ортақ дене. Жансыз екенiн еш нәрсе сезбейдi. Ортақ дене тiрi күнде ортақ дене болып, өлген жанмен бiрге кетiп, бiржола бар болады дейдi. Жаралыс жолы физика ғылымымен табылмайтын, сыры бiлiнбеген нәрсе туралы Европа бiлiмдiлерiнiң сөзi мынау: Атақты философ Август (иcпан): «Бiлгiш ғалымдар жаратылыс ғылымының әр тарауында азғана, тiптi ғылымның аз да болса, әлi бiлiнбеген, тiптi шешiлгендерiнiң өзiнде де бiлiнбегендерi жоқ есептi болып қалатынына ерiксiз мойындайды», – дептi. Екiншi, Биу деген бiлiмдi былай дептi: «Барлық жаралыстың заңдарын ойласам, ұғындыруа шамам келмей таңғалам. Кейбiр жазушылар бiздi қанағаттандырмақ болып, терең ойларды бiлгiзбек болып, көп кемшiлiктi, ұғымсыз дәлелдердi жазады. Менiң ойымша, солардың атаған себептерi, мейлi қойған атаулары жаратылыс жұмбағына қарағанда бұрын сөз болып қалатыны шын батырлықпен-ақ көрсетiлген». Гедрит деген ғалым «есепсiз күн сайын бiлiнуi қиындаған сырлар туралы қанша дау айтып, ой жүргiзсе, соншалық ашық форма адамда, адамнан өсетiн әр нәрсенi барлыққа келтiрушi бұрыннан бар жоғалмайтын бiр қуаттың барлығы аңғарылады» дейдi. 
      Профессор Юнг «Бiлiм айналасында» деген кiтабында: «Жаратылыс, физика ғылымдарының бiзге керектiгi – олар бiздiң тоймаған ақылымызды тойғызуында емес, олардың ең зор керектiгi – барлықтың бәрiн жаратушы иенi танытуға қарай жетелеуiнде. Сонымен бiрге оның құдiреттiң өлшеусiз зорлығымен бiздiң сезiмiмiздi таң қалдыруында», – деп түсiндiрдi. Русұ деген атақты жапон ақыны: «Мен бастабында адам тәңiрiнiң барлығына нанбаса да, толықтыққа жетедi деп ойлаушы едiм. Аяғында ол ойым бекер екен. Адам бiлгiр тәңiрiнiң барлығына ақылымен нанбай тұрып, толықтыққа жете алмайды екен», – дептi. 
      Зор философ Беренгия да: «Жан мәселесiн шешу уақыты таянды», – деген. 
      Жан Жак Руссо, Мадинин, Лемне, Мешель, Келпе сияқты жүздеген бiлiмдiлер адамның iшкi идеясын тексерiп, дүниенi қайтадан (жаңадан) қаптаса керек деп тұжырымдайды. 
      Жоғарыда аталған философ адамдар, олардың пайымдауынша: Адамдар жаратылыстың негiзгi бiлуге соншалық нашар, әлсiз; адамның әлi бiлмегенiне қарағанда бiлгенi соншалық жоққа есеп. Сүйте тұра адамдар себебiн, мәнiсiн бiлмеген iстi бiржола жоқ деп қалай таласады? Мұның себебi: дене сезiмiмiзбен ғана сезiп, басқаға нанбай, терең ойламағандықтан. Сүйтiп, ой жалғыз дене сезiмiне ғана нанып құрылса, көп шатақ, даулар, ойлар туылмас едi деп жаратылыс жолымен ғана қуып, сыры табылмайтын метафизика iстi ойлауға бөгет болуын да ойласқан. Мәселен, Август Кант фузотизм «шын анық» деген бiр жол шығарды (бұл адам 1797 жылы туып, 1857 жылы өлген). Бұл «шын анық» жолының қорытындысы мынау: Көзiмiз көрiп, өзге сезiммен әбден анықталмаған Келестроның iсiн анық түзеп алса болғаны. 
      Бұл жандардың насихатымен аты аталған Арлилан Кардтiң шын аты – дуалы. Ол да жан насихатымен өзгертiлген. Заты – француз. Осы күнгi Франция спириттерiнiң жолы. Бiрақ француздар ғана ұстайды. Англия спириттерi оны терiс дейдi. Арлиландiкi брахман дiнiне ұқсас. Мәселен, өлгеннен кейiн жан бiр хайуанға кiрiп, сонан тағы бiреулерге кiре-кiре әбден таралады дейдi. Мұны жандар айтады деседi. Англия спириттерi материализмге, жаралыс жолы дегенге ұқсайды. Кейiнгi басқа оңалуы мұндай бiр-бiрiне шатақ жан [...]. Дегенi Арлилан Кардтың себебiмен көрсетедi. Мәселен, олар адамдармен хабарласатын төмен дәрежелi жандылар болады. Сондықтан олардан шатақ сөздер де болатыны содан дейдi. Бұл пайымдаушылар Арлилан Кардтың «Лажаир» деген кiтабында спирит жайында, әсiресе, жан жайын әңгiме сияқтандырып, мысалдап, әдемi суреттейдi. Мұның қылған iстерi көп. Оның бәрiн жазбай-ақ, спириттердiң сырын табамыз деп әуреге түскен бiлiмдiлердiң бiрер сөзiн айта кетейiн. Морсла Шатр деген бiлгiр «Бiлiмдi лұғат» атты кiтабында былай дейдi: «Спирит туралы ойлаған ойлар бұрынғы ойды өзгертiп, жоғарырақ ойлағандарды таң қалдырар. Бұл спиритизм тамам ғылымды жұрттың арасына кiрiп кетуi ықтимал. Мұны кешiкпей-ақ анықтап жарыққа шығарушы Арлиан Кардты XIX ғасырдың ең зор ғылыми өнер шығарушы дегiзер». 
      Магнитизм, спиритизмдi «жәдiгөйлiк, мұның сырын ашып масқара қылайық» дейтiн Европа бiлiмдiлерi бұл iстiң iзiне түсiп тексере келе, бiр қуаттың барлығына көз жеткiзiп, ерiксiз мойындады. Кейбiр бiлiмдiлер мұны өз сынынан өткiзiп анықтады да. Дегенмен мұның түпкi себебiн тапқан әзiрше ешкiм жоқ. Ендi соны iздеген бiлiмдiлердiң сөзiн айтайын. Белгiлi ғалым Оймонмир: «Мен басында спиритизмге күлiп едiм. Ендi оным ақымақтық екенiн бiлдiм», – десе, «Рейн» газетiнiң тiлшiсi, ғылым туралы шолушы доктор Мания: «Бұл спиритизм материалист физиктердiң, дене жаралыс жолын қуғандардың қуалаған iсi, ол балта көрмеген орман ағаштай өсiп жоғарылауда», – дейдi. Тағы сол газеттегi бас жазушысы Огусбид Даугалай былай дейдi: «Алғашында Америкада таяқ жеп, аяғында 19 мың адам нанып қол қойған спиритизмге өзiм де тәжiрибе жасап көрiп, ерiксiз нандым». Бұл туралы жазған оның «Миетуства» деген кiтабы бар. Онда әйелдiң iстерi туралы сөйлейдi. 1896 жылы медицина дәрiгерлiк факультетiнiң профессоры доктор Физгаим магнитизммен бiр адамды ұйықтатып, сынағанын айтады. Ол ұйықтап оянғанда: «Артыңдағы күмiс сағатты ұрлап қалтаңа тық, мен көрмедiм», – дейдi. Артындағы күмiс сағатты алып тұрады да ол: «Жоқ, бұл ұрлық болады, жарамайды», – деп қайта қояды. Ұғындыруым нашар болғанын бiлiп бiр күнi әлгi кiсiнi тағы ұйықтаттым. Онда: «Артыңдағы үстелдегi күмiс қасықты ұрла! Ұрламасқа лажың жоқ, қалтаңа тық, мен көрмедiм», – дейдi. Ол оянғанда артымдағы үстелге қарап қасықты алдым. «Алмасқа лажым жоқ деп, – қасықты қалтасына салып, – мен көрмедiмғ,– дейдi. 1893 жылы Парижде шыққан «Клуб» газетiнiң 14 июньдегi нөмiрiнде Грамия Роксуан қол қойған «Ұйқыда кезу» деген мақалада былай делiнедi: «Балеропар көшесiнде 243 нөмiрлi үйде доктор Комттың ауру қарайтын бөлмесiнде гипнотизм жолымен қатты ұйықтаушыны көрдiк. Лабутр деген [...] көрдi. Мұнда 22 жасар әйелдiң шiрiген тiсiн докторға алғызу үшiн әдейi ұйықтату жасалған. Әйел оянғанда: «Ешнәрсе сезбедiң бе?» – деп сұраған. Ол : «Ешнәрсе сезбедiм», - деп жауап берген. Мұндағы ұйықтату кезiнде әлгi әйелдiң бетiне, бiлегiне, тiптi тiлiне ине сұғып шаншылағaн екен. Ол онан түк те сезбептi. Тiптi доктор әлгi әйелдi ауырсындырмақ болып, тiсiнiң етiн қандауырмен тiлiп, тiсiн суырғанда түк бiлмеген. Оянғаннан кейiн ол да еш жерi ауырмағанын айтқан. Сонда мұны 20 шақты кiсi көрiп тұрдық.  
      Бұдан 30 жыл бұрын июнь айында Қытай теңiзiнде Францияның бiр пароходында спиритизм туралы сынау жүргiзiледi және жан шақырып сөйлесу болады. Мұнда өлген бiр жолдастарының жаны келiп: «Мен өлмей тұрып осы пароход капитанынан 5 франк 25 цент ақша қарызға алып, соны төлей алмай өлiп едiм. Сол маған қиын болып жүр. Сiздер маған мархабат етiп, капитанға сол ақшаны төлей салыңыздаршы», – деген. Бұл iстi капитаннан сұрастырса, капитан ұмытып қалыппын дейдi. Бiрақ әлгi адамдар капитанға жалынып, сол жылы естелiк кiнағасын қараса, әлгi айтқан сөз дәп-дәл шыққан. 
      Марселияда тағы осындай бiр сынау жасалып отырғанда, оларға бiр жан келiп: «Бөлмеңiздегi бiрнеше саудагердi шақырыңыз, соларға айтатын сөзiм бар», – дейдi. Мұндайға нанбайтын, мұндайды жәдiгөй дейтiн саудагерлер басы әлгi ұсынысқа бiрден көнбейдi. Бiрақ жаңағы жан: «Саудагерлер жиналсын, Қызыл теңiзге жiберiлген кемешiлердiң хабарын айтайын», – дейдi. Сонан соң саудагерлер жалынып-жалпайып жиналып келгенде жан айтады: «Менi қаралағанда не табасыңдар? Сорлы, сен сәрсенбi күнi Қызыл теңiзге бiр кеме жiбердiң. Сонша қант, сонша қызметшi, сондай жолаушы бар. Капитаның пәленше 12 сағаттан кейiн толқынға ұшырап, жағаға тоқтап, мұнысын күзетiп жүрдi. Юнан жиегiне дейiн жақын барса да, Юнан тұмсығында қатты толқын болып, компас жоқ, кеме жолдан адасты. Таңға жақын бiр нәрсеге соғылып, еш адам тiрi қалмай бәрi суға кеттi. Мен солардың бiрiнiң жанымын. Саған хабар бергелi келдiм. Мұны үкiмет естiп, тексергелi жатыр. Бүрсiгүнi престенге хабар келедi. Сонда менiң жәдiгөй емес екенiмдi бiлерсiң», – дейдi. 
      Расында әлгi жан айтқандай кеме туралы қайғылы хабар келедi. Айтылған сөз дәл шықты. 
      Бұдан басқа спиритизм жайын тексерушi Узен Тос былай деп жазады: “1759 жылы Англия әскерi Американың тұрғын халқымен соғысқанда командашы Спрдолемен деген кiсi Фнан сурет Марыдағы Америка адамдарына елшi жiберiп, Нинақара қаласына келсiн, сол жерде бiтiм түзелiк дейдi. Алдындағы соғыста ағылшындардың Александр Ғанри деген офицерi елшiлiкке барған екен. Ол американдар қолында екен. Сол айтады: “Елшi кеткен соң американдар “зор тасбақa” деген жанды шақырып алып, ақылдаспақшы болды. Үлкен шатыр тiгiп, шатыр тiгушi маңайда әлденелер iстеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, шатырдың алдына етпетiнен жатты. Сонда шатыр бiресе былай, бiресе олай қозғалақтады. Оның iшiнен әлденеше қорқынышты дауыстар шыққанда жан шақырушы әлгi шатырға жалғыз ендi. Сонда “Зор тасбақa” не айтты дегенде жан шақырушы: “Барғанымызды ұнатады. Командашы бiзге көп сый берiп қайтарады. Ол сыйлық iшiнде пәлендей сауыт, пәлендей нәрселер бар дедi”, – дептi. Ақырында сол жан айтқанның бәрi дәл болып шығыпты. 
      Париждегi спиритизм мектебiнен арнайы оқып шыққан Түркияның Хасен Маузон деген адамы да спиритизм, магнитизм туралы кiтап жазып Стамбулда бастырды. Сол кiтапта былай делiнедi: “Бiз Парижде бiрталай спирит жандар шақырғанда, көбiнесе “Жақа” деген жанды шақырушы ек. Онымыздың себебi: оның айтқаны дұрыс шыға берушi едi. Бiз оны бiр жолы шақырғанымызда: “Түрiк сұлтаны ¬Ғабдол Хамиттiң зұлымдығын халық қаншаға дейiн тартады?”, – деп сұрадық. “Патсалығының отыз үшiншi жылының тоғызыншы айында тағынан түседi”, – деп жауап бердi. «Оның өлiмi қашан?» – дегенiмiзде: «Аустрия-Венгерия патсасы Йосиф Уойдың өлiмiнен соң болады. Aлты айдан кетсе, қалай болар екен”, – дедi. Шынында оның ¬Ғабдол Хамит сұлтан туралы айтқаны дәл келдi. Ғ¬абдол Хамит Силанкте өлiптi. Оның өлiмi туралы айтқаны қалай, соны ескеру керек дейдi Хасен Маузон. Хасен осы кiтабын ¬Ғабдол Хамит тағынан түскен соң 1901 жылы бастырған. Ол Китозор қыстағында тұрады. Бұл Китозор қыстағы Уиндирук уалаятында Аргария iшiндегi Денконстiгiнде болады. Хасеннiң фамилиясы американша Фокс У. Китозорда 12 жасында бiр қатар уақыт болғаннан кейiн жатқан үйлердiң төбесiнен, еденнен, қабырғасынан неше алуан дыбыстар шығатын болған. Аулақ қалған үйдегi көрпе-жастық сияқты нәрселер ауысып, шашылып қалатын болды. Бұл iстен көпке дейiн қорықса да, кейiн үйрене келе, “Ақсақ шайтан” менiң iстегенiмдi iстешi деп қолын сартылдатып, алақанын шапалақтаса, әлгi бейтаныс нәрсе әлгi айтқандай дыбысты о да айнытпай шығаратын болды. Сүйте-сүйте оның жан екенiн бiлiп, кейiн өзi нағыз спиритшi болған. Онан кейiн ол бiр дарияның жағасындағы Рошер қаласына көшiп келiп, не түрлi спиритизм iсiн өрлете бастайды. Оған тұрғын қала халқы бiрнеше рет комиссия жiберiп тексеру шығарған. Комиссиялардың бәрi алдаусыз, лажсыз, айласыз бiр қуаттың барлығына көз жеткiзедi. Бiрақ қара халық ол комиссияның анықтамасына да нанбай, бұл жәдiгөй адам, оны өлтiру керек деп ұйғарысты. Сөйтiп оны өлтiрмек болғанда, сол қалың халық бұқарасының өздерi қасиеттейтiн әулиесi Жүрпе Ойлаң оған араға түседi. Бұл әулие жұртқа мынадай дақпырт таратады: “Мына спиритизмшi менi өлтiрiп, денемнiң үстiнен өтпей кеттi, сендер оны өлтiре алмассыңдар”, – деп оны өлiмнен әзер құтқарады. Онан кейiн Фокстiң фокустерiн (қызықты iстерiн) Американың Димонс, Маис, Роперли, Гайда және Лондондағы профессор Керейкс сияқты данышпандар тексерiп көрдi де, алдау-арбаусыз hәм айласыз бiр қуат бар деп жариялады. 
      “Райль” газетiнiң бас жазушысы Гост Акридiң Америкада таяқ жеп, ақырында шындығына 14 мың кiсi қол қойған “Спиритизм” деген кiтаптың авторы, Англияның бiлiмпазы – Жант Кокс былай дейдi: “Ешбiр ғылым бiлмейтiн надан жан шақырып келгенде, ол бiлiмдi философтармен ғылыми сөздермен айтысып, айтқаны дәл келедi деген соң, соны өзiмше сынап көрiп едiм. Ол жан айтқан сөзiмнiң бәрiне ғылыми жауап бердi. Әншейiнде ғылым түгiл жәй сөзге де жауап бере алмайтын надан едi. Ол – ол ма, Францияда атақты спирит жандардың өзi айтылған сөздi қағазға жазып отыратын болған. Келденштов деген спирит жан ақ қағазды үстелге не сандыққа салып қойса, соған жазып кетедi екен. Ал Граматор деген жан жай тартатынды шығарған. Сондай-ақ Прангелдiң, Бистанның жандары спиритизмшiлерге келiп, спиритизм жолын үйретедi екен. Сол сияқты кейбiр жандар “артымнан дұға қылып, “күнәсiн кешiр” деп, маған тiлек тiлейтiн кiсiм жоқ, сондықтан мен жоғарылай алмай жүрмiн” дейдi екен. Тiптi бiр таң қаларлық iс спиритизмшiлерге Марс (Мар) деген планетадағылардың жаны келiп хабарласады деседi. Олардың әртүрлi тiлi бар. Солардан естiлетiн бiр-екi ауыз сөз мынау: “Кеуi қашан келедi. Ол мап тағы да топ жазған былай кеуi iбiрiм...” деген сияқты. 
      Атақты жапон жазушылары, ақындарының бiр қатары да ойларын өлеңдерiне қосқан. Бұл сөзiме Умилә Кетпенiң “Спирит” деген кiтабы мен Мешенiң “Хаққа қабат” деген кiтабы куә. Францияның атақты жыршысы Виктор Гюгенiң спиритизм туралы айтқан жырының мағынасы мынау: “Сөз сөйлеп қозғалатын бiрталай жандардың мәнi hәм жаратылыс жолы (заңы) физика ғылымымен тексерiлсе, шындығына көзiмiз жетпеген нәрселерге әуре болмайық” деген. Бiрақ адамдарда жаратылыс жолынан жоғары бiр қуат барлығын сезетiндiк бар. Сондықтан күн сайын бұрын табылмаған нәрселер табылып, бұрын тiптi мүмкiн емес дегенiмiз де дағдылы болып, оны күнде пайдаланып отырмыз. Сол себептi Конттiң сөзiндей сөздер адамды жаратылыс жолынан жоғары қуатты ойлатуға да тоқтамайды. 
      Осы кезде Европада әлденеше жүз академиктердiң өзi магнитизм, спиритизм және телепатия сияқты ғылымдарды құрал етiп, күнi-түнi жан мәселесiн тексеруде. Анығында сыры жасырын нәрселер мен жан туралы тiптi қымбатты кiтап жазған Каcсель Филоморион айтқандай, бiз жалғыз ғана сезiммен тоқтап қалсақ, қатты алданамыз. 
      Юнанның (гректiң) бiлiмдiсi Пифагорс былай дейдi: “Тiптi кiшкентай айналасында өзгеруi бар планеталар өз төңiрегiн айналғаннан гөрi, Жер hәм басқа планеталар Күннiң айналасын айналғаны ақылға сыйымды”. Асфенттiң Мепанку заңындағы “Жоқ” дегенiн сол заманның ойшылдары Аплатон, Архимед, аспан ғылымының жүйрiгi Пиарм, Пахламос, Птоломей күлкi қылмайды. Ал Сократ дейтiн ғалым: “Жаратушы ие бар деймiн”, – деп көрсетедi. Галилей өзге планеталар жерден үлкен дегендiгi үшiн не көргенiн бiлесiздер. Ауаның не екенiн – водорот, кислорот, азот деген газдардың қосындысы деп тапқан Лаувзиг, оның бұл пайымдауын терiс көрген химия ғылымына жүйрiк Пронецтiң де не iстегенiне көп уақыт болған жоқ. Сондай жаңадан сыры ашылған нәрсенiң бәрi басында күлкi болып, аяғында шын болмағы хақ. [...] Архимед ¬Ғайсадан 287 жыл бұрын ашып, жол салған Юнанда (гректе) осы кезде сыры табылмаған физика, жаратылыс жолынан жоғары қуаттың барлығы мәлiм. 
      1733 жылы туып, 1815 жылы өлген Мегар деген Германияның докторы “Хайуан магнитi” деген нәрсенi тауып, сонымен ауруларды емдеген. Оны бүкiл Европа бiлiмдiлерi нақты тексерiп, бiр қуаттың барлығын мойындаған. Мегардың өзi дәрiгерлiк ғылыммен емдеудi әр жолмен емес, бiр шелек суды өзiнiң бiлiм жолымен магниттеген де, сол суға аурулар кейде қолын, кейде аяғын сұғып жазылған. Суды магниттегенде сиқыршы, жәдiгөй сияқтылар ақылға қонымсыз. Ол Алатау жақтағы қарақұрт шаққанды емдейтiн Қарамыш Дайшұн сияқтылау ғой деймiн. Франциядан магниттеудi тексеретiн комиссия шығып, Хайуан магнитi деудiң түбi ғылымға сыйымсыз болса да, оның әсер беретiнi рас екен деп түйiндептi. Бұл Хайуан магнитiнiң түбi бiлiмсiз болғаны сияқты, Электрияның түбi бiлiмсiз, бiрақ Электрияның не нәрседен шығатынымен не iске жарлығы табылып отыр. Сондықтан ғылым оны ерiксiз қабыл алып, пайдалануда. Мұны сымсыз телеграф шықпай тұрғанда жаралыс жолымен сыр қуалағандар мүмкiн дер ме едi? 
      Ендi жан-рух туралы айтайын. Жан-рух деушiлердiң сөздерi жоғарыда айтылып едi. Солай болса да бiраз ұғымдылау етiп айтарлық сөз мынау: “Тегiнде дененiң өзiндiк әдiсi, сезiмiнiң орта тұрағы бар. Мида ол тоқтаса, мидың бар жұмысы тоқтайды. Сол мидағы орта тұрақ пен мұқым дене арасында сезетiн, қимылдататын тамыр, сiңiрлерге тұтастыратын бiр [...] бар. Соның үшiн жан дегеннен бiр бөлек нәрсе жоқ. Егер жан жоқ болса, мидың өзi жан болар едi. Оның жан емес екенiн көрiп-бiлiп отырмыз. Дене әрқашан өзгерiп тұратын нәрсе. Сондықтан жылдар, уақыттар өту себептi ол да бiржола өзгеше дене болып, ауысатыны Хақ. Адамның әр сезiмi, әр iстi iстеуi сол мидың өзiне ғана бiткен сезiну. Ол сезiну денеше әрқашан өзгерiп тұрмайды.  
      Адам өлген соң дененiң құрамалары шешiлiп, бытырайды. Сөйтiп басқа бiр өсiмдiк, хайуандарға кiрiп араласады. Сөйткендiктен әркiмнiң өзара ойы, бөлекше жаны болмай, бiреулерi бiреулерiне көшiп жүретiн болған соң не денеде, не жанда қайта тiрiлу жоқ. Адамның сезiмiм, өмiрiм деп жүргенi сол миға бiткен сезiну, әсерленудiң жаңаруы. Яғни әрбiр жаңаны сезбеуi ғана. Одан өзге еш нәрсе емес. Ол өзгерiп тұрған дене бұрынғы дененiң өзi емес, тек соған ұқсағаны ғана болады. Сондықтан оны адам өзiм деп бiледi деседi. Бұлар рух туралы бiлгiрлердiң айтқан пiкiрлерi. 
      Ендi жан туралы ой жүргiзген бiлiмдiлердiң сөзiн айталық: 
      Арменшевтер: “Өршу (тiршiлiк) механикасы дене машиналарының тетiгiмен бiр түрлi”, – деседi. 
      Дуадаримон: “Әр заманда электрия бар. Ой денедегi атомдар қозғалысының әсерi”, – дептi. 
      Астудамел: “Адамның тiршiлiгi бiзге сондай бiр қиын сырлармен байқалады. Дүниедегi тiршiлiк жаратылысының өзге көп сырларына қарағанда түпсiз, өлшеусiз бостықтағы кiшкентай арал сияқты”, – дептi. 
      Гераклит: “Жан – атом, яғни денелi емес. Жаннан шыққан әсерлерде дене қасиетi жоқ. Сондай-ақ жан қасиеттерi заман, уақыт астына да кiрмейдi. Бұл ақылдың өзiнен ғана шығатын қасиеттерi. Оны дене жаралысының еш сипатымен сипаттауға, өлшеп ойластыруға келмейдi. Жан былайша бөлiнiп, жаралысынан, денеден шыққан соң, денедегiсiнен қуатты болып, тiптi жоғалмайтындығы да айқын бiлiнедi. Шын анықтап қарағанда жан деген нәрсе тән (дене) сияқты емес. Денелер (тәндер) өзгередi. Жан олай емес. Дене екеуi бiрiгiп тұрған кезде ана екеуi бiрiне-бiрi қатты әсер бередi. Ашулану, жек көру, аяу, сүю сияқтыларда жан әсерi бетке шығады. Жан қатты әсерленсе дененi қатты қиыншылыққа түсiредi. Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамдарды өлтiрiп те жiбередi. Жан мен дене бiр-бiрiне әсер бередi. Докторлардың айтуынша, бiр нәрсенi ойлап суреттеген ой денеге әсер бередi”, – дейдi. 
      Уелит Декарт: “Жан мен дененi тiптi басқа түрмен болса да, жаратушы ол екеуiн бiр-бiрiне әсер беретiн қозғалыста қылғызған”, – дейдi. Мұның мәнi – дененi жан әсерiмен қозғалатын қылғызған деген сөз. 
      Уоллер: “Жан мен дененiң бiр-бiрiне әсер беруi қайтар жолмен болады”, – дейдi. Мәселен, тас соққандағы дауыстың жаңғырып, қайта естiлгенi сияқты. 
      Куирос: “Жан мен дене ортасындағы орта себеп болатын бiр нәрсе бар. Екеуiнiң қасиетi де ортақ болған себебiнен екеуiн қосып жарастырып тұрған сол”, – дейдi. 
      Гедолин: “Жан бөлiнудi қабыл алмайды, жан денемен бiржола бiрiгiп те қалмайды. Ол екi араға тағы бiр нәрсе қосып, оның мiндетiн анықтауға менiң әлiм жетпейдi. Бiрақ ондай нәрсе бар болса, өлшеу, сипаттауға келмейтiн бiр қиял сәулесi сияқты болып, сол тамыр, сiңiрлер арқылы әсер беретiн шығар”,- дейдi. Сонымен бiрге Гедолин тағы да былай дейдi: «Ғалымдардың бұл ортақ дене дегендi айтатын себептерi Францияның военный академиясының (соғыс мектебi) үстiнен қарайтын роташының магнитизм жолымен бiр адамды ұйықтатып, соның денесiн өлiмге ұқсас бiр күйге түсiрген, сонда жан бұрыны денеден шығып, сол адамның қасында бiр түрде болып тұрғандығын көрген. Осыған қарағанда магнитизм, спиритизм, телепатиямен ауыр нәрсе жеңiлденедi, жеңiл нәрсе ауырланады. Тiрi адамды ұйықтатып, жанын бiрнеше шалғай шақырымдарға жiберiп, ғайыптан хабар алғызады. Өткендi, келесiнi сөйлетедi. Өлген адамның жанын шақырып алып сөйлеседi. Жазухат жазғызады. Сондықтан олар жанның барлығын, тiптi жоғалмайтындығын анықтады. Мiне, осының бiрқатар шартын таба бiлсе, бұл тәжiрибенi әркiм өзi сынап бiлуi де мүмкiн. 
      Жоғарыда аталған мәселелермен Келестро деген адам Европа бiлiмдiлерiн таң қалдырған. Келестроның iстеген iсi: 1918 жылдарда Франция корольдiгiнiң орынбасары болып, онан кейiн король-патса болған, ақыр аяғында елiне зұлымдық қылғаннан өлтiрiлген XІІ Луи дейтiн болыпты [...] сол Луи нәсiлдерiнiң бiрiне тиiп, соған неке қиғызамын деп жолға шыққан бiр қыз Франция патсасы тұратын Париж деген қалаға бара жатқанда, француздың бiр ақсүйегiнiң үйiне түседi. Сол үйде әлгi қыз (есiмi Мари Антуан болса керек: “Келестро, маған бал ашып берiңiз, менiң осы некемнiң арты не болар екен?” – дейдi. Келестро: “Саған бал ашпаймын”, – десе керек. Бiрақ қыз жалынып, қиылғандықтан ол мына кереметiн көрсетiптi: Бiр шелек судың айналасына әртүрлi iстер iстеп, ұғылмайтын сөздер сөйлеп, қызға: “Мына судың түбiне үңiл, өмiрiңнiң соңын сонда көресiң”, – дептi Келестро. Қыз суға бiраз қарап үңiледi де, “ойбай” деп талып түседi. Қыз есiн жиған соң, қыз да, Келестро да сөйлемей жөндерiне жүре бередi. Қыздың талған себебi: әлгi шелектегi судың түбiне көп кiсi жиылған, ортасында өзi тұр екен. Бiрақ оның өмiрiнде өзi көрмеген бас кесетiн машинаға жазалыларды әкеп, басын қиып жатады. Ең соңында әлгi бас кесер машинаға сол Маридың өзiнiң де басын сол машинаның бiрi кесiп түседi. Өз басы бiр жағына сылқ түсiп домалағанын көрiп, сонан шошынып қалыпты. Бұл iстiң сол тұстағы таңырқарлық мәнiсi мынау: Ол кезде адам басын кесетiн машина жер жүзiнде жасалған жоқ едi. Ондай машина қазiргi заманда гильетона деген атымен мәлiм. Кейiн шықты. 
      Ал әлгi қыз – Мари король Тасфонцпен некеленген. Бiрталай уақыт өткен соң, өкiмет бастығы жазалы адамды қинамай басын тез қиятын машиналы айла iздестiрдi. Сол кезде Гельотин деген профессор бас кесетiн машина тауып, мұның суретiн, қалай iстейтiнiн жазып, түрме бастығына бередi. Ол корольға көрсетедi. Әлгi баскесер машина нұсқасын өңiнде көрген Мари тағы “ойбай” деп талып қалады. Есiн жиғанда король Мариден неге талдың деп сұрайды. Сонда қыз бұл машинаны баяғыда балгерден көрген оқиғаны айтады. Одан кейiн бiрталай уақыт өткенде күйеу корольдiң де, Маридiң де басы сол гильетона машинасымен кесiлiптi. 
      [...] ¬Ғылыми жеңiл есептеу – мiнсiз ғылымның зор мiндетi. Жаңа шыққан нәрсенi тексерiп, түбiн бiлуге кiрiсу, бұл спиритизмдi жеңiл көрiп, түбiн бiлуге сал бiлу, анық шын ақиқаттың жолын бұзғандық болады. 
      Спириттiң тағы да бiр сөзi бар: “Жан ұйықтағанда немесе гипнотизм жолымен ұйықтатылғанда дененiң тiршiлiгiне ғана ие болып тұрады”, – дейдi. Ана жылы өзiмiз көрген Ғ¬абдул Хамит Ешкин деген гипнотизм туралы жазған кiтабында: Ол екi түрлi жанның бар екенiн айтады. Сөйтiп екi түрлi жанның бiрiн рух деп атаған. Ендi бiрiн табыс дептi. Табыс дегенi жанның көшiрi сияқты. Гипнотизм мұны билеп, жанды ерiксiз күндеп, айтқанды естидi деседi. Мұның өзi бейне осы бiздiң қазақтың шошыған кiсiге «үрейiң ұшып, жаның кетiп, құр сүлдерiң қалыпты ғой» дейтiнi iспеттi ұғым. Осыны ойлағанда бiз жанның жолдасы сүлдер десек тура келедi. Сайып келгенде бұл гипнотизм, спиритизм, телепатиялық байымдаулар әлемде әйтеуiр бiр қуаттың барлығын мойындаса да, оның түп себебi не екенiн таба алмайды. Әрқайсысы әр түрлi жору айтады. Сол байымдаулардың бiрi – өлгендердiң жаны рас дейдi. Мұның дәлелi: шақырылған жанның мен пәленшенiң жанымын деп айта келетiнi. Ол жамағаттан басқаның да сырларын бiлiп, айтқанда дәл шығатыны. Тiптi жазған жазуы сол кiсiнiң жазуына ұқсас келетiнi, т.б. 
      Ал кейбiр ойшылар жанды жын дейдi. Оның дәлелi: жын бар деу ескiден келе жатқан ұғым. Күнi бүгiн де бақсы, диуаналар әдеттегi адам айтып, iстей алмайтын iстердi iстейдi. Жындар қақаған қатты суықтарда жалаң аяқ, жалаң бас, жалаңаш жүредi. Мiне, оларды осылай жүргiзетiн жын. Осындай жындар да әр түрге түсiп, әр нәрседен хабар тауып, әрi хабар бередi. Сондықтан бұлар да адам жанының бiр қуаты деседi. Олардың тағы бiр дәлелi: жын да ешбiр сезiм мүшесiнсiз айыпты бiлiп, адам iстей алмайтын нәрсенi iстей алады. Жан сезiмiнен шығып, басқа түрге түскенде, ұйқы, бақсылық, диуаналық, әулиелiк, ұйқыда кезу (лунатик) сияқтылар да жанның сезiну күшейiп, сол спирит iстейтiн қиын iстердi адамның өз жаны iстейдi дейдi. 
      Мiне, осыны байымдаған спиритизм, магнитизмнiң екi түрлi жолы бар, мектебi бар. Бiрi – Салтедиер мектебi. Бұл аса үлкен доктор Шаргоның жазған жолы, екiншi бiреуi – Залц мектебi. Оның бастығы дәрiгерлiк факультеттiң профессоры доктор Бринго. Бiзге осы кезде Европада Спириттерден кейiнгi hәм оның әзiрлеушi көпшiлiгi мынадан байқалады: жалғыз ғана француз тiлiнде осы спиритизм туралы газет, журналдар шығады. Оның төртеуi Парижде шығады. Олар: “Ару спирит”, “Фратслерь”, “Луа спиритизм”, “Лалдиер” деп аталады. 
      Ал ағылшынша мұның 27-сi, испанша 30-ы, немiсше 5-i, португалша 3-i, орысша 3-i, италиянша 3-i. Бұлардың, әсiресе, екеуiн бiлiмдiлер шығарған. Оның бiрi Лондонда Фросуа, Тансн журналы. Оны шығарушы – тексеретiн комиссия. Онда iстейтiндер Үлкен Гларостон, Туилам, Крогза, Леридо, Русл, Уасл сияқты бiлiмдiлер. Оның жазушылары тексеру комиссиясының профессоры Палфорситтот, Сосияти, Робаль сияқты ғалымдар. Ендi Германия тiлiнде “Сфенкс” газетi. Оны да өңкей бiлiмдiлер шығарған. Бұл спиритизм, магнитизм дегеннен басқа нахидизм дегенi болады. Ол Индустан руханиларының iсi болады. Олар нахиз дейтiндiктен нахидизм аталған. Нахидистер оқымаған, ешкiмнен үйренбей-ақ өз-өзi бақсы, балгерлiк, адам iстей алмайтын iстердi iстей алады. Мәселен, бiр үйде отырған бiреу қанша кiсiге менiң рұхсатымсыз бiреуiң қозғалмайсың десе, ешбiреу қозғала алмайды. Сол жерде бұл бақсылардың жолы болса керек. Жас күнiмiзде бақсылардың асау атты мiнiп, үйге кiргенi, алты қанат ақ үйдiң шаңырағына секiрiп шыққанын көрген едiк. Әншейiнде оның бiрiн iстей алмайтындығы анық. Жоғарыда аты жазылған Курнэ Спирит, Хасен Маoзох кiтабында былай айтылады: “Бiр адам көз тигiзгiш деген соң “анау қақпадан алғаш кiм кiрсе, көзiңдi соған тигiзшi” дедiк. Аздан соң қашыр мiнген поп (молла) сол қақпадан кiрiп келе жатты. Әлгi спиритшi түрегелiп қадала қарап едi, 200 қадамдай келе жатқан поптың қашыры тайып жығылды да, поп анандай жерге барып құлады. Қасына барсақ, еш жерi ауырған жоқ, қашырын мiнiп алып жөнелдi. Көшедегiлер: “Қашыр тiптi таймас болушы едi”, - деп аң-таң. Бiз осылайша көз тигенге таң қалдық. 
      Кейде тiрi адамның дене сезiмiнсiз-ақ айыпты бiледi. Адам iстей алмайтын iстi iстейдi. Мұны орысша – лунатизм, Европаша – сомнелимиолитизм дейдi. Бұл “измдердi” ғылым оқығандар бiледi. Қазақша айтқанда кейбiр адам ұйқысырап жүрiп кетiп, әлденеше түрлi iстi iстейдi. Қайта келiп жатып қалады да, оянғанда осыны бiлмейдi. Дәл осындай болуды бiздiң төл тiлiмiзде “ұйқыда кезу” деп атайды. Мұндайлардың кейбiреуi биiк үйдiң шатырына шығып алып, таймастан дәл шеткi қырын айнала жүрiп келiп, тiптi құрулы саты болса да, сонан да жүрiп өтiп, өз орнын тауып жатып қалады. Ал одан ұйқыдан оянғаннан кейiн мұны сұрасаң, әлгi адам түк бiлмейдi. Мұндайлар көп болады. 
      Кей адамдардың әдетте «пәлен жерiм тартты, солай еткенде, көбiнесе солай болушы едi» дегенi де дәл шығады. Кей уақытта адамның көрген түсi де дәл шығады. Бұған бiр мысал келтiрсек: Ептиелиода дүние аралап серуендеп жүрген бiр қатын айнаға қарап, киiмiн түзеп тұрғанда 13 жасар жиенi көрiнедi. Ол: “Көрдiң бе, мама, міне, мен өлем”, – деген. Осы баланың шешесi әлгi қатынның сiңлiсi едi. Жақында жазған хатында ондай жаманаттың ныпсысы да жоқ-ты. Келесi хатты күтпей-ақ әлгi қатын Парижге келсе, дәл айнадан көрген күнi жиенi өлген екен. Туған сiңлiсi оған дейiн апасына жазған хатта бала өлiмiн әдейi жазбапты (Апам қорқар деп ойлап).  
      Америкада бiр адам өзiнiң жақын қарындасын қиянатпен алдап, көңiл қосып қояды. Ақырында әлгi қыз жүктi болып қалады. Жұрттан именген ол өзiн елеусiз орынға тасаласа да жұрт бiлетiн болған соң, әлгi сұмырай қызды өлтiрiп, көмедi. Кейiн әлгi жас өлiк қабiрiне жақын тұратын бiр темiршiге өлген қыздың жаны келiп тiл қатып, үрей тудырады. Ол аруақ қыз былай дейдi: “Менi өлiмге қиюшы ломмен ұрып қатырды да, пәлен жерге киiмiмдi, пәлен жерге денемдi тықты. Сол оқиғаны судьяға айтпасаң, өзiңдi жазым қыламын”. Сонда қыз сөзiн тыңдаушыға қыздың мылжаланған миы бұрқырап, қаны ағып, иығынан жоғары дене суретi түгелiмен жас баланың сәулесiндей боп көрiнiп тұрады. Мұны естiген темiршi судьяға бiрден мәлiмдей алмай, үш күн өткiзедi. Аяғында болған шындықты судьяға мәлiмдеп, тексеру жүргiзсе, оқиға болмысы өлген қыз айтқандай болып шыққан. Мұны естiген спириттер сол қыздың жанын шақырып алып, бөлменiң төрт бұрышына сегiз жерден сурет тартатын аппарат қойып, соған қыздың жаралы пiшiнiн, иығынан көрiнген баланың сәулесiн түсiрiп алыпты. Сол сурет бүгiнде ғылыми жиналыс үйiнде сақтаулы тұр. 
      Спиритизмдi алғаш ашқан Кэткеризм деген екен. Американың иелiгiнде спириттерге келгенде сурет тартатын аппаратпен алынған суреттер бар дейдi.  
      Адамдар жаратылыс жұмбағын шеше алмағандықтан әлдеқайда сандалып ойланғандарды “идеалист” деп атапты. Идеалистер дүниеде нағыз шындық (шын нәрсе) жоқ дейдi. Осы бар деп жүргенiмiз құр ғана қиял, сонымен бiрге олар айналадағы көлеңке, не сағым сияқты нәрсе, шын нәрсе емес деседi. Дәлелдерi: сезiмiмiздiң бәрi бiздi алдайды. Мысалы, сағымдатқанды әлде не ғып көрсетедi. Құлағымыздағы бiр дауыстың өзi әлденеше дауыс сияқты бiлiнедi. Осылай естiлуде бiр нәрсенi шын екен деп ойласақ, кейiн онымыз қате болып шығады. Осыған тиiстi бiр дәлел: бiзде хабар сезiм жоқ… Баяғы Аплатон деген бiлгiш өзiнiң “Республика” деген кiтабында Троглодиo деген адамдар болыпты деп былай мысалдайды: Олар зындан сияқты қап-қараңғы үңгiрде өскен, өмiрiнде жарық көрмеген соң әлдеқалай жолығу кезiгiп, қыбырлаған бiрер жандарға әлгi үңгiрдiң аузын бекiте жауып тұрған есiкке жетiп қақтығысады. Сонда есiк ашылып кетiп, үңгiрдегiлердiң бiрi сыртқа шығады. Оның мында жарыққа көзi шағылысып, түк көрмейдi. Үйрене келе көнедi, aғашты, тауды, суды көрiп дегендей. Тамашалап қуанады. Ол үңгiрдегi досдастарына келiп, сыртқы көргендерiн айтады. Соны естiген үңгiрдегi жолдастары әлгi сыртқы жарықты көрiп келушiнi: “Мынау жынданған екен”, – деп күлiседi. Бiрақ, әлгi байқұс сыртқы жарық өмiрден байқаған табиғат қасиеттерiн айтпай тұра алмайды. “Көргенiм шын, тiптi шын”, – дей берген соң, оны үңгiрдегiлер ұрып-соғып қойғызбақшы болады. (Мiне, бұл қараңғылықта қамалушылықты келеке еткен мысал ғой). Бiрақ үңгiрдегiлердi әсте сөгуге болмайды. Себебi: олар сыртқы жарық дүниедегi өмiрдi көрген жоқ. Тексерiп байқаған да жоқ. (Бiз де басқа жарқын дүниенi бiлмеймiз).  
      Бұл кiтаптaғы сөздiң түп мақсаты – “барлықты (нәрсенi) басқы жаратушыда бiлiм бар ма, жоқ па, өлгеннен кейiн жан жоғала ма?” деген ойды дәлелдеу. Анығына келсек, бұл екеуi де бар. Жоғалмайды. Ал оны жоқ деушiлердiң сөзiн мен жоғарыда жаздым. Соның iшiнде жан жоқ деушiлерге қарсы дәлел қып тұрған магнитизм, спиритизм, телепатия, нахидизм, түс сияқтыларды түгел түсiндiре жаздым. Осылайша созалаң жазғаным тым қызықты да болмас, бiрақ мұным ертегiшiнiң ертегi емес. Әр тобынан бiреудi көрсетiп: “Тәңiрi бар ма? Жан бар ма?” – деген екi сұрауға жауап тапқым келедi. Бұл сұрауларға бiр бүгiн емес, баяғыдан берi талай жауап айтылып, талай алғыр ойлар жүргiзiлген. Бiрақ сол табылған жауаптар мен ойлардың бiрi үстем, кейде екiншiсi үстем бола берген. 
      Осы iстер жөнiнде қай-қайсымыз қандай дәлел тауып, қандай жаңа ой жүргiзсек те, бәрi бiр сол ескi заманның бiр терең ойшылының әуенiне басатынымызда дау жоқ. Менiң ойымша, ескi замандағыларда ойланбаған ой, айтылмаған сөз жоқ, iстелмеген iс қалған жоқ. Бәрiнiң басын солар бастап кеткен. Бiрақ көп заманның өтуi, қазаға ұшырауы сияқты себептерден бұрынғы асыл мұралар жоғалған, ұмытылған. Дегенмен, қаншадан кейiн екенiн кiм бiлсiн, сол бiлiмдiлер өзi келген уақыттың киiмiн киiп, жаңғырып шыға келдi. Тiптi бiзден 4 мың жыл бұрынғы адамдардың өнерлi болғаны мынадан байқалады. Италия арқылы Октари Грит аралындағы тексеруде Ғ¬айсадан 1500 жыл бұрын басылған Бросулка жазулы (жазу екi жағына бiрдей жазылған) 240 жол жазуы бар тақтай тәрiздi бiр нәрсе табылған. Бұл нәрсе 4 мың жыл бойында неге бұзылмады екен? Бұдан басқа Бабарияда бертiнiрек қазылып, табылған бас сүйек бар. Онда тауық жұмыртқасындай жер қолдан жасалып, қиюластырылған. Сол бас сүйек осы күнде Инжан музейiнде сақтаулы тұр. 187... жылы Австрия археологтары Кiшi Азиядан Талос дейтiн тауда бiр қатынның моласына қойылған тас суреттiң сынықтарын тапқан. Ондағы жазу римше екен. Соның бiр жерiндегi жазуды оқыса: “Анатомия Бодене қызы. Дәрiгерлiк ғылымда асқан озықтығы Талос халқына белгiлi болғандықтан осы сурет жасалды”, – делiнiптi. Ендеше XVII-XIX ғасырдағы 300 жылдай уақыт iшiнде Европа ғалымдары баяғы юнанның (грек) Епигорс, Сократтарының ойлаған ойын ендi-ендi ғана жаңартып отырған жоқ па? Әсiресе XIX ғасырда болған дауды әлдеқашан сүйегi қурап қалған Майеннiң таяғына кез келiп, оған үңiлiп отырған жоқ па? Ал XVI ғасырдағы жүз жылда [...] сүйегi күлде қалған жоқ. Қалмағаны сол – грек-юнанның Пифагор бөрiгiн тыстап киiп отырған жоқ па? Өйткенi осы күнгi бiлiмдiлердiң жақын арада таптық деп жүрген электр қуатын грек-юнанның [...] әлдеқашанғы табысы тапқан жоқ емес.  
      Бұрын әншi, күйшi, кестешi.  
      Ән мен күй баяғы өлең,  
      өзi өлсе де қалды бөркi.  
      Тағы да сол сияқты. Бiз де жоғарыдағы екi сұрауға бiлiмдiлердiң сөзiнен қорытып, оның үстiне тұңғыш ой деп отырғанымыздың әлдеқашанғы кiмнiң ойы болып шығарын бiлмеймiз. 
      Адамға тәңiрi көрнеу, көмес (жасырын) пайдаларды толық қылды. Соның бәрiн көре отырып, тәңiр туралы дауласатындар бар. Мұндайлардың не тәңiрiсi жоқ, не ғылымы жоқ, не басшысы жоқ, не дәлелдi кiтабы жоқ. Құр оймен сәждеге басын қойып, сүресiн, жетi-сегiз аятын айта жөнеледi. Ол сондай тәңiрi әр нәрсенi өзiне лайық еткен. Адамдарды басында топырақтан жасап, нәсiлiн нашар судың нәсiлiмен құйған. Онан соң оны тағы да толықтандырып, жаннаттан жан берген. Сонымен бiрге құлақ, көз, ой берген. Бiрақ адамдар жаратушының бұл бергендерiнiң орайына тым аз шүкiрлiк етедi. Шүкiрлiк етудiң шын мағынасы – раздығын бiлдiрiп, бұйырғанды орындау. 
      Ендi жан туралыға келейiк. Жан, менiң айтқанымдай, о баста бар болса, денедегi (тәндегi) орны болған соң, денеден шыққанда бiржола жоғалып кетпейдi. Неге десеңiз, жоғары айтқандай, еш нәрсе жоғалып кетпейдi. Тек қана өзгеретiн болса, жан белгiлi бiр түске түсiп, барлықтың iшiнде бар болады да жүредi. Мен бұл араға дейiн жанның бiрiнен бiрiнiң артылатын қасиеттерiн бөлiп айтпай, бәрiн де жан деп келдiм. Әсiлiнде, жан әр түрге түседi. Мысалы, эсткия – сезiмтал, аңғарғыш жан, мослмудиеритулм – ақылды жан деген тәрiздi әртүрлi жан қасиеттерi болады. Бұлай болу пiшiн мен себептерге қарай болады. Дененiң (тәннiң) әр түске түскенi сияқты жан да ауысып отырады және жоғарылайды (бұл бейне дене бiтiсiмен суықты сезiп, тамырына қашқан сияқты). 
      Мұның себебi: оның денесi (тәнi) жанында. Содан артық сезiнерлiк қаруы болмағандықтан, алайда оның iшiнде бiрнеше сезiмдiлерi де бар. Өсiмдiктердiң жолын (заңдылығын) жазған бiр кiтапта мынадай бiр шөп делiнедi: Оның ортасындағы жалынға қонған жәндiктердi тарауларындағы, үстiндегi ине тiкен сорады, тiптi түскен дәндi де сорып, құр қабығын қалдырады екен. Бұлай болғанда бұл өзгерiстiң өзi адамға аңғарарлық емес пе? Ендеше аңғару, ойлау ерiктi хайуанның бәрiнде бар. Ерiктi хайуан дегенiмiз – өсiмдiктен бөлек барша жандылар ғой. Өсiмдiк бөтен жерде жүре алмайтын болғандықтан, оны ерiксiз хайуан деймiз. Бiрақ олардың да бiрi естi, бiрi бiрiнен шебер. Оның жәйi әркiмге белгiлi. Ал адамның көбi сол хайуан естi болмаса да, толық зерек, терең ойлы ақыл адамнан шығады. Бiрақ сол адам табиғаттан артық шебер емес. Жан туралы тағы да бiр ой бар: Ол суға топырақ қосылып кеткенiндей жан бар, яғни жан жандарға қосылып та кетедi. Бұл әбден бiрiгiп алған сияқтанғанымен, бұл жан өзге жандардан айырылып шыға алады деседi. Мен мұны шала ойлаған деймiн. Себебi жанның барлығына жаннан шыққан ерiк, талап, ой, мақсат, сезiм, бiлiм арқылы көзiм жетсе де, оның денелерiне қосылып кетуiне ешбiр дәлел жоқ. Өйткенi ол дене денеше қосылмаса керек. Қосылады десек те оның бөлiнуi оңай. Мәселен, жаратушы соқыр, сезiмсiз табиғат болсын, мейлi бiлiп жаратушы тәңiрi болсын, қайсысы жаратса да, жаралыс жолында (заңында) денелер бiр-бiрiне қосылып, неше түрлi түрге түсiп, олары қайта шешiлiп, негiздерiн бiлiп, онан неше түрлi тердi шығарып отырған жоқ. Жаратушы түгiл өзi соқыр табиғатта жаралған адам жаралған нәрселердiң ең керектi қасиетiн, “тұрпатын” бөлiп алып, керегiне жаратып отырған жоқ па? 
      Шақпақ темiр мен шақпақ тастың оттан шыққанын, оттан бастап электр, радио қуаттарын ойласаңыз жөн. Сол сияқты су әншейiн қарағанда бiр-ақ нәрсе болып көрiнедi ой. Оның қаншасы водород, кислород екенiн бiлiп (судың екi есесi водород, бiр есесi кислород), оны айырып, тағы да ауаның 4/5 бөлiгi азот, бiр бөлегi кислород екенiн айырып алып, керекке жаратып, керек болса қайта қосып, суды су, ауаны ауа етiп отырған кiм? Егер соқыр табиғат жаратқан болса, ол бастабында әлемдi газ қылса, онан соң сұйық, одан соң қатты дене қып, денеден өлшеулi сипатқа келмейтiн нәрселердi шығарып отырған кiм? Мейлi ол соқыр табиғат болсын, мейлi бiлiп жаратушы болсын, мынаны қылмайды деп ақыл айта алады. Менiң ойымша, жанның жоғарыда айтылған қасиеттерiнiң бiрде-бiрi дене iстерiне, дене қасиеттерiне, бiрiне-бiрi ұқсамайтындығына қарағанда – дене бiр бұзылып, бiр түзелмей, онан да жоғарылап, зор қасиетке ие болатындығы байқалады. 
      Жоғарыдағы Рол Камилдтiң, Мадиолог Рендрит, Писмастра Тосторс, профессор Поттил сөздерiндей сөздердi кеш болса да, жете тексермей өте шығу өте жеңiлдiк болады. 
       
      2. ҰЖДАН (совесть) ТУРАЛЫ 
       
      Адамдағы нысап, әдiлет, мейiрiм үшеуiн қосып айтқанда, мұсылманша «ұждан» деген ұғым туады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Осы ұждан деген не? Мұны адам бойына iстеп отырған кiм? Бұған жауап берушiлер оны адамшылық арым соны iстеудi ұнатады дейдi. Менiмше, бұған жауап: ұжданың солай қылғанда ұнатады дегендiк болып шығады. Алайда мен сол ұждан қайдан шығып тұр десем, соған жауап жоқ сияқты. Менiмше, ұждан – жанның тiлегi, негативi, жоғалмайтын нәрсе. Барған сайын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан ол тезiрек жоғарылауға себеп керек. Мәселен, таза дене, толық мiнез ой iстерiн керек қылады, соның бiр қатты керегi – ұждан. Оны адам осы өмiр үшiн ғана керек қылмайды, соңғы өмiр үшiн де керек қылады. Себебi бұл өмiр үшiн ғана керек болса, не пайдалы, не жаққан үшiн керек болады. Мысалы, “атым қалсын, пәленше сондай таза” деу – менi жақсы көрсiн дегендiк болар. Онан басқа жарық ой жоқ. Себебi, сол ұжданның иесi жан жоқ, соңы өмiр жоқ деп отырса, соқыр табиғат, табиғаттың жансыз жаратқан бiр машинасы ұжданның iсiн қылады, не қылмайды. Тәңiр жарылқасын, әумин деуге де қиын. “Жоқ” деудiң себебi: ол тәңiрiң бар деп отырған жоқ, соқыр, саңырау табиғат тәңiрi жарылқасынды iстетпейдi, көрмейдi де. Менiң бiр таңырқайтыным – сол тәңiрi жоқ деп отырғандар: “Жасасын пәленше!”, “Жасасын пәленше iстер!” – дейтiнi несi? Мұнысы бұйрық па, әлде тiлек пе? Егер бұйрық болса, кiмге бұйырады? Тiлек болса, кiмнен тiлейдi? Ойлап көрелiк. Менiң ойымша, тәңiрдi айтып жоқ қыламын дегенмен, адам жанының сау ақылы тәңiрдi мойындатпай қоймайтындығы осыдан. Бiрақ баяғы ескi дағдысынан тана алмай жүргендер мұны сезе алмайды. Бұған ұнай алмай жүр. Жоғарыдағы жан жоқ деушiлер: “Жан миға бiткен бiр сипат бөлiнетiн нәрсе емес” дейдi. Бұл сөз жанды таба алмай, тек артын сипалағандық iспеттi. Себебi ми электрия қуатын жинайтын батарея сауыттары сияқты жанның тұрағы ғой. Ол бұзылса, электрия қуаты кеткен сияқты, мидан жан да кетедi. 
      Жан адам өлгеннен соң тағы бiр хайуанға кiрiп жүредi деушiлер бар. Оның дәлелi неде? Солай болған күнде денеден шыққан жан тағы бiр бөтен жанды денеге кiре ме? Не жансыз денеге кiре ме? Егер оны жанды денеге кiредi деушiлер өз бойындағы жанның бар-жоғын бiлмей жүргенде, ондай жануарға тағы бiр бөтен жанның керегi не? Егер бойдан бөлiнген жан жансызға жан болып енедi десек, тiптi өлген адамның жаны әсте жоғалмайтындығы бар емес пе? Ондай жандар әр алуан хайуанға жан болып жүрген жоқ па? Ондай жан қай хайуанға жан болып жүрсе де, ол өзiн бастапқы өзiмiн деп бiлiп жүрмей ме? Сүйткен жан аяғында әр алуан күйге түсiп, дүние тiрлiгiндегi iсiне қарай не рахат, не бейнет болады деседi екен.  
      Ал денелер туралы айтатындардың тағы бiр дәлелi – қайта айналыс жолы. Бұл жолды ұстаушылар бұл әлем қайта айналып, о бастағы газ қалпына барып, онан сұйық болып, тағы салқындап, қатайып, қайтадан планета болып қалыптасады деседi. Бұлай болып қайта жаралғанда жер бетiнде хайуан, адам, өсiмдiктер де қайта пайда болады. Ол кездегi әр нәрсемiз бүгiнгi бұл өмiрге есте ұқсамайды деседi. Бiрақ соншалық iрi өзгерiстер кезiнде бiзден сезiну жоғалғандықтан ешнәрсенi сезбеймiз дейдi. Қараңыз, мұның өзi кәдiмгi дiндарлардың күтiп жүрген қияметiнiң дәл өзi емес пе? Осы қайта айналыс жолын дәрiптейтiндердiң тағы бiр дәлелi мынау: Жаратылыс себебi, жолы олар осы барлық (материя) жаратылыс себебiмен жаратылып жатыр. Сондықтан оған ие жаратушының не керегi бар деседi. Олай болса, сол соқыр бiлiмсiз бiресе тыңдаушы, бiресе жұмарлаушы болып отырғанын көрдiңiз бе? Түзелушi талапсыз, мақсатсыз түзеле ала ма? Сезiмiмiзден ерiк, мақсат шала ма (осал ма)? 
      Жан және жаратушы туралы тұқымдастық қуғандардың дәлелi: олар жаратушы мен жан жоқ дейдi. Олар мұны дәлел етуден көрi жаратылыс сырын айту керек едi. Ондағы сөзi: барша әлем, адам да, айуан да, әуел баста су хайуаны болған. Ол заманда теңiз жердi орап алғандықтан су хайуаны жерге шығып, содан өзгерген. Сондай-ақ бiр-бiрiне ұқсас хайуандар, адамдар бiр-бiрiнен туып өрбiген, өзгерген деседi. 
      Бұл пайымдауға байланыстыра отырып алдымен өзiмiздi айталық. Егер ең түпкi жаратушы болмаса, өсiп-өнгендердi түрлiше етiп шығарып жатқан жаралыс екенiне ешбiр сау ақыл таласпайды. Бiрақ тұқымдастық жолын ұстаушылардың: “Бiрiне-бiрi ұқсағандардың бәрi мынау мынадай туып өзгере бередi”, – дерiн менiң ақылым қабыл алмайды. Дәлелiм: бүгiнгi жер бетi өсiмдiк, хайуандар өнiп-өсуге жарайтын болғанға дейiн мұның топырағы, шөбi, басқа да барша заттары әбден араласқан-ды. Сүйткен жерде өнген өсiмдiк, хайуанаттар себебiне, ретiне, топырақ, су, ауасының мөлшерiне қарай бiрi-бiрiне қалайша ұқсас, я ұқсаңқыраған, тiптi ұқсамаған болып кеткен. Менiң бұл сөзiмдi сынау үшiн даладағы сортаңдау жердiң балаусасын, саядағы, өзен бойындағы бұтаның бiр арадағысының бiр-бiрiне ұқсаңқырағанын, не болмаса ұқсамағанын көрiп, солардың су, топырақ, ауа сияқты себебiнен тексерiп қараңыз. Егерде Вин мен Майеның сөзi дұрыс болса, бұл өсiмдiктер де бiрiнен-бiрi туып өзгерген болады. Менiмше, жылқы мен есектен қашыр туса да, екi жылқыдан туған құлын қашыр болып тумайды. Бұл сөзiмнiң қорытындысы мынау: Тамам барлықтың (материяның) бәрi туыс, ата-анасы бiр екенi рас. Содан туып, өзгерiп жатқаны да рас. Бiрақ ұқсастың бәрi бiрiнен-бiрi туып өзгерген жоқ. Жаралған себептерiнiң ыңғайына қарай бiрiне-бiрi ұқсап, не ұқсаңқырап, тiптi ұқсамай да жаралып жатыр. Бұлай деуде адамды маймылдан тудыруға арланып айтқаным жоқ, қайта жаманнан жақсы туғанымызға қуанатыным бар. 
      Бұл күнде бүкiл Европа мойындап отырған сияқты Дарвин сөзiне қарсы дау айтқаныма өзiнше ғылыми жастар тексермей тұрып, үстiрт қарап, менi сөгер де. Оларға айтарым: өздерiң алдымен “Нәсiл туралы”, “Жоғарылау туралы” iлiмдерге сын жазған Германия ғалымы Медердоның Германиядағы дарвинизм туралы жазған кiтабын оқып алып, онымен Дарвиннiң және Медердоның сөзiн салыстырып, салмақтап алыңдар. Онан соң менi сынап, сөгулерiң қашпас деймiн. Осы кiтаптың аяқ жағындағы қай қорытындым болса да көбiн Европа ғалымдарының сөзiнен, оның iшiнен өзiм құптайтынымды ғана алып отырмын. Өз бiлгенiмше сыңар езу болғаным жоқ деп өзiме-өзiм сенемiн. Және өз ақылыма ұнағанын жаңа деп қостым да, пәленше-екем айтқаны дұрыс, онымен алысып қайтемiз дегендей, терең ойын құмға көмiп кетушiнi – өз көзiн өзi шұқып шығарушы дер едiм. 
      Жоғарыда спиритизм, магнитизм, телепатия, нахидизм, лунатизм, түс көру сияқтыларда әрбiрi әр түрлi жору айтқан. Европа бiлiмдiлерiнiң сөзi туралы менiң ойым мынау: жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының өзiндiк қуаты бар деймiн. Дәлелiм: бiрiншi, жақтырмаған жан келiп, кейде өзi пәленшенiң жаны екенiн, тiптi нанымды сөз айтатыны. Екiншi, жақтырмаған кiсiге бақсылық, дуаналық, нахидизм, жындылық тосын кез болатыны. Үшiншi, ұйқыда кезу – лунатизм, магнитизммен бiреудiң еркiн билеу, көрген түстердiң қайсы бiрiнiң дәл келуi. Бұл үш түрлi iс – үш бөлек қуаттың iсi болуға лайықты. 
      Оның бәрiн бiр ғана қуаттан iздеу – қате деймiн. Мен «жан жоқ, өлген соң өмiр жоқ» дегенге таң қаламын. Бұлай дейтiндерге мұндай сөздi қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да оның жоғалмайтындығына күндей жарық дәлел табылып отыр. Ал дағдылы ескi әдетке, шатақ дiннен шыға алмаған моллаларға нану ақылдың iсi ме? Бiреу жанның өлген соң да жоғалмайтынын, қайта бұрынғыдан да жоғарылайтынын ақылмен қабылдасын, ендi бiреулер жанды адам өлген соң бiржолата жоғалады деп танысын дейiк. Солай танушының екеуi де өлер. Егер менiң сөзiм дұрыс болып, өлсе, бұл екеуi не жаймен өледi? Бәрiнен де өлген соң жанның тазарып жоғарылайтынын таныған адам өмiрден қуанышта болып өтпек. Ал жанның бiржола жоғалатындығына нанған адам өкiнiште болып, өмiрден бiржола жоғалдым деп өлсе керек. Ал ұжданның жан тiлегi екенiне нанған адам өмiрде iстеген қиянатына қатты өкiнiп, күйiнiп, iстеген жақсылығына қуанып өтсе керек. Олай нанбай, ұжданды құр ғана көрiнiс үшiн адамдыққа лайық деп ұғатын кiсiге жақсылық пен қиянатшылдықтың көп айырмасы болмаса керек. Оған бүгiнгi өмiрдiң айла-әдiсiн тапса болғаны. Өлгеннен соңғы жаңа өмiрiне ондайлар нана алмас. 
      Ұждан – екi өмiрге бiрдей керек таяныш. Бұған нана алмаған адамның жүрегiн ешбiр ғылым, өнер, ешбiр заң, жол тазарта алмайды. Егер кiмде-кiм жаны өлгеннен кейiн де көретiн өмiрiнде тiрi болатындығына, ұжданы сол жанның азығы екенiне ақылмен сынап әбден iстесе, оның жүрегiн еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулының бәрiн бiр бауырдай етiп, екi өмiрде де жақсылықпен өмiр сүргiзетiн жалғыз жол – осы мұсылман жолы секiлдi. Кейбiр дiншiлердi қорлыққа түсiретiн шатақ дiн – жалқаулық. Әйтпесе адамды жаратушы – нақты бiлiмпаз. Адам жаны өлгеннен соң да ұжданды болып, еш нәрседен кемдiк көрмейдi. 
      Тiптi бұл – жоғарылау заңының ең зор жәрдемi. 
      Менiң үш анық дегенiм – осы.  
     

 


Информация о работе Әбіш Кекілбаев