Б.Майлин ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2013 в 16:08, реферат

Краткое описание

"Шұғаның белгісі" хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—"Шұғаның белгісі" хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста "Садақ" атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік теңсіздік кедергі болып, армандарына жете алмаған байдың қызы — аяулы Шұға сұлу мен кедейден шыққан мақтаулы, оқыған жігіт Әбдірахманның қайғылы тағдыры суреттелген.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Б.Майлин ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ.docx

— 17.83 Кб (Скачать документ)

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН «»ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ

"Шұғаның белгісі"  хиқаяты. Өзінің проза жанрындағы  тұңғыш туындысы—"Шұғаның белгісі"  хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға  толар-толмаста "Садақ" атты  қолжазба журналда жариялайды. Соған  қарамастан, бұл шығарма күні  бүгінге дейін қазақ прозасының  айтулы үлгілерінің бірі болып  қалып отыр. Егер ол кез —  1914—1915 жылдары — қазақ прозасының  жаңа ғана бой көтере бастаған  балаң шағы екенін ескерсек, онда  мұндай ғажайып туындыны қолына  жаңа қалам ұстаған шәкірт  талапкердің дүниеге әкелуі танымдық  тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс.  Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы  кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат  бостандығы әңгіме болады. Әлеуметтік  теңсіздік кедергі болып, армандарына  жете алмаған байдың қызы —  аяулы Шұға сұлу мен кедейден  шыққан мақтаулы, оқыған жігіт  Әбдірахманның қайғылы тағдыры  суреттелген. Есімбек бай қызын  кедей жігітке бергісі келмей, олардың жолығысуына тыйым салады. Онымен де тынбай, өтірік жала  жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Осындай қатыгез зорлықтан ішкұса  болған нәзік жанды Шұға айықпас  дертке шалдығып қайтыс болады. Айдаудан босатылған Әбдірахман  сүйікті ғашығы — Шұғасына  асығып жеткенде, қайран арудың  қазасының үстінен шығып, бордай  егіледі, өзіне қалдырған хатын  оқып, көз жасын көл етеді...

 

Осы қысқа қайырымды  оқиға сүйіскен жастар бостандығын  қолдап, оған ерік бермейтін ескілікті  сынайтын, ғасырға жуық уақыт бойы оқырмандарын тамсандырумен келе жатқан сұлу да сырлы, әсем де әсерлі хикаятқа қалай айналған десеңізші!

 

Хиқаят күзгі  табиғаттың әсем суретінен басталады: "Біз елден шыққанда күн де сәскелікке жақындап еді. Ұшпалысу бұлттар  көшкен керуен сықылды тіркесіп оңтүстікке қарай жылжып ұшып, күннің көзі біртіндеп  ашыққа шығып, жылы шырайлы нұрын  шаша бастады". Баяндаудың осы бір  жайма шуақ әуені әсерлі әңгіменің  нышанындай сезіледі.

 

Әрі қарай "біз" дегеннің бірі — автор, екіншісі — "отыз-қырықтың шамасындағы жер  ортасы адам" — Қасымжан деген "сиректеу сақал-мұрты бар, қара бұжыр" кісі екенінен хабардар болып, біршама портреттік белгілерін де біліп аламыз. Әңгімешінің  мінген атының үсті-үстіне ұрып отырмаса, кейін қалып қала беретін қырсау, ал тыңдаушының атының "жүргіштеу... жортақтау" болуының өзі де оқырманның хикая қызығына деген ынтасымен  әуендестік танытады...

 

"Жел артымыздан  еді" деген де алдағы әңгіме  қызығына асықтырғандай әсер  етеді. 

 

Ал әншейін ғана: "Пішініне қарағанда, бір түрлі  сөйлемпаз адам" дей салғаны  да әлденендей бір қызық оқиғадан дәмелендіре түседі. Әне, сол "Пішініне қарағанда, бір түрлі сөйлемпаз  адам" "сөзді бастап та жіберді": "Бала күнімізде анау көрінген төбенің  басында талай асық ойнап едік... онда бірдәурен...иә... бұл елдің күзге  қарай қонатын жері, жазғытұрғы барып, тамызға дейін отыратын жайлауымыз, бұл көл де "Шұғаның белгісі" атанды, бұрын "Тарғыл өгіз сойған" деуші едік. ... Есімбек сол "Өгіз сойғанның" ең шұрайлы жеріне қонушы еді.... Ортан қолдай төрт ұлы болды—шетінен  қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында  бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды, Шұға десе, Шұға  ! Шұға, өй, шіркіннің  өзі келбетті-ақ еді..."

 

Жазушының әңгімені Шұға жайына көшіруі мен шеберлігі  де сондай тартымдыәрі көп мағыналы.

 

-       Мынау аттан түсіп жатқан кім?—деді  Шұға.

 

-       Артыма жалт қарасам, екі жігіт  түсіп, аттарын байлап жатыр  екен. Біреуі орысшалау киінген.  Тани кеттім:

 

-       Әбдірахман ғой, — дедім. 

 

-       Әбдірахманың кім? 

 

-       Қазақбайдың баласы.

 

-       Иә, әлгі учителъ баласы ма?

 

-       Иә.

 

-       Жап-жас жігіт екен ғой, —  деп бірер қарады да, Шұға отауға  кіріп кетті. 

 

Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның сығалап, бізге қарап  тұрғаны білінді..."

 

Бұл шағын үзіндіден  Шұға қыздың сергек сезімталдығы мен  есті дегдарлығын сыртынан естуі  бар жігітті көргендегі сәл таңырқаныспен  жарыса жан түкпірінде пайда болған ынта ұшқынын, ендігі оқиғаның бәрі осы  ұшқыннан өрбитінін аңдап, жалғасына  ынтыға түсеміз.

 

 

Шынында да, ендігі жерде Шұға мен Әбдірахман арасындағы сүйіспеншілік оқиғасы бірте-бірте  трагедиялық сипат алып, бүкіл  хикаяттың отты өзегін құрайды. Шұғаның  да, Әбдірахманның да оқырманды қатты  сүйіндіріп, ынтықтыратын сыр-сипаттары  нәзік те терең ашылады.

 

Шұға — сертіне  берік, сезімі мөлдір, махаббатын өміріндей  қастерлеген нұрлы сана иесі. Ол өмір талқысын көріп, шынықпаған, өктем, зорлықшылдармен қалай күресудің  жолын да білмейді, сондықтан ызасы  мен наразылығы ішкі күйігіне айналған. Әкесінің Әбдірахманды айдаудан босатқанын естіген кездегі қатты сырқат Шұға мен Қасымжан арасындағы мына диалогті оқып көрелікші.

 

-       Жайың қалай, тәуірмісің?—дедім.

 

— Тәуір емеспін, — деді. Көзіме көзі түсіп кетіп, қамыққандай болды,.. — Тәуір емеспін. Тәуір болуды

 

тілемеймін де. Сәлем, сәлем айт, — деді. Жылап қоя  берді. Жастығының астына тығылған орамалымен көзін сүртті.          

 

— Тірі келсе, көресің  ғой, бірақ мен...

 

—... Бәріміз де көреміз. Ажарыңыз тәуір ғой, жазыларсыз, —  дедім.

 

—  Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр.

 

Шұғаның бұл сөздерінен сүйгені Әбдірахманнан айырылуды  өмірге деген үміт отының сөнгені  деп санайтынын аңғарамыз. Жазушы шеберлігінен туған осы түйсік бізді алдамағанына көп ұзамай көзіміз жетеді.

 

"Біз ауылға  жеткенде, Беркімбайдың үйінің қасы  лық толған адам екен. Атты  байлап, Әбдірахманды үйге кіргіздім  де, неге жиналып тұрғандарын  білейін деп, аяңдап кісілерге  қарай жүрдім. Жақындай бергенде, бір салт атты шоқытып келді  де, айқайлап бірдеме айтып, кейін  жүріп кетті. Не айтқанын есіте  алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім  тітіркенді. Бойым мұздады... Жүгіре  басып жандарына келгенімде: "Құдай  рақымет етсін!.," деп беттерін  сипап, бата қылысты. Мен аң-таң  болдым, Айтбай маған қарап: 

 

Есіттің бе, Шұға қайтыпты-ау, — деді. Суық суды төбемнен құйып  жібергендей болды. Тұрған орнымда  қаттым да қалдым... Жиылған жұрттың  бәрі де бастарын шайқасты:

 

Өй, Шұға десе,Шұға еді-ау!..—десті".                         

 

Ал енді осы Шұғаның  үзілер алдында Әбдірахманды шақырып  қалдырған арыздасу хатын оқып көрейікші:

 

 

... Хаты деп ақтық  жазған ғашық жардың,

 

Есіне ал, дұғаңа мен  ынтызармын.

 

Қош, сау бол, ойнап-күліп  жолығармыз,

 

Астында ақ туының пайғамбардың!..

 

 

Қандай арман-мұң, қандай шерлі сыр, қандай салтанатты сабыр! Хатты оқып, Әбдірахманмен  бірге егілген үстіне егіле түсеміз, сонымен бірге біздің көз алдымызда  алтын арайға бөленген асыл Шұғаның  нұрлы бейнесі биіктей, асқақтай береді.

 

Біз онымен іштей  күбірлеп қоштаса тұрып, алғаш рет  қалай кездескенімізді есімізге түсіреміз:

 

Шұға десе, Шұға, өй, шіркінің өзі де келбетті-ақ еді... Аққұба, талдырмаш, көзі қап-қара. Осы  үріп ауызға салғандай еді. Ажары  қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі  паң еді-ау, шіркін!"

 

Көкірегімізде тағы да бір жатталып қалған сурет бар  еді ғой... "Апырмай адамзатта  да ондай сұлу болады екен-ау! ...Аққудың  көгілдіріндей, осы аппақ... Үстінде  шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгектермен безеп  тастаған қызыл пүліш қамзол, басында  үкі таққан бөрік өзі сұлу адамды мүлде жандандырып, құбылдырып тұрды".

 

Ал осы ару  Шұғаның әсем үні, тәтті лебізі қандай еді? Асыл текті нәрсе әманда аз, сирек болады емес пе. Артық сөзге  жоқ асыл зат жан еді-ау. Аузынан  шыққан сол аз ғана лебізі көкейімізде  ұялап қалған. Әбдірахманды алғаш  көргенде-ақ Шұға жүрек түбінде бүлк еткен бір ыстық толқынды жасыра алмай: "Жап-жас жігіт екен ғой", — десе, айдалып бара жатқан Әбдірахманға жолдан кездесіп қалғанда: "Қош, қалқам, калқам! — деп, кемсеңдеп, жылап отыра кететіні бар еді-ау". Ақырғы демі таусыларда, Әбдірахман "жаным шығарда: "Шұғам!" — деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз өтер ем", — дейді. Осы үш үзік лебіз Шұға бейнесін даралай, ажарлай түседі, мұндай аз сөзді, ыстық сезімді, терең мәнді мәнер тек Шұғаға ғана лайық, Шұғаға ғана жарасатындай. Дүниеден озған аяулы жан туралы, бір күрсініп алып, біз де енді: "Өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!.." — дейміз.

 

 Хикаянның басты  қаһармандарының бірі — Әбдірахман  бейнесі де ескі қазақ ауылынан  шыққан көзі ашық, көңілді сәулелі  оқыған жастардың келбетін танытады.

 

  "Шұғаның  белгісі" — жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік  әділетсіздіктерге қарсы үн көтере  бастағанын шынайы бейнелеген  шығарма. 

 

Біріне-бірі себеп, бірінің-бірі салдары болып жымдасып келген оқиғаларының шынайылығы мен  тартымдылығы, шұрайлы да суретті  тілінің сиқырлы мәнерлілігі, әсіресе  махаббат бостандығын аңсап әлеуметтік теңсіздікке қарсы шыққан Шұға мен  Әбдірахман бейнелерінің айырықша сүйкімділігі мен сәулеттілігі, сондықтан да олардың  тағдыр-талайының трагедиялық әсерлілігі хикаяны көркемдік-эстетикалық деңгейі  ең биік туындылар қатарына қосады.


Информация о работе Б.Майлин ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ