Ә.Бөкейхановтың құқықтық көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2015 в 09:35, реферат

Краткое описание

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы – Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ол 1866 ж. жиырма бесінші наурызда бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысының жетінші ауылында туған. 1894 ж. Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітіргеннен кейін, Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. 1896 – 1903 ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. 1905 ж. «Халық бостандығы» (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 ж. оның Орталық комитеті құрамына енді.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Ә.Бөкейхановтың құқықтық көзқарастары
2.2. Ә.Бөкейхановтың саяси көзқарастары
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әлихан Бөкейханов.docx

— 34.96 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2.1. Ә.Бөкейхановтың құқықтық көзқарастары

2.2. Ә.Бөкейхановтың саяси көзқарастары

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы – Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ол 1866 ж. жиырма бесінші наурызда бұрынғы Семей облысының Қарқаралы уезіне қарасты Тоқырауын болысының жетінші ауылында туған. 1894 ж. Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітіргеннен кейін, Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. 1896 – 1903 ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. 1905 ж. «Халық бостандығы» (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 ж. оның Орталық комитеті құрамына енді. 1906 ж. Бөкейханов Бірінші Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды. 1906 ж. Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 ж. Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909 –17 ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912 – 17 ж. «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1917 ж. жиырмасыншы наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Оның жетекшілігімен 1917 ж. шілдеде Бірінші жалпықазақ съезі өткізіліп, «Алаш» партиясы құрылды. 1917 ж. бесінші – он үшінші желтоқсан күндері Орынборда жалпы қазақ съезі болып, қазақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылданды. Жиырма бес орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактар мен патша генералдарының жағында болды. Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешірімнен кейін ол 1920 – 27 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі, ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты жанындағы Орталық баспаның (Мәскеу) ғылыми қызметкері, Ресей Ғылым академиясының ғылыми қызметкері болды. 1927 жылдың бірінші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) орындарының бақылауында болды. 1937 ж. КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесіліп, сол жылы жиырма жетінші қыркүйекте Мәскеу қаласында қаза тапты[1,25 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә.Бөкейхановтың құқықтық көзқарастары

Ә.Бөкейханов мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде де көп келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Мысалы, «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақаласында оның себебін терең ашып баяндайды: біріншіден, Кадет партиясы жерді бөлу және сатуға, екіншіден, ұлттық автономияға қарсы, үшіншіден, діннің мемлекеттен бөлінуіне қарсы. Ә.Бөкейхановтың пікірі бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.

Ресейдің кадет партиясы жетекшілерінің бірі бола отырып, өзінің саяси қызметінде, әлеуметтік әділеттілік, еңбекші халықтың мүдделерін қорғау идеалдарына адалдығын сақтады, отарлық езгінің жойылуы, демократиялық бостандық салтанаты үшін күресті. Ол үшін ең маңызды мақсат демократиялық бостандық қана емес, ең бастысы қазақ салтын отарлау мақсатынан азат ету болды. Әлихан Бөкейханов 1917 жылы шілдеде кадет партиясынан шықты, ұлттық- демократиялық «Алаш» партиясын құруға кірісті. Партия бағдарламасының негізінде 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда өткен Бүкілқазақтық съезд қарарлары алынды, «Қазақ» газеті «Алаш» партиясы бағдарламасының  жобасы жарияланды, оған Әлихан Бөкейханов бастаған жеті партия басшылары қол қойды[2,215 б].

 

 Ә. Бөкейханов бүкіл ұлт-азаттық қозғалыстың басты міндеттерінің бірі - Ресей Федеративтик демократиялық Республикасының құрамындағы Ұлттық-территориялық автономия құрып, қазақтардың өзін-өзі басқару құқығын қамтамасыз ету, - деп санады. Ол бұл автономияны құруда жергілікті жерлердегі үлкен қиыншылықтарды бастан кешірді. Атап айтқанда, Қазан революциясы, кеңес үкіметінің орнауы, көп ұзамай азаматтық соғысының басталуы, сонымен қатар қазақ халқының кең және бір-бірінен алшақ жатқан территорияда шашыраңқы орналасуы кедергі келтірді. Отырықшы жерлерде казактар және қоныс аударған шаруалар, олардың поселкелері, село-деревнялары, станицалары және қалалары болды. Бұл жағдай көптеген территориялық-әкімшілік бөлініске алып келді. Қазақстан территориясы үш генерал губернатырлыққа бөлінген-ді (Дала, Түркістан және Орынбор), ал Бөкей Ордасы (немесе Ішкі орда) Астрахань губернаторлығына, ал Маңғысшы уезі - Каспий бойы облысына бағынды. Ұлттық - территориялық автономияны құру қажеттілігін дәлелдей келіп, Ә. Бөкейхан мұндай жер жағдайына қарап, жеке-жеке автономиялар құрылуы мүмкін, - деп ойлады. 1) Ішкі Ордада; 2) Түркістан өлкесіндегі қазақтар үшін; 3) Далалық өлкедегі қазақтар үшін.   Түркістан өлкесіндегі қазақтардың Далалық өлкедегі қазақтармен бірігуі қиынға түсетіндігін өзінше, алдын-ала болжап білген жөн, - деп санады, себебі: түркістандықтар діншіл, мәдениеті артта қалған және кадрлары аз, тіпті жоқтың қасы, Түркістан өлкесінің Далалық облыстармен салыстырғанда, ұлттық мамандардың жетіспеуі автономияны басқаруда көптеген қиындықтар туғызатындығын атап көрсетті. «Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бұл арбаға мініп, біз қайда барамыз?» - деп еді ол [3,259-262 бб].  
Ә. Бөкейхановтың Алаш-Орда үкіметінің басшысы ретінде мәжбүрсізден, Сібір автономияшыларынан, Самарадағы Комуч, Уфадағы Директория, «біріңғай және бөлінбейтін Ресей үшін» күрескен Колчактан да демеу іздеді, оның негізгі себебі: әсіресе саяси және әлеуметтік жағынан жіктеліп кеткен қазақтардың басы бірікпей, бытыраңқы болуы; соның нәтижесінде ұлт-азаттық қозғалыстың әлсіздігі; Кеңес үкіметінің күшті әскерінің қарама-қарсы тұруы болды [4,46-53 бб]. Қазақтардың ұлттық-территориялық автономиясы құрылуына большевиктер қарсы болған жоқ, бірақ олар ұлттық автономия тек Кеңес өкіметі негізінде болуы керек, - деп санады. «Алаш» қозғалысына қатысушы Ә. Бөкейханов өзі: «Кеңес үкіметін мойындаймын, бірақ сүймеймін», - деді. 
Маркс ілімін жақсы игерген Ә. Бөкейхан қазақ қоғамындағы әлеуметік жіктелуді, соның нәтижесінде жүретін таптар тартысын түсіне де, көре де білген. Мысалы, ол «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы арасында отырықшылыққа көшу мәселесіне байланысты жүрген пікір таласқа қарай былай деген: «Баймын, мықтымын деп атқа мінген жақсылар шөп шабатын жерге, егін жайға, жаз қонысқа, қыс тебінге зорлық қылады, кемшілікте жүрген бейшара сорлы жұрт бұл жақсылардың тепкісінде қор болғанша, орыс беретін он бес десятина болса да алайық деп, мұжық болатындай сұрап отыр», - деп жазған еді. Міне сондықтан ол: «Байлықты... жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзаларды» «қысты күні үңгірде жатып аз аяғын сорған аюға» теңегені де рас. Дегенмен Ә. Бөкейханов Ақпан төңкерісінен кейін болшевиктерше таптық күресті күн тәртібіне қойған жоқ, қазақ ұлт-азаттық қозғалысы алдына бүкіл ұлтты біріктіретін жалпы демогратиялық мақсаттарға сай нақтылы міндеттерді алға тартты [5,100 б]. Бірақ ол қазақ қоғамының, оның ұлт-азаттық қозғалысының әлсіздігін көргендіктен, оның себептерін де  алдын ала болжап, біліп отырды, бұл жағдайдың бастысы деп, ол: «Жұрттың берекесі кетуге түптен себеп болған нәрсе - қазақта бірліктің жоқтығы», - деп басып корсетті [6,6 б]. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә.Бөкейхановтың саяси көзқарастары

Ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы демократиялық зиялыларының көсемі, «Алаш» партиясы шиеленіскен саяси жағдайда жетекшісі - Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарастары осындай орта мен шиеленіскен жағдайда қалыптасып, өзгеріп, дамып отырды. Біз Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастары ішінен анағұрлым ірі мәселелерге қысқаша талдау жасаумен шектелеміз, атап айтқанда: қазақ халқының өзін-өзі билеуі, яғни саяси билік туралы (қазақ халқын басқару); аграрлық мәселе туралы; шіркеудің мемлекеттен бөлінуі және т.б. Біз бұл жерде Ә. Бөкейхановтың массондық қозғалысқа мүше болуы туралы мәселені әдейі аттап өтеміз, бірақ осы мәселемен арнайы айналысқан ғалымдардың оның бұл қозғалысқа қатысқаны жөнінде біраз дәйекті мәліметтері бар екенін де жоққа шығармаймыз 

Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастары қазақ халқының ұлттық мүдделеріне, Ресей мен оның отары - Қазақстандағы саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты, ресейлік саяси өлшемдермен қарағанда, біршама эволюцияға ұшырағанын айрықша атап өту қажет, оның өз сеніміне берік марксшіл - социал-демократтан (1905 ж. дейін) конституциялық-демократиялық партия арқылы (1905 ж. бастап 1917 ж. дейін) социал-революциялық (эсерлік) ұстанымдарға дейін жүріп өтуін айқын көреміз. Осы орайда В.И. Лениннің «24 сағат ішінде кез келген арнайы мәселе бойынша үгіт тәсілін өзгертуге болады..., ал 24 сағатта ғана емес, 24 айда болса да өз көзқарастарын... тек ешқандай да тірегі жоқ адамдар ғана өзгерте алады», -  деген сөздерін еске түсіру орынды [7,189 б]. Санкт-Петербургте оқыған жылдары (1894-1898) жас Ә. Бөкейханов студенттік қозғалысқа белсенді қатысып, «Казахи о русских до 1917 года» кітапта жазылғандай, «радикалды революционер және социалист», - болып табылды. Кадеттік «Наша жизнь» газеті 1906 ж. Ә. Бөкейхановтың Мемлекеттік Дума мүшелігіне өтуінен соң, ол туралы: «Орман институтының студенті кезінде ол әрқашанда әсіре солшылдарға қосылатын» және «марксизм туралы таластардың қызған шақтарында экономикалық материализм тезистерін өте табанды түрде қорғайтын», - деп жазды. Астаналық орталарда ол марксизм теориясының тамаша білгірі ретінде танылды. Бұл жөнінде Ә. Бөкейхановтың Омбы қаласында халықшылдардың, эсерлердің және марксистердің қатысуымен шыққан «Степной край» газетінің редакциясында жұмыс істеуі де куәлік етеді. Ә. Бөкейханов газетте «марксистік бағытты ұстанды және сөзсіз оның жарқын, тіпті бірден-бір, жарқын дем берушісі болды», - деп жазды С.П. Швецов. 
1905-1907 жж. революция қарсаңында Ә. Бөкейханов бұрынғы көзқарастарын қайта сараптап, жаңа бағытқа көшті. Табанды марксист, Ресейдің байтақ далаларында социализм құру ойына шын берілгенімен, бұл саяси бағыттың қазақтар үшін утопия-қиял екеніне көзі жетті. Өз халқының өткен тарихын, мәдениетін, тұрмысын, саяси, әлеуметтік-экономикалық құрылысын зерделей келіп, ол «социализмді жеке бір алынған елде құру» жалпы мүмкін, бірақ тек қазақ даласында емес», - деген шешімге келеді. «Киргизы» еңбегінде ол: «қазақтардың шаруашылық өмірі қазіргі тұрақ орнын үнемі ауыстырып, өз малдарымен тебіндік пен суат іздеу үшін өзгертіп отыратын жартылай жабайы көшпелінің жұпыны экономикасының қарапайым түріне сыймайды. Бұрынғы таза бақташылық шаруашылық бірте-бірте аралас егіншілік-бақташылық түріне орын беруде», - деп жазды [8,151 б]. Ә. Бөкейханов қазақ халқы біртіндеп аралас малшылық-егіншілік шаруашылық түріне өтетінін болжады. Бұл жағдайда, отырықшылыққа өту, оның пікірінше, «егіншіліктің дамуы үшін қолайлы табиғи-тарихи жағдайлары мен экономикалық конъюнктурасы» бар жерлерде анағұрлым тез орын алады, және, сәйкесінше, «топырағы нашар, жауын-шашын тапшы және рынок орталықтарынан алыс, егіншіліктің едәуір дәрежеде дамуы мүмкін емес» жерлерде, отырықшылыққа өту орын ала алмайды, - деп санады. Осы және басқа да маңызды факторларды (дәстүрлі өмір салты, мәдениет деңгейі және т.б.) ескере отырып, ол қазақтар капитализмнің осы кезеңін интенсивсіз, сырттан күштеп араласусыз, табиғи, эволюция жолымен өтуі керек, олай болмаса, бұл қазақтар үшін қасіретті болуы мүмкін, - деген шешімге келеді. Ағылшын ғалымдарының пікірінше, осы себепті ол «қызу және сөзсіз ұлтшыл» болып қала отырып, «оңшыл опортунистерге келді және тіпті орыс конституциялық демократтарға қосылды». Ә. Бөкейхановтың оңшыл опортунистерге өтуі туралы қосымша мәліметтер жоқ. Оның орыс кадеттеріне өтуіне байланысты айтсақ, ол өздері пайда болған алғашқы күндерден бастап, Ресейдің ықпалды саяси ұйымына айналған орыс конституциялық демократтарына тек қосылып қана қойған жоқ, оның аз санды қоғамдық қайраткерлерінің бірі болды, ресейлік түкпірде осы партияның негізін жасап, оның Орталық комитетінің мүшелігіне дейін көтеріле алды. 
Ресейдің кадет партиясы жетекшілерінің бірі бола отырып, өзінің саяси қызметінде, әлеуметтік әділеттік, еңбекші халықтың мүдделерін қорғау идеалдарына адалдығын сақтады, отарлық езгінің жойылуы, демократиялық бостандық салтанаты үшін күресті. Оның марксизмге, социал-демократияға деген іш тартуы әлі де сақталды, бұл жөнінде Ә. Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жариялаған (1913, № 26) герман социал-демократиялық партиясының жетекшісі Август Бебельге арнаған некрологы айқын көрсетеді. Онда ол А. Бебельдің жұмысшы табының мүдделерін қорғаудағы қызметіне ерекше сүйсінеді, оның Германияның социал-демократтық партиясының көсемі ретінде істеген еңбегін күмәнсіз жоғары бағалап келіп, өз сөзін былай аяқтайды: «Егер дүниеге келсең, Бебель сияқты бол, Бебель сияқты өмір сүр!». Бұның бәрі Ә. Бөкейхановтың оның ой-өрісінің және саяси ұстанымының кеңдігін көрсетеді, сондықтан оған, тіпті констициялық деократ болса да, қатаң шектеу қоюға болмайды. Ол үшін ең маңызды мақсат - демократиялық бостандық қана емес, ең бастысы -қазақ халқын отарлау саясатынан азат ету болды. Бұл оның ізгілікті ұстанымы, ол мұндай қасиетті Омск техникалық училищесінде оқып жүргенде (1886-1890 жж.)  бойына сіңірді, болыстық биліктің жалқаулығы мен сараңдығын және халықтың мүддесіне немқұрайлылығын, молданың - білімсіздігін өмір бойы қатаң сынап өтті, бұл оның - саяси қызметін өзгелерден ерекшеледі [9,26 б]. Міне сондықтан, Ә. Бөкейханов кадет партиясында шамамен 12 жыл болғанымен, көптеген мәселелерде оның көзқарастары бұл партияның ұстанымымен сәйкес келмей, тіпті қайшы болды. Кадеттер жерге жеке меншік болуын қолдады, езілген халықтарға автономия берілуіне, діннің мемлекеттен бөлек болуына қарсы болды. Міне сондықтан Ә. Бөкейханов 1917 ж. шілдеде кадет партиясынан шықты, ұлттық-демократиялық - «Алаш» партиясын құруға кірісті. Партия бағдарламасының негізіне 1917 ж. 21-28 шілдеде Орынборда өткен Бүкілқазақтық съезд қарарлары алынды. «Қазақ» газеті «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды, оған Ә. Бөкейханов бастаған жеті партия басшылары қол қойды. Партия бағдарламасының жобасын кадеттерден ерекше болып, көп ұстанымы эсерлерге, біраз жері социал-демократтарға, оның ішінде меньшевиктерге жақын болды. Түптеп келгенде, «Алаштың» бағдарламалық бағыттары жалпыдемократиялық шеңберден әлдеқайда әрі шығып, қазақ халқының қалың бұқарасы мүдделеріне сай, ұлтты өзін-өзі билеуі, әлеуметтік және саяси прогрес мақсаттарын көздеген-ді [10,4 б].  

Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарасы да аграр мәселесіне шын мәнінде ерекше  көңіл бөлінді, ол жерге жеке меншікті жойып, қауымдық пайдалануға беруді, мемлекет  меншігі деп жариялауды ұсынды. Қазақстандағы Ресейдің ішкі аймақтарынан шаруалардың көші-қоны өрістегеніне, әсіресе Оңтүстік Орал мен Қиыр Шығысты байланыстырған Ұлы Сібір магистралі салынған соң, бұл қоныс аудару күшейе түсуіне байланысты, Ә. Бөкейхан былай деп жазды: «Жерді ата-бабасының қанымен келген өз жеке меншігі санайтын қазақтар, орыс билігіне өткенде, мемлекет олардың жеке меншігіндегі жерлерді тартып алдады, - деп ойламаған да еді. Бірақ орыс үкіметі ешбір себепсіз, күштінің құқығына сай, барлық қазақ жерлерін патша мемлекетінің меншігі деп жариялай салған заңдар қабылдады.  Осының нәтижесінде Қазақ даласына қоныс аудару күшейді, Құнарлы жер телімдері сол келгендерге берілді, ал жарамсыз жерлер қазақтарға қалды. Бюрократиялық жолмен енгізілген Дала ережесі халықтың шынайы мүдделерін ескерген де жоқ, билік өзінің заңды құрметтемейтінін көрсетті, заңның орнына өзім білетіндікті, жеке тұлғаның құқығын менсінбеуді, әкімгершілік зорлықты пайдаланды... Қазақтардың рухани және экономикалық мүдделерін кемсітіп қарады, бұқараның надандығын әдейі, жасанды түрде қолдап, сақтай түсті - осының бәрі халықты кедейленуге..., оның мәдениетін тоқырауға ұшыратты», - деп жазды. 
Ә. Бөкейханов мынаған ерекше ден қойды, қазаққа жерді жеке меншікке бөліп берсе, башқұр шаруалары секілді орыс мұжықтарына жерді сатып, жерсіз қалып, кедей-жарлы-батрак болады. Ә. Бөкейхан қазақтың жеріне қоныс аударушыларды орналастыруды тоқтату керектігін және сондай-ақ қазақтардың әлі келмеген қоныс аударушылардың жеріне  орналасуын ұсынды . Сондай-ақ, Ә. Бөкейханов аграрлық мәселеде кадеттерден алыс тұрды және де эсерлермен бірге, ерекше социал-демократтарға жақын болды. 

 

  Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарасы жалпы демократиялық бостандықтың қамтамасыз етілуді, әсіресе жиналыс, митингілер өткізуді, қоғамдастықтар ұйымдастыру, сөз, баспасөз бостандығы, жариялылық, жеке тұлғалар дербестігіне қол сұғушылықтың болмауы, олардың құқықтарының тапталмауы, жергілікті өзін-өзі басқарушылықты (земство) енгізу, сот реформаларын жүргізу, шіркеудің мемлекеттен бөлек болуы, әйел теңдігі және т.б. сынды ұстанымдарды қамтыды. Ә. Бөкейханов білім және ғылымды дамытуға, жұмысшылар мәселесіне ерекше назар аударды. Ол, «Алаш» партиясы жұмысшылар мәселесі бойынша социал-демократ-меншевиктердің ұстанымдарын құптайды, - деді және әділ заңдардың негізінде жұмысшылар мүддесін қорғайтындығын ерекше атап көрсетті. Ә. Бөкейханов тегін білім беру, ана тілінде оқыту, қазақ тілінде мектептер және университеттер ашу, оқу орындарының өзін-өзі билеп, автономиялы болуын қолдады және биліктің араласуына қарсы болды, ал оқытушы-профессорларды сайлау және т.б. ұсыныстар жасады[11,240 б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен, Ә. Бөкейхановтың саяси көзқарастардың жасалған қысқаша талдау көрсетіп отырғандай, Алаш партиясының жетекшісі, «Алаш-Орда» үкіметінің басшысы және ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейханов кең дүниетанымдық көзқарасқа ие болғанын көреміз, оның саяси көзқарастары социал-демократтардың да, әсерлердің де, тіпті кадеттердің де шектеулі ұстанымдарынан партиялық көзқарастарының тар шеңберінен асып түсіп, өзіне тән ерекшеліктеріне ие екенін көреміз. Оның саяси көзқарасы мен бағдарламасы  қазақ халқының ұлттық мүдделерін терең көрсетті, шын мәнінде халықтың қалың топтарының көсемі, шынайы демократ бола білді. Туған халқының Ұлы перзенті, оның арман еткен кокейкесті мәселелері үшін жан аямай күрескен көшбасшы еді.

  Ә.Бөкейханов мемлекет, құқық, партия, дін, т.б. мәселелер жөнінде де көп келелі ой-пікір, кеңес, ұсыныс берген оқымысты. Мысалы, «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақаласында оның себебін терең ашып баяндайды: біріншіден, Кадет партиясы жерді бөлу және сатуға, екіншіден, ұлттық автономияға қарсы, үшіншіден, діннің мемлекеттен бөлінуіне қарсы. Ә.Бөкейхановтың пікірі бойынша, жер сатылатын болса, бірнеше жылдан кейін қазақтар жерсіз қалады, ал, орыстар қысқа мерзімнің ішінде барлық жерді сатып алады; Ұлтқа автономия бермесе, теңсіздік болады; Мемлекет пен дінді айырмаса, дін мемлекеттің қолжаулығы болып кетеді.

Ә.Бөкейхановтың мұндай алдыңғы қатарлы, әлеуметтік ғылыми жаңа көзқарастары, ой-пікірлері қазақ қоғамының қазіргі өмір жағдайына сәйкес келіп, іске асырылды.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.  «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. -25 б.

2. Е.Қ.Көбеев, Н.С.Ахметова, К.Т.Байжанова. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы.-Қарағанды,2013.-215 б.

3. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. Алматы, 1994, 259-262 бб.

4. Алаш Орда. Сборник документов. Составитель Н. Мартыненко. Алма-Ата, 1992, 46-53 бб.

5. Асылбеков  М.Х., Сеитов Э.Т. Көрсетілген еңбек, 100 б.

6. Ленин В.И. Полное собрание сочинений, т.5, 6 б.

7. Рыскулов Т. Избранные труды. Алма-Ата, 1984, 189 б.

8.  Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. 2004, 151 б.

9. Асылбеков М.Х., Жаркенова А.М. Население Казахстана в конце ХІХ - начале ХХ вв. (1897-1917 гг.). Алматы, 2001, 26 б.

Информация о работе Ә.Бөкейхановтың құқықтық көзқарастары