Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2015 в 16:50, реферат
Көшпелі өмір кешкен қазақ халқының аса қастерлеп ұстаған мүлкі бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы.
1 Бесік туралы жалпы түсінік
2 Бесік той
3 Бесікке баланы бөлеу рәсімі
Қорытынды
« Байжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Реферат
Тақырыбы: « Бесік» туралы
Орындаған: Бақытова Қ
Тексерген: Баймолдина Ж
Жоспар
Кіріспе
1 Бесік туралы жалпы түсінік
2 Бесік той
3 Бесікке баланы бөлеу рәсімі
Қорытынды
Көшпелі өмір кешкен қазақ халқының аса қастерлеп ұстаған мүлкі бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деген ұғымына толығымен сай келеді.
Қазақ халқының ұлы
жазушысы ғұлама ғалым М. Әуезов кезінде
«Ел боламын десең бесігіңді түзе » деген
ұлағатты сөзінің мән мағынасына ой салсақ,
тәрбие ұрпақты дүниеге келтруден басталады:
сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық
бастаулары мен бағдарламаларын әрбір
ұстаз, әрбір ата-ана жан-жақты пайдаланып,
әрбір жас буынның бойына даналықпен дарыта
білуіміз керек. Сонымен бірге халқымыздың
рухани қазына байлықтарының бірі салт-дәстүрлеріміздің
кейбір түрлерін бүгінгі жаңарған өмір
салтына енгізу арқылы жастар санасына
құя білуіміз керек.
Дана халқымыз ертеден бала тәрбиесіне
бесігінен бастап үлкен мән бергеніне,
бүгінгі таңға дейін жеткен осы бір асыл
мұрасының шоқтығы биік мүлкінің бірі-бесіктің
өміршеңдігі дәлел бола алады.
Бесік туралы жалпы түсінік
Бесік - ата-бабаларымыздан
қалған ғасырлар бойы қолданып келген
ата мүлкі болып саналады. Бесікті – бүгінгі
күні қазақи тәрбиемен бала-шағасын, немерелерін,
шөберелерін бөлеп, әрбір ата-ана қолдана
білгені мен тамыры терең бесіктің тәрбиелік
мәні мен тарихын біле бермейді. Бесікті
- дүниеге әкелген аттың жалы, түйенің
қоңында өткен көшпелі тіршілік. Көшкен
кезде бала бөленген бесікті арбаға салады,
не түйенің қоңына орнатқан шомға отырғызады,
салт атқа мінген анасының алдына өңгертеді.
Бесікке үйренген балаға қазақ бесігі
өте ыңғайлы, әрі жайлы болған. Бұл мүлік
бала денсаулығына өте пайдалы. Атап айтқанда:
бала бесікте жатқанда асты таза, жылы,
тыпыршып оянып кетпей тыныш ұйықтайды.
Бүгінгі күнге дейін қазақ бесігі талдан,
қайыңнан иіліп жасалады. Иіп жасалған
бесік қазақ бесігінің негізгі түрі, ең
әуелі бесіктің екі жақ басы тұтас қайыңнан,
талдан иіп, не төрт бөлік қарағай ағаштан
қиыстырып доға тәріздендіріп жасайды.
Сирақтарының аралығын бір-бірімен шабақпен
жалғастырады. Бесіктің екі жақ жақтауының
да табаны дөңгелектеу болып келеді. Бұл
бесіктің тербетіліп тұруына ыңғайлы.
Доға тәрізденген бесіктің екі басын бір-біріне
қарама-қарсы қойып, араларын екі қатар
ұзын шабақтармен біріктіреді. Шабақтар
үстінен тұтас тақтай төсеп, оның орнататын
жерін дөңгелектеп тесіп ояды. Бесіктің
доға тәрізденген екі басы, дәл ортасынан
оқтаудай жұмыр аралықпен біріктіріледі.
Бесік бөлшектері бір-бірімен ағаш желіммен,
ағаш шегелер арқылы берік қиыстырылатындықтан,
тербетіп қозғалған уақытта сықырлаған
бөтен дыбыс шықпайды. Бесік арқылы оның
үстіне жапқан жабу көрпені баланың бетіне
түсірмеуге, бесікті тербетуге, оған әртүрлі
сылдырмақтар, ойыншықтар іліп, тұмаршалар
тағуға аса қолайлы. Бесіктен бала оянған
кезде екі қолын шешіп бос қояды. Оянған
баланың алғашқы рет көзге түсе кететін
ойыншық сылдырмақтармен бала ойнауға
әуес келеді. Бесікке бөленген нәрестенің
кіші дәреті шүмек арқылы, ал үлкен дәреті
бесік тесігі арқылы түбекке жианалады.
Түбектің түбіне күл салынады. Шүмек өте
әдемі етіліп қойдың асықты жілігінен
жасалады. Айырықша аппақ болу үшін сүтке
қайнатып та алады. Шүмек ұлға не қыз балаға
арналуына қарай екі түрге бөлінеді. Балаға
арналған шүмектің аузы дөңгелек тесікті
болып келсе, қыз балаға арналған шүмектің
тесігі қиық болады.
Бесік жабдықтары:
1.Доға жабу, тор жабу, құрақ көрпеше жабу
2.Түбек,шүмек
3. Тартпа баулар (қол, аяқ баулары оюланып
жасалынады)
4. Жастық, үкі, көз моншақ.
Кіндігі түскен баланы 5-7 күннен
кейін бесікке салынады. Ал бесікке салу
тойы 40 күннен кейін жасалынады. Бұл дәстүр,
күні бүгінгі күнге дейін өз мәнін жойған
жоқ. Дегенмен қала мәдениетіне сай тәрбие
беріп жатқан кейбір ата-аналар (оқыған,
тоқыған, шоқынған т.б.) өз балаларымен
немерелерін бесікке салып тәрбиелеуден
аулақ болып, төрт дөңгелекті арбаны кеңінен
пайланып жатқаны жасырын емес. Бүгінгі
күні өз мағынасын жоймаған, қайта жаңарып
отырған бесік тойында Республикамыздың
әр өңірінде бесікті безендіруге ерекше
мән беріп тойлап жатқан дәстүріміз өз
жалғасын табуда.
Бала дүниеге келгенде бесікті арнап
әкелетін Нағашы жұрты бесікпен бірге
оның жасау-жабдықтарын ұйқы сақтар қатырылған
нан әкеледі. Сонымен бірге 9 түрлі тәттілер
( тыштырма салу үшін шашу ретінде) бала
тоғыз (сәбидің киімдері), той тоғыз (мата,
білезік әшекейлер ) бесікке салушылармен
тойға жиналғандарға тарқатылып беріледі.
Баланы бесікке бөлеуден бұрын «Тышты
ма» ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі
арқылы бауырсақ, және басқа да тәтті дәмдер
жапа-тармағай астына тосылған алақандарға
тасталады.
Бесікке салушы: «Тышты ма ?» деп сұрағанда
жанкүйерлер іле-шала «Тышты ! Тышты ! »
деп шу етеді. Әрбір шаңырақта халқымыздың
өз жалғасын тауып жататын бұл салт-дәстүрінде
- «Балаға бесік құт дарытсын ! » деген
асыл ниетпен туған рәсім.
Тыштымаға қатысқан әйелдер әртүрлі
силықтар (білезік, сақина, көйлектік мата
т.б.) алып риза болып өзара силастықтарын
бір-біріне айтып тарқап жатады.
Бесікке салу рәсімдері: Бесікке салу
рәсімі бесікті аластаудан басталады.
Баланың алғашқы мекені-бесігі пәле-жаладан
таза болуы тиіс. Бесікті адыраспанмен
немесе сіріңке арқылы күйдірілген маймен
аластайды. Бесікті көп балалы ана, көргенді
аналар аластайды. «Иә әруақ-құдай пәле-жалаңнан
сақта, тіл көзден сақта » деп бесіктің
асты-үстінен айналдырады.
Көмекші әйел бесікті көтеріп тұрады.
« Алас, алас, пәледен алас,
Иесі келеді, пәледен қаш !
Алас, алас, пәледен алас
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас.
Отыз омырытқасынынан алас » деген сөздерді
айтады.
Аласталған бесіктің жасауы жасалып
болған соң көз моншағы, ұйқы сақтары,
үкісі байланады.
Келесі рәсім айна-тарақ тастауға байланысты:
Жастық үстіне айна, тарақ қойып бесікке
салушы бесікті тербеткен сайын «Оң ба,
сол ма? » деп сұрап отырады. Айна тарақтыың
оң түсуі сәндікке, тазалыққа, ұқыптылыққа
баланады. «Жас нәресте болашағында айнаға
қарағанда қөзінің басқа адамға ұқсастығын
көріп, басқаны да өзіндей сыйлап, қадірлеуін
бейнелейді » .
Бесікке баланы бөлеу рәсімі
Бесікке салушы «Бибі – Бәтима»
піріме сыйынып баланы бөлейді. Жыл мезгіліне
байланысты бесік жабуын жауып, бесіктің
үстіне Жеті түрлі «Ұйқы жабарын» қоса
жабады. 7 нәрсе:
1.Көрпе
2.Шапан
3.Кебенек
4. Тон
5. Жабу
6. Жүген
7. Қамшы аталып жабылған нәрселердің
өзіндік мәні бар.
«Қан-қора қопсы болсын,
Тон-көрпе, жылы, жайлы болсын.
Орамал-дастархан-жақсылыққа ұсталсын.
Анасымен атасының киімі-ата-салтын бұзбасын
» деп ырым жасалынады.
Бесікті алып қашу рәсімі. Бұл бесікке
салу тойының соңы. Бесікке салушы әжейдің
көмекшісі бесікке атша мінеді, де бесікті
қамшымен сабалап, бесікті екі жаққа тартқыштайды.
Бесіктің қойына қасқыр шапты,
Арашаға барайық, мен бала таптым,
Өз үйіме ала қаштым. Арашаға кім бар
? » - деген көне заманнан келе жатқан айлалы,
сыйқырлы әрекеттер жасалынады. Мұндай
әрекеттер табиғаттан тыс, керемет күштердің
мейірімін түсіріп, баладан аулақтату
ниетімен жасалған рәсімдер. Баланың әжесі
немересіне араша түсіп, бесікке салушыларға
жоралғысын әкеп береді. Тойшыларға айна,
тарақ, жүзік, т.б. әшекейлер тарту етіледі.
Дастархан кеңінен жайылып, бата беріледі.
«Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет,
Кең пейіл берсін.
Ата-анасына мейірімді болсын,
Қатарының алды болсын.
Ырысты, нәсіпті болсын,
Ақсақалды, сары тісті болсын.
Еліне елеулі, халқына қалаулы болсын.
Әумин! »
Бесік жыры айтылады. Анасы бесікті жайлап
тербетіп отырып, бойындағы бар мейірімін
баласына төге, ой арманын, тілегін білдіреді,
оның ертеңіне жақсы адам болып өсуін
жырмен армандайды.
Әлди, әлди ақ бөпем,
Тәтті ұйқыға бат бөпем.
Әнін тыңдап анаңның,
Уілдей жат бөпем.
Ел нмамысын қорғайтын,
Батыл болшы бөпешім.
Ер намысын қорғайтын,
Батыр болшы көкешім, деп, бесікті тербей
отырып бесік жырын әндетеді. Жәйлі де
жылы бесікке жатқан нәресте мейірімді
ән ырғағымен тербеліп, тәтті ұйқыға батады.
Нәрестені бесіктен шешіп аларда:
Апасы шешіп алсын,
Ұйқысы бесікте қалсын,
Балақаным бойын жазсын,
Денсаулығы мықты болсын! – деген тілек
айтылады, ананың жүзінен шуақтай төгілген
жылы мейірім нәрестенің көңілін жайбарақақттандырады.
Нәрестені шомылдырғанда, сылап-сипап,
майлап, аяқ қолын созып, «Өс-өс» жасағанда
да айтылатын тілектер бар. Ананың жылы
дауысымен айтылған әуенді дыбысы құлағына
естілгенде бесікте жатқан нәресте анасына
қарап езу тартып шаттанады, әуезді ырғаққа
елтіп маужырап қайта ұйықтап кетеді.
Сондықтан да әрбір ана тал бесікте жатқан
баласын тербетіп отырып ыңылдап «Бесік
жырын» айтады. Бесікте жатқан нәресте
ана сөзіне түсінбесе де құлағына сүтпен
бәрге ана тілінің әсем сазы, қоңыр әуені,
ойлы, мұңды мақамы сіңе береді. Егер кез
келген аналар «Бесік жырын» бес саусағындай
жатқа біліп өз сәбиінің құлағына ана
сүтімен қоса сіңіріп отырса ана тіліміздің
тағдырына нұр үстіне нұр жауар еді.
Қорыта айтқанда, халқымыздың санасында құйылып бүгінге дейін өз жалғасын тауып келе жатқан «Бесік жырының» негізгі мақсаты-баланы ұйқтату, жұбату. Баланың санасында сіңген ананың сазды әуені сәби құлағында мәңгі сақталып жан дүниесіне нәр бітіріп, оның келешегіне рухани азық болады. Сондықтан халқымызда бала тәрбиесі бесіктен деп айтады.