Батырлық жырлар, батырлар жыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 22:10, доклад

Краткое описание

Батырлық жырлар, батырлар жыры[1] — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Батырлар жыры.docx

— 55.27 Кб (Скачать документ)

 

 
(«Қобланды батыр» жыры). 
Ғалымдардың зерттеуінше, қазақ халқында, варианттарымен қосып есептегенде, мыңға тарта эпикалық туынды бар екен. Солардың ішінде бір ғана “Қобыланды” жырының 29 нұсқасының бар екенін және оларда әрісі сақ-ғұн заманының, берісі қалмақ-жоңғар кезеңінің белгілері жалғасып отыратынын ғалымдар әлденеше рет жазған еді. 
Қазақ эпостарының ішінде ең көп зерттелгендерінің бірі – “Қобыланды батыр” жыры. Қобыланды жөніндегі аңыз-әңгімені алғаш рет баспа бетіне түсірген кісі – В.Радлов. Содан бері бұл жыр әлі күнге дейін зерттеу нысанасына айналып келеді. 
“Қобыланды батыр” жыры жайындағы алғашқы келелі сөзді Әлихан Бөкейхановтың “Туркестанские ведомости” газетінде жарияланған “Женщины по киргизской былине Кобыланды” деген көлемді зерттеу мақаласынан кездестіреміз. 
Академик Мұхтар Әуезов өзінің 1925 жылы “Таң” журналына жариялаған “Қобыланды батыр” атты зерттеуінде бұл жырға “эпопея дерлік жыр” деп баға береді. “Қобыланды батыр” жырын ғалым Мәлік Ғабдуллин де егжей-тегжейлі зерттеді: 1947 жылы “Қобыланды батыр жырын ғылыми зерттеудің проблемалары” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады, 15 түрлі нұсқасын жариялады.  
Сонымен қоса, “Қобыланды батырды” Марабай, Мергенбай жырау, Біржан Толымбаев, Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай Қалмағамбетов, Құлзақ Амангелдиев, Нұрсейіт Битілеуов, Рахмет Мәзқожаев, Сүйінішәлі Жаңбыршыұлы, Қашқынбай жырау, Қали Нұрпейісов, Қалмағамбет Жамболов, Құлзақ Амангелдин, Әбілда Жүргенбаев, Ержан Ешімов, Шәкір жырау, Сыр бойының белгілі жыршысы Тұяқбай жырлаған. Қарақалпақстандық қазақ жыршыларынан: Қуанышбай Досымбаев, Тәжік жырау, Қарлыбай Қалжанов, Жақсылық Төлепов, Қошақан Туатаев, Ережеп Аманжолов, Төребай Құрбанов жырлаған. Бұлардың қай-қайсысы да “Қобыланды батырды” өзінше жырлаған, бір-бірін қайталамаған, жырдың көпшілікке таныс сюжетіне жанынан жаңа әңгімелер қосып айтқан. Жырдың айтушылары мен нұсқаларының мол болуы бұл жырдың халық арасына мейлінше көп таралғандығын білдіреді. Осылардың ішінде академиялық оқулыққа енгені Марабай нұсқасы. 
Бұл жырдың 9 мың жолдық нұсқасын Ақтөбе топырағында ақын Нұрпейіс Байғанин да жырлаған. 
“Қобыланды” жыры – тайпалық эпос түрінде туып, бірте-бірте жалпыхалықтық жырға айналған қазына. Қазан төңкерісінен бұрынғы фольклортану ғылымында бұл жырды орыс патшасы Иван Грозныйдың 1552 жылғы Қазан хандығын жаулап алу оқиғасымен байланыстыра қарау басым болды. Кезінде Мәлік Ғабдуллин бұл пікірге қарсы шығып, “Қобыланды” жырының одан үш жүз жыл бұрын ХІІІ ғасырдағы парсы жерін билеген Шыңғыс ханның ұрпағы Ғазан ханға қарсы күрестің барысында туған эпос екенін жазған еді. Жалпы, “Қобыланды” жырының нұсқалары батырды бес түрлі кезеңге апарып телиді. Солардың алғашқысы ІХ-Х ғасырлардағы пешенег дәуірі, екіншісі ІХ-ХІ ғасырлардағы оғыз-қыпшақ заманы. Үшінші-төртінші кезең ХV-ХVІ ғасырлардағы Ноғайлы ордасы мен Өзбек-Қазақ ұлысы кезеңімен байланысты. Ал жырдың қайсыбір нұсқалары батырды бергі ХVІІІ ғасырдағы Жоңғар жорығына араластырады. Әлбетте, мұның бәрі фольклор заңдылығына сәйкес, осы жырды жырлап таратушы жыраулардың елін сүйген, елі сүйген баһадүр батырға ділгірлігінен, белдеуден ат кетпеген беймаза замандардағы халықтың батырға зәрулігінен туған. 
Шын мәнінде Қобыландының өмір сүрген дәуірі белгілі. Бұл — тарихи ақиқат. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі шыққан төл энциклопедиямызда мынадай жолдар бар: “Қара қыпшақ Қобыланды – (шамамен ХV ғасырда өмір сүрген) батыр, тарихи қайраткер. Көшпелі өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Әбілхайыр ханның бас батыры. Қазақ шежіресінде Қобыландыны Қара қыпшақтан тарайтын Тоқтарбайдан туғызады. Қобыландыдан Беркімбай, Беркімбайдан бес таңбалы Қыпшақ ұрпақтары өрбиді... Ел аузындағы деректерге қарағанда, оның бейіті Қобда өзенінің бойында”, – делінген. Қобыланды батыр – шын мәнінде қайталанбас эпостық образ деңгейіне жеткен тарихи тұлға. Кейінгі кешенді зерттеулер Қобыланды батырдың ХV ғасырда Сырдың бойында хандық құрған Әбілхайыр тұсындағы Өзбек-Қазақ кезеңінде өмір сүргенін айғақтайды.  
Ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың жазуынша, Қобыланды батыр Әбілхайыр ханның екі төбе биінің бірі болған. Себебі, әзірге белгісіз, Қобыланды ханның “Ақжол” биі атанып кеткен екінші биі Дайырқожаны ұрып өлтіреді. Жырда айтылатын Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың: “Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным, сексен асып таянғанда тоқсанға, тұра алмастай үзілді ме жұлыным, адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының, аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың, Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!” деп келетін жыр жолдарының өзі батырдың Өзбек (Әбілхайыр) хандығының іргесі шайқалатын тұста ғұмыр кешкеніне дәлел бола алады.  
Бір қызығы, аталған жоқтауда Қобыландыға қатысты ешқандай жазғыру жоқ, жырау атышулы батырмен ұстасқан баласының өліміне күйініш білдіреді. Өзбек ханның мұрагері – Әбілхайыр Шәйбанидың қабырғалы екі биінің арасындағы осы оқиға, түптеп келгенде ұшса құс қанаты талатын ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен бір ұлыстың екіге жарылуына себеп болғанға ұқсайды. Осылайша ел іші алатайдай бүлініп, Керей мен Жәнібек сұлтандардың хандықтан кетіп, мұның аяғы Шу бойындағы Қозыбасы тауының етегінде дербес Қазақ хандығының құрылуына алып келеді. Бір жағынан Қобыланды батырды ұлтымыздың бүгінгі атауының қалыптасу шағының бастауында тұрған тарихи тұлға десек те болады. 
Осыған орай белгілі тарихшы Қойшығара Салғараның мына пікірін де ескермеске болмайды. Ол өзінің “Қазақтар” атты роман-эссесінде: “...Қобыландының Дайырқожаны өлтіруі – елді екіге айыруының себебі емес, тек желеуі, ал, елдің екіге айрылуының тарихи шындығы басқада. Есен Бұғының Керей мен Жәнібек сұлтандарға Шу өңірінен шұрайлы жерді сайлап беруінде терістік шығыстан еміне енген ойраттар мен оңтүстік батыстан көзінің сұғын қадаған Ақсақ Темірдің шөбересі Әбу Сайд мырзаға арқа сүйеген өз ағасы Жүніске қарсы күресте өзбек жауынгер жігіттерін қалқан етемін деген мақсат, ізгі үміті жатыр” – деп жазады.  
Қазақ эпосы бір автордың шығармасы немесе бір ғасырдың ғана жемісі емес. Оның тууының түп негізі сонау көне түрк эпикалық дәстүрінде жатыр. Орхон-Енесей жазбаларында ұшырасатын эпикалық стильдің элементтері осы ойымыздың айқын дәлелі бола алады. Зерттеушілердің пікірінше “түрк-моңғол халықтарының қаһармандық эпосы, оның пайда болу дәуірі біздің эрамыздан бастап көне Түрк қағанаты құрылғанға дейінгі аралықты қамтиды”. “Қобыланды батыр” эпосының сюжеттік желісі қыпшақ және оғыздардың эпикалық дәстүрімен, “Тоныкөк”, “Күлтегін”, “Қорқыт ата кітабы”, “Алпамыс батыр” жырларымен ұқсас, ортақ. Ендеше, “Қобыланды батыр” эпосын Алтын Орданың ыдырау дәуірінен бұрын туып қалыптасты деуімізге толық негіз бар.  
Қазақ эпосының көркемдігінің жоғары болуына жыраулар мен жыршылардың сіңірген еңбегі айрықша. Батырдың ел-жұрты, ата-анасы, қалыңдығы және жан серігі – астындағы тұлпары – бәрі де эпоста әсерлі, асқақ бейнеленеді. Мұның бәрі эпос жанрының табиғатынан туындайды. 
Эпостың негізгі қаһарманы – хас батырдың бойына адалдық, батылдық, алыптық секілді асыл қасиеттер жинақталып беріледі. Батырлық эпос ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне, дәстүрлі жыр, ол негізінен жатқа айту арқылы жалғасады. Бір жыршыдан екінші айтушыға ауызекі жету жолында әрбір қисса қисапсыз өзгерістерге ұшырайды. Әр алуан жүйріктер ғасырлар бойы бірінен-бірі іліп алып жырлағандықтан, бастапқы шығарған автордың немесе алғашқы орындаған жыраудың есімі ұмытылып қалуы да заңдылық.  
“Қобыланды батыр” жырында ұшырасатын негізгі қаһармандар есімдері Алтын Орданың ыдырауы мен Қазақ хандығының құрылуы оқиғаларының ортасындағы тарихи тұлғалар. Тарихи Қобыландының Алтын Орда ыдырап, Қазақ хандығының құрыла бастаған кезінде өмір сүргеніне жазба дәлелдің болмауы, оның сол дәуірде өмір сүргендігін жоққа шығармайды. Ал, Алтын Орданың ыдырап, Қазақ хандығы құрылған дәуірде тарихи тұлғалар қатарында Қобыландының да тарихи жырда, эпоста, шежіре, аңыздарда көрінуі кездейсоқ емес. Көшпелі түрк халықтарында тарихи аңыз, жыр, шежіреге тарихи дерек көзі ретінде қарастырылады және сол деректердің көбі жазба мағлұматтармен сәйкес келеді.  
Сондықтан да “Қобыланды батыр” эпосының, зерттеушілер айтып жүргендей, Әбілхайыр ханның ұлысы екіге бөлініп, халқымыздың тарихында шешуші рөл атқарған 1456 жылғы Қазақ хандығы құрылар алдындағы ұлысаралық өзара қақтығыстарды бейнелейтін және осы кезеңде туып қалыптасқан аса құнды эпикалық туынды екендігі даусыз. 
“Қобыланды батыр” тақырыбын зерттеуге саналы ғұмырын сарп еткен ғалым Оразкүл Нұрмағамбетова еді. Ол өзінің “Қазақтың қаһармандық эпосы” атты еңбегінде эпосты көркем шығармаға жатқызады. “Әрбір эпикалық герой халықтың ойынан, арманынан туған. Мысалы, Қобыландыны да, Құртқа мен Қарлығаны да ешбір тарихи кісінің атымен байланыстыруға болмайды. Бұлар халықтың қиялы тудырған халықтық бейнелер”, – дейді. 
Жоғарыда айтқандай қазақ жырауларының “Қобыланды батыр” жырын жырламағаны жоқ. Өзге де батырлар жыры секілді “Қобыланды батыр” эпосының алғашқы нұсқасын кім шығарды, одан кім үйренді, бүгінгі бізге жеткен нұсқалары қай кезде айтыла бастады деген сұрақтарға кесіп-пішіп жауап беру қиын. Қалай дегенде де эпостарды батырдың шайқасын көзімен көрген, тарихи оқиғаға куә болған жыраулар шығарған. Және де сол жыраулардың бәрі де шетінен батыр болған. Халық тағдырын, ел тағдырын ол кезде батырлар шешкен. Соғыс аяқталысымен батырдың ерлігі туралы жыр шығарған. Эпостағы батырлар қиялдан тумаған. Тарихи шындықтан туған. Эпостық жырды тудыруға бір жыраудың өмірі жетпеген. Ұрпақтары ұластырып жырлаған. Өкінішке орай, бізге осы байтақ жырлардың жұрнақтары ғана жеткен.  
“Қобыланды батырды” жырлаған жыршы-жыраулар эпостың ең ұтымды жерлерін өзгеріссіз сақтап, жырдың М.Әуезовтың сөзімен айтқанда “тұрақты, айнымайтын” өзегін жасаған. “Қобыланды батыр” жыры – көркемдік қасиеті жағынан да дүние жүзі эпостарының алдыңғы қатарында тұрған ең тамаша әдеби ескерткіштердің бірі. Бұл жырды әлем халықтарының батырлық жырлары сияқты классикалық эпостар қатарына қосуға әбден болады. Өйткені, Қобыланды туралы жырда классикалық эпосқа тән типтік қасиеттердің бәрі кездеседі. 
Қобыланды – ерліктің символына айналған тарихи қайраткер. Қазақ эпосындағы Қобыланды бейнесі – ол қайсар рухтың символы. “Қобыланды батыр” эпосы туралы қазақ әдебиеттану ғылымында аз жазылған жоқ. Халық бойына отаншылдық сезімін сіңдіріп, эстетикалық тәрбие беруде үлкен рөл атқарып келе жатқан осы бір күрделі көркем жыр жайындағы сөз жалғаса беретіні де анық.  
Қобыланды – қазақ тарихының алтын қазығы. Оның тірісі түгіл өлгенде де ел шетінде аяғын жауға беріп жатуы содан. Байтақ жырға айналып, қазақ бесігін бес ғасырдан бері тербетіп келе жатқан Қобыланды бабамыз тарихи тұлға ретінде өз тұғырына қайта қонды. Құтты болсын! 


Информация о работе Батырлық жырлар, батырлар жыры