Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 17:03, реферат
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
Алғашқы газеттер — «Түркiстан уәлаятының газетi» (Ташкент, 1870 — 82), «Дала уәлаятының газетi» (Омбы, 1888 — 92). Бұдан кейiн Ордада және Оралда ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетi (1911 — 13), Орынбор қ-нда А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен «Қазақ» газетi (1913 — 1918), ақын-демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» (1911 — 15) шықты
1978 ж. құрылған Республика кiтап мұражайында ерте заманнан бүгiнге дейiнгi 60 мыңнан астам әр алуан кiтаптар, альбомдар, көне қолжазбалар сақталған.
Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар серпінді дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпарат нарығында кеңінен қолданыс табуда. Ұлттық ТД мен радиостансалар ұлттық ғарыштық жүйе арқылы таратылуда. 2002 жылы CaspioNet (операторы Eutelsat) ғарыштық арнасы құрылды.Республиканың барлық аумағында кабельдік және ғарыштық арналар арқылы BBC, CNN, Deutsche Welle арналарының бағдарламалары, Азаттық радиосы, Польшаның Polonia арнасы, ресейлік және басқа да телерадио арналар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер миинстрлігінде әлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік БАҚ-тардың өкілдері тіркелген. Олардың қатарында BBC, Associated Press, Интерфакс, France Press, Reuters, ITAR-TASS сияқты дүниежүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар.
2010 жылдың бірінші жартыжылдығындағы
есеп бойынша, республикада 2697 БАҚ әрекет
етеді. Қазақтілді БАҚ үлесі қолданыстағы
БАҚ жалпы санының 19,1%-ын құрайды, орыстілді
– 33,4%, бұқаралық ақпараттық құралдары
қазақ және орыс тілдерінде 35% (таратылады)
басылады, 12,5% – қазақ, орыс және басқа
да тілдерде.
Барлық 2427 баспадан 1619 газет есептеледі,
оның ішінде мемлекеттік – 328, және 1291-і
– мемлекеттік емес. Қазақ тілінде басылатын
– 437 газет, орыс және басқа тілдерде –
587, қазақша және орысша – 479, қазақ, орыс
және басқа тілдерде – 116. Журналдардың
жалпы саны – 808, 172 журнал – мемлекеттік,
636 – мемлекеттік емес. Шығарылатын журналдардың
жалпы саны орыс тілінде – 304, қазақ және
орыс тілдерінде – 237, қазақ, орыс және
басқа тілдерде – 162, қазақ тілінде – 105.
Қазақстанда 259 электрондық БАҚ әрекет
етеді, оның ішіндегі – 52 (мемлекеттік
– 11, мемлекеттік емес – 41, эфирге қазақ
және орыс тілдерінде шығады), радиокомпаниялар
– 49 (мемлекеттік – 5, мемлекеттік емес
– 44, эфирге қазақ және орыс тілдерінде
шығады), кабелді телевизия операторлары–
152, спутниктік хабар тарату операторлары
– 6 (мемлекеттік – 1, мемлекеттік емес
– 5). Ақпараттық агенттіктердің жалпы
саны – 11, оның 10-ы мемлекеттік емес, біреуі
мемлекеттік.
Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы
ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға
әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға
арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар
олардың мынадай ерекше белгілерін атап
көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың
шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың,
аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға
біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның
тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін
қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат
құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат
құралдары төртінші билік болып табылады.Бұқаралық
ақпарат құралдарының еркіндігі адам
бостандығының маңызды алғы шарты болып
табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі
жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат
еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз азаматтық
қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тәуелсіз
қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының
рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын
зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат
құралдарының мақсаты –елде және шетелде
болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты
және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық
бұқаралық ақпарат құралдарының болуы
және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық
мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден
бұқаралық ақпарат құралдарының халық
пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,
Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы
жылдарынан бастап баспасөз саласындағы
халықаралық беделді құжаттардың аясында
БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе
жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының
кепілі – Ата заңымыз және Республика
Президенті. Осы орайда бұқаралық ақпарат
құралдарың құруда болған қиындықтарға
тоқталсам:қоғамдар алмасып, нарықтық
экономикалық қатынастар орныға бастаған
тұстан бергі уақытты БАҚ саласындағы
өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің
даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі -жалғыз идеологияның пәрменінде
болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің
ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға
ұшырауы. Екінші кезең - ақпарат әлемінің
мемлекеттік және жекеменшік түрінде
қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің
құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік,
мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес
әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік
кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық
ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны
белгілі. Сол күрделі тұста Республика
Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік
демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін
және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін
көтерудің мүмкін жолдарының бәрін қарастырды.
Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты
өндірістік және тарату кезіндегі қосымша
құн салығынан босату туралы Жарлыққа
қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай
ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы
жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда
«Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат
құралдары туралы» заң қабылданды. Ол
елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда
болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай
туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік
туды. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн
берген ірі медиа бірлестіктер өмірге
келді.
Халықтың ақпарат алу және талдау
мүмкіндігі молайды.
Осы заңдардың қай - қайсы да БАҚ-ты демократияландыру,
Жетістігің бар болса, желпінтіп айтсаң
да, жалауларып айтсаң да жарасады.
Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық
даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі
осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада
мына маңызды міндеттерге айрықша назар
аударылды және жүзеге асырылу жолдары
белгіленді:
1. Ақпарат саласы мәселелері
жөніндегі заңнаманы жетілдіру.
2. Отандық және мемлекеттікбұқаралық
ақпарат құралдарының
Осы үш міндеттің бәрі республикадағы
барлық сипаттағы БАҚ-тың
одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етті.
Пайдаланған әдебиеттер: