“Байтұрсынов жазуы” және емле ережелерінің тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 19:48, реферат

Краткое описание

А. Байтұрсынов қазақ жазуы үшін жасаған әліпби жобасын қостай отырып, Міржақып Дулатов (Азамат Алашұлы деген лақап атпен) жаңа әліпбиге ф мен х таңбаларын енгізуді ұсынады («Айқап», 1912, № 8). Бұл да тұңғыш пікілердің бірі болды.
Қазақ жазуының орфографиясы ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсыновтың мақалаларында тұңғыш рет сөз болды. Оның қажеттігі мен рөлі ғана дәлелденіп қойған жоқ, алғашқы ережелері іспеттес тәртіп жүйесін ұсынды. Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуының емлесі туралы ой-пікірлерін өзі редакторы болған «Қазақ» газетінің беттерінде әрі қарай жалғастырып, пікірсайысқа жол берді. Емле мәселесіне келгенде, «Айқап» пен «Қазақ» газеттері қарама-қарсы екі түрлі бағытта болды. «Айқап» бұрынғы дәстүрлі әліпби жүйесі мен емлені қолдаса, «Қазақ», әрине, А.Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен жаңа емле принциптерін жақтады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Байтұрсынов жазуы.docx

— 26.79 Кб (Скачать документ)

Жаңа «орыс жазуы» кеңінен таралып, игерілуін үлгермей жатқанда, қоғам тіршілігін кілт өзгерткен Ұлы Отан соғысы басталды. Төрт жылға созылған соғыс жылдарында жазу мен оның емле ережелеріне мұқиат үңіліп, қырнай түсетін іс-шаралар жүргізетін мүмкіндіктер де бірінші кезекте тұрмады, дегенмен 1940 жылдың соңынан басталған жаңа «орыс жазуын» қазақ мәдениеті: оқу-ағарту саласы, мерзімді баспасөз, баспалар ісі тегіс пайдалануға кірісті. Соғыс аяқталар тұста бұл жазу да дағдылы құбылысқа айналып үлгірді: Халық жаңа әліпбимен жазып, жаңа жазулы басылымдарды біршама еркін игеріп кетті. Дегенмен о бастан, жаңа графика қабылданып, оның алғашқы емле ережелері түзілген кезден бері қолданыста қиындық келтіріп келе жатқан, ала-құлалыққа жол беріп отырған емле ережелерін айқындап, түзетулер енгізу керектігі көрінді. Олар төл сөздердің жазылуында ы, і әріптерінің әр позициядағы қолданысына қарап (топрақ/топырақ, рас/ырас, ру/ұру, сиыр/сыйыр, жинау/жыйнау, силау/сыйлау т. т.); ә әрпінің екінші, үшінші буындарда жазылуына (Жәлилә/Жәмила, Күлаш/Күләш, күман/күмән т. т.), сөздердің бірге, бөлек жазылуына, орыс тілі арқылы келген сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғауына т. б. қатысты болды. Кириллицамен жазудағы бұл қиындықтар тек 1957 жылы (әрине, ұзақ пікірсайыстардан кейін) ғана біршама жинақталып, түзетулер енгізіліп қазақ тілінің орфографиялық ережелерінің жаңа редакциясы қабылданды. Бұл ережелер кодексі де, алдыңғылар сияқты ресми түрде қабылданды, яғни Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Указымен 1957 ж. 5-маусымда бекітілді, одан кейін де бұл ережелерге түзетулер мен толықтырулар енгізілген, жаңа редакциясы да 1983 ж. 25 августа Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының Указымен бекітілді. Күні бүгінге дейін емле ережелерінің бұл соңғы редакциясы азын-аулақ түзетулермен қолданылып келеді. Осы ережелердің негізінде Қазақ тілінің үлкенді-кішілі бірнеше орфографиялық сөздіктері жарық көрді.

Орфография да – тарихи, «жанды» құбылыс. Қоғамның әлеуметтік-саяси өмірінің дамуы ол пайдаланылып отырған жазба тілдің, әсіресе оның сөздік қазынасының толығуы, реттеле түсуі (нормалану процесі) сияқты қозғалысына орай оның жазба тәжірибесі де, жазу тәртіптері – емле қағидалары да азды-көпті өзгерістерге ұшырап отырады, өңделе, қырнала түсіп реттеледі. Сондықтан өткен ХХ ғасырдың 80-жылдарының бас кезінде соңғы рет ресми түрде қабылданған, яғни осы ережелер бойынша жазу міндеттелген орфографиялық ережелерге кейінгі, 20 жылдан астам мерзім ішінде де ғылыми-практикалық мәні бар пікірлер айтылып келеді. Бұл пікірлер мен ұсыныстар әсіресе қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесі (статусы) берілгеннен кейін тіпті жандана түсті. Әңгіме көбінесе орыс сөздері мен интертерминдерді жазуға (олардың дыбыстық тұрпатын қазақша сындырып жазуды, қазақ, араб, парсы сөздерінің екінші, үшінші буындарында еріндік үндестігін сақтап жазуды (құдұқ, құлшұлұқ) ұсынған өзгерістер енгізуге қатысты болып келеді, сондай-ақ қазақ сөздерінің бірге және бөлек жазылатын сәттерін әлі де айқындай түсу, адам, жер-су аттарын дұрыс жазу (яғни бұзып жазуға бет алған ағымға тойтарыс беру) тәрізді жеке тұстары да айтыла бастады.

Қазақ жазбасын жаңа графикаға – латынға ауыстыру мәселесі көтерілгеніне 15-18 жылдай уақыт өтті. Егер графика ауысатын болса, оның емле ережелері арнайы түзіледі. Қазақ тілі орфографиясының негізі сақталғанмен, бөгде тілдік сөздердің жазылуы, біріккен сөздер мен аналитикалық тіркестердің жазылу тәртібі, қазақ сөздерінің айтылуындағы үндестік заңдылықтарын сақтап жазу немесе сақталмай жазу сияқты баптар да едәуір пікір таласын тудыратыны сөзсіз. Бірақ ендігі жерде емле мәселесі әркімнің «меніңше былайына» қарай емес, ғылыми-теориялық негіздерде сүйеніп, нақты дәлелдерімен айтылуға тиіс болмақ. Орфографияның теориялық негіздері, оның принциптері тіл білімі мамандарының ізденістерінің, жан-жақты зерттеу жұмыстарының  нәтижесінде көрсетіледі.           

 


Информация о работе “Байтұрсынов жазуы” және емле ережелерінің тарихы