Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 21:54, доклад
Халықтың тілі уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Бірақ бұл тілдің түбегейлі өзгеріп кетуіне немесе жойылуына әкеп соқпайды. Тек әр кезеңде тілдегі кей сөздердің қолданыс аясы тарылып немесе белсенді түрде қолданылып, сөздік қорға өзгерістер енгізіп отырады. Тіл жүйесінде бұдан өзге де түрлі құбылыстардың жүзеге асуы мүмкін. Соның негізінде тіл ғылымында, өз кезегінде, сырын ашуды талап ететін мәселелелер де пайда болады. Сондай мәселелердің бірі – қазақ тіліндегі сөз семантикасы мен сөздердің семантикалық валенттілігі. Қазақ тіл білімінде валенттілік, оның тілдік болмысы жекелеген ғылыми зерттеулерде түрлі тілдік құбылыстарға қатысты қарастырылғанымен, әзірге жан-жақты зерттеу нысанына алынбай жүргендігі белгілі. Дегенмен валенттілік құбылысы, оның тіл жүйесіндегі сипаты Еуропа тіл білімінде, оның ішінде неміс, француз тілдерінде елеулі түрде зерттелген.