Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2013 в 14:01, реферат
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.
Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.
Төле би кезінде оқыған, ірі сауатты, халқының ақындық шешендік өнерінен тәлім алған адам. Жастайынан ел арасындағы билікке араласып, әділдішімен, шешендігімен, тапқырлығымен төңірегіне кеңінен танылады.
Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.
Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Ол кезде қазақ пен жоңғар хаңдықтары үнемі жауласып жүретін. Тәуке хан өлімінен кейін Қазақ хандығы ыдырай бастады.Ұлы жүзді басқарып отырған Төле би жоңғар басқыншыларына біраз уақыт кіріптар болады. Оларға салық төлегеніне қарамастан, Төле би саяси басқаруды өз қолына алды. Қазақтардың басын бірікгіріп, оларды жоңгар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Кейбір мәліметтер бойынша, Төле би Абылай сұлтанның өрлеуіне де ықпал еткен. Төле би, Орта жүздің бас биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Төле би Тәуке ханның Түркістаңды Қазақ хандығының астанасы қылу, үш жүзді бір орталыққа бағындыру, бір ғана Қазақ хаңдығын күшейту, туыс қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жоңғар-ойрат басқыншыларына қарсы әскери одағын кұру туралы шараларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді. 1749 жылы немере інісі Айтбай бастаған елшілікгі Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке жібере отырып, ол Ресей қоластына өтуге дайын екендігін мәлімдеген.
Елкей хан бір жиылыста
отырғанда ешкім сөз
Бір кісінің үш баласы болыпты. — Балаларым, көзім тірісінде сендерге бір таусылмас қазына қалдырайын. Шаруаларың шақталғанда бөліп, ас-ауқат қыласыңдар, — деп, бар қазынасын қойма ғып көмеді. Айтқанындай, әкесі өлгеннен соң, шаруалары шақталып, үш бала қойманы қазып алайын деп келсе, орны …
Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып: — Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті.
Үйсінбай шешенді Қамбар төре сөз бастауға басшы қылып қасына ертіп жүріпті. Үйсінбайдың туысқандары оған мастанып, елге зорлық қылып, малдарын ұрлап жей беріпті. Қуғыншыға теңдік бермепті, Үйсінбайдың тілін алмапты. Балалардың ісі төреге мәлім болып, төре Үйсінбайды шақыртыпты.
ТАЙМАС ЖҰДАС ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ Бір күні Абылай хан қарамына көз тойған, үш жүзден озған, ақылы асқан билермен бас қосып отырғанда: — Дүниеде тозбайтын нәрсе бола ма? Өлмейтін жан бола ма? Осыны тауып беріңдер де, менен қалағандарыңды алыңдар,
Орта жүз Бәтеке Ыбырай деген шешен адам болыпты. Шаруасы төмен кедей болғанымен өткір тілді, қисық істі көргіш әділ шешен Ыбырайды халық қатты сыйлайды екен.
Шиырбай бір байдікіне қонса, мал соймай, жай-жапсарын айтпай алдына ескі ет әкеліпті.
ҚАЗ ДАУЬІСТЫ ҚАЗЫБЕК (Қазыбек Келдібекұлы 1667-1764 ж., бұрынғы деректерде 1665-1765 ж.), қазақ халқының 17-18 ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін Болатқожа атасынан шыққан. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек есімдері елге белгілі әділ билер болған. Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме-аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәсімдерін, ата жолы зандарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би әз-Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезендерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта хандарға ақыл-кеңестер беріп отырған. Қаз дауысты Қазыбек бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулык-тайпалық алауыздықтар мен хандык билікке таластын неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне атқосшы болып алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван-Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: «Дат, тақсыр!» — деп жұлқынып алға шығады да: «Қазак деген мал баққан елміз, ешкімге соқтыкпай жай жатқан елміз. Елімізден кұт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, — найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса — хан ордасын таптай білген елміз.
Әділ сөздің атасы Қаз дауысты
Қазыбек би туралы энциклопедияның
тұсаукесер рәсімі елордадағы ұлттық
кітапханада өтті. Іргелі еңбектің тұсаукесер
рәсімінде алғашқы сөзді Қарағанды қаласындағы
«Болашақ» университетінің ректоры, шығарушылар
алқасының жетекшісі Нұрлан Дулатбеков
алып, бұл еңбек арқылы ата-бабалар аманатын
насихаттау, ел бірлігін, ұлт тұтастығын
көрсету, Төле, Қазыбек, Әйтеке билермен
қатар, халқымыздың айтулы ұлдары мен
жырауларын, дала абыздарын жан-жақты
қамтуды мақсат еткенін, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы
жоңғар-қазақ айқасы да энциклопедиядан
орын алғанын айта келіп, ұлы бидің өнегесіне
кеңінен тоқталды.
Сол секілді кітапқа күні кеше ғана өмірден
озған, өресі биік, өрісі кең Салық Зимановтың
«Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары»
деген мақаласы да берілген екен. Бұл мақаладан
алар тағылым да, тәлім де аз емес екенін
мына бір байламнан аңғаруға болғандай.
Мысалы, «Би, ең алдымен – сот (судья). Бидің
өзі де, билігі де түп-тамыры халықтың
тарихына байланысты. Сол себепті ол беделді,
дәстүрлі билік қатарында болды. Ал хан
билігін көпшілік бұқара әкім билігі деп
таныды. Қазақтың көрнекті мәдениет қайраткерлерінің
бірі жазғандай: «Мықты билер тілін алмаған
хандарды бір кезде тақтарынан қуыршақша
алып тастап отырған», дейді академик
ағамыз.
Бұдан кейінгі жерде Қаз дауысты Қазыбек
би туралы топтама мақалалар беріліпті.
Кестелі сөздің кемелі Аян Нысаналының
«Төле би», көрнекті қаламгер Софы Сматаевтың
«Қаз дауысты Қазыбек би», қара сөздің
хас шебері Әбіш Кекілбаевтың «Әйтеке
би» атты сүбелі дүниелерінен алар мағлұмат
аз болмаса керек. Профессор Серік Негимов
әдеби тілдің әрі мен нәрі билер мен абыздарда
жатқанын, ол заманда адамдардың сөзге
тоқтап, үлкеннің алдынан қиып өтпегенін
тілге тиек етсе, ұлтым деп сөйлегенде
сөзі жеті қат жердің астынан шымырлап
шыққан бұлақтай әсер ететін Оразкүл Асанғазы
үш би қол ұстасып ортамызға оралғанда,
оңтүстік жұртының қуана қарсы алғанын,
Қ.Төлеметов, А.Тышанов бастаған азаматтар
баяғы көсемдер сап құрған үш көшені үш
бидің атына беріп, бір жерден ұштастырып,
береке-бірліктің үлгісі етіп көрсеткенін,
ұлт рухының ұлыларын осылай кітап етіп,
ұрпақ қолына ұсына беру қажет екенін
атап өтті.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік
Оспанов Мәди әндерін әуелетсе, ғалым
Жамбыл Артықбаев бұл еңбектің танымдық
жағына тоқталып, билер өмір сүрген заман
Шоқан айтып кеткен ерлік ғасыры болғанын
дәйектеді. Ол кездегі қоғам ашық болғанын,
биліктің жұрт алдында айтылып, қорытынды
жасалғанына мысалдар келтірді. Профессор
Қ.Жиреншин билердің мұрасын заң факультеттерінде
оқыту қажеттігін көтеріп, мына еңбек
соған дайын құрал болатынын тілге тиек
етсе, ғалым Шәкір Ыбыраев дала поэзиясы
туралы ой тербеп, шешендік сөздің кемелі
де, келістісі де сол заманда болғанын,
енді соны тәуелсіздік тұсында бірте-бірте
оралту жайына тоқталды.