Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 12:54, реферат
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
« Экология және Жаратылыстану ғылымдары» факультеті
Баяндама
Тақырыбы: Қазақ тілінің қазіргі жағдайы
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана
емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс
табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің
биік тұғыры да. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің
ара қатынасында аса маңызды рөлге ие.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының
тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға
және республикада қолданылатын өзге
де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына
жолдаған жолдауында белгіленген басым
бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды
біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік
тілді жан-жақты дамытуға басты назар
аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ
тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту
және оның әлеуметтік-коммуникативтік
міндеттерін кеңейту еліміз саясатының
басты стратегиялық басымдығы болып қала
береді. Мемлекеттік тілді дамыту Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының
басым мақсаттарына сәйкес жүзеге асырылып
келеді. Осы мақсатта Қазақстан халықтары
Ассамблеясы да өзінің стратегиясында
мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің
басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің
ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық
этностарының бірігуі жолында қазақстандық
сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің
бірі болып табылатынын жариялады.
Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып
табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда
қандай этникалық топқа жататындығына
қарамастан, қазақ тілі мен мәдениетіне
оның мемлекеттік қызметінің сақталуы
мен нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде.
Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда
қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдар
санының біртіндеп көбейіп келе жатқаны,
жыл сайын Тіл комитеті жүргізетін тілдік
жағдай мониторингі деректерінен айқын
байқалуда. Мәселен, 2000 жылы қазақ тілін
білетін өзге ұлт өкілдерінің саны 36,4%-ды
құраса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 40%-ға жетіп
отыр. Бұған қоса, зерттеу нәтижелері орыс
тілді қазақтардың мемлекеттік тілді
меңгеруге деген ұмтылысы да белсенді
түрде жүзеге асырылып келе жатқаны байқалады.
Республиканың бес облысында – Атырау,
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік
Қазақстан облыстары іс-қағаздарын мемлекеттік
тіл – қазақ тілінде жүргізуде. Бұл аймақтар
басқа облыстарға қарағанда өзге ұлт азаматтарының
қазақ тілін меңгеру деңгейінің жоғарылығымен
ерекшеленеді. Ал 2005-2006 жылдар аралығында
Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында
іс жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге
көшіру қажеттігі көзделіп отыр. Сондай-ақ
соңғы екі жылда орта мектептерде қазақ
тілін оқыту сағаттары көбейтіліп, қазақ
мектептері мен қазақ бала бақшаларының
саны артты.
Бүгінде біз қазақ мәдениетінің қалыптасу
процесінің куәгеріміз және елімізде
барлық халықтардың мәдени ынтымақтастығын
біріктіретін күш ретінде қазақ мәдениетінің
дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар
жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру
деңгейіне қарай мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен
енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда. Қоғамда,
әсіресе, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі
жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс
аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға
толық негіз бар.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен
ұйымдарда қоғамның жан-жақты салаларында
оңтайлы әлеуметтік лингвистикалық кеңістікке
қол жеткізу үшін жаңа қадамдар жасалуда.
Басты мақсат – тілдік мұраны сақтау және
қоғамдық өмірдің барлық саласында қазақ
тілінің қолданылуын қамтамасыз етіп,
оның барынша дамуына қол жеткізу. Осы
мақсатта бірқатар ауқымды іс-шаралар
қолға алынуда. Мысалы, қазір қазақ тілінің
терминологиялық қорын жасап, жетілдіруге
ерекше көңіл бөлініп отыр. Терминологиялық
жұмыстардың тұжырымдамасына сәйкес 2006
жылы 2007-2010 жылдарға арналған терминология
жөніндегі салалық бағдарлама енгізу
жоспарлануда. Сонымен қатар Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасының
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін
нығайтуға байланысты бөлігіне толықтырулар
енгізу бойынша жұмыстар жасалып, осы
мақсатта жаңа іс-шараларды жүзеге асыру
көзделуде.
Көңілге қуаныш ұялататын жақсы нышан,
ол көптеген қазақстандықтардың балаларын
қазақ мектептерінде оқытып, олардың мемлекеттік
тілде білім алуы үшін жағдай жасауға
ұмтылуы болып отыр. Соңғы әлеуметтік
зерттеулер нәтижесі балаларына қазақша
білім беруді қалайтын қазақстандықтар
санының артып отырғанын байқатты. 2000
жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш орташа
есеппен 3,8% артқан. Балаларына қазақ тілінде
кәсіби білім беруді қалайтын қала қазақтары
санының көбейіп келе жатқаны да қуантады.
Республика бойынша екі мыңға жуық өзге
тілді оқушылар қазақ тіліндегі мектептер
мен сыныптарда білім алуда. Сондықтан
да білім беру мекемелерінде мемлекеттік
тілді тереңдетіп енгізу және халықтың
ықпалды бөлігі жастарға баса назар аудару
арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін
береді деп ойлаймыз. Сонымен негізгі
міндетіміз – біздің азаматтарымыздың,
этникалық қауым өкілдерінің қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде еркін меңгеруін
қалыптастыру. Біріншіден, бұл қоғамдағы
өзара түсіністікке әсер етеді, екіншіден,
тіл – ынтымақтастықтың негізгі көзі,
еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықтың
тірегі болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының ұлттық жаңғыру
мектебінде этникалық диаспоралардың
өкілдері үшін «Қазақ тілі және мәдениеті»
атты бөлім ашылған. Педагогтар балалардың
мемлекеттік тілге деген қызығушылығының
күннен күнге артып отырғандығын байқауда.
Егер қазақ сыныптарына 2002 жылы 30 бала
қатысса, 2004 жылы олардың саны 50-ге жетті.
Риддер қаласында он жылдан бері жұмыс
істеп келе жатқан «Шаңырақ» атты қазақ
жексенбілік мектебі мемлекеттік тілді
үйрету тәжірибесін мол жинақтаған. Осы
жылдарда мектепті мемлекеттік тілде
жетік меңгерген этникалық топтардың
ондаған өкілдері тәмамдады. Осы мектепте
білім алушылар қазақ тілі пәні бойынша
облыстық, республикалық олимпиадалардың
жеңімпаздары атануда. Сондай-ақ осы мектепті
бітірген талантты әрі қабілетті балалар
бүгінде жоғары оқу орындарында оқып жүр
және қазақ тілінен сабақ беруде. Мысалы,
Марина Бухарина – «Тіл – достық дәнекері»
атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы
республикалық конкурстың жеңімпазы атанды.
Шығыс Қазақстан университетінің қазақ
филологиясы факультетін бітірген ол
Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында
бас маман болып жұмыс істейді. Сол мектептің
түлегі Семенова Олеся жоғары оқу орнын
аяқтап, Риддер қаласындағы №3 мектепте
қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруде.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, сол
«Қазақ тілін меңгеру – қазақстандық
патриотизмнің құрамдас бөлігі» бастамасы
қазақстандықтардың біртұтас ұлт ретінде
тату-тәтті өмір сүруіне және қазақстандық
патриотизмнің негізі болуға әбден лайық.
Қандай да бір халықтың болмысы, өркениеттілігі,
саналылығы және сауаттылығы оның тіл
мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының
кеңдігімен, орамдылығымен және ұтымдылығымен
өлшенеді.
Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік
мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.
Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге
ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі
ол тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған
халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы
мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы
шарт. Яғни, ол өнер, әдебиет, мәдениет,
баспасөз, радио, теледидар, дипломатиялық
қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс
қағаздар, т.б. салаларға дейін қызмет
ететін қоғамның қажетті құралына айналуы
керек. Есеп-қисап, қаржылық және техникалық
құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге
тиіс. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары,
Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары,
халықаралық қызмет те осы талаптарға
толық жауап беруге міндетті. Тілдерді
дамыту — еліміздегі мемлекеттік саясаттың
аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын
оңтайлы шешу — ұлтаралық, қатынастар
үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы
мен қоғамдық келісімді нығайтудың алғышарты.
Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы
жанартау болған жұрт жүрегінің жалыны
бүгінде де бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін
ұлықтаған ұрпақтың ұмтылысы ұдайы ұрандаудан
тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы
жағдай мен қазіргі күйді салыстыра қарасақ,
көзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып
отырған мәселе аз емес, алайда ауызды
қу шөппен сүртуге де болмайды. Қоғамда
тіл тағдырына деген түсіністік орныға
бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық
мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете
бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік
тіл саясатының нәтижесі.
1989 жылғы тұңғыш Тіл туралы заң, алғашқы
Конституция қабылданар тұстардағы талас-тартыс,
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің
бекітілуі, мұны нығайта түсу үшін 1997 жылы
тіл туралы жаңа заң қабылдау қандай жағдайларда
жүзеге асты? «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап
шығады» деген мәтелді халық тіршілік
заңдылықтарына сүйене отырып айтқан.
Тілдің даму процесінің өзі табиғи кұбылыс.
Оған жанды дүниенің өсуіне қажет жағдайдың
ешқайсысы жат емес. Сондай-ақ адам алақаны
табиғатқа аялылық таныта бермейтіні
де анық. Меніңше, мәселе осында. Тіл тағдырына
деген жеке адам ретінде жанашырлығымыз
бен немқұрайлығымыз өз ықпалын қатты
тигізіп отыр.
Бүгінгі күнгі тікелей жауапкершілігіміздегі
міндет — мемлекеттік тіл саясатын қоғамымызда
жүргізіліп отырған сындарлы саясат негізінде
одан әрі жалғастыру. Бүгінгі күні тілдерді
дамытуға деген қамқорлық жан-жақты көрсетілуде.
Еліміздегі тілдердің дамуы мен қолданылуына
қатысты нормативтік құқықтық негіздер
нығайтылуда. Мемлекеттік тіл саясатының
тірегі — тіл туралы заң, заңды жүзеге
асыруды қамтамасыз етуші қаулы-қарарлар,
бекітілген бағдарлама бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
проблеманың бүгінгі тандағы жай-күйіне
талдау жасай, сараптай отырып, соның негізінде
жақын болашақтың басым бағыттары айқындалып,
қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік
қызметін кеңейту мен нығайту, орыс тілінің
қолданылуын қамтамасыз ету, жалпы мәдени
қызметін сақтау, этностық топтардың тілдерін
дамыту міндеттері алға қойылған. Тіл
саясатының бұл мүддесі мемлекеттің қоғамдағы
барлық ұлттардың дамуын көздеген ұстанымына
негізделген.
Бағдарлама қоғамдағы саяси тұрақтылық
мүдделерін ескере отырып жүргізіліп
келе жатқан тіл саясатының табиғи сабақтастығын
қамтамасыз етеді және еліміздегі тіл
саясатының жақын болашақтағы бағыт-бағдарын
берік бағамдауға және ең бастысы, тіл
болашағына деген халық сенімін нығайта
отырып, жұртты ортақ мақсатқа жұмылдыруға
қызмет етуі тиіс. Ол мемлекеттік деңгейде
қабылданар құжаттың құрылымдық талаптарына
сай және тіл саясатына қатысты қамтылуы
тиіс мәселелерді толық қарастырады. Әр
тараудың мақсатына сай атқарылуы қажет
міндеттер мейлінше нақтыланып керсетілді.
Жоғарыда айтылған нормативтік кұқықтық
қамтамасыз ету тұрғысында Үкіметтің
«Мемлекеттік органдарда мемлекеттік
тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы»,
«Тілдер туралы заңдардың сақталуына
бақылау жасаудың тәртібі туралы ереже»,
«Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына)
мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат
енгізу жөніндегі талаптар туралы», «Мемлекеттік
тілде кұжат дайындауды жүзеге асыратын
әкімшілік қызметшілерді көтермелеу туралы»
қаулылары қабылданды. Тіл заңын бұзғаны
үшін жауапкершілікке тарту «Қазақстан
Республикасы Әкімшілік бұзушылық туралы»
ҚР Кодексінің 81, 82-баптарында көрсетілді.
Сондай-ақ 1999 жылдың 23 шілдесінде қабылданған
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы»
Заңның 3-бабы 2 тармағына «…мемлекеттік
тілдегі берілімдердің көлемі уақыты
жағынан басқа тілдердегі берілімдердің
жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс»
деген толықтыру енгізілді.
Осыған сәйкес қазіргі кезде аталған заң
талаптарын 92%-дан астам телерадиокомпаниялар
орындап отыр.
Дегенмен, бұл талаптың телерадиокомпаниялар
тарапынан әлі де болса үстірт орындалу
жәйттері жиі кездесетіні құпия емес.
Әсіресе, мемлекеттік тілде берілетін
хабарлардың басым бөлігінің тек түнгі
уақытта және негізінен бейнеқордағы
концерттік бағдарламалардан тұрып, қайта-қайта
көрсетіле беруі дүйім жұртшылықтың орынды
ренішін туғызуда. Баспасөзде, сондай-ақ
мемлекеттік органдарға келіп түсіп жатқан
шағымдарда бұл жағдай көпшілік тарапынан
қоғамдық санада мемлекеттік тілді өгейсітуге
жасалған әрекет ретінде, тіпті оны мазақ
қылу есебінде қабылдануда.
Сондықтан да мемлекеттік тілді қолдау
туралы мәселені қазақ тілді оқырмандар
мен көрермендер де, Қазақстан Парламенті
Мәжілісінің депутаттары да тұрақты көтеріп
келеді. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары
Амангелді Айталы, Мұхтар Шаханов, Бекболат
Тілеухан мемлекеттік тіл мәселесін үзбей
алға тартуда. Аталмыш мәселе бойынша
Мәжілісте арнайы депутаттық топтың кұрылып
жатқаны да белгілі. Осы орайда, депутаттардың
бастамасымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған заң топтамасы
қаралған тұста біздің министрлік оны
толықтай қолдап шыққанын айтқан жөн.
Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан
мемлекеттік тілді қолдау және дамыту
бағытында барынша мүдделілік танытылып
отыр. Мәселен, таяуда ғана ұлттық мәдени
орталықтардың бір топ өкілі Елбасы Н.Назарбаевқа
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту
қажеттігі жөнінде арнайы өтінішпен шықты.
Біздің министрлік 2003 жылдан бастап мемлекеттік
тіл саясатын электронды БАҚ арқылы жүргізу
мақсатында ақпарат саясатын жүргізу
мәселесі бойынша мемлекеттік тапсырыс
аясында арнайы конкурстар өткізіп келеді.
Аталған бағдарлама бойынша биылғы жылы
мемлекеттік тапсырыс шеңберінде хабар
шығарудың көлемі 3308 сағат деңгейінде
көзделіп отыр. Оған республикалық телерадиокомпаниялармен
қатар, өңірлік БАҚ-тар да кеңінен тартылып
келеді.
Жалпы, электрондық бұқаралық ақпарат
құралдарындағы мемлекеттік тілдің бүгінгі
жағдайы көлемі жағынан да, сапалық тұрғыдан
да төмен екеңдігі жасырын емес. Мемлекеттік
емес телерадиокомпаниялардың басым көпшілігінде,
әсіресе республикалық телерадиокомпанияларда,
қазақ тіліндегі мазмұны мен шығармашылық
деңгейі көңілге қонатын тұшымды бағдарламалар
мен хабарлар тек мемлекеттік тапсырыс
аясында ғана, мемлекет қаржысы есебінен
шығарылады. Ал компаниялар болса өз қаражатын
мемлекеттік тілдегі хабарлар шығаруға
шығындауға мүдделі емес, яғни, қазақ тілін
өркендету тек мемлекеттің күзырындағы
мәселе деген көзқарас қалыптасқан.
Мұның өзі мемлекеттік тіл үшін де, мемлекеттің
қауіпсіздігі үшін де алаңдатарлық жағдай.
Қоғамдық пікірді, жаңа қоғамдық сананы
қалыптастыруда айрықша орын алатын бұқаралық
ақпарат құралдарының мемлекеттік тілдің
тағдырына немқұрайлы қарауы қалың көпшілікті
де аландатып отырғаны сөзсіз. Ата Занда
атап көрсетілгендей, қазақ тілі мемлекеттік
тіл ретінде қоғам тұтастығының бірден
бір факторына айналуы тиіс және оған
барлық қазақстандықтар азамат ретінде
атсалысуы керек. Соңдықтан, заң тұрғысынан
БАҚ-тардың жауапкершілігін арттыратын
шаралар қарастыру өте орынды болар еді.
Атап өтерлік бір жәйт, үстіміздегі жылғы
18 сәуірде өткен Қазақстан Журналистері
конгресінде «Бұқаралық ақпарат құралдары
туралы» жаңа заң жобасының түсаукесері
жасалды. Онда қазақ тілін қолдау бағытында
«мемлекеттік тілде дайындалған хабарлардың
эфирдегі таралу уақыты тәулік бойында
біркелкі болуы шарт» деген арнайы қағидат
қарастырылған. Аталмыш заң жобасын бір
топ депутат арқылы Мәжілістің қарауына
енгізу көзделіп отыр.
Жалпы, мемлекеттік тіл саясатын толыққанды
жүзеге асыру бұл бұқаралық, іске айналғанда
ғана көздеген мақсатына жете алады деп
есептеймін. Бұл ретте бұқаралық ақпарат
құралдарының ықпалы орасан зор болмақшы.
Олар тіл мүддесін қорғап, тіл зәрулігін
қамтамасыз етуде тек мемлекеттік органдарға
талап қоюшылықпен ғана шектелмей, оларға
тиісті қолғабыс жасауға үйренулері керек.
«Тіліміз кұрып кетті, құрдымға батып
бара жатыр», деп көздің жасын төге бермей,
оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты
ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайта
түсуге күш салған дұрыс. Тілді насихаттау
мен үйретуде жеке адамдардың, отбасының
атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны
жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда
да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс.
Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің
ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға
сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді
ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны
ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз
еткеніміз абзал.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде
және біліктілік талаптарына сай білуді
қажет ететін кәсіптер, мамандықтар мен
лауазымдар тізбесін заңдық түрғыдан
бекіту орайында мемлекеттік қызметшілерге
қатысты мәселелер Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттік және
басқа да тиісті органдар тарапынан ойластырылып,
көп кешікпей бір шешімін табары анық.
Мемлекеттік тіл мәселесі ешқашан назардан
тысқары қалып көрген емес. Мемлекеттік
тіл саясатын жетілдіру, нығайту бағытындағы
жұмыстар үнемі жалғасын табуда. Соның
көрінісі ретінде үстіміздегі жылдың
18 ақпанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына арнаған «Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»
атты дәстүрлі Жолдауында қазір еліміздің
әлеуметтік, мәдени саланы өркендету мақсатында
жаңа белеске қадам басқандығын атап көрсетті.
Барша қазақстандықтарды біріктірудің
басты факторларының бірі болып отырған
мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға күш-жігерін
салу — әрбір азаматтың парызы екендігі
тағы бір рет қайталанып, халқына ой салды.
Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық, жоспарының 21-тармақшасына
сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың
2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
мемлекеттік тілді дамыту бөлігіне өзгерістер
енгізу қолға алынды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатын
жүзеге асыру мемлекеттік тілді инновациялық
технологиялар арқылы дамыту үшін әлеуметтік,
экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық
жағдай жасауға бағытталған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына
сәйкес біртұтас қазақ ұлтының құрамдас
бөлігі ретінде шетелде тұратын қазақ
диаспорасын әлеуметтік-экономикалық,
құқықтық қорғау, қолдау жүйесін жасау
мақсатында «Шет елдерде тұратын қазақ
диаспорасын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының»
жобасы әзірленуде.
Қазақ тілі қазақ халқымен қатар әлемнің
басқа да көптеген елдерінде тұратын отандастарымыздың
ұлттық тілі екенін ұмытпауымыз қажет.
Сондықтан да мемлекеттік тілді игеруге
көмектесетін компьютерлік оқулықтар
шығару, Интернет жүйесі арқылы мемлекеттік
тілдегі ақпараттық кеңістікті дамыту,
шетелдерде тұратын отандастарға арналған
арнайы веб-портал ашу әрі жетілдіру өзекті
мәселе екені даусыз. Әлемнің әр түкпірінде
қоныс тепкен қазақтардың бір-бірімен
электрондық жүйе арқылы хат-хабар алмасуына
олардың түрлі әліпбиді қолданатыны мүмкіндік
бермейді. Сонымен бірге кұзыретті органның
алдында шетелдерде қазақ халқының салт-дәстүрін
танытып, мәдениеті мен өнерін насихаттау
мақсатында мәдени орталықтар ашу, Еуропа
елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер
және спорт фестивалін халықаралық деңгейде
ұйымдастыру, Дүниежүзі қазақтарының
Құрылтайын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері
тұр.
Тіл саясатын жүргізуді мемлекеттік реттеу
қажеттігі қазақстандық қоғамдастық мүшелері
арасында түсіністік орнату мен бұл бағытта
белсенді әрекет ету мақсатынан туындайды.
Бұл орайдағы басты міндет — қазіргі күні
қалыптасып отырған тілдік ахуалды нығайту
үшін нысаналы, мақсатты жұмыстар жүргізу.
Қазақстанда тұратын өзге халықтардың
ана тілін оқып-үйрену ісіне мемлекет
пен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау-көмек
көрсетіліп келеді. Бұл мақсатқа республикалық
бюджеттен жүйелі түрде қаржы бөлініп
тұрады.
Айтылған тоқтамдар мен деректерге келсек,
Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты
мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті
қызмет етіп отырғандығы қуантады. Біздегі
мемлекеттік тіл саясаты шын мәнінде саяси
тұрақтылыққа, этносаралық жарастыққа
және қоғамдық келісімге алғышарт бола
алады.
Алайда, біз қандай жағдайда да, қай кезде
де өзге тілдердің дамуына еш нұқсан келтірмей,
оларға деген мемлекеттік қолдау-қамқорлық
аясын тіпті де тарылтпай отырып, қалай
дегенде де Қазақстан Республикасы мемлекетінің
негізін құраушы, ел-жер иесі қазақ халқының
ұлттық тілі — қазақ тілінің, мемлекеттік
тілдің мүддесін мейлінше кең көздеуге
маңыз береріміз белгілі. Бұл бір-бірімізден
бөліп-жарып міндет бөлісетін шаруа емес,
ол Отаным деген барлық қазақстандықтың
қастерлі парызы Президентіміз тіл саясатын
өткір сынға ала отырып, бұл мәселеге табандылықпен
тікелей өзі қозғау салды. Енді түйінді
тіл мәселесі өз шешімін тауып, оңалар
деген үміттемін. Рас, тіл мәселесі оқтын-оқтын
көтеріліп-ақ келеді. Алайда Ассамблеяның
биылғы ХІІ сессиясындағыдай мемлекеттік
тіл төңірегінде мұндай өзекті ой қозғалып,
қажеттілігі нақты шегеленіп, бұрын-соңды
айтылған жоқ еді.
. Мемлекет басщысы азаматтық
қоғамды құрудың және
Тілді оқып-үйренуді жоғары деңгейге көтеру қажет. Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кәсіби қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар азаматтық парызы болуы қажет. Мемлекеттің тілді білмейтін түлектерді шығаратын жоғарғы оқу орны бар мемлекетті табу қиын. Өз сөзінде Президент Н.Ә.Назарбаев: … Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында немесе сот саласында жұмысістеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылғансұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар — өз функцияларыңды қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің ел «өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» және «тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешқандай кемсiтуге» болмайтындығы атап көрсетілген.
Тіл адамның толыққанды жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауына, ақпарат алмасуға, бала тәрбиелеп, зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Тіл арқылы қоғам мүшелері, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас жасалады. Тіл маңызды коммуникативтік қызмет атқара отырып, сонымен бірге, адамның өз ойын, ниет-пиғылы мен көңіл-күйін білдіріп, ішкі әлемін көрсетеді, білімін жетілдіруге, адам санасының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Тіл саясатын одан әрі жүзеге асырудың мәселелері мен міндеттерін дұрыс анықтаудың маңызды факторы елдегі этнолингвистикалық жағдай туралы ғылыми негізделген талдау жасау болып табылады. Бірақ бұл талдау бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, білім саласындағы статистикалық әлеуметтік зерттеулерге негізделген. Бұл мәліметтер нақты жағдайды көрсетпейді, өйткені сұралатын аудиторияда білім деңгейіне, әлеуметтік тегіне, мониторингке қатысушылардың құзыреті ескерілмейді. Жоғарыда көтерілген мәселелер тұрғындардың қабылдауына ықпал ететін мәселелердің барлығын қамти алмайды.
Сонымен қатар, ана тілін «ана тілі» деп қабылдау көрсеткіштерін, меңгеру деңгейін, респонденттердің сауаттылығы, үйрену мотиві ескерілу қажет.
Сонымен талдау нәтижесі бойынша, сұралғандардың көпшілігі (96%-дан көбі), қазақ ұлтының өкілдері, оны ана тілі деп есептейді, бұл интернационалистік идеологияның басымдығы кезіндегі стереотиптердің өзгергендігін көрсетті.
Респонденттердің 50%-ы еркін сөйлей және оқи алатындықтарын (мәтін жазбай) айтты, яғни ана тілдерін (қазақ тілі) жеткілікті дәрежеде меңгердік деп есептейді. Мұндай көрсеткіш тілді меңгеру жағдайын толық көрсете алмайды.
Алайда, мемлекеттік тілді үйренудің оң мотивтері байқалады:
1 азаматтық міндет – 27,5%;
2 Қазақстанда өмір сүру және жұмыс істеу ниеті – 26,1%;
3 тілдік ортаға бірігу қажеттілігі – 20,2%.
Тілді дамыту саласындағы жағдайды бағалау қажеттілігімен байланысты қиындықтарды талдауды жылына 2-3 рет жүргізу керек, бұл тіл саясаты саласын ғана емес, білім, мәдениет, демография және көшпелі процестерді реттеу мәселелерін де шеше алады.
Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзі.
Бұл тұжырым мемлекеттік мәртебеге ие
болған қазақ тілінің ертеңгі келешегін
айқындаумен қатар оның әлі қоғамдық өміріміздің
барлық саласында күнделікті қолданыс
құралы бола алмай отырған бүгінгі жағдайын
да көрсетеді.
Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіздік таңының
елең-алаңында, яғни 1989 жылы қазақ тілі
мемлекеттік мәртебеге ие болған-ды. 1995
жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай
айқын жазылып, конституциялық шешім жасалды.
Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан
Республикасындағы Тіл туралы» Заңында
«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
тiлi – қазақ тілі» деп тағы да атап көрсетіліп,
оны барша азаматтардың еркiн және тегiн
меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық,
материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы
айтылған болатын. Үкімет осы Заңның жүзеге
асуы жөнінде көптеген қаулы-қарарлар
алды. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту
бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар
жасалды.
Сөйтіп сан жыл теперіш көріп келген ана
тілдік кеңістікте қозғалыс басталып,
ол қоғамдық өмірде еркін қолдануға бет
алды. Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары
мемлекеттік тілге көшіріле бастады. Қазақ
тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың
саны арта түсті.
Осындай оң өзгерістермен қатар қазақ
тілі қоғамның көптеген салаларында әлі
аударма тіл дәрежесінен аса алмай тұр.
Оның терең саяси және құқықтық негіздері
бар.
Соңғы 300 жылдай уақытта қазақ қоғамы өз
алдына толыққанды мемлекет болып, өз
билігіне өзі ие бола алмады. Қазақ өркениетті
ұлт ретінде қалыптаса алған жоқ. Толып
жатқан қиыншылықтар қазақ елінің капитализмді
бастан өткермей, феодализмнен социализмге
«қарғып» кетуінен, яғни қоғамның табиғи
жетілмеуінің де туындады.
Кеңес өкіметі Азамат соғысын аяқтап,
бірсыпыра нығайып алғаннан кейін ұлттық
мәселелерде кейбір қайшылықты саясат
жүргізе бастады. Бұл ұлттық республикаларға
әсер етіп, кейде асыра сілтеушілік те
болмай қалмады. Қазақ ССР Халық комиссарлар
кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпанындағы «Республика
мемлекеттік органдарында қазақ және
орыс тілдерін қолдану туралы» декретінде
«республиканың бүкіл орталық және губерниялық
мекемелері іс қағаздарын және өзара қарым-қатынасты
орыс тілінде жүргізеді» деп жазылды.
Кеңес Одағындағы 30-жылдарғы социализмнің
жеңісі ұлттық мүдделер мен сұраныстарды
социалистік интернационализм көлеңкесінде
қалдырды. Түр мен мазмұнның бірлігі бұзылып,
мазмұны социалистік, түрі ұлттық мәдениет
насихатталды. 1938 жылғы 5 сәуірде «Қазақ
мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту
туралы» арнайы қаулы шықты. Бұл шаралар
қазақ тілінің қолданыс аясын күрт өзгертуге
алып келді. Осындай іс-әрекеттердің салдарынан
Қазақстанда 700 қазақ мектебінің жабылды.
Аралас мектептер жауыннан кейінгі саңырау
құлақтар сияқты қаулап шыға келді.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Заңның қабылданған кезі де елдегі күрделі
демографиялық ахуал жағдайымен тура
келді. Ол кезде қазақ өз жерінде 40 пайыздан
аса қоймаса, орыстар, украиндықтар мен
белорустар 7 миллионнан асып, бүкіл халықтың
40 пайызынан жоғары болды. Мұндай фактормен
санаспауға болмайтын еді. Өйткені сонау
бостандықты жария еткен алғашқы құжат
– Қазақ Советтік Социалистік Республикасының
мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда
атап көрсетілгендей, елімізде тұратын
халықтарды топтастыру мен олардың достығын
нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп
саналған болатын.
Тәуелсіздік жылдары қоғамның саяси-әлеуметтік
саласында елеулі өзгерістер жүзеге асты.
Нарықтық қатынастар өмірге етене еніп,
экономикамыз белгілі деңгейде қалыптасты.
Демографиялық жағдай осыдан он жыл бұрынғымен
салыстыруға келмейді. Қазір қазақ ұлтының
саны еліміздегі халықтың 63 пайызын құрап
отыр. Мемлекеттік тіл баяу болса да, Қазақстанды
туған елім, өз жерім дейтін барлық этнос
өкілдері мен диаспоралар үшін қажеттілікке
айналып келеді.
Алайда осыдан жиырма жыл бұрын мемлекеттік
мәртебеге ие болған қазақ тілі әлі іс
жүзінде өзінің осы шынайы мәртебесіне
толық жете алмай келеді. Қазақ тілінде
оқытып, тәрбие беретін мектептер республикадағы
жалпы білім беретін 8 мыңдай орта мектептің
жартысына да жетпейді. Бұл орта арнаулы
және жоғары оқу орындары жүйесінде де
әсер етіп отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының
қазақ тіліндегі қазіргі көрсеткіші де
мемлекет құраушы ұлтты қанағаттандырып
отырған жоқ.
Осындай ғасырлар қордаланған аса күрделі
қиыншылықтан тек мемлекеттік тіл туралы
арнайы заң ғана шығарады деген мақсатпен
2008 жылы Астанадағы Қазақ гуманитарлық
заң университетінің бір топ ғалымдары
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі туралы» Заң жобасын дайындаған болатынбыз.
Ол республикалық «Ана тілі» газетінің
2008 жылғы №14(903) санында басылды. Бірақ
бұл Үкіметке жол таба алмай тұр. Атқарушы
билік қолданыстағы «Тіл туралы» Заңмен
жағдайдан шығуға болады деп есептейді.
Рас, мұндай заң қабылдаудың өзіндік қиындықтары
жоқ емес. Бірақ басым көпшіліктің мүддесімен
санасу өркениетті елдердің барлығына
тән. Ең негізгісі ниет болып жатса, ұсынылған
заң жобасын көп болып ақылдасып, қайта-қайта
кеңесіп, жан-жақты қарастырып, оңтайлы
нұсқаны ойластыруға болар еді. Бұған
бүгін маман тілшілер де, тіл саясатының
басы-қасында жүрген белгілі азаматтар
да, нағыз тіл жанашырлары да, Парламенттегі
депутаттардың да білім деңгейі мен рухани
қуаты толық жетеді.
Мемлекеттік тіл туралы Заңның қабылдануы
қоғамда жаңаша тілдік қатынас туғызып,
Қазақстанда тұратын барлық халықтардың
топтасуының маңызды факторы ретіндегі
оның рөлі арта түсер еді. Кешегі кеңестік
елдердің барлығында дерлік қазір мемлекеттік
тіл туралы заңдар жұмыс істеуде.
Көптеген тіл мамандарының пікірінше,
мемлекеттік тіл туралы арнайы заң қабылданбай
бүгінгі қалыптасқан тығырықтан шығу
мүмкін емес. Мұндай заң қабылдауға Негізгі
заңымыздың 93-бабындағы «Конституцияның
7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет,
жергілікті өкілді және атқарушы органдар
арнаулы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының
барлық азаматтары мемлекеттік тілді
еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті
ұйымдастырушылық және техникалық жағдайдың
бәрін жасауға міндетті» деген қағида
құқықтық негіз бола алады.
Сонан соң қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы
Тіл туралы» Заңның мақсаты мен тұжырымдамасы
бөлек болғаннан кейін ол қоғамда мемлекеттік
тілдің еркін дамуына қажетті орта жасай
алмады, жасай алмайды. Шындығын айтқанда,
Заңда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі» деген жалғыз ғана 4-бап бар. Қалған
баптарда тіпті қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебесіне қайшы нормалар аз емес. Заңның
«Тілді құқықтық қорғау» деген 23-баптың
бірінші бөлігінде «Қазақстан Республикасында
мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер
мемлекеттің қорғауында болады» деп айтыла
салған. Осы баптың үшінші бөлігіндегі
«Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде
және біліктілік талаптарына сәйкес білуі
қажет кәсіптердің, мамандықтардың және
лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы
заңдарымен белгіленеді» деген маңызды
норманың орындалуы бір министрліктен
екіншісіне ауысып жүріп ұмыт болды.
Бұл айтылғандар мемлекеттік мәртебеге
ие болған, бірақ ол мәртебесі толыққанды
жүзеге аспай отырған қазақ тілінің қазіргі
құқықтық аспектілері. Мұның адами, әлеуметтік
жағы да жетерлік. Ең бастысы — ұлттық
тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына,
оның қажеттілік деңгейіне байланысты
екенін де ескермеуге болмайды. Өзін ешкімнен
артық та, кем де емес дәрежеде сезіну
халқымызға жетпей отыр. Әзір тәуелсіздік
рухы баршамызды толыққанды түлете алмай
отырғаны шындық. Осы арада бүкіл түркі
әлемінің асыл перзенттерінің бірі Мұстафа
Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі
болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген
жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық
рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі
ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында
өсіп дамиды, жеміс береді» дегенін де
еске сала кетсек, артық болмас.
Сонымен мемлекеттік тілдің тағдыры ұлттық
оң болмыстың оянуын қажет етіп отыр. Шынтуайтына
келгенде, мәселеге тереңірек үңілсек,
істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры
қазақтың өзінің қолында. Өркениетті елдерде
тіл тағдыры көбіне-көп бұқараның белсенділігімен,
биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық
қасиеттерінің биіктігімен шешіледі.
Біздің ең басты жолымыз да осы болуға
тиісті. Бұған жиырма жылдық жаңа өміріміз
де, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи тәжірибелері
де толық дәлел бола алады.
Мемлекеттік тіл туралы заң қабылданып,
халқымыз тәуелсіздіктің рухани қуатын
толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстанның
болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған
қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті
шындыққа айналар сөзсіз.