Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Июля 2013 в 19:47, реферат

Краткое описание

Осы бірлікті оқу процесінде жүзеге асырудың ең ұтымды, ең тиімді жолы – тіл сабақтарында көркем мәтіндермен кешенді жұмыс жүргізу. Тілдік қатынастың дамуына алғышарт тудырудың басты факторы оқушыға тілдік орта қалыптастыру екендігі негізделген жаңа білім жүйесінде осы оқу мәтіндерінің коммуникативтік, ой дамытушылық, шығармашылық сипаттары айқын көрсетілген. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген басты тенденциялармен сабақтасатын соны бағыт – ана тілін мәтін арқылы меңгерту. Әдіскер – ғалымдар мәтін арқылы оқытудың артықшылықтары ретінде білімді күтілетін нәтижеге сай ұйымдастыруға тірек болатын төмендегідей мәселелерді атайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Баяндама Қаз. тілі саб..doc

— 35.50 Кб (Скачать документ)

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың

 сауаттылығын  арттыру  

      Тіл мен сананың, сөйлеу мен ойлаудың бірлігі әр адамның жеке басы қасиеті мен қабілетінің де даралығын танытатын белгі екені сөзсіз. Олай болса, «Ойлаусыз тілдік қатынас та жоқ. Ойлау тілдік қатынастың тірегі ғана емес, ол- бүкіл сөйлеу әрекетінің өзегі деп саналатын адамзаттың болмысы»

( Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас  теориясы мен әдістемесі. А.,2001, 112-б. ).

      Осы бірлікті оқу процесінде жүзеге асырудың ең ұтымды, ең тиімді жолы – тіл сабақтарында көркем мәтіндермен кешенді жұмыс жүргізу. Тілдік қатынастың  дамуына алғышарт тудырудың басты факторы оқушыға тілдік орта қалыптастыру екендігі негізделген жаңа білім жүйесінде осы оқу мәтіндерінің коммуникативтік, ой дамытушылық, шығармашылық сипаттары айқын көрсетілген. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген басты тенденциялармен сабақтасатын соны бағыт – ана тілін мәтін арқылы меңгерту. Әдіскер – ғалымдар мәтін арқылы оқытудың артықшылықтары ретінде білімді күтілетін нәтижеге сай ұйымдастыруға тірек болатын төмендегідей мәселелерді атайды.

  1. «Оқу мәтіндері тіл мен әдебиетті кіріктіре оқытуға мол мүмкіндік береді»

Тілдің тек  ғылыми жүйесін меңгертуден арылудың бір жолы – оқушының сөйлеу іскерліктерін  дамытатын жұмыстарға басымдылық беру.Бұл , әлбетте, түрлі мәтіндермен кешенді жұмыс арқылы ғана мүмкін болады. Мәтін тілдің көркем сөзде, яғни сөз өнерінде атқаратын қызметін жан-жақты танытуға жетелейді. Мазмұны терең, тілі көркем мәтіндер оқушының сөйлеу шеберлігін дамытудың көзі деген қағида орнықтырылады.

    2.   «Мәтін арқылы оқыту оқушының сөйлеуді ұлттық мәдениеттің компоненті ретінде меңгеруінің маңызды факторы – тілдік ортаны қалыптастырады». Бұл идея қазіргі білім философиясындағы рефлексия бағытымен сабақтасып жатыр. Яғни оқушының өз ортасы арқылы дамуына табиғи жағдай жасалады. Мұнда бір мәтінді талдау барысында өзара ой бөлісуге, пікір таластыруға, ортақ ой қорытындыларын жасауға үйренеді..

    3.   «Мәтін  арқылы сөйлеу әрекеті компоненттерін  толық әрі бір – бірімен  тығыз сабақтастықта жүргізуге жол ашылады» Сөйлеу әрекетінің оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім секілді бөліктері қатар жүргізілетін жұмыстар оқушының ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениеттерін жетілдірудің қайнар көзі болып саналады. Бұл тілді оқыту сапасының айқын көрсеткіші деп есептеледі.

       Қазақ тілін оқытуда мәтінмен  жұмыс жүргізудің барлық бағыты  бүгінгі таңдағы әлемнің озық  елдері ұстанып отырған білім  жүйесінің жаңа моделі нәтижеге  бағдарлай отырып білім берудің  негізгі шарттарымен үндеседі. Біз  соңғы жылдарда Қазақ білім академиясы мен «Сорос - Қазақстан» қоры ұйымдастырған «Оқу процесін күтілетін нәтижелерге бағыттай отырып ұйымдастыру» тақырыбындағы ғылыми - әдістемелік семинарларға қатысу барысында көптеген елдердегі білім беру жүйесіндегі жаңа тенденциялармен таныстық. Онда негізгі бағыт – пәндерді интеграциялау нәтижесінде оқушының танымдық, практикалық дағдыларын дамытуға, түпкі нәтижесінде олардың өмірге қажетті біліктерін қалыптастыруға қажетті білім мен тәрбие беру.

       Әйтсе де, тілдік білім мен коммуникативтік іскерлікті қатар қамтитын оқытудың жаңа әдістемелік жүйесінде тілдің грамматикалық, функционалдық сипаттарын күшейтуде жоғарыда аталған шетел тәжірибелерін алатын жаңашыл бағыттар жеткілікті.

        Түпкі нәтижеге қол жеткізілуі үшін, алдымен, сол нәтижені нақты қоя білу қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар оларды белгілеудің критерийлері, бағалау жүйесі реттеу механизмдері саралануы тиіс. Егер бұл толық қамтылмаса, онда оқыту процесі де толық мақсатына жете алмайды. Сонымен, бұл бағыт бойынша балалардың әр түрлі көзқарастарын дамыту, сол ой – тұжырымдарын әлеуметтік әдеттілік мүддесіне сәйкес қолдана білуге үйрету, балаларды өз эмоциялары мен қажеттіліктерін, қызығушылықтарын түсінуге, мойындауға бағытталып, өз орнымен дұрыс қолдануға үйрету көзделеді. Балалардың пәндік дағдылары мен білімдерінен гөрі оқуға деген мотивизациялары менстимулдарын қалыптастыруға жолкөрсетілуі керектігі айқындалады.

       Нәтижеге бағдарланған білім  -  оқушының жеке басы жетістіктері  тұрғысынан нақты нәтижеге жетуіне бағдарланған білім беру мәселесі. Бұл, оқушылар қандай негізгі нәрселерді түсінуге тиіс, олар не істей алуы тиіс деген мәселелерді шешуге бағытталған жүйе мен оқу жоспарын жасауды қажет етеді. Білім жүйесі мен коррикулум осы жетістіктің құралы ретінде көрінуі тиіс, яғни қазіргі ең соңғы нәтижені көрсетпеуі керек. Бұл да болашақта ана тілі мен әдеьиетін оқытуды жетілдіруде Басшылыққа алынуы тиіс.

       Қазіргі ана тілі сабақтарын  ұйымдастыруды мәтінге негіздеуінің  тиімділігі жөнінде осындай  бағыттардың өрістеп дамуы пән мұғалімдерінің оқыту процесін сапалы жүзеге асыруына оң ықпалын тигізері сөзсіз. Мәтін оқушының тіл байлығын , сауаттылық қабілетін жүйелі жетілдірудің тиімді тәсілі екені дәлелденді. Білім сапасы тұжырымдаған бағытының мектеп тәжірибесінде шынайы ендірілуін де қамтамасыз ететін бұл фактордың қажеттілігін пән мұғалімдері де түсіне бастады.

      Сонымен, жоғарыда айтылған мәселелердің  барлығының түйіні -  қазақ тілінің  білім сапасын арттыруға, оқушының  өзіндік ізденісін жүйелі ұйымдастыруға негіз қалайтын оқу мәтіндері бойынша жүргізілетін жұмыстардың жаңа талаптарға сәйкес болуы қажеттілігі. Бүгінгі әлемдік білім мен кеңестігінде оқушылардың әлеуметтендірілуі, қоғамдық ортада өзіндік ой – пікірі мен көзқарасын еркін әрі дұрыс айта білуі талап етіліп отырылған кезеңде оның алғашқы қадамдарын сабақ үстінде жүргізілетін танымдық, практикалық жаттығулардың маңызы арта түсетіні сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру