Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 11:24, реферат
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың
алпысыншы жылдары Қазақ
Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.[1]
XV-XVII-ғ.
Қазақ хандығы дәуірінде қазақ
этносының материалдық және
Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудын батыс белігінде әтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында түратьш Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.
Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі. жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуьшен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы калалы әңірлерді езінін экономикалык және әскери базасы деп таныды.
Оңтүстік
Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға
тән - кешпелі мал шаруашылығы
мен отырықшы-егіншілік деген
екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен
үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай
аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің
мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана
айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы
мемлекеттік құрылымдардың
1456 жылы
Керей мен Жәнібек ханның
Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.
Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген енбектерінде терендетіле карастырылған.
Сырдарияның ортаңғы және теменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын.
Ол кезде Сарыарқа Орта Сырдариямен етене тығыз байланыста болды. Осы өлкені Орта жүз қазақтары қолайлы қыстық жайылым ретінде жоғары бағалайтын.
Қазақ даласының
жағрафиялық ерекшеліктеріне
Орталык Қазақстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өнірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.
Астанасы
Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы
тұсында Орталық Қазақстан
Сарысу
жолы өңірдің батысымен өтті. Оңтүстікте,
Жібек жолының негізгі
Қазақ хандығы кезеңінің көптеген сәулеттік ескерткіштерінің арасында қазақтармен достық қарым-қатынаста болған ойрат ұлыс князьдары XVII ғасырда лама дінінің пұтханасы ретінде салдырған Қызылкеніш сарайы (Қыз Әулие сарайы) бар.
Қызылкеніш
сарайы Қарағанды қаласынан оңтүстік-
Сарай Қызылкеніш сайында, өзеннің оң жағалауында орын тепкен. Ертеден бері жергілікті қазақтар оны «Қыз Әулие» деп атағанымен, зерттеушілер өз жұмыстарында «Кызыл-Кенчский дворец», «Кызыл-Гянчский дворец», «Кзыл-Кенч, «Кызыл-Кенш», «Кызылкентский дворец», "Қызылкеніш сарайы" деп атап келді.
Қызылкеніш
сарайы өзінін архитектуралық стилі
жағынан (2 қабат, балкон, колонналар), сондай-ақ
археологиялық қазба барысында
табылған заттарына қарағанда да
кейіңгі кезеңде салынған қазақ
құрылысына ұқсамайды. Сарайға жүргізілген
3 жылдық зерттеулер көрсеткендей, ескерткіш
ғұрыптық құрылыс болып табылады.
Соған қарағанда ол ойраттардың
17-ғ. тұрғызған ламаистік
Сарайды өткен ғасырдың 50-жылдарында Республикалық Археологиялық карта құрастыру барысында Қазақстан ҒА экспедициясы зерттеді.
Қызылкеніш сарайына археологиялық казба 1985 ж. басталды. Оны Қазақстан мәдениет Министрлігінің "Казпроектреставрация" Институтының археологиялық отряды жүргізді.
Ескерткіштін
бұдан кейінгі зерттелуін 1986-1987 ж.
Қарағанды Мемлекеттік
Зерттеу барысында негізгі сарай 3 жеке кұрылысымен толық аршылып. ескерткіш манында орналасқан қорымнан 10 жерлеу орны қазылды. Қазбаға дейін сарай қирандысы диаметрі 25 м-ге, биіктігі 2,7 м-ге дейін жететін тасты-топырақты төбе түрінде болып келген. Зерттеу барысында үстіне қалың шөп пен итмұрын бұталары өскен оның айналасынан үш жеке құрылыстың қирандысы мен қорым тіркелді. Сарайдың оңтүстік-шығыс жағында, яғни кіре берісінде тереңдігі 2 м-ге жететін сопақ пішінді екі шұңқыр бар.
Қазбадан кейін, тамбуры бар. 4 бөлмеден тұратын негізгі сарай жобада айқыш (крест) тәрізді құрылыс болып шықты. Сарайдың қабырғалары өңделмеген тақта тастардан қаланған. Тақталардың қалыңдығы 0,10 - 0,20 м. Құрылысты салу барысында онын бұрыштарына ұзындықтары 0,6 - 0,7 м, ендері 0,4 - 0,5 м болып келетін үлкен тақта тастар пайдаланылған.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ескерткіш өте қыска уакыт өмір сүрген. Адамдардың узақ уақыт өмір сүрген іздерінің жоктығы. тек шамалы гана күл қабаты, жануарлар сүйектерінін аздығы мен табылган олжалардың мардымсыздығы ескерткіштің тұрақты мекен-жайға айналмағандығын меңзейді.
Археологиялық қазба барысында табылған оймышты ағаш әшекейі Монғолияның ламаистік храмдарының әшекейлеріне (өрнектеріне) ұқсас. Оларда бұл өрнектер "фасадтар мен интерьерлерді әшекейлеуде" кеңінен қолданылған [Сонда]. Әсіресе, сарай қирандысының қыш заттары туралы мәліметтері қызықты. Ол жөнінде Н.Коншин өзінің "От Павлодара до Каркаралинска" деген мақаласында былай дейді: "в развалинах дворца находятся вещицы из белой глины в виде конуса с расширенным основанием и закругленной верхушкой. Внутри этих вещиц постоянно оказываются зерна пшеницы". И. Чеканинский бойынша Қызылкеніш сарайының қирандысынан табылған осы заттардың біреуі бұрын Семей музейінің археологиялық коллекциясында сақталған. И. Чеканинский оны "цаца" деп санап, оның суретін Қызылкеніш сарайына арнаған еңбегінде берген. И.Чеканинский бойынша оның өлшемдері мынадай: "Цацанің" биіктігі 43,0 мм, негізіндегі диаметрі 44,0 мм, беліндегі диаметрі 54,0 мм». «Мүндай "цацалар", -деп жазды И.Чеканинский, «ғұрыптық маңызға ие және олар монастырьлардағы құлпытастарға қойылады». Қазба барысында табылған мыс ақша манжур императоры Сюаиь-Е-нің (1662-1722 жж.) билік құрған кезеңіне жатады.
Ескерткіште
адамдар өте қысқа мерзім тұрған.
Түрлі себептерге байланысты ол өзінің
өмір сүруінің алғашқы кезеңінде-ақ
қиратылып тасталуы мумкін. Қорымның
зерттелген жерлеу құрылыстарының көпшілігі
бос. Бірақ, жерлеу құрылысының құрылымы
көрсеткендей, олар мұсылмандық ғұрып
бойынша салынған. Үстіндегі тас
үйінділері, жерленгендердің батыс,
солтүстік-батыс тұрақты
Келтірілген ойларды сәл қорытар болсақ, Қызылкеніш сарайы ламаистік монастырь ретінде XVII ғ. салынған. Тек болжам бойынша, оны XVII ғ. 40-жылдарында хошоуттік Хундулен-Убаши немесе осы ғасырдың 70-жылдарының бірінші жартысында Очирту-Цецен-хан салдыруы мүмкін.
Сонымен XVI ғасырда Орталық Қазақстан экономикалык жағынан біртұтас, этникалық кұрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. XVII ғ. қазақ халкының жоңғар шапкыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталык Қазақстан жерінде қазақтардын әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылга созылды (к. Аңырақай шайқасы, Бұланты шайқасы). Қалмактар мен қазақтардың өзара жауластығы калмактардың бір одакқа (1400) бірігуінен баста-лып, оларды қытайлыктардың түгел жойып жі-берген (1757 ж.) кезеңіне дейін ұласты.
Абылайдың билігі кезеңінде Сарыарка даласында Қазыбек би (1667-1763) және Бұкар жырау (1668-1781 ж. ) үлкен рөл атқарды. Казыбек би, Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқаруға белсене араласты. Абылайды жоңғар тұтқынынан босатып алуда ерен еңбек сіңірген Қаз дауысты Қазыбек би Абылай хан билікке келген кезеңнен бастап мемлекет ісіне белсене катысты. Ол ханның бас кеңесшісі және беделді би болды. Бұкар жырау есімі ұрпакка ақылгөй жыршы ретінде белгілі. Өз шығармаларыңда Бұкар жырау үш жүздің бірігіп, мықты мемлекет болуын армандады.[2]
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен
нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед
Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты
еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы
тарихына арналған. Алайда сол кездегі
саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы
туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы,
Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ
хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер
қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы
кезеңіне байланысты шығыс деректерінің
маңызы зор.
Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы,
өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың
қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан
бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін
мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай
этникалық топ — қазақ халқының негізінде
бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде
құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан
кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың
Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен
қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан
батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне
қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы
Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен)
қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға
қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс
берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед
Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде
былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты
Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен
шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде
Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп
барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы
алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу
мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып
орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды
да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды.
Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен
бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп
кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың
саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер -
«қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары
870 жылдары (1465—1466) билей бастады...».
Алғашында Қазақ хандығының территориясы
батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас
өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты
мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан
қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене
араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы
аласапыран соғыс салдарынан күйзелген
қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап,
етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле
бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері
Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін
бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына
қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған
Қазақ хандығының экономикалық негізі
әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары
Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай
Ордасының және Батыс Сібір хандығының
қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп
отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса
өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған
қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына
және оған көптеген тайпалардың ағылып
барып жатқанына азуын басып, қылышын
қайрап отырды.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына,
яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл
айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі
тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты
керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің
отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен,
әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған
экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы
қалалармен сауда-саттык қарым-қатынасқа
қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге
айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына
тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы
халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы
жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының
алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.