Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 06:16, научная работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: 1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі ролін ашып көрсету.
2.Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.
3.Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдану
жандандыру.
4. Ертегілерді насихаттау жолдарын көрсету;

Прикрепленные файлы: 1 файл

қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні.docx

— 50.70 Кб (Скачать документ)

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №22 орта мектебі» ММ

ГУ «Средняя школа №22 отдела образования акимата города Костаная»

 

 


 

 

 

 

«Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»

Тіл білімі саласы

 

                

 

                 Жетекшісі: Гүлнар Айтбайқызы Қасымова

                 Орындаған: Карина Дулатқызы Алпеисова

                                         4 «Г» сынып оқушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Қостанай 2015

Мұқабасы.

Аннотация

              1.Зерттеу мақсаты

               2.Зерттеу болжамы( бағыты)

               3.Зерттеу кезеңдері

               4. Жаңалығы 

               5. Нәтижесі                                       

                                               

Аннотация

Зертеу тақырыбы:              Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні.

Зерттеу мақсаты:    1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі ролін ашып көрсету.

                                     2.Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.

                                     3.Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдану     

                                           жандандыру.

                                     4. Ертегілерді насихаттау жолдарын  көрсету;

Зерттеу болжамы:   Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді күнделікті

                                      өмірде  қолдануға үйрету.

 

Зерттеу кезеңдері:        1. Тақырып талдау

2.Материалдар жинау

3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру 

5.Тиісті материалдарды  жинақтап, жүйелеп, қорытындылау

Зерттеу жаңалығы:      1.Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.

2.Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын  қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығарса.

3.Ойынға киетін бас  киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып, кейіпкерлерінің суретін салса.

4.Дәптер, күнделік, қойын  дәптер сыртында насихатталса.

5.Шокалад қораптары сыртына  суреттерін салу.

6.Компьютер, ұялы телефон  беттеріне қазақ ертегілерінің  суреттері шықса.

7.Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң  немесе ереже қабылдау керек.  

Зерттеу нәтижесі:           1.Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын                 

                                       баспаханаларда қолдануға болады.

 

2.Пакеттер шығаратын шағын  кәсіпорындар жүзеге асыруына  болады.

 

3.Аудиодискілер шығарып  балабақшаларда,үйде          ұйықтар алдында тыңдауға болады.

4.Қазақ ертегілерін дәріптеу  және насихаттау туралы заң  немесе ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе  мемлекеттік  дәрежеде шешіледі.                               

                                           

Аннатоция

Тема исследовательской работы:     Воспитательная роль казахских

                                                               сказок    

      

Цель иследовательской работы:   1. Показать роль сказок в васпитании

                                                              детей.      

 

         2.Доказать жизненность казахских сказок

         3.Востановить применение жанра сказки воспитательной деятельности.

         4. Доказать пути рекламе сказки.

Прогнозы исследования:         Исследовать важность сказок, научить     

                                                  использовать     сказки в жизни.

Этапы исследования:        1. Разъяснение темы

2. Сбор материала 

3. Вести исследовательские  работы 

4. Связь с научным руководителем

5. Собрать нужный материал, обобщить

Новизна исследования:          1. Повседневно использование видов сказок

2. Выпуск аудиодисков, бумаги  для повседневного использования,     выпуск полиэтиленовых пакетов 

3. Кепок и футболок  с названиями сказок и рисунков  сказочных героев.

4. Выпуск на обложках  тетрадей, дневников.

5. Рисунки на каробках шоколада.

6. Принятие специального  закона или правил поддерживающих казахские     сказки.

Результат исследования:      1. Использование новизны исследования в   

                                                  печати тетрадей и дневников.

    

2. Использования в малых  предприятиях для выпуска пакетов.

3. Выпуск аудиодисков  для детских садов и прослушивания  перед сном       дома.

4. Если принятия закона  или правил поддерживающих применение  казахских сказок в воспитании  будет законно, то этот вопрос  будет решен на государственном  уровне.

Жоспар:1. Кіріспе

                2.Негізгі бөлім

                       1)Ертегілердің ерекшелігі.

                       2)Ертегілердің тәрбиелік мәні.

3.Қорытынды

                        Пайдаланған әдебиеттер.

 

                                                   Кіріспе

          Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»  деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады.Ертегісі жоқ ел әлемде жоқ.Бірақ әр елдің әр халықтың ертегілері сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы.

   Әр ертегі арқылы  біз өткен ата-бабаларымыздың  ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын  білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған  тәрбие құралы. Мысалы, балаларға  арналған арналған ертегілер  баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке  тәрбиелейді.Өкінішке орай қазіргі  кезде радио, телевидение арқылы  шетелдік ертегілер желісімен  түсірілген  көркем фильмдер , мультфильмдер  жиі көрсетіледі.Ондағы кейіпкерлер  есімі, жер-су аттары таныс емес  және біздің менталитетімізге  жат оқиғалар баяндалады.Ал, қазақ  ертегілерін көру немесе тыңдау  олардан көрі  әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды  қазақ ертегілерін  зертте, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника  дамыған заманда қалай дамыту  керектігін және насихаттау жолдары  туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды  көрсеттім.Бұл жаңалықтарым әрі  пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте  заманда, тіпті жазу-сызу болмаған  кездің өзінде-ақ туған. Бұларды  халқымыз үні бүгінге дейін  ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп  келді.Ауыз әдебиетінің  басқа  түрлері секілді ертегілерде  адам баласының еңбекке, тұрмыс  тіршілік жағдайларына байланысты  туған.Жаратылыс құбылыстарын, табиғат  сырын жетік білмеген, олардың  неден болатынын толық түсінбеген  ертегідегі адамдар әр нәрсені  қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін  жеңілдету жайын қарастырған. Бұл  жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп  айтатын болған. Бертін келе адам  баласының ой-өрісінің ұлғайып  өсуі  ертегілердің туындауына  көп әсер еткен. Ертегілердің  алғашқы үлгілері әр түрлі  өзгерістерге түскен, мұнымен қатар  жаңа ертегілер  туа бастайды  және онда халықтың  тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады.Бұлардың  бәрін халық ертегілері арқылы  көркемдеп, әр түрлі образдар  арқылы бейнелейді.  Ертегі  балалардың  ой-өрісін, дүние танымын кекңейтеді.Оларды  адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу  ісінде шешуші орын алады.

    Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел  арасындағы алаяқ қулар т.б. халық  ертегілерінде жиіркенішті роль  атқарады. Оларға халық арасынан  шыққан қарапайым адамның ақылы  мен қайратын, көпшілік үшін жасаған  адал еңбегін қарама-қарсы қояды  да, үлгі етеді.

    Ертегілердің  өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері  бар.Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.Ертегі  баяу басталып,оқиға желісі күрделене  түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар  өрістей келе әділдік, үстемдік  құрып, зұлымдық жеңіліс табумен  аяқталады.Әсіресе адам өміріне  байланысты іс-әрекеттер өткір  сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін  селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.Мысалы: Тазша бала туралы ертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары  ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.

Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:

      1.Қиял ғажайып ертегілері.

2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.

3.Тұрмыс салт ертегілері.

 4.Аңыз ертегілері.

      Балалардың  ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ  танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау  мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ  шал» ертегісіндегі қауқарсыз  шалдың аылмен жеңуі, даулердің  күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны  қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға  қосылып айтып кеткісі келетіндей  әсерге бөлейді.

    Халқымызда қай  тақырыпта да табылатын, тілге  жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой өрісі қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

    «Бай баласы  мен жарлы баласы» атты қызықты  ертегі арқылы еңбек адамның  кез келген қиыншылықты жеңуге  үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, қателік жібермеуге тәрбиелейді.

«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.

     «Жыл басына  таласқан хайуанаттар» ертегісі  аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың  пайдасын айтады.Онда аңқау түйе  жыл басынан құр қалады, шапшан  тышқан жыл басы атанады.

     «Шық бермес  Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз  байларды қарапайым кедей Алдардың  ақылмен алдап кетуін баяндайды.

«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар  жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.

   «Зеректік» ертегісіндегі  үш жолаушының жол бойында  кездескен нәрселерге зер салғандарын  баяндайды.Яғни,балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.

   Қазіргі кезде  теледидардан көптеген шетел  мультфильмдері жиі көрсетіледі.Мысалы, Қазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын  ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего»  ағылшын  ертегісі , ал сенбі күні  «Барби  күнделігі» деген шетел мультфильмдер  болады.Ал,Еуразия  телеарнасында  жексенбі күні «Робот» деген  шетел мультфильмі болады.Осы  шетел мультфильмдерінің орнына  қазақ ертегілерінің желісі бойынша  мультфильмдер көрсетілсе.Тек қана  «Қазақстан» телеарнасында ғана  Алдар Көсе ертегісі желісі  бойынша  мультфильм көрсетіледі.

    Адамгершілік  тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие  болып табылады. Адамгершілік тақырыбы  мәңгілік.Ол ешқашан ескірмек  емес.Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті  сіңіру ертегі  арқылы беріледі.Адамгершіліктің қайнар  бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.

     Қай заманда  болмасын адамзат алдында тұратын  ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің  ісін,  өмірін жалғастыратын салауатты,  саналы ұрпақ тәрбиелеу.

   Ұрпақ тәрбиесі-келешек  қоғам тәрбиесі. Ендеше,  ақпараттық  технологилар дамыған кезеңдегі  балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері  арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

Информация о работе Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні