Қазақ әдебиеті тарихының

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 17:40, доклад

Краткое описание

"Қазақ әдебиеті тарихының" 9-томы кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті дамуының үшінші кезеңін (1956-1980) қамтиды. Бұл кітап 7,8-томдарда қарастырылған әдеби қозғалысты ғылыми жинақтаудың жалғасы болып табылады. Кеңес әдебиеті дамуының бұл кезеңі алдыңғы дәуірлерге қарағанда бірсыпыра өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Осы дәуір әдебиетінің басты ерекшелігі - жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы. Жаңа туындылардың көбеюі, әдеби процестің ұлғаюы негізінде әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да қарқынды дамыды. Әдебиет жанрларының барлық түрі тең дамып, олардың тұрақты кадрлары қалыптасты. Жаңаша күшпен толыққан ұлт әдебиетінде талантты топ өкілдері өз шығармашылығымен әдебиетті байытты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақ әдебиеті тарихының.docx

— 18.41 Кб (Скачать документ)

"Қазақ әдебиеті тарихының" 9-томы кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті дамуының үшінші кезеңін (1956-1980) қамтиды. Бұл кітап 7,8-томдарда қарастырылған әдеби қозғалысты ғылыми жинақтаудың жалғасы болып табылады. Кеңес әдебиеті дамуының бұл кезеңі алдыңғы дәуірлерге қарағанда бірсыпыра өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Осы дәуір әдебиетінің басты ерекшелігі - жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы. Жаңа туындылардың көбеюі, әдеби процестің ұлғаюы негізінде әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да қарқынды дамыды. Әдебиет жанрларының барлық түрі тең дамып, олардың тұрақты кадрлары қалыптасты. Жаңаша күшпен толыққан ұлт әдебиетінде талантты топ өкілдері өз шығармашылығымен әдебиетті байытты.

 

Зерттеуде одақ және дүниежүзі көлемінде мойындалған ұлт әдебиетінің көркемдік эстетикалық табыстары, оның өз дәуірімен байланысы кең қарастырылған. Еркіндік, бостандықты аңсаған ұлт әдебиетінің халықтық сипатына көңіл аударылады. Осы талаптардың барлығы да "Қазақстан - 2030" және "Мәдени мұра" атты мемлекеттік бағдарламалармен толық үндеседі.

 

Кітаптың құрылымы "60-80 жылдардағы қазақ әдебиеті", "Поэзия", "Проза", "Драматургия", "Сын мен әдебиеттану" атты жанрлық шолу тараулармен бірге "І.Есенберлин", "Х.Ерғалиев", "Ж.Молдағалиев", "С.Мауленов", "ТАхтанов", "Ә.Нүрпейісов", "Қ.Мұхамеджанов", "Ғ.Қайырбеков, "С.Жүнісов", "М.Мақатаев" "Қадыр Мырза-Әли", "Т.Молдағалиев", "Ә.Кекілбаев", "М.Мағауин", "Қ.Ысқақов", "Ш.Мұртаза" сынды сол дәуірде үздік табыстарымен көзге түскен ақын-жазушылардың шығармашылық портреттерінен тұрады. Бұл тараулардағы материалдарды осы дәуірдегі "Әдеби байланыстар", "Қытай және Монғолия қазақтарының әдебиеті", "Орыс тілді қазақ әдебиеті" сынды тараулар толықтырады. "60-80 жылдардағы әдеби өмір шежіресі", "60-80 жылдардағы қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші" де кітаптың мазмұнын көтере түседі.

 

Кіріспеде 60-80 жылдардағы әдеби процестің даму тенденциясы әдебиеттің көрнекті туындылары негізінде көрсетілген. Қазақ әдебиеті тарихының даму жолдарының ерекшеліктері, әдебиетке жасалған биліктің әр қилы ықпалы, заман мен қоғам, адам арасындағы байланыс сабақтастырыла қаралған.

 

Поэзия жанрына арналған тарау өз ішінен лирика, поэма болып екіге бөлініп зерттелді. Лириканың заманның озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда ұшқарылық танытқаны, көркемдік деңгейі жағынан жаңа сапаға көтерілгендігі зерттеуде жете айтылды. Эпикалық жанрдың өсу, өркендеу жолы тегіс болмағандығы, оның себеп-салдары да сөз болады. Қазіргі қазақ поэзиясының тарихтағы орны анықталып, ғылыми тұрғыдан баға беріледі. Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Қайырбеков, Т.Жароков, Ж.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Х.Ерғалиев, А.Шамкенов, Т.Әбдірахманова, М.Шаханов, Қ.Мырзалиев, Ф.Оңғарсынова, Қ.Жұмағалиев секілді ақындардың сүбелі поэмалары қазақ поэзиясының табысы ретінде көрсетілді.

 

Проза жанрының жедел өркендеуі көрнекті жазушылардың шығармаларымен айқындалды. Прозаның өзі өз ішінен әңгіме, повесть, роман (тарихи және осы заман романы) жанрлары бойынша зерттелді. Әңгіме жанрына қомақты үлес қосқан Т.Әлімқұлов, О.Бөкеев, Т.Нұрмағамбетов, Д.Исабеков т.б. жазушылардың шығармалары зерттеу нысанына алынды.

 

Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан", Ә.Шәріповтің "Партизан қызы", Н.Ғабдуллиннің "Кестелі орамал", Б.Соқпақбаевтың "Қолқабыс", С.Шәймерденовтің "Мезгіл", Т.Әлімқұловтың "Көк қаршыға", Қ.Жұмаділовтің "Көкейкесті", М. Мағауиннің "Қара қыз", Т.Нұрмағамбетовтың "Он төрт жасар жігіт" т.б. жазушылардың шығармаларымен повесть жанрының негізгі белгілері анықталған.

 

"Осы заман романдары" тарауында қазіргі өмір туралы шығармалар бүгінгі күн тұрғысынан лайықты бағасын алды. Ә.Нұршайықов, Т.Ахтанов, З.ПІашкин, З.Қабдолов, Қ.Жұмаділов, Б.Нұржекеев, Д.Исабеков, Д.Досжановтардың осы заман тақырыбындағы романдарына жіті талдау жасалды. Тарихи романдардың көшбасшысы саналған І.Есенберлиннің "Қаһар" романынан бастап, М.Мағауиннің "Аласапыран", Ә.Әлімжановтың "Жаушы", С.Сматаевтың "Елім-ай", Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" т.б. романдарды зерттеу барысында олардың көркемдік ізденістері жөнінде тың тұжырымдар ұсынылған.

 

Бұл тұста қазақ драматургиясы дәстүрлі жолын ары қарай

жалғастырып, сол дәуірдің талап-талғамынан туған құнды

шығармаларымен толыққандығы да зерттеуде жете айтылды.

Тарихи тақырыпқа жазылған Ш.Мұртаза, О.Бодықов және бүгінгі

күн өмірінен алынған Т.Ахтанов, С.Жүнісов пьесалары зерттелді.

О.Бөкей, Д.Исабеков, Н.Оразалин, А.Сүлейменов, С.Балғабаевтардың пьесаларында әлеуметтік құбылыстарды зерттеудегі шығармашылық батылдық пен философиялық топшылаулар кездесетіні, оқиға мен тартыс ұйымдастыруда, бейне сомдауда өткенді қайталамайтын, жаңаша, өзгеше бір ізденіс үрдістері байқалатыны да баса айтылған.

 

Әдеби сын мен әдебиеттанудың мәселелеріне заман талабына сай жаңа пайымдаулар жасалып, тың пікірлер білдірілген. Бұл саладағы ізденістің өнімді болғандығы нақты мысалдармен көрсетілген. Шығармалары әлем тілдеріне аударылып, ұлттық әдебиетке қомақты үлес қосқан ақын-жазушылардың шығармашылық өміріне жеке-жеке тараулар арналды. Әрбір қаламгердің көркемдік ізденістері шығармаларға талдау жасау негізінде айқындалды. Олардың ұлттық мұрамызға қосқан үлесі сарапталып, қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны анықталды.

 

Ұжымдық зерттеуді жасауға қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері қатысқан.


Информация о работе Қазақ әдебиеті тарихының