Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 08:23, реферат
Ақпанның ақ бура бораны болдырып, жынынан айырылған бақсыдай басылған соң, аспан ашылып, пердесіз терезеден Ай сәулeci себезгілеп тұратын болды. Екі қап шөп келгелі, ешкілер бақырып жылағанын қойды. Ұйқымыз тыншиын деді. Бәрібір түн ұзақ. Сонда үш жетімін ұйықтату үшін, Айша неше алуан ертегі, қиссаларды айтады. Біз үшін бұл бір қадір түндері - Алланың ақ нұры жауған түндер. Анда - санда Айша осылай өзгереді. Ұзақ түнде бізге әр түрлі әңгіме айту арқылы өзі де азаптан арылып, уайымы жеңілдеп қалатын сияқты. Біздің үлкен апамыздың, яғни Мұртазаның әпкесі Нұралы деген Көксайдың қырғызына ұзатылғанын (оны өзі де соқыр еңсесінен естіген. Әкеміз Мұртазаның анасы Күнікейдің күндесі кейін соқыр болып қалған екен) жыр қылып айтқанда, біз демімізді ішімізден алып тыңдар едік. Бай қырғыздар екен.
АЙ ШУАҚ ТҮНДЕР
Ақпанның ақ бура бораны болдырып, жынынан айырылған бақсыдай басылған соң, аспан ашылып, пердесіз терезеден Ай сәулeci себезгілеп тұратын болды. Екі қап шөп келгелі, ешкілер бақырып жылағанын қойды. Ұйқымыз тыншиын деді. Бәрібір түн ұзақ. Сонда үш жетімін ұйықтату үшін, Айша неше алуан ертегі, қиссаларды айтады. Біз үшін бұл бір қадір түндері - Алланың ақ нұры жауған түндер. Анда - санда Айша осылай өзгереді. Ұзақ түнде бізге әр түрлі әңгіме айту арқылы өзі де азаптан арылып, уайымы жеңілдеп қалатын сияқты. Біздің үлкен апамыздың, яғни Мұртазаның әпкесі Нұралы деген Көксайдың қырғызына ұзатылғанын (оны өзі де соқыр еңсесінен естіген. Әкеміз Мұртазаның анасы Күнікейдің күндесі кейін соқыр болып қалған екен) жыр қылып айтқанда, біз демімізді ішімізден алып тыңдар едік. Бай қырғыздар екен. Манас шыңына таман жетіп, жайлауға шығады екен. Майдантал дей ме. Өгізқорған дей ме... Ол жайлауды өзі көрмесе де, Айша жұмақ төріндей қылып айтады. Жайлауға қырғыздар атпен, түйемен, өгізбен, қодаспен көшеді екен. Үсті - шың, асты - құз, жалғыз аяқ бұралаң жол болады екен. Сонда қырғыздар: − О, қоқи, қассақ келіннің көзін байлағалы, басы айналып, құзға құлап кетет, - деп, үлкен апамыздың көзін орамалмен таңып тастайды екен. Не керек, неше түрлі қызықтарды айтып - айтып келіп, ақыры: − Сол қырғыздар әкелерің барда жиі - жиі келіп тұрушы еді, қатынағанды қойды, - деп күрсінді Айша. - Әбдібек, Сусар деген жиендеріміз болушы еді. Әбдібек әскерге кеткен көрінеді. Сәнәмбүбі деген келіншегі болатын. Қырғыз - Ата жарықтық, (Нұралы жездеміз) қартайып қалды ғой. Жүріп тұруы қиындаған шығар, - деп қойды. − Ұйқыларың келген жоқ па - ей? - дейді Айша. − Жоқ, жоқ, айтшы, апа, тағы да, - деп өтінеді қарындасым Құрмаш. Інім Батырхан үндемейді, ұйықтап қалса керек. Сонда Айша өзінің балалық бал дәуреніне сапар шегеді. Көз алдына Қаратаудың астында жатқан Бурылтау келеді. Бурылтаудың баурайын мекендеген Есей байдың ауылын көреді. Тұлымшағы селтиген бүлдіршін қыз өз құрбыларымен бірге тастан - тасқа секіріп, кекіліктің жұмыртқасын іздеп жүреді. Қызығына түсіп кеткені сонша, тым биікке шығып алып, қыздар енді төмен түсе алмай жылайды екен. Биікке бәрінен де бұрын шыққыш Айша көрінеді. Қия тастан түсе алмай жылаған қыздарды төмендегі ауылдағылар көріп, әрең түсіріп алады екен. − Есей әкеміз, жарықтық, алты ағайынды болыпты, - дейді Айша, - Матай, Сасай, Есей, Нұрабай, Қарақұл... а, Құдай, біреуі есімнен шығып қалыпты. А, Татай! Не Матайы, не Сасайы Меккеге барып, содан қайтпай қалған, пейіштің төрінде деседі. Әкеміз Есейдің үш әйелі болыпты. Біріншісі - осы біздің ауылдағы Дошанай атаның әпкесі Теңгеқыз деген кісі еді, жарықтық. Одан Сүттібек, Ауагүл деген балалары болады. Сүттібектен Төлен нағашыларың. Ол қазір соғыста, е, Жаратқан, жар бола гөр жалғызға... Екінші әйел - менің шешем Құлыхан, Бектөбе деген жердегі Сіргелілердің ішіне сіңбе Алшының қызы. Құлыханның шешесі Тұрған ханым деген кісі, иә, аруағыңнан айналайын, ірі көріпкел, тәуіп кісі екен. Есейдің Құлыханнан үш баласы бармыз: мен - Айша, Рахман, Зиба. Шешем Құлыханның бауырлары әлі сол Бектөбеде тұрады. Сәли, Қали, Бөпетай, Сатай... Е, оларды да көрмегелі көп заман болды. Мұртаза барда бәрі де келіп - кетіп жүруші еді. «Балапан басымен, тұрымтай тұсымен» дегендей болып кетті ғой Мұртаза «халық жауы» дегеннен бәрі қорқатын шығар. Сонда Мұртаза халықтың бәріне қарсы шыққан ба? - деймін мен шыдай алмай. − Қайдағы қарсы шыққан, ойбай! Байдың баласы дейді, Тротске дейді, Рысқұлшина дейді - жабам десе, жаласы көп. − Тротске, Рысқұлша деген не? − Е, мен қайдан білейін, Сталинге қарсы дей ме... - Кенет Айша даусы өзгеріп: − Тыныш жат, аузыңнан шығарушы болма мұндай сөзді! - деп * жекіп тастады. − Қойшы оны, онан да баяғы қыз күніңді айтшы, - деп әңгімені жөнге салады қарындасым. Айша әлгі ашуын ұмытып, күліп алып, қызын басынан сипалап, қайтадан бал дәурен ауылына аттанады. − Сүттібек көкемнің үйіндегі жеңешем Анаргүл қызық кісі еді.жаның жаннатта болғыр. Өзін он төрт, он бес жасында алып келген екен. Сірә, сонда менен сәл – ақ үлкен. Бала ғой әлі. Бізбен бірге ойнап кетеді. Тауға шығып сағыз тереміз. Тауға шықсақ, ылди жақ алақандағыдай ап – анық көрінеді. Сонда әлгі жеңешем түйетастың үстіне шоқиып алып, ылди жаққа қарап жылап отырады: − Тастөбе – Көлқайнар - ау... - кейін ғой, әлгі «Тастөбе – Көлқайнар - ауды» алып жүргені. Енді Сүттібектің қарындасын Мұртаза алмақшы. Сонда айырбас па - немене өзі? - Айша ернін сылп еткізіп қойды, - Содан, тағдыр екен, он алты жасымда осы елге келін боп келдім ғой. Мұртаза менен бұрын екі peт үйленген екен. Біріншісі - мына Жаңабайдағы баяғы Байзақ датқаның тұқымы, Қабылбек болыстың қарындасы. Ерте қайтыс болған, марқұм. Тағы да сол ауылдан бір қыз алған екен. Оны бала таппадың деп қоя берген бе, әйтеуір, бір бәлесі бар... Бурылтаудың Қыршындысынан таңертең аттандық. Бүкіл Байтана шығарып салған. Жар - жар. Астымда ер - тоқым, құйысқанына дейін күмістен, зермен жабулап тастаған ақбоз ат. Жолда Күйіктің асуы деген болады екен. Сонда бір аялдап, тағы жүріп келеміз. Қалжыңбас күйеу жолдастар. Осы Жолдасбектің әкесі Сапа деген кісі, жатқан жерің жаннат болғыр. Мұртаза екеуі ажырамас дос еді. Екеуі де боз киініп, боз ат мініп жүретін. Сол бар, тағы көп кісі. Күн бесінде Теріс өзенінен өттік. Сөйтсек, алдымыздан қаптап қарсы алған ел... ең алдымен мені құшақтап сүйіп, сүйемелдеп жүрген - Баян жеңешем. Күн бата осы Мыңбұлаққа да келіп жеттік қой... Ай, заман - ай, ай, арман - ай!.. Айша үндемей қалды. Жөтелгісі келгендей түйіліп - түйіліп, денесі селк - селк етіп, бір уақытта дауыстап жылап жіберді. Үрпиісіп қалдық. − Қой. апа, қой, жылама, - деп, Құрмаш қайта естиярлық танытты. Ай сәулесі көрінбей кетті. Үй төбесіндегі қамыс ызыңдады. Тағы да жел көтерілсе керек. Тағы да боран болатын шығар. Бораны таусылмайтын неғылған жер. Әлде Айшаны қамыстың ызыңымен жұбатқысы келген періштелер, әлде аруақтар... Айша біздің көрпемізді қымтап, басымыздан сипап: − Болды. Ұйықтаңдар, - деді.деп алысқа қарап аңырайды. Сөйтсек, Тастөбе - Көлқайнар - өзінін туған ауылы екен. Жанбай – Жаныстың елі екен. Сөйтсек, Құдай - ай, жап - жақын жер екен! Айша күледі. Айша күлсе, біз де жадыраймыз. − Жеңеше, неге жылайсың деймін? - дейді Айша. − Ауылымды сағындым... Ауылыңның қадірін ұзатылғанда білесің, - дейді жеңешем. Сол айтқандай - ақ, - деп күрсінді Айша - көп ұзамай- ақ мен де ұзатылып, Бурылдың тауын сағынып жүрдім ғой, ah! Бұйрық екен, осы Мұртаза айттырып келген жоқ па... − Қызық болды өзі, - деді күліп Айша. - Құдайға тоба, мұндай да болады екен - ау. Мұртазаның бір қарындасын Сүттібек ағам алған. Ол бейшара қайтыс болып кеткеннен