Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 16:11, реферат
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Оятқызбай қорып тұр.
Обыр болса қамқорың,
Қайнағаны сол сорың!
Сол заманның дәлме-дәл көрінісі! Ақынның "ұйқышыл жұрты" — қалың ел, сахараны жайлаған қазақ жұрты, ал "түксиген мұртты обыры" — патша өкіметінің, соның сойылып соғып, саясатын жүргізіп отырған орыс отаршылдарының образды бейнесі. Көз алдындағы ащы шындықты ақын дәл осындай ащы да уытты сөздермен өрнектейді. Әлі де ұйқыдан арылмай отырған өз халқын ақын осынау озбырлыққа төзбеуге, ой-санасын оятьш, өзінің, ертеңгі ұрпактарының болашағы үшін күресуге шақырады. Қиындықтан шығатын жол сол ғана!
Қазағым, елім,
Қайқиып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қанауда жаның,
Аш көзіңді
ояньш.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың! — деп ашына жырлаған жақсы күндерге жетелеу болды.
Мұндай ағартушылық, демократтық ойлар, ұлт болашағына айрықша жанашырлық таныту, Абай дәстүрінің үлгісіндегі сыншылдық сипаттар ақынның "Маса" жинағына енген барлық өлеңдеріне тән деуге болады. Сонымен қатар, Ахмет өлеңдерінің көркемдік бояуы қалың. Оларда бейнелі тенеулер, образды тіркестер, әсем сөз айшықтары аса мол кездеседі.
Тұтастай алғанда, ақынның өлеңдері — ежелден келе жатқан қазақ поэзиясының ұлы дәстүрлерін, Абай бастаған реалистік, шыншыл сипаттағы ағартушылық, демократтық әдебиет үлгілерін жаңа тарихи кезеңде жаңарта жалғастырып, жаңаша дамытқан идеялық, көркемдік деңгейі биік туындылар.
Мысалдары. Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған мысалдар негізінде аударма түрінде. "Қырық мысал" жинағы түгелдей орыс мысалдарының, оның ішінде И. Крылов шығармаларының аудармасы болып келеді. Бұл кезеңде қазақ әдебиетіне көркем аудармаға деген талпыныс күшті болды.
XX ғасырдың басындағы әлеумет жағдайы, ағартушылық, демократтық ой-пиғыл ауаны аударма туындылар, оның ішінде аударма мысалдар арқылы жаңаша серпіліс тудыруға, бұқараны алға жетелеуге болатынын ұқтырды. Бұл салада бірқатар тәжірибе де қалыптасты. Абай, Ыбырайлар негізін салған игі дәстүр жалғасын тапты.
Ахмет Байтұрсыновтың "Қырық мысал" жинағы да, міне, осы дәстүр үлгісінде туды. Жинаққа қырық мысалдың аудармасы енді. Олардың тақырыбы әр алуан. Оларда көшпілікке ұғымды идея қазақ тұрмысына етене таныс суреттермен ұласа келіп, тамаша ғибратты ойлар ұсынады. Атап айтқанда, "Аққу, шортан hәм шаян", "Қарға мен түлкі", "Қасқыр мен қозы", "Қартайған арыстан", "Айна мен маймыл", т.б. өзге аудармашылар арқылы бізге бұрын да таныс шығармалардың өзі жаңаша мазмұнда көрінеді.
"Аққу, шортан
һәм шаян" мысалында бір затты
үшеуі үш жаққа тартып, орнынан
қозғай алмаған аққу, шортан, шаянның
әрекеті баяндалады.
Жүк алды Шаян,
Шортан, Аққу бір күн. Жегіліп
тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу—көлге,
Шаян—кейін. Жұлқиды суға қарай
Шортан шіркін, — деп басталатын
мысалдың өне бойынан аудармашы
ақынның шеберлігі анық сезіледі.
Аудармада мін жоқ. Аударма емес, қазақтың төл тұрмысынан
алынып жазылған өз өлеңі тәрізді. Мысалдың
соңынан Ахмет Байтұрсынов оқырманына
осы оқиғадан шығатын өз қорытындысын
ұсынады.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Бірінің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Ақынның өз жанынан
қосқан бұл түйінді ойы
Ахмет Байтұрсыновтың орыс мысалдарын аударудағы негізгі ерекшелігі осында. Яғни ол орыс тұрмысынан алынған оқиғалардың өзін қазақ тіршілігіне соншалықты жақындатуға тырысады. Және сонымен бірге әрбір мысалдың соңында авторлық қорытындысын беріп отырады.
Ғибратты ойларға жетелейтін "Ала қойлар", "Қартайған арыстан", "Үлес", "Өгіз бен бақа", "Қайыршы мен Қыдыр", "Ат пен есек" сияқты көптеген мысалдарда қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды көрсететін оқиғалар, сол кезеңдегі адамдардың психологиясы мен жайлар, өнегелі тұжырымдар аса мол. Аудармашы тұпнұсқа оқиғасының баяндалу сипатына көркем ой мен әдемі сурет қосып, автор пікірін жандандыра түседі. Өз жанынан оңтайлы детальдар қосады. Неғұрлым қазақ оқырманына түсінікті болуын көздейді.
"Қартайған арыстан" мысалында әбден қартайып, бойынан әл-қуаты кеткен кешегі аң патшасының есектен қорлық көрген жайын суреттей келіп аудармашы:
Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батыл
маңайыңа.
Басыңнан бақыт құсы ұшқан күні
Құл-құтан басынады малайың да, — деген таза қазақи ғибрат ұсынады.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған аударма мысалдардың тақырыбы мен кейіпкерлері сан алуан болғанымен, аудармашының оларды аударудағы мақсаты біреу-ақ. Ол — халыққа ғибратты ойлар, нақты насихат айту. Адамдарды адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, жаман әдеттерден арылуға шақыру.