Ахмет Байтұрсынұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 21:12, реферат

Краткое описание

Ахмет Байтұрсынұлы
1.Өмірбаяаны
2.А.Байтұрсынов-ағартушы
3.А.Байтұрсынұлы-қазақ тілін зерттеуші
4.Әдіскер ғалымның әдістеме саласындағы еңбектері мен әдістері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ахмет Байтұрсынұлы.docx

— 19.34 Кб (Скачать документ)

                             Ахмет Байтұрсынұлы

1.Өмірбаяаны

2.А.Байтұрсынов-ағартушы

3.А.Байтұрсынұлы-қазақ тілін зерттеуші

4.Әдіскер ғалымның әдістеме  саласындағы еңбектері мен әдістері

        Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым,Ы.Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы педагог,сөз құдіретін танытқан тамаша ақын,туған ұлтының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мідениет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28(15) қаңтарда Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында,Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.Ең алғаш,ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат танып,одан кейін  Торғайдағы екі сыныптық қазақ училищесінде оқып,оны 1891 жылы бітіреді.Оқуын жалғастыру мақсатымен Орынборға барады.Онда баяғыда Ы.Алтынсарин салдырған мұғалімдер дайындайтын оқу орнына-«Учительская школа»дегенге түседі.Мұнда төрт жыл оқып,1895 жылы бітіреді.бітірместен ағартушылық ісіне кіріседі.Өзге қызметті қаламайды.

    1895-1909 жылдары А.Баййтұрсынов   Қостанай,Ақтөбе,Қарқаралы уездерінің ауылдық,болыстық мектептерінде бала оқытады,екі кластық училищелерде сабақ береді.

     1905 жылдан бастап саясатпен айналыса бастайды.атап айтқанда,патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы революцияға қатысады”қазақтың елдігін сөйлей бастайды”(М.Әуезов),яғни 1905 жылы бір топ қазақ зиялылары болып, патша үкіметінің жоғарғы басқару орнына петиция жазады.1907 жылы отаршылдыққа қарсы күресі үшін қарқаралы түрмесінде біраз отырып шығады.1909 жылы 1 шілдеде семейде,1910 жылы 21 ақпанда екі жылға жер аударылады.

     1910 жылы Орынборға келіп,1917 жылдың соңына дейін сонда қызмет атқарады.1913 жылы «Қазақ» газетін шығарып,1917 жылға дейін редактор болып жұмыс істейді.1917 жылдан 1919 жылға дейін”Алаш”партиясының жұмысына араласады.

     1920 жылдан бастап  әр түрлі мемілекеттік басқару  істеріне,қоғамдық жұмыстар ғаараласа  жүріп,оқытушылық,ұстаздық қызметін  тоқтатпаған.1921-1926 жылдары Орынбордағы  Қазақ халық ағарту иниституты  деп аталатын оқу орнында,1926-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика  иниститутында қазақ тілі мен  әдебиетінен сабақ береді,лексия  оқиды.1929 жылы ҚазПИ-де сабақ берді.Сол жылы 2 маусымда ұсталып жер аударылады.

      Дүниежүзілік қызыл  креске М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың  жолдаған өтініші бойынша 1934 дылы  мерзімінен бұрын айдаудан босатылып,туған  елінің астанасы Алматыға оралады.Бірақ  ешқандай дұрыс жұмысқа орналаса  алмайды, ғылыми немесе оқу-ағарту  істеріне араластырылмайды.Көп ұзамай 1936-1937 жылдардың зобалаңы басталып,НКВД  органдары А.байтұрсыговты екінші  рет ұстап,көзін жояды.1988  жылы  ақталады.

        А.Байтұрсынов-ағартушы.А.Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған.

       Оның қазақтар  үшін өз алфавитін жасау әрекетіне  де,тілін зерттеп оқулықтар жазуына  да,тыңнан жол салуып,бай терминалогия  дүниесін жасауына да,тіпті қоғамдық-әкімшілік  істеріне араласуына да алып  келген-өзі діттеген ағартушылық  мақсаты деуге болады.А.Байтұрсыновтың ағартылушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды.Ол қазақ даласындағы мектептердің жайын,бала оқытудың жолдарын газет бетінде нақтылы сөз етеді.1913 жылы”Қазақ’’газетінде”Оқу жайы”мақаласы жарық көреді.мақалада,қазақ халқы қараңғы дегенде,кінә халықта емес,сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін «алты миллион қазаққа алты ат жегіп,тарта алмады деп өкпежлеу жөн бе?»деп келісті сауал қояады.

    Балаларға білім берудің  бірінші баспалдағы бастауыш  екенін жақсы білген ғалым  1914 жылы «Бастауыш мектеп»атты  көлемді мақаласын жариялады.Бастауыш мектеп миссионерлік юмақсаттан аулақ болып,халық сауатын ана тілінде ашуы керек,атап айтқанда бастауыш мектеп бес жылдық болсын,алғашқы үш жылда балалар ана тілінде,кейінгі екі жылда орысша оқысын деген ұсыныс білдіреді.бастауыш мектептерде:оқу,жазу,дін,ұлт тілі,ұлт тарихы,есеп,жағрапия,шаруа-кәсіп,жаратылыс пәндері жүретін болсын деп нақты айтты.

       Оқу мәселесін  ғалым жан-жақты сөз етеді.Бірде:  «Қазақта балаларды оқытатын  әзірге жосықтар(праграммалар) мен  кітаптар(оқулықтар)жоқ»дей келіп,оларды  жазу қажеттігін және арнаулы  педагогтік білім алатын оқытушылар  даяарлау қажеттігін жазса,енді  бірде, «білімнің бас құралы-кітап»деп,  «білім конкурсы»дегенді жариялау  арқылы да оқу-ағартуды жанжандыруға  болатынын айтады.

       Міне,бұл айтылғандардың  барлығы ғалымның оқу-ағарту жайындағы  ой-пікірлерін,көзқарасын,тілек-талаптарын  танытады.Ол-халықты оқуға шақырған,біліи-ғылымғаның  қажеттігін түсіндірген жалаң үгітші емес,қазақ арасында ағартушылық жұмыстарын,жалпы мектеп ісін жолға қоюға көп күш салған,бала оқытып,ұстаздық құрған тәжірбелі жан.

       А.Байтұрсынов-қазақ тілін зерттеуші. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.

    Әдіскер ғалымның әдістеме саласындағы еңбектері мен әдістері.А.Байтұрсынывтың мұрасын зерттеуші ғалымдар,ғалым-ұстаздың әдістеме саласындағы еңбектерін былайша топтап береді:

1.оқулықпен қатар жазылған,оқытудың  әдістемесін көрсететін еңбектер.

2.Қазақша әліп-бидің,дыбыстың негізінде  сауат ашу әдісін іске асыратын  еңбектер.

3.Ана тілін оқытудың әдістерін  баяндайтын еңбектер.

4.Тіл ұстатудың көрнекілік әдіс  арқылы дамытуды көздейтін еңбектер.

5.Қазақша сауатты сөйлеудің,оқудың,жазудың  әдістерін қарастыратын еңбектер.

6.Әдістің түрлерін жіктеп көрсеткен  еңбектер.

      А.Байтұрсынов өзінің”Қай әдіс жақсы?”мақаласында: «Әдіс-керекшіліктен шығатын нәрсе.Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай.Мәселен,сауаттану әдісін алсақ,бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттыңда сауаттау ісіне қолайлы,оларға тиіс деп айтуға болмайды.екеуінің тілінің заңы,емілесінің жүйесі бірдей болса,біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін.Егер де тілінің заңы,емлесі немесе әріпінің жүйесі басқа болса,онда біріне жақсы болған сауаттау әдшсш екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды»-,дей келіп,дыбыс әдісі мен тұтас сөзді әдістің қайсысы қазақ тіліне көбірек керек деген мәселені мысалдар келтіре отырып береді де,осы екеуінің біріншісі(дыбыс әдісі)жақсы деп қортады.

       Сонымен бірге  ғалым жалқылау және жалпылау  әдісі туралы өз ойын ортаға  салады.Жалқылау әдісі(айырыңқы)қай  елде қолданғаны туралы мағлұмат  береді.

       «Жалқылаулы-жалпылау  әдіс»мақаласында «Бұл әдістің  өзі қолдану жүзіндегі баспалдақтарына  қарай бірБұл әдістің өзі қолдану  жүзіндегі баспалдақтарына қарай  біреше түрге бөлінеді»,-дейді  де,төмендегідей түрлеріне тоқталады:

Шағын сөзді түрі;

«Жазу-оқу»деген түр;

Дыбысты әдіс;

Дыбысты әдістің өзін өз ішінен бес  түрге бөледі:

Балалармен әңгімелесу;

Оқу үйретуге даяарлайтын жұмыс;

Сөзден дыбыстарды айырып шығару;

Әріптермен таныстыру;

Білген әріптермен сөз құрау,соны оқу;

        А.Байтұрсынов  1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп»журналында  «Ана тілінің әдісі», «зерттеу  мен сүгіретшілік әдіс туралы»  деген әдістеме мәселесін сөз  ететін бірнеше мақала жариялаған.

      Ғалым өзінің мақалаларында  «жеңілден ауырға,оңайдан қиынға,жайдан  күрделіге»деген ұстанымды ұстанған.Иллюстративтік материалды көптеп қолдана отырып,балалардың тіл ұстарту мүддесін көздегені байқалады.

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

А.Байтұрсынов.Тіл тағылымы.-Алматы:Ана  тілі,1992.

Ф.Ш.Оразбаева,Р.С.Рахметова.Қазақ  тілін оқытудың әдістемесі.-Алматы:prints,2005

 


Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлы