Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей
уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында)
дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай
Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда
Ғабитхан деген татар молдасынан
мұсылманша хат таниды. Абайды
әкесі он жасында Семей қаласындағы
Ахмет Ризаның медресесіне оқуға
береді. Ол бос уақытында Шығыстың
ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа
Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын
өз бетімен оқып, ертегі, дастан,
хисса сияқты әдеби мұралармен
танысады.
Абай медреседе
небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы
жылдары өз бетімен «приходская
школаға» түсіп, орысша да
оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа
бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте
есейіп, ақыл-ойы тола бастаған
шақта өткір, зейінді Абайды
әкесі Құнанбай ел билеу
ісіне араластырып тәрбиелемек
болып, оны оқудан елге алып
кетеді.
Әкесінің жұмсауымен
Абай ел ішіндегі әр түрлі
мәселелерге араласады. Ол көптеген
ескі әңгімелерді, өлең-жырларды
халық ішінен үйренеді.
Абай және қазақ, Шығыс әдебиеті. Қаладағы медреседе
үш жыл діни оқу арқылы
Абай араб, парсы, шаатай
тілдерін жетік біліп, Шығыс
ақындарының шығармаларымен танысуға
мүмкіндік алды. Қазақтың халықтық
өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін
әжесі Зере бәйбішеден, халық ақындары
Шөже, Бәйкөкше, Балталардан естіп,
жастай жадында сақтады.
Абай және орыс, Батыс
әдебиеті. 1860 ж-дың аяғында Абай
өзінің білімінің таяздығын сезініп,
Семей қаласындағы Гоголь кітапханасына
келіп орыс, Батыс классиктерінің
шығармаларын өз бетінше ізденіп
оқи бастайды. Осы кітапханада
Л.Н.Толстойдың шығармаларын оқып
отырған Абай Петербург университеті
студенттерінің саяси ереуіліне
қатысқаны үшін жер ауып
келген жартылыстанушы ғалым
Е.П.Михаэлиспен кездесіп, танысады,
кейін олар айырылмас дос
болып кетеді.