Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 15:42, реферат
Жаңа заман еуропалық мәдениеті[1] Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.
Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, Еуропадағы «Ағартушылық» дәуірі — дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болды. Ағартушылық идея¬ларының нәтижесінде пайда болған мәдени өзгерістерді сол дәуірдің адамдарының өздері де мақтаныш етті. Ғасыр ақыны аталған Гетенің өзі де осы бір тарихи кезеңдегі уақиғаларды шаттана жырлады. «Ағартушылық» дәуірі — Еуропаның рухани дамуыңдағы ұлы бетбұрыс кезеңі болды. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласына (қоғамдық-саяси, мәдени және т.б.) айтарлықтай әсерін тигізді. «Утопияның алтын ғасыры» деп аталатын бұл дәуірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығымен, жанрлар мен стильдердің көптігімен, оптимистік сарынымен және адамзаттың ақыл-ойына деген шынайы сенімімен осы уақытқа дейін таң қалдырып келеді.
XIX ғасырдың мәдениеті
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ұлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты.
Олар :
Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы уақиғасы:
Дәлірек айтқанда, бұл ұлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.
Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғасыр етек алған «сауықтық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бастаған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жаппай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының халық арасына кеңінен тарауы, халықтың жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер болатындығын мүлде жоққа шығаруға болмас, бірақ бұл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіп, оның құпиялық қасиетін жоюға себепкер болғандығын да естен шығармаған жөн. Сондықтан да болар, осы бір сындарлы тарихи кезеңде халық көңілінен шығар нағыз өнердің қажетті біліне бастады. Өнер — қоғамдық көңіл-күйдің жаршысы болды. Философия тіліне айнала бастаған өнер адамгершілік пен ізғіліктің қайнар бұлағы, адамның жан-дүниесінің айнасы болды. Өнер — мәдениет саласындағы әрбір өзгерісті терең сезініп, дәуір тынысына сай бейімделе білді. Бұл ой-тұжырымдарымызды дәлелдеу үшін, ең бастысы — «өнердің қоғамның соты» рөлін қалай атқарғандығын толық түсіну үшін тағы да XIX ғасыр өнерінің тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Бұл ғасырдағы өнердің дамуындағы екі кезеңді ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты. Бірінші кезең, декаданс («құлдырау» деген мағынаны береді). XIX ғасыр 50 жылдарында бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін созылады. Осы бір «революциялық дәуірдің» әрбір қоғамдық уақиғасы халықтың творчестволық қиялын оятты, өнер саяси-әлеуметтік мазмұнға ие болды. Ұлы француз революциясынан қанаттанып, шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте түсті. Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды. Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идеяларымен де ұштасып жатты. Романтиктер мен утопистердің дәл осындай идеялық бауырластығын қалай түсіндіруге болар екен? Оларды жақындастырған жағдайлар: қоғамдық құрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күңгірттігі және т.б. болды. Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жүзеге асыру — романтиктерге тән қасиет екендігін естен шығармаған жөн. Нақты өмір мен қиялдағы өмірді салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақтарының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамдысынай отырып, бұл ортадан безіне қашады. Мұндай көңілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «қашушылықтың» үш бағыты болды. Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көңіл-күй күйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі. Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым ауыл адамдарын ерекше дәріптеп, олардың рухани байлығын паш ететін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Бұрыннан белгілі экзотикалық елдермен қатар, ұлы географиялық ашылымдар барысында ғана белгілі болған елдердің әсем табиғаты — олардың өнер туындыларының басты тақырыптарының біріне айналды. (Байронның поэзиясындағы, Делакруадың суреттеріндегі шығыс тақырыптары және т.б.). Ал нақты өмір көріністері болмаған жағдайда романтиктер өздерінің таңғажайып қиялдарына еркіндік берді, оған Гофманның, Гейненің, Вагнердің фантастикалық шығармалары жатады.
Екінші бағыт, өзі өмір
сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені
қиялдауға байланысты болды. Ендігі
жерде романтиктер өткен
Үшінші бағыт, адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан-дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бұл дүниенің қарама-қайшылықтарын шындық тұрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гофман мен Гауфтың ертегілері, Т. Жерико мен Эжен ДелакруаЭ. Делакруаның портреттері және т.б.). Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сүйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағынасы бар деген қорытынды жасауға болады.
Олар:
Ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағына зер салу, мәдени құбылыстарды тарихи тұрғыдан алып қарастыру, басқа халықтардың өмірімен танысу кездерінде романтиктер бұл тарихи процестердің қайталанбайтындығына, өте сирек кездесетініне, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» — буырқанған революциялық дәуірдің жемісі болып табылады. Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бұралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі — жүректің үні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъектизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән-мағынасы — жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В. Вейдле «Романтизм дегеніміздің өзі — жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер — энтузиастар болды. Ең бастысы олар — халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мұраларына сүйенді. Жогарыда атап көрсеткеніміздей, романтизмнің дамуы әр елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайларға тығыз байланысты болды. Мысалы, Францияда романтизм буырқанған қоғамдық-саяси өмірдің айнасына айналды. Әсіресе, еркіндікті сүю мен патриотизм — француз романтизміне тән басты қасиеттер болды. Ағылшын романтиктері Байрон мен Шеллидің шығармаларында қоғамдағы жағымсыз қылықтар қатал сынға алынды.
Саяси бытыраңқылық жағдайында
қалыптасқан неміс
XIX ғасырлардың 50 жылдарында Еуропа өнері декаданс дәуірін басынан кешірді. Декаданс («құлдырау» деген мағына береді) өзінің қалыптасу кезеңінде реализмнің түрлі бағыттарымен байланыста болды, сондықтан да болар бұл қарама-қайшылықтарға толы күрделі ағым болып саналады. «Декаданс» термині XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында пессимистік, селсоқтық көңіл-күйлерге байла¬нысты рухани мәдениет пен өнер саласындағы дағдарысты көрсету мақсатында қолданыла бастады. Мұндай көңіл-күй алғаш рет француз «символизмінде», ағылшын «эстетизмінде», «өнер өнер үшін» концепциясының теоретиктерінің (Д. Рескин, О. Уайльд және т.б.) шығармаларында көрініс тапты. Одан кейінгі уақытта «декаданс» сарыны «модернистерге» де пайда болып, «импрессионизм» ағымында өз жалғасын тапты. «Капитализмнің қарқынды дамуы мен ғылым мен техника саласындағы орасан зор жетістіктер жағдайында рухани мәдениет саласында декаданс құбылысының туындауын қалай түсіндіруге болады және XIX—XX ғасырлар аралығында мәдениет дағдарысы болды деп толық сеніммен айта аламыз ба?» — деген орынды сұрақтар туындайды. Бұл сүрақтарға нақты жауап беру үшін сол кезеңдегі қалыптасқан тарихи жағдайларға қысқаша көз салайық. XIX ғасыр аяғы буржуазиялық революциялардың аяқталып, капитализм тарихында алғаш рет бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған заман болды. Бұл уақытта өнеркәсіп төңкерісі де аяқталған болатын. Ғылыми-техникалық прогресс буржуазиялық қоғамның даму қарқынын жеделдете түсті. Бұл дәуірде қоғамдық сананың «позитивизм» рухында сапалық өзгерістері аңғарылды. Екінші жағынан, белгілі бір орталарда «иррациональдық» философияның идеяларына сұраныс күшейді. «Импрессионизм» (француздың «әсер» деген сөзі) ағымы өзінің философиялық негізі ретінде «позитивизмді» шебер пайдалана білді. Осы орайда «импрессионизм» ағымының француздың реалистік өнерінің қойнауында пайда болғандығын да атап өткен жөн. Сондықтан да болар, 1874 жылы импрессионистердің алғашқы ұйымдастырған өнер көрмесінде, қойылған К. Моненің пейзаждық туындылары «Әсер», «Күннің шығуы» деп аталды. Импрессионистер (К. Моне, Э. Мане, Э. Дега, О. Ренуар және т.б.) өз алдарына қоршаған ортаның сан-алуан қүбылыстарын, мәнді өзгерістерін бақылап, зерттеп және оның нәтижелерін өнер саласына аудару мақсатын қойды. Басқаша айтқанда, нені көргенін емес, қалай көргендігін барынша толық беруге тырысты. Әрбір көріністен алған «әсерлер» белгілі бір заттың «көркемдік мәнін» ашуға бағытталды. Осылайша «импрессионистер» әртүрлі түстер байлығына үлкен мөн бере отырып, қоршаған ортаның тынысын, ондағы болып жатқан өмір құбылыстарын жан-жақты суреттеуге тырысты. Осы жағдайларды ескерсек, өмірдің сан-саласын жан-жақты қамтуға тырысқан бұл ашық та, жарқын өнер түрінің дағдарысқа ұшырауы туралы сөз болмауға тиісті сияқты. Бірақ импрессионизмнің реализм негізінде туындағанын еске ала отырып, бұл өнер саласында дағдарыстың орын алғандығын анық байқауға болады. Өйткені, импрессионистік төсілдің қауіптілігі сол — ол қоғамдық құбылыстардың сыртқы көрінісін ғана қамтып, ал олардың ішкі мән-мағынасын ашып көрсетуге мән бермеді, сөйтіп қоғамдық өмірге сын көзбен қарайтын реалистік дәстүр бұзыла бастады. Ерекше атап өтетін тағы бір жайт, импрессионистер әлеуметтік мәселелерді көрсету мақсатында өнер саласында түрлі әлеуметтік типтерді (маскүнемдерді, қайыршыларды, жезөкшелерді және т.б.) енгізді, бірақ қоғамда орын алған мұндай жағдайлардың әлеуметтік себептері ашылмады, мұндай келеңсіз құбылыстар қатал сынға алынбады. Тіпті кезінде реалистердің басты назарында болған кейбір мәселелер ұмытылып қалды, дәлірек айтқанда, гуманистік және демократиялық идеялардың салтанат құруы үшін, қоғам өміріндегі жат қылықтарды сынаумен қатар, оларға қарсы бітіспес күрес ашу қажеттігі назардан тыс қалды. Импрессионизм ағымындағы орын алған дәл осындай дағдарыс құбылыстарының нәтижесінде «берекесіздік этикасына» жол берілді, ал ол өз кезегінде «символизмде» теориялық жағынан негізделіп, өзіндік бағдар алды. Реалистік дәстүрлердің терең дағдарысы «постимпрессионизмде» (П. Сезанн, В. Ван-Гог, П. Гоген және т.б.) де көрініс тапты. Бұл ағымдағылар адамның тіршілік жағдайларының өзгеруі, үлкен қалалардағы үйлесімділіктің бұзылуы сияқты келелі мәселелерді шындық тұрғысынан көрсете алатын реализмнің жаңа шығармашылық әдістерін де қарастырды. Әрине, мұндай ізденістердің нәтижесінде өнердің сан-саласының парасаттылық сипаты артып, белгілі бір жүйеге келуі шарт еді, бірақ әлеуметтік шиеленістерді өнер арқылы, оның ішінде кескіндеме өнері арқылы танып-білуге және өнер арқылы келеңсіз көріністерге қарсы тұрып, оларды жеңуге деген ынтаның болмауы мен дәрменсіздіктің салдарынан көптеген суретшілер шындықтан алшақтап, өз ортасынан қашқақтап, тұйықтала түсті. Өз-өзімен болушылық сияқты қасиеттер импрессионизмді романтизм ағымымен жақындастырды. Оларға символизм, субъективизм, мистицизм сипаттары да ортақ болды.
Аталған қасиеттер, әсіресе «символизмге» (Малларме, Верлен жөне т.б.) тән болды. «Символизмнің» бастауында «Цветы зла» (1857 жылы) атты еңбегімен белгілі болған Ш. Бодлер тұрды. Жан-дүниенің түйықтығы, басыңқы көңіл-күй, дүниеде болып жатқан қатыгездіктер мен жауыздықтарға қарсылық сезімінің оянуы және тағы да басқа адам бойындағы қасиеттерді шебер бере білудің арқасында Бодлердің мәртебесі өсіп, атағы жайылды. Өйткені, мұндай көңіл-күй мен шиыршық атқан сезімдер толқыны сол дәуірдің рухани әуенін білдірді және «Символизм» бұл тұста жалпы еуропалық мәдени қозғалыста өзіне лайықты орын тауып, мөдениеттің кең арнасына қосылуға мүмкіндік алды: театр саласында (Метерлинк), музыка саласында (Скрябин), кескіндеме саласында (Врубель) және т.б. «Символизм» өнерінің туындылары буржуазиялық өмір салтының «құндылықтарын тамаша игере бастағандардың жартылай идеалистік, порнографиялық шығармаларына мүлдем қарама-қайшы келді. Тамаша өнер туындылары жарыққа шыққан Ш. Бодлердің заманы Наполеон III-нің Екінші империясының кезеңі болатын. Осы бір уақыт шеңберінде руханилықты пайдақорлық пен сат- қындыққа икемдеу әрекеті, халық мүддесі дегенді желеу етушілік, яғни демогогиялық науқан қыза түскен болатын. Заман ойшылдарының бірі Ф. Ницше қоғамдағы болып жатқан мәдени процестерден тыс қала алмады. Ол бұрыннан да көтеріліп жүрген «құндылықтарды асыра бағалау» мәселесін философиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге ат салысты. Бұл кезенде «сана» категориясына деген сенімнің тас-талқаны шықты, дәстүрлі мөдени құндылықтардың бүкіл жүйесі өзінің өмірсіздігін көрсетті, болашаққа деген үміт оты сөнді, тіпті құдайға деген сенімнің өзі де өше бастады (Құдай өлді, ал оны өлтірген өзіміз). Қоғамдағы мұндай дағдарыстың нәтижесі қандай болды және неге әкеліп соқты? Нәтижесінде дүние ұсақталды, рухани құндылықтардың мәні жойыла бастады. Ф. Ницшенің пайымдауынша, мұндай мәдени тоқыраудың тууы заңды құбылыс болып табылады, өйткені мөдениет өзінің қалыптасып, даму процесінде «құлдықпен», құлдық психологиясымен тығыз бай¬ланыста болады, ал өз кезегінде «құлдық мәдениетінің» үстемдігі сөзсіз регреске, декаданс құбылысына әкеліп соғады.
Жоғарыда айтылған пікірлерден нақты қорытындылар шығарайық. XIX ғасыр аяғында тар мағынада — өнер саласында, ал кең мағынада — мәдениет саласында қандай жағдайлар қалып- тасты? Дәуір тынысын терең сезініп, оның рухын өз бойына сіңірген, дүниені ғылыми тұрғыдан танып-білуге бағыт алған «натурализм» мен «импрессионизм» ағымдарының айналадағы дүниеге, болмысқа жақын болуға тырысушылығы бұларды да дағдарысқа әкеліп тіреді. Жинақылық пен сақтық қасиеттерді таныта білген «символизм» ағымы тоқырау мен іріп-шірудің қаупін сезіне алғанымен, қоғам тудырған келеңсіз көріністерге қарсылық көрсете алмай дәрменсіздік танытты. Әрине, Ницше өз тарапынан белсенділік танытып, жігерлі қарсылық көрсетті, бірақ бұл қарсылық барысында ұлы ғалым технократтық дүниені апаттан құтқаруға себепкер болатын мәдени құндылықтарды есінен шығарып алды.
Демек, XIX ғасыр мен XX ғасыр
аралығында мәдениет саласында дағдарыстың
кейбір белгілері біліне бастағанын
жоққа шығаруға болмайды. Дәл осы
кезеңде декаданстық көңіл-
XX ғасыр мәдениеті
Адамзат тарихында XX ғасыр
мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені,
бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс
соғыстарға, санқилы дағдарыстарға
толы сындарлы заман болды. Ғылым
мен техниканың қарышты қадамы, жарқын
болашаққа деген сенім