Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 18:39, лекция
Исмаил Самани кесенесі – Самани әулеті мемлекетінің негізін қалаушы Исмаил Самани қабірінің басына тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Бұхара қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы 9 – 10 ғасырлардағы сәулет өнерінің туындысы. Исмаил Самани кесенесі өзінің архитектуралық тұрпаты жағынан қаланған кірпіштерімен әсемдене үндеседі. Ол күйдірілген ақшыл кірпіштен жасалған. Іші сегіз қырлы тірекке орнатылған аркалармен жалғасады.
Өзбекстан Мәдени ескерткіштері
Исмаил Самани кесенесі – Самани әулеті мемлекетінің негізін қалаушы Исмаил Самани қабірінің басына тұрғызылған архитектуралық ескерткіш. Бұхара қаласында орналасқан. Орталық Азиядағы 9 – 10 ғасырлардағы сәулет өнерінің туындысы. Исмаил Самани кесенесі өзінің архитектуралық тұрпаты жағынан қаланған кірпіштерімен әсемдене үндеседі. Ол күйдірілген ақшыл кірпіштен жасалған. Іші сегіз қырлы тірекке орнатылған аркалармен жалғасады. Төрт қабырғасында жартылай дөңгелектенген арка ойықтары бар. Төрт бұрышында кішкентай күмбездер, дөңгелек келген куполдар, ортасында өте үлкен күмбез орнатылған. Қабырғаларында жиектері мен айналасы өрнектермен безендірілген арка есіктер бар. Әр қасбеттің ортасында үшкір келген ашық жер қалдырылған. Исмаил Самани кесенесі композициясы кейінгі Орталық Азия сәулет өнеріне үлкен ықпалын тигізген.
Исмаил Самани кесенесі
Шер-Дор Медресесі Шир-Дор медресесі — діни оқу орны, қазіргі кезде Самарқандтағы Регистан ансамблі құрамындағы архитектуралық ескерткіш. Ғимарат 1619 — 1636 жылы салынып, Ұлықбек медресесіне қарама-қарсы орналасқан. Шер-Дор Медресесінің алдыңғы жақ беті, көлемі мен жалпы тұрқы Ұлықбек медресесі іспеттес. Төрт айуанды ішкі ауланы жиектей екі хұжыра орналасқан. Хұжыраның жалпы саны — 54. Құрылыстың өн бойы жалатпалы жылтыр қыш тақташалармен, түрлі түсті мозаикалық плиткалармен әсемделген. Ғимараттың оң жақ маңдайшасына киікке атылғалы тұрған жолбарыс, одан жоғары адам кейпіндегі арайлы күн бейнеленген. Сондықтан ғимарат “Жолбарыс таңбалы” (Шер-дор) аталып кеткен. Ғимарат түзарасында парсы тілінде сәулетшінің (Абдул Жаббар), өрнекші-суретшінің (Мұхаммед Аббас) есімдері және осы құрылысты салдырған қазақтың, Кіші жүздің төртқара руынан шыққан Жалаңтөс баїадүр жайлы мадақтау өлең жазылған. Шер-Дор Медресесі ою-өрнектері өзімен қарайлас сәулет өнері үлгілеріне қарағанда өте бай әрі тартымдылығымен ерекшеленеді. Өңдеу жұмыстары кезінде медресенің сыртқы қабырға өрнектеріне көптеген өзгерістер енгізілді. Қазақтың сәулет өнерін зерттеуші Серәлі Лапин көптеген ғимараттармен қатар Шер-Дор Медресесінің де тарихын зерттеген.
Ұлықбек Медресесі — Самарқанд қ-ндағы Регистан ансамблі құрамына кіретін сәулет өнері ескерткіші (1417 — 20). Ұлықбек Медресесі ғимараты шаршы жоспарда тұрғызылған. Оның әсем аркалы (биікт. 16,5 м) қасбеті еңселі порталмен көмкеріліп, Регистан алаңына қараған, Аула ортасында ашық галереялы айуаны бар. Медресеге кіре беріс бұрышта күмбезді 2 дәрісхана, төріне таман күмбезді қысқы мешіт орналасқан. Дәрісхана төбесін көмкерген 4 күмбез бен їижра үйлерінің үстіңгі қабаты, медресенің төрт бұрышындағы алып мұнараның біреуі сақталмаған. Ұлықбек Медресесі құрылысының әрбір бөлшегі бір-бірімен өзара жарасымды үйлесім тауып, оған жасалған әсем нақыш (мәрмәр жолақ, алуан түрлі жұлдыздар, геом. өрнек, т.б.) медресе ғимаратына салтанатты сипат береді. 20 ғ-да қирап бітуге айналған Ұлықбек Медресесі ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары (1932 ж. М.Ф. Мауер, 1964 ж. Э.М. Гендельдің жобасы бойынша) жүргізілуі нәтижесінде халық игілігіне айналды. Құлауға айналған солт.-батыс (салм. 400 т; биікт. 33 м) және оңт.-шығыс (биікт. 32,7 м) мұнаралары жөнделді. Ұ. м. кезінде Орт. Азиядағы ең ірі оқу орны болған. Онда теологиямен қатар астрономия, философия, математика ғылымдарынан дәріс оқылды. Медресе ұстаздарының ішінде белгілі жұлдызшы Қазы Заде Руми және Ұлықбектің өзі де болды. Сонымен қатар Ұлықбек Бұхара (1417) және Ғиждуван қ-нда да (1432 — 33, Бұхара облысы) медреселер салдырған.
Шахи Зинда – Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Афрасияб тауының етегінде, төменнен жоғары жүргенде көтерілген баспалдақты жолдың екі жағында орын алған кесенелер топтамасына берілген атау. Бұл кесенелердің көбі 14-15 ғасырлардан қалған және Әмір Темірдің отбасынан болғандарға және жақындарына салынған. Бұлардан Қусам бин Аббастың (радиаллаһу анһ) кесенесі, Әмір Темір дәуірінен бұрын салынған. Самарқандқа Исламды әкелген сахабалардың бірі Қусам бин Аббас 672 жылы Құрбан айт күні шәһит болған. «Шәһиттер сендер білмейтін өмірде тірі» деген аятқа сүйеніп, бұл жер Шахи Зинда (тірі шах) деп аталған.
Ұлықбектің салдырған, тау етегіндегі дарбазадан өткен кезде Шахи Зиндаға кірілген болады. Кіруімен қара көк, қою және ашық жасыл, қара, сары, ақ, қарақошқыл және көгілдір түсті фарфорлар шағылысып көзді алады. Бұл жерде екі мешіт және бір медресе бар. Шахи Зинда кесенелері жалпылама квадратты құрылымдардан тұрады және ең көз тартатын қасиеті – күмбездерінің өте биік және қауын пішінді болуы. Екінші бір қасиеті - Әмір Темір заманының ең бай әшекейлерінің жиынтығынан құралғаны. Әшекейдің көп бөлігі фарфордан жасалған. Жазулары барынша әшекейленген кесенелер тек сыртқы көркемдігімен ғана емес, фарфор қаптамаларымен сәулетшілік өнерінің өзара үйлесуі жағынан да ерекше әдемі көрініске ие.
Көкілташ медресесі
Бүгінде Көкілташ - тарихи жәдігер ретінде Ташкент қаласына шырай берген ғимараттардың бірі. . Бұл медресеге келіп, кезінде «Көмекей Әулие» аталып, билік айтқан Бұқар Жырау бабамыздың білім алғандығы, басқа да көп саңлақ ділмарларымыздың бас сұққаны ел жадында өшпестей сақталған. Бұған Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің: «Көкілташта сытқамыт қылған адам не бай болып, не әулие болып, не молда болып шығады, құр алақан шықпайды»,- деген бір ауыз сөзін дәлел етеміз. Арнайы Өзбекстаннан алдырған ресми деректерге сүйенсек, «Көкілташ медресесін XVI ғасырда билігін жүргізген Барақ хан мен Дәруіш ханның тұсында (1551-1575жж.) хан уәзірі салдырған, оның лақап аты Көкілташ (ханның емшектес бауыры)» екен.