Саясат пен дін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 09:45, практическая работа

Краткое описание

Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Саясиландыру - қазіргі заманның өткір мәселелеріне діни жауап беруге талпыныс. Саяси діннің пайда болуы - модернизаңиядан бас тарту емес, сәтті, сол қоғамның талаптарына сай модернизация жасау. Егер модернизация батыстық, либералдық негізде жүзеге асырылмаса, онда оны дін негізінде жасауға талпыныстардың болатыны сөзсіз. Бұл, әрине, саяси діндердің жақтаушыларына "дәстүрлі" құндылықтарға оралуга шақыруга кедергі келтіре алмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Саясат пен дін.pptx

— 272.14 Кб (Скачать документ)

                 Саясат пен дін

 

Саясат

 

Дін

 

    • Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген.

 

    • Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

                    Дін мен саясат

 

    • Дін және саясат - қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда діннің саясатпен байланысын кәреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады.

 Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келеді:

 

 

    •     Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру;
    •     Мемлекеттік діни мекемелерге бағындыру;
    •     Мемлекет пен діннің одағы. Қазір ол екі түрлі шешіледі:

 

    •     1) мемлекет пен діннің имандылық негізінде;
    •     2) мемлекет пен діннің бәлінуі, бір-бірінің ісіне араласпауы.

 

Діни  бірлестіктер

 

    • Діни бірлестіктер - діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында құрылған. Осы мақсатқа лайықты белгілері: дін тұту, құдайға құлшылық ету, басқа діни салттар мен ырым-жоралғылары бар, сондай-ақ дінге үйрету және өз ізбасарларына діни тәрбие беруге ұмтылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Олар діни топтар (заңды тұлға емес) және діни ұйымдар (заңды тұлға ретінде тікеуден өткен) ретінде құрыла алады. Діни ұйымдар жергілікті (ізін қуған адам оннан кем емес) және орталықтандырылған (құрамында үштен кем емес жергілікті ұйымдар кіретін) болып бөлінеді.

Діннің  саясиландырылуы

 

    • Діннің саясиландырылуы - саяси құралдарды діни мақсатта қолдану. Саясиландыру дамудың белгілі бір кезеңінде барлық діндерге тән. Саяси діндер бүкіл қоғамда өз тәртібін орнатуга тырысады. Онда басқа діндегілердің, дінге сенбеушілердің де құқықтары еленбейді. Онымен қоймай, саяси діннің әлемдік және тайпалық діндерден (мысалы, индуизм мен ислам арасындағы) айырмашылығы ажыратылмайды: индуистік радикалдар Үнді шекараларында саяси-аумақтық тәртіп орнықтыруға талпынады, ал, ислам фундаментализм! - исламға негізделген шексіз дүниетаным, әлемдік тәртіп тұжырымы. Дінді саясиландыру себептері әсіресе, мұсылман әлеміне қатысты тұсы өте жақсы зерттелген. Ғалымдардың көпшілігі саяси исламның "кұрт" өсуін халық жағдайының жақсаруымен, экономиканың өркендеуіне емес, терең дағдарысқа әкелген сәтсіз модернизацияның салдарымен байланыстырады. Кәптеген белгілі жағдайлардан анықталғандай, діннің саясиландырылуы, әдетте, дәстүрлі, халықтың басым көпшілігі діндар (салт-жоралғыларын ұстанатын, ырымдарын жасайтын, дәстүрін берік сақтайтын, дін негіздерін жатқа білетін) көнерген қоғамдарда емес, керісінше, жаңғырған әрі қоғамның, жеке адамның дін ықпалынан арылған қоғамдарда жүзеге асырылуда. Мұның себебі фундаментализм (діни ырым, жоралғыларды қатаң ұстау және діни "сауаттылық") және оны бетке ұстайтын игі-жақсылары мен саяси діннің арасындағы көпекөрнеу қайшылық болып табылады.

Саясаландыру

 

    •  Саясиландыру - қазіргі заманның өткір мәселелеріне діни жауап беруге талпыныс. Саяси діннің пайда болуы - модернизаңиядан бас тарту емес, сәтті, сол қоғамның талаптарына сай модернизация жасау. Егер модернизация батыстық, либералдық негізде жүзеге асырылмаса, онда оны дін негізінде жасауға талпыныстардың болатыны сөзсіз. Бұл, әрине, саяси діндердің жақтаушыларына "дәстүрлі" құндылықтарға оралуга шақыруга кедергі келтіре алмайды. Осындай үндеулерге қарамай-ақ, саяси дін - қазіргі өркениет айбатына өз жауабы ретінде дамушы жаңа құбылыс

Саясаттағы  жеке тұлғаның ролі

 

    • Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш тү¬рін көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" сая¬сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.

Саясаттағы  ислам

 

    • Саясаттағы ислам - ислам барлық болмыс пен фәни, адам өмі- ріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Ислами ұғымда бұл дін - абсолютті құдірет иесі Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі барлық адамзатқа және заманаға жіберілген дін. Ислам сөзінің түбірі арабшадағы "сәлиме", "силм" етістігі. Бұл сөздер сөздікте бейбітшілік, тыныштық, амандық, татулық, келісім, мойынсыну, сенімділік дегенді білдіреді. Ислам сөзі сенім мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілік пен татулықты, жүгіну мен тепе-теңдікті, әсілі, тұтастай өмір сүру салтын білдіреді. Ислам - Құран Кәрімде есімдері аталған барлық пайғамбарларга жіберілген иләһи (тәңірлік, құдайы) діндердің ортақ аты.

 

    • Құран Кәрім аяттары бойынша мұсылмандар Аллаһ Тағалага, оның елшісі Мүхаммедке (с.а.у.) және мұсылман әміршілерге бағынуга міндетті. Мұсылмандардың істерін реттеуші басшы еркін сайлау арқылы қызметке келеді. Ислам құқығында "бигат" деп аталатын дауыс беру азаматтардың ерікті түрде ризашылық білдіруімен болады. Қоқан-лоқымен, яки күшпен жасалған биғат жарамсыз болып табылады. Басшының міндеті - аяттарда көрсетілген қағидалар негізінде және кеңесе отырып елді басқару. Кеңесе отырып басқару исламдагы мемлекет басқару жүйесінің басым сипаты болып табылады. Ислам діні - барлық қатынастар мен іс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын дін.

Информация о работе Саясат пен дін