Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:46, курсовая работа
Орталық Азия – Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. км2.
Кіріспе………………………………………………………………………...……3
Негізгі бөлім……………………………………………………………………….6
Орталық Азияның және оның жаңа интеллектуалдық дәстүрдің қалыптасуына ықпалы……………………………………………………..6
Ортағасырлардағы ортақ түркі тілдес өркениет……………………......10
Орталық Азия халықтарының бүгінгі таңда әлемдік мәдениетте алатын орны..........................................................................…………………..…..14
Қорытынды………………………………………………………………...…….16
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….…….18
Ортағасырлардағы ортақ түркі тілдес өркениет
Қазақстан жерлері VІ ғасырда құдіретті держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік энтонимі ең алғаш аталуы қытай жылнамаларында кездеседі. Шежірелерде түріктер Қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап тұрғандығы айтылады. 546 жылы тирек тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшаланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын тирек армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық - әлеуметтік бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіп, билеушілері Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. 553 жылы Бумын қаған қаза табады, оның орнына таққа інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескінің мұрагері Мұқан қаған, оның лақап аты Нанту болады. Мұқан қаған (552-554 жж.) билік құрған уақытта Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Бұл жылдары түріктердің батысқа жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктердің түпкі атасы Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552-553 жылдары түріктер «Батыста идті (эфтал) бағындырады». Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы одан арғы саясаттың негізі болады. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелігі Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан болатын. Түрік қағанатындағы әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға түсуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жж.) Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуіне әкеліп соғады.
Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды. Алғашқы кезде қаған тағына мүрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп өзара күрес тудырып бұзылып отырды.
Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.
Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында топтардың құрылуы және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.
Тәңіршілдік – дәстүрлі түркілік дүниетанымның бастауындағы діни сенім. Тәңіршілдік сенімнің Ұлы Тәңірісі – берік қандастық жүйеге негізделген түркі қоғамының Жаратушысы әрі Иесі. Ұлы Тәңірдің елі де, қағаны да, жері де киелі әрі қуатты деп танылған. Тәңіршілдік ұлттық психологияны, яғни ұлттың ділдік сипатын анықтайтын танымдық өлшем. Ибн Фадлан ( Аббас халифатының елшісі) 10 ғ-дың басында оғыздарға жасаған саяхатында “түріктердің қиын-қыстау кезеңде “Бір Тәңірі” деп, басын көкке қаратып мінажат ететіндіктерін” айтқан. Әр түрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке ханның: “…Біз тек қана Бір тәңірге құлшылық етеміз” деген ұстанымын еуропалық миссионер-саяхатшылар Марко Поло, Плано Карпини, Рубрук мәлімдеген. Тәңір ұғымы Шумер сына жазуларында, ғұндарда “зингир” (қазақта “зеңгір” сөзі бар) түрінде кездеседі. Ұлы Тәңірдің “Көк, Ұлы, Нұр”, т.б. сипаттарының бәрі аспанды білдіреді. Сипаты жағынан Тәңірі ешнәрсеге ұқсамайды. Тәңіршілдік сенімінде соғыста жеңіс сыйлайтын да, билік иесіне билікті ұсынатын да, халықтың ниетіне қарай билеушіні таңдайтын да – Тәңірі. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске түсу халықтың рухани азғындағаны үшін Тәңірдің оларға жіберген жазасы болып саналады.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Бірі-Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі – Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан). Батыс түрік қағандығы яки қағанаты – Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды. Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім. Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық мемлекет – Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанаты (766-940 ж.ж.) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді. Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан батыс Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі – оғыз тайпалары бірлестігі – Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді. Бұлар негізінен көшелі тайпалар саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған ғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті – Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.ж.) болды. Қарахан әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жұргізді. Астанасы – Баласағұн қаласы. Ұлан ғайыр аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу болды. Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім. Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде – половецтер деп атаған.
Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.
Орталық Азия халықтарының бүгінгі таңда әлемдік мәдениетте алатын орны
Қазақ мектептерінің жабылуы кеңес идеологтарының
КСРО халықтары одағынан бірыңғай кеңес халқын
қалыптастыруға ұмтылысына байланысты
болған. Мәдениет және білім беру саласында орыс
тілі басты назарға алынды. 1991 жылы Мәскеудегі
қазақ жастарының «Мұрагер» мәдени қоғамы
өз жұмысын бастады. Астанадағы көп ұлтты мегаполис
жағдайында бір-бірімен тығыз қарым-
«2013 жыл Тәуелсіз мемлекеттер
ТМД елдерінің мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтары дамуының өзекті мәселелері Мәскеудегі Третьяков галереясында талқыланады Қазанның 4-і күні Мәскеудегі Третьяков галереясында ТМД елдерінің Мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің xxv мерейтойлық отырысы өтеді. Форумға қатысушылар ТМД елдерінің мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастығы дамуының 20-ға жуықu өзекті мәселелерін талқылайды,деп хабарлады ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі. Кеңес мүшелері «Достастықтың мәдени астаналары» атты жобаны қарайды. Отырыста сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағындағы мәдени мұра нысандарында жүргізілетін қалпына келтіру және археологиялық жұмыстарға жастардың қатысу мәселесі талқыланады. Жастарды мұндай жұмыстарға тартудың маңыздылығы ЮНЕСКО-ның 2008-2013 жылдарға арналған стратегиясында да қаралған.
Әлемдік мәдени мұраны сақтап қалуға қатысты тағы
бір мәселе – сәйкес орталық құру туралы
Тұжырымдаманы дайындау болмақ. Бұл туралы
ұсыныс 2011-2012 жылдарға арналған гуманитарлық
саладағы Басым іс-шаралардың жоспарына
енгізілген болатын. ТМД елдерінің мәдениет
ықпалдастығы бойынша кеңесінің кезекті
Қорытынды
Кеңес империясы құрамындағы түркі тілдес республикалардың мемлекеттік тәуелсіздігін алу арқасында Орта Азия және Қазақстан түсінігін қолдану мәселесін қайта қарастыру және оны Орталық Азия деп атау мүмкіндігі туды. Орыстың тәрбиесін көрген қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз және түркмен лидерлері аймақтық тарихи атауы Түркістанды қайта жандандыруға ұмтылмады. Оның орнына Батыста қолданылып келген Орталық Азия ұғымы қолданыла бастады. 1993 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының кездесуінде аймақты Орталық Азия деп атау шешімі қабылданды.
Аймақты атаудың екінші версиясы халықаралық ағартушылық жобасы аясында пайда болды. Орталық Азияның мәдени-георафиялық кеңістігіне кең ауқымдағы түсінік ЮНЕСКО-ның мұрындық болуымен жарыққа шығарылған «Орталық Азияның өркениеттері тарихы» атты алты томдық басылымында берілді. Жоба 1981 жылы жүзеге асырыла бастады. ЮНЕСКО-ның тұжырымдамасы бойынша Орталық Азия аймағына Моңғолия, Қытайдың батыс бөлігі (Шығыс Түркістан), Тибет, солтүстік-шығыс Иран, Кашмир территориясы, Ауғанстан, Пәкстан, Ресейдің шығыс бөлігі, Тайганың оңтүсік бөліктері, Орта Азиядағы кеңес республикалары, Уттар Прадеш, Харьяну, Химачал Прадеш, Пенджаб секілді территориялар енді.
Ресей және Британ империяларының Орталық Азия аймағы үшін қайшылықтары мен бәсекелестігі 1907 жылы ағылшын-орыс келісімінің жасалуымен өз мәресіне жетті. Ықпал ету кеңістіктерін бөліске салу тарлы келісім бойынша Ресей империясы Орталық Азияға толығымен орнықса, Британия Үндістанды орыс экспансиясының қауіпінен құтқарды. Екі жақтың өзара уағдаластығына сәйкес Ауғанстан аймақтағы екі империяның арасындағы буферлі зона ретінде танылды. Ресей империясының жаулауы салдарынан, содан кейін Кеңес империясының езгі саясаты салдарынан Орталық Азия елдері мен халықтары тек сыртқы әлемннен ғана емес, сонымен бірге тарихи жағынан тағдырлас көршілес халықтардан зорлықпен аластатылып, қызыл империя құрамында тұйық изоляцияда қалды.
Орталық Азияның бес республикасы Кеңес Одағының құрамында таза «отар» және «тәуелді территория», шикізат көзі және орыс-славяндар мен өзге де келімсектер үшін қоныстанатын, орыс-кеңес ғылымының түрлі жетістіктерін сынақтан өткізетін, түрлі қоқсықтарды тастайтын немесе көметін кеңістік ретінде қарастырылды. 1945 жылы сәуірде Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрылтай жиналысы қарсаңында ғана Мәскеу Орталық Азия республикаларында Сыртқы істер министрліктерін ашу туралы шешім қабылдады.
Бұл Мәскеудің тактикалық және стратегиялық себеппен жасаған айла-амалы еді. Он екі республикада сыртқы істер министрлін ашу арқылы, Мәскеу БҰҰ-ға он бес мемлекеттің атынан енуді мақсат еткен болатын. Бұған дейін үш славян республикасында – Ресей, Украина және Белорусяда бұл ведомствалар бұрыннан бері болған еді. Орталық Азия елдерінде Сыртқы істер министрліктері ашылғанымен, сыртқы саяси мәселелердің барлығы тек Мәскеудің құзырында қала берді.
Кеңес империясы күйереуі және оның азиялық бөлігінде тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейін Орталық Азияда екінші «Үлкен ойындар» немесе «геосаяси ойындар» басталды. Орталық Азия аймағында Мәскеудің саяси, геосаяси және әскери ықпалы әлсіреуімен өңір «Үлкен геосаяси ойындардың» аренасына айналды. Бұл ойынға тек ұлы державалар ғана емес, сонымен қатар «орта деңгейдегі» аймақтық күштер белсенді түрде араласа бастады.
Информация о работе Орталық Азияның және оның жаңа интеллектуалдық дәстүрдің қалыптасуына ықпалы