Оралхан Бөкей

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2014 в 12:08, курсовая работа

Краткое описание

Оралхан Бөкей (28.9.1943, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылы — 17.5.1993, Үндістан, Дели қаласы, Алматыда жерленген) — Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оралхан Бокей.docx

— 101.99 Кб (Скачать документ)

Оралханның қаламынан шыққан және қалыпты реалистік қасаң суреттеу тұрғысында жазылған шығармасы – «Өз отыңды өшірме» романы. Әдеби қауым туындының көркемдік сыпатынан көрі жазушының жанрын өзгерткеніне жатырқай қарады. Сол салқын қабақ оқырманның да райына із салды. Әдеби пікірдің үнсіздігі жазушыны қатты алаңдатты. Тіпті өзінің қаламына деген сенімсіздікті де оятты. Қаламгердің бұрынғы жазу мәнерін өзгерткеніне оқырман қауымның іші ашығандай, өздерінің рухани әлемін жырлаған жазушыдан көз жазып қалатындай сезінді. Бұл ешқандай негізсіз және әділетсіз пайымдау еді. «Өз отыңды өшірме» романы – ХХ ғасырдағы қазақ романдарының белортасынан орын алатын тұлғалы туындының бірі болып әдебиет тарихында қалды.

Осы тұста ол өзінің реалистік ырыққа ықтаған қаламын суытқысы келген сыңай танытып, сахналық шығармалар жазды. «Құлыным менің» пьесасы сахнаға қойылғанда әдеби қауымның да, оқырмандардың да беті бері қарап, баяғы «жалғыздық» пен «жалғыздардың» жыршысымен қайта табысқандай болды. Бұдан кейін сахнаға жол тартқан «Текетірес»,«Мен сізден қорқамын», «Желтоқсан желі», «Қар қызы», «Зымырайды поездар» атты шығармалары жазушының кезекті туындысы ретінде салқын қабылданды. Мұның басты себебі, бұл пьесалардың дені бұрын жарияланған көркем шығармаларының сахналық нұсқасы екендігінде болса керек. Оның есесіне, «Қара сөзбен жырлайын» және «Тортай мінген ақбоз ат» атты шағын топтамалары оның реалистік жазу мәнері мен жазушылық шеберлігін қанық-танық анықтап берді.

Өзінің сүйікті жанрына қайырылып оралғанда жазылған «Бәрі де майдан», «Шайтан көпір», «Атау-кере» хикаяттары Оралхан Бөкейдің шығармашылық өнерінің атойлы асуы болып табылады. Жоспар күйінде қалған «Алданған ұрпақ» трилогиялық романын қандай шығармашылық тағдыр күтіп тұрды, оны енді болжау мүмкін емес. 

Қалай дегенмен де, қазақ көркем сөз өнеріне өшпес таңба, өлмес туынды қалдырған Оралхан Бөкейдің шығармашылық жолы қашан да туған елінің зиялы қауымының назарында, зерек оқырманның ойында, зерделі әдебиеттанушылардың алғауында болары анық.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ,

филология ғылымдарының докторы, 

професс

 

 

 

 

  

КІРІСПЕЗерттеу тақырыбының өзектілігі.

Бүгінгі таңда әлемдік ауқымдатанылып үлгерген егеменді еліміздің мемлекеттік бағдарламаларында ұлттық руханиятқа кең өріс берілуі ғалымдардың жаңа тынысын ашты. Соныңнәтижесінде фольклор, этнография, көркем әдебиет салалары да өзнысандарына тереңдей еніп зерттеудің және өзара сабақтастықта дамудыңжаңа белесіне көтерілді.Тарихи дамудың сан түрлі жолдарынан өтіп, кемелденген, көркемдікбиікке жетіп, жанрлық жағынан да, тақырыптың ауқымы тұрғысынан да кеңқанат жайған қазақ прозасындағы әлеуметтік сарындардың көркемдікқызметін ғылыми саралау – бүгінгі күннің аса зәру мәселесі болып табылады.Осы орайда қазақтың өте дарынды біртуар жазушысы ОралханБөкей шығармашылығы көркем әдебиеттің өз алдына бір зерттеу нысаныбола алады. Оларды көркемдік тұрғыдан ұштастырып, түрлі ғылым салаларыарасындағы диалектикалық бірлікті өз талап-талғамына жарату хас талантқағана тиесілі.Қазақ әдебиетіндегі қазіргі заман прозасында «алыптар»санатындағы қаламгерлердің бірі Оралхан Бөкеев – өзіндік дәстүрқалыптастырған ірі суреткер. Айтулы қаламгердің көркемтуындылары оқырманның, сыншы ғалымдардың қашан да назарынанкетпеген. Бірқатар зерттеу жұмыстарына нысана болған. Олардыңішінде жазушы шығармаларындағы көркемдік шеберлік, тілі менстилі, идеялық мазмұны сияқты мәселелер молынан қамтылады.Алайда, Оралхан Бөкеев қаламынан туған көркем дүниелердіңшығармашылық тағдыры туралы терең де жүйелі зерттеу жұмысыжеткілікті деп айтуға болмайды. Бөкеев қаламынан туған шығарматізімі ұланғайыр. Оған қоса жанрдың қай-қайсысынан болсын қаламтербегені белгілі. Белгілі бір мерзімнен кейін әр туындыныңшығармашылық көркемдік сыр-сипаты ашыла түсетіні де анық.

Жұмыстың нысаны.

Оралхан Бөкей шығармашылығы, көркемшығармаларының өзіндік ерекшелігі, автор туындыларындағыәлеуметтік сарын.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстыңнегізгі мақсаты: – Оралхан Бөкей шығармашылығына, өмір жолына толықтайшолу жасау; –Автор шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсету; –Әңгімелердегі әлеуметтік сарынды көркем мысалдар арқылыдәлелдеу;

3

You're reading a free preview.  
Pages 4 to 35 are not shown in this preview.

 

 

 


Информация о работе Оралхан Бөкей