Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2014 в 21:21, реферат
Жеке тұлғаның эстетикалық және көркем мәдениеттің қалыптасуына көркем өнер эстетикалық тәрбиенің маңызды аспектісі болып табылады. Хореография бұл қозғалыстың, дыбыстардың, жарық бояуларының, кастюмдердің әдемілік әлемң, яғни сиқырлы өнер әлемі. Балалар мұны балет спектакльдерінің, шығармашылық альбомдардан, бейне филмдерден көруге ұмтылады. Олардың бұл пікірі құрметке лайық.
Мектепке дейінгі 4-7 жастағы балалардың ырғақты би қимылдарын дамыту бағдарламасы
Кіріспе
Жеке тұлғаның эстетикалық және көркем
мәдениеттің қалыптасуына көркем өнер
эстетикалық тәрбиенің маңызды аспектісі
болып табылады. Хореография бұл қозғалыстың,
дыбыстардың, жарық бояуларының, кастюмдердің
әдемілік әлемң, яғни сиқырлы өнер әлемі.
Балалар мұны балет спектакльдерінің,
шығармашылық альбомдардан, бейне филмдерден
көруге ұмтылады. Олардың бұл пікірі құрметке
лайық. Дәрігер иСелия Спаржер, «Пнптомия
және балет» кітабының авторы, Англияның
Королева болетінің бұрынғы кеңксшісі
былай деп жазды: «балет мүсінің тәртіппен
және әдемі қозғалуында аса қиын тәсіл
болып табылады.»Себебі оның оқылуын тек
азғана таңдауларғашектеу үшін. Олар текқана
әр-түрлі жанрдағы билерді көркем орындау
дағдыларын тәрбиелеп дамытпайды, сонымен
қатар баланы сұлулық заңдарына.
Сай әдетпен жүріс-тұрыс ережесіне машықтандыру.
Хореографиялық өнермен сабақ баланың
дене дамуына себеп болады және оларды
рухани азықтандырады. Бұл үйлесімді жаттығулар
балаларды да ата-аналарды да жаттықтырады,
жақындатады. Би мүсініне ие болған бала
жан-жағындағыларды таңдандарады. Бірақ
оның қалыптасуы- балалардан көптеген
сапа талап ететін ұзақ құбылыс.
Тәртіптілік еңбек сүйгіштік және сабырлық-
тек хореографиялық сабақта ғана емес,
сонымен қатар тұрмыста да қажетті қасиеттер.
Бұл сапалар жыл бойы педагог- хореографтарментәрбиеленеді
және көптеген жетістіктерге жеткізеді.Өмірде
өте қажет жауапкершілік сезімі би мен
айналысатын балаларды алға қозғайды.
Биде жаныңдағы тұрғанды алып кетуге болмайды,
өзіңде біреулер тәуелдіі болғансоң қалып
келуге болмайды,орындамауға болмайды.
Хореографиялық оқытудағы ұқыптылық,
хореографиялық киімнің тазалығы балалардың
ішкі дүниксіне де әсер етеді. Олар тек
мүсінімен ғаға емес,сәнді шашымен,қарапайым
киімді сәнді етіп киюімен ерекшеленеді.
Әдептің тәрбиеленуі хореография сабағының
бір бқлігі болып саналады. Хореографиялық
сыныптағы балалрдың ешқашан үлкенің
жолын кеспейтін, ұл балалардың автобустан
шыққандарға көмектескенін көру қандай.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі заманда мектепке дейінгі бүлдіршіндер
арасындағы жалпақ табандылық пен омыртқаның
қисаюы сияқты түрлі аурулар кең тараған.
Сондықтан да мектепке дейінгі мекемелердің
ең басты мақсаты оқу-тәрбие беру процессінде
балалардың денсаулығын нығайту болып
табылады. Балаларды түрлі аурулардың
алдын алуда күн бойғы әрекетінде денесін
шынықтыру және сауықтыру шаралары кіріктіре
жүзеге асырылу қажет. Ал, оның ішінде
музыкалық ырғақты би сабағы осы өскелең
ағзаның толық дұрыс дамуында көп ықпал
тигізетіні анық.
Яғни музыкалық ырғақты сабақтарда әсемдік
пен қатар баланың бұлшық еттерінің дамуы
мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер
әсері мол.
Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны
анық яғни баланың өз-өзіне сенімділігімен
ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде
қалыптасуына маңызды рөл атқарады.
Жұмыстың мақсаты:
Жұмыстың міндеттері:
Мақсатқа жету жолдары:
Педагог міндеті:
Ырғақты би сабағының негізгі құрылымы:
Мектепке дейінгі жас адам өміріндегі
өте жауапкершілікті кезеңдердің бірі,
яғни осы жас шамалық кезеңде баланың
денсаулығының негізі, ақыл ойы, психо-физикалық
дамуы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады.
Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды
сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына
деген қажеттіліктері ұлғаяды. Ал музыка
әуеніне қозғалу бұл би. Ырғақты би - бала
үшін қозғалыс арқылы өз - өздерін көрсетудің
тәсілі болып табылады. Себебі мектепке
дейінгі жастағы баланың сөздік қоры бай
емес, сондықтан да бала өз сезімін, эмоциясын
ырғақты би арқылы бейнелеп, қоршаған
ортаға жеткізеді. Ал қазіргі заманғы
музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді
динамикасымен балаларға жақын. Қазіргі
заманғы балалар биін балабақшада қолданудың
тиімділігі ол, балаларды музыкалық, психо-физикалық
және эстетикалық тәрбие жағынан әр - түрлі
әсерлі формаларды қолдана отырып ырғақты
би қозғалыстарын дамыту болып табылады.
Ырғақты би қимылы арқылы бала тәрбиелік
және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер ете
отырып, оның рухани бейнесін қалыптастырады.
Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік,
шығармашылық мүсін ғана емес, баланы
жігерлендіреді. Хореография сабағында
тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары
нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет
күштері жақсарып, икемділік, төзімділік
қабілеттері дамиды және дене бітімдері
түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді,
әдемілікке деген құштарлықтары артады,
яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық
ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани
жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып,
қандағы кортизоль деңгейін жақсартып,
жалпақ табандылық, омыртқа қисаю ауыруларын
алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік
деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына
ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін
жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық
құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық
көңіл-күйін жақсартады. Өздеріңіз білетіндей
біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің
мінез-құлықтары әр түрлі ашық, шапшаң,
белсенді болса ал кейбіеулері ұялшақ,
қорқақ, ұяң балалар да болады дәл осындай
балалармен ырғақты би сабағында балалардың
тұйық мінезін ашып, көңіл-күйлерін жақсартып,
өз-өздеріне «МЕН» деген сенімдерін арттыруға
болады. Біздің бүлдіршіндеріміз көптеген
билерді үйреніп қана қоймай ұлттық салт
дәстүрлерді тез қабылдайды. Тәрбиеленушілердің
арасында ерекше, биді жоғары орындау
шеберлігі мен көзге түсіп жүргендері
қалалық, облыс, республика деңгейіндегі
сайыс – байқауларына қатысып жүр. Атап
айтар болсақ бақшаның мақтаныштары Ә.Айнұр,
М.Аружан, А.Анель, К.Мадина, Асанәлі, Б.Әлишер.
Олар өздерінің табиғи қабілеттерін жетілдіруде.
Қазақ халқы би өнері арқылы қайғы-мұңдары
мен қуанышытарын би арқылы жеткізе білген.
Әсем әуенді естігенде бойы елітіп би
билегісі келмейтін жан болмас. Ырғақты
би қимылын қабылдау ерекшелігін белгілі
бір деңгейде, дайындық кезеңінде жас
ерекшеліктеріне қарай анықтайды.
Барламаның жаңалығы - ырғақты би үйрету
дайындық кезеңінде базалық бағдарламаны
жоғарлататын мазмұның бірте-бірте қиындауынан,
4-жас шамасынан басталуында. Бағдарлама
мектепке дейінгі жастағы балаларды ырғақты
би қиылға және әуендік оқытуға дәстүрлі
тәжірибенің қолданылуына бағытталған.
Бағдарлама мына принциптерді еске ала
отырып өңделген: Жүйелілік пен психологиялық
жайылылық, жас ерекшеліктері бойынша
балалардың дамуына ғылыми әдістеменің
есепке алуы отыра баланың жеке тұлға
ретінде дамуына негізделуінде.
Сабақ ұзақтығы: Жас шамасына сәйкес стандарт
негізінде сақталып жүргізіледі.
Бағдарламаны оқыту 3 жылға бөлінген, осы
кезде дидактиканың негізгі принциптері
мен әрбір топтың жас ерекшеліктері, физикалық
мүмкіндіктері мен 4-7 жастағы балалардың
психологиялық ерекшеліктерін ескерілген.
Сабақ аптасына екі рет өткізіледі.
Бағдарлама үш бөлімнен тұрады атап айтар
болсақ олар
Бағдарламаның әдістемесінің
ерекшеліктері:
Оқытудың бастапқы кезеңі алдын ала жаттығу
туралы мағлұмат көзқарас қалыптастыру
мен сипатталады. Осы кезеңінде жаттығулар
түсіндіріліп, көрсетіп беріледі және
жаттығуларының атауы мен оның кейіпіне
енуге, қалыптастыруға жағдай жасайды.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға жаттығуларды
немесе жеке қозғалыстарды жақсылап түсіндіріп
көрсету, оқу үрдісіндегі маңызды буын
болып табылады, себебі қозғалыстарды
қабылдау көбінесе көру анализаторы мен
байланысты.
Жаттығуларды орындау техникасын түсіндіргеннен
кейін бала жаттығуларды көрсеткенде
алған ақпаратын толықтырады. Арнайы терминологияны
қолдана отырып қысқа да нұсқа түсіндіру
қажет, кейін билеген кезде балалар кейбір
қозғалыстарды ұмытып қалған жағдайда,термин
мен айтса олар ырғақты би қозғалыстарын
көз адаларына елестетіп, естеріне түсіреді.
Ең бастысы алғаш рет билеу кезіндегі
сезімдері маңызды.
Жаттығуларды тереңдетіп үйрету кезеңінде
оны орындау техникасының кейбір бөлшектерін
анықтап, одан әрі жақсартумен сипатталады.
Бағдарлама бөлімдерінің сипаттамасы:
«Ойын ритмика» бөлімі
Балалардың ритмді сезінуімен қозғалу
қабілеттерінің дамуының негізі болып
табылады. Яғни әуенге (музыкаға) оның
құрылымдық ерекшеліктеріне, сипатына
ритіміне, темпке және басқа да музыкалық
ерекшеліктеріне сәйкес ырғақты би қимылдарды
еркін, әдемі және дұрыс орындап шығуына
мүмкіндік береді. Бұл бөлімге музыкаға
сай қозғалатын арнайы ырғақты би қозғалыстар,
музыкалық тапсырмалар мен ойындар кіреді.
«Ойын гимнастика» бөлімі
Баланың әр түрлі қозғалыстарды меңгерудің негізі
болып қызмет атқарады. Бұл бөлімге қатарға
тұру, жалпы даму, сонымен қатар бұлшық
еттерді жақсарту,дұрыс дем алу жіне тік
отырып жүруді
қалыптастыратын жаттығулар кіреді. «Ойын
би» бөлімі Баланың мәдениеттілігін жоғарлататын
би қозғалыстарын қалыптастыруға бағытталған.Бидің
тәрбиелі және эстетикалық маңызы зор.Бұл
бөлімге би қадамдары,хореграфиялық жаттығулармен
би түрлерінің элементтері, тарихи тұрмыстық
қазіргі заманғы және ритмикалық билер
кіреді.«Ойын пластика» бөлімі Балалардың
бұлшық ет күшінің дамуының дәстүрлі емес
әдісіне негізделеді. Мұнда ойын түрінде
орындалатын ежелгі гимнастикалық қозғалыстар
мен стречинг жаттығуларының элементтері
қолданылады. Осы жаттығуларды орындаған
кезде көңі еттерді босату, көңіл-күй көтеріліп,
бұлшық еттер босаңсып, балаға айқайлауға,
түр әлпетін тыржыйтуға, эмоциясын еркін
көрсетуге мүмкіндік береді.Қорыта айтар
болсақ зманымыздың болашағы – жас ұрпақтың
ой-өрісін, рухани байлығын, ырғақты би
арқылы бүлдіршіндеріміздің денсаулығын
нығайтып әсемдікке және де би қозғалыстарын
көркем мәнерлі орындауы мен эстетикалық
құндылыққа тәрбиелеу, жылдан-жылға жандандыру-би
жетекшілері мен ән-күй жетекшілерінің
абройлы міндеті деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жоспар:
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер