Мақал-мәтелдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2013 в 19:19, лекция

Краткое описание

Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының төл жемісі, ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен философиялық әрі шешендік тұжырымдар, тілдік қордың даналық қазынасы. Мақал мен мәтел еңбекші халықтың тарихын, әлеуметтік барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді. Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен оқиға, мәнді әңгіме себеп болады. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал мен мәтел – халық даналығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СӨЖ мақал-мәтелдер.docx

— 21.42 Кб (Скачать документ)

Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының төл жемісі, ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге ешбір өзгеріссіз жеткен философиялық әрі шешендік тұжырымдар, тілдік қордың даналық қазынасы. Мақал мен мәтел еңбекші халықтың тарихын, әлеуметтік барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді. Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен оқиға, мәнді әңгіме себеп болады. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».  Мақал мен мәтел – халық даналығы. Қазақ мақал-мәтелдерінің ішінде сан коспонентті мақал-мәтелерді ерекше бөліп қарастыруға болады. Олардың құрамында қазақ халқында киелі саналатын сандардың болуы заңды. Сонымен қатар дәстүрлі сандар да бұдан тыс қалмаған. Осының ішінде мақал-мәтелдердің, ұлттың ұлттық қасиетін танытатын, тұнған таным мен түсінік жатқан фразеологизмдердің құрамындағы төрт санының қолданылуын қарастырып көрейік.

«Төрт» санының өзіндік  ерекше қасиетін айқындайтын бірнеше  түсінік бар. Солардың бірі «Мың бір  түн» ертегісінен алынған: «дене  төрт заттан құралған: от, су, топырақ, жел. Адам міне осыдан құралады, осыған қосылады. Осы төрт заттың адам өмірінде әсері тимей қоймайды. Адам күйеді, қайғырады, ашу кенейді, ол – оттығы, сабыр етеді, салқындайды, ол – сулығы, қиялы әлемге сыймайды, ол – желдігі, дүниеден ешқайда кетпейді, ол – топырақтығы», - деп шаһзаданың тәуіпке қайтарған жауабы төрт элементке тіреліп тұрғанын көреміз. Біріншіден, төрт элементке байланысты, екіншіден, төрт құбылаға байланысты, үшіншіден, ерекше қасиетке ие болуы оның математикалық сырында.-

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі кетеді.

Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар.

Төрт тұрманы түгел бай, тырнақтай тарту алады, - бірлік, ынтымақ тақырыбында.

 

Дұшпан көзі төртеу.

Екі аяқтыда бажа тату,

Төрт аяқтыда – бота тату, - деген мақалдар достық пен дұшпандық тақырыбына арналған.

 

Өтірік екеу, шын төртеу.

Өтірік пен шынның арасы төрт елі, көзбен көрсең шын, құлақпен естісең өтірік, - дегенде шындық пен өтірік мәселесі көтеріледі.

 

Біреуден - екеу жақсы,

Екеуден – төртеу жақсы. 

Бір баласы бардың –

Шығар-шықпас жаны бар.

Екі баласы бардың – 

Өкпе-бауыр, жал бар.

Үш баласы бардың – 

Бұхарада малы бар.

Төрт баласы бардың – 

Аспанға салған жолы бар.

 

Төрт босағаң төр болсын.

 

Төртеуі түгел төрге шығады.

Осы мақалдардан байқайтынымыз  «төрт» саны молшылықтың, берекенің, барлық жағынан толықтықтың белгісін білдіреді.

 

Үшеудің бірі шарана, төртеудің бірі қаймана.

 

Төрт аяғы тең жорға,

Сүдігерде саспайды.

Жаман адамға сөз айтсаң,

Алдайды деп сенбейді.

 

Түйе мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі.

 

Балаң жалқау болса,

Келіннің тілі шайпау болса,

Құдайдың бір ұрғаны.

Қызың салақ болса,

Күйеудің ішкені арақ болса,

Құдайдың екі ұрғаны.

Жиенің сұраншақ болса,

Немерең ұрыншақ болса,

Құдайдың үш ұрғаны.

Әйелің адуын болса,

Өзің ауру болсаң,

Құдайдың төрт ұрғаны.

 

Төрт мезгіл бір-біріне қонақ:

Көктем қонағы – жаз,

Жаз қонағы – күз,

Күз қонағы – қыс.

 

Төрт аяқты жылқы да сүрінеді.

 

Төрт кісіге шай құйғанша, төртпен бірге қос айда.

 

Екі әйел – ұрыс,

Үш әйел – бұрыш,

Бұрыштың төртеу болғаны  дұрыс.

 

Ел аузында «Төрт аяғы тең жорға сүдігерде саспайды» деген мақалдың басқа варианты да кездеседі: «төрт аяғы тең жорға сүдігерге сүрінеді».

«Төрт түліктің төресі – түйе» мал шаруашылығына, яғни төрт түлікке байланысты мақал-мәтел.

Махмұт Қашғари «Диуани  лұғат-ат түрік» кітабындағы мақал-мәтелдердің  ішінде төрт санына қатысты мақал-мәтел  де кездеседі. Әрине, ол төрт түлікке  байланысты екені сөзсіз. Мәселен, «төрт түлігі сай адам тез қартаймайды». Бұдан байқайтынымыз, ұлан-ғайыр далада түбі бір түркі тектес халықтардың барлығы дерлік төрт түліктің арқасында өмір сүрген. Тіпті, байлық пен биліктің күші осы төрт түлікпен өлшенген.

 

Тұрақты тіркестер:

Түн ұйқысын төрт болды – ұйықтамады, ұйқысы дұрыс болмады.

Екі көзі төрт болды – сарыла күтті.

Төрт арыстың  баласы (көне) – бүкіл ел деген мағынада.

Сауын айтып жиылған, төрт арыстың баласы,

Бақалас пен көксала халыққа  толды арасы (Д.Бабатайұлы).

Төрт аяғынан  тік тұрғызды – қалпына, орнына келтірді; істі жандандырды. Қаз-қаз басқан шаруашылықты төрт аяғынан тік тұрғызып, нығайтқан осы Бәкең (Ә.Әбішев).

Төрт аяқтан (аяқтап) аңсады – бар ауыртпалық түсіп, қатты қиналды, тұралап қалды. Момынға жапса жаланы,

Қулық-сұмдық табады.

Арқасы елдің жауыр  боп,

Жеңіл жүгі ауыр боп,

Төрт аяқтап аңсады (Д.Бабатайұлы).

Төрт аяқты  екенсің! Қарғыс. Қу, зымыстан, әккі деген мағынада.

Төрт көзі түгел – бәрі көз алдында тұтас. Балаларым мен келіндерім, сендер де жым-жырт момын жүріп күтіңдер. Болмаса мына ағайынның төрт көзі түгел отыр ғой, міне, «өл» де маған (М.Әуезов).

Төрт құбыла (құбыласы) түгенделді (сай, тең) не төрт жағы құбыла (қыбыла)  - болып-толды; қағанағы қарқ, сағанағы сарқ күйге жетті. Төрт құбылам түгенделді, енді аяйтын еш нәрсе жоқ – деді Көжек титімдей ғана көйлек тігіп құттықтап келген қатынға үстіндегі күзен ішігін шешіп беріп жатып (Т.Ахт.).

Төрт табандады (тағандады) - екі аяқ, екі қолын тіреп тұра қалды.

Төрт тағаны қимылдады – зорға қозғалды, әлсіреді.

Төрт тұрманы  түгел сай – жау жабдығы, керек жарақ түгел.

Төрт түлігі сай  болды – малға байыды..

Төрт түлік.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы: «Мектеп», 1974. – 320 бет.
  2. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы: «Қазақстан», 2008. – 208 бет.
  3. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті. Алматы: «Рауан», 1990. – 240 бет.
  4. Нұрғазин А. Мақал-мәтел – сөздің інжу-маржаны. Пвлодар: ҒӨФ, «ЭКО», 2002. 64 бет.
  5. Маржан сөз. Мақал-мәтелдер. Аударған М.Әлімбаев. Алматы: «Жазушы», 1978. – 448 бет.
  6. Ақылдың көзі. Мақал-мәтелдер. (құрастырған Қ.Саттаров) Алматы: «Жазушы», 1990. – 160 бет.
  7. Сөз мәйегі (Бас ред. Б.Аяған). Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, 2007. – 552 бет.
  8. Адамбаев Б. Асыл қазына: ғылыми зерделеу мен зерттеулер. Алматы: «Ана тілі», 2009. – 320 б.
  9. Үрімова Р.К. Қазақ тілінің аймақтық мақал-мәтедері мен фразеологизмдердің этноқұрылымдық сипаты. Ф.ғ.к. дисс. авт. 10.02.02. Алматы. 2009. -27 бет.
  10. Қасымова С.К. сан копоненттң мақал-мәтелдердің ұлттық мәдени негіздері. Ф.ғ.к.дисс.авт. 10.02. 02. Астана: 2004. – 140 бет.
  11. Г.Смағұлова. мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы: «Елтаным». 2010.- 244 бет.
  12. Жүсіпова Р.Б. Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мақал-мәтелдер