Корей халқының материалдық және рухани мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 21:06, реферат

Краткое описание

Корей тілі – Азияның ежелгі тілдеріне жататын оқшауланған тіл. Кореяның Қытаймен көршілес орналасқандықтан осы елмен байланыс жасайтын болған, өз жазулары болмағандықтан корейліктер мың жылдан аса уақыт қытай иероглифтерін пайдаланаған. Қазіргі корей тілінің негізін салушы Джу Си Гень (1876— 1914 жж.) болып табылдаы. Ол өзінің қысқа өмірін корей ұлттық тілінің бекітілуіне арнаған болатын. Корей тілінің бірегей фонетикасы, түсінікті грамматикасы мен бай лексикасы бар. Корей жазуы әріптік-буындық және солдан оңға қарай жазылады. Әліпбиі 14 дауыссыз, 10 дауысты әріптерден тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Корей халқының материалдық және рухани мәдениеті.doc

— 166.00 Кб (Скачать документ)

Корей халқының материалдық және рухани мәдениеті

 

Корейліктер, коре сарам ("Коре елінің адамдары"), чосон сарам ("Чосон елінің адамдары"), хангук сарам ("Хангук елінің адамдары"). Қазақстан Республикасында тұратын корейліктер өздерін коре сарам деп атайды.

 Корей тілі

Корей тілі – Азияның ежелгі тілдеріне жататын оқшауланған тіл. Кореяның Қытаймен көршілес орналасқандықтан осы елмен байланыс жасайтын болған, өз жазулары болмағандықтан корейліктер мың жылдан аса уақыт қытай иероглифтерін пайдаланаған. Қазіргі корей тілінің негізін салушы Джу Си Гень (1876— 1914 жж.) болып табылдаы. Ол өзінің қысқа өмірін корей ұлттық тілінің бекітілуіне арнаған болатын. Корей тілінің бірегей фонетикасы, түсінікті грамматикасы мен бай лексикасы бар. Корей жазуы әріптік-буындық және солдан оңға қарай жазылады. Әліпбиі 14 дауыссыз, 10 дауысты әріптерден тұрады.

Наным-сенімдері

Корейліктердің ежелгі наным-сенімдерінің бірі Алтай мен Сібірден неолит кезеңінде келушілер алып келген шаманизм. Шаманизмнің біраз өзгерген түрі бүгінгі күнге дейін сақталып қалған. Қазіргі Кореяда бірнеше ондаған мың мудан-шамандар бар.

Досизм де Кореяда ежелгі заманда пайда болған. Бірақ бұл  діни-дүниетанымдық ағым айқын ұйымдастырлып  рәсімделген жоқ, сонда да оның әсері  күні бүгінге дейін тән мен  жанның саулығы, мәңгі өмірге ұмтылыс, ұзақ өмір мен бақыт тілеуде байқалады. Қазақстандағы корей диаспорасының басқа этностардан айырмашылығы өздерінің тарихи отанына көшіп кетушілердің жоқтығы болып табылады. Жас корейліктердің аз бөлігі ғана Корея Республикасына оқуға немес жұмыс істеуге уақытша кетіп жатыр. Ал тұрақты өмір сүруге тек қана бірнеше ондаған адамдар кетіп жатыр.

Дәстүрлі шаруашылығы

Корейліктердің дәстүрлі шаруашылығы жер жырту, өңдеу, өсіретін басты дәнді дақылдары-күріш болып  табылады. Техникалық мәдени дақылдар- мақта, сора, темекі, женшень, кунжут және т.б. Қауын, қарбыз және т.б жеміс-жидектер өсірген. Ауыл шаруашылығының ежелгі саласының бірі- жібек өсіру. Жағалауға жақын жерлерде балық аулау, теңіз аңдарын аулау және балдырлар жинау дамыған.

 Дәстүрлі қолөнері

Дәстүрлі қолөнері – қыш  өндіру, лак бұйымдары, сабаннан тоқу және т.б жатады.

Қазақстанның ауылдық жерінде тұратын корейліктердің тұрғын үйі дәстүрлі және ортаазиялық құрылыс элементтерінің жиынтығын көрсетеді. Үйлері көбінесе саз балшықты қабырғалардан немесе саман кірпішінен жасалған қабырғалардан тұрғызылады. Қазақстанға келгенге дейін бұндай үй құрылыстары болған жоқ, себебі, корейлердің дәстүрлі тұрғын үйлері, қаңқа бағаналы құрылыстар жатады. Корейлердің дәстүрлі жылыту жүйесі кудур немесе ондаль ұлттың өзіне тән ерекшеліктерімен белгілі болды. Оның мәні от жағатын жерден құбырларға өтетін түтін шығару жүйесінде болды.

 Ұлттық әдет-ғұрыптары  мен дәстүрлері

Корейліктер балалардың өмірінің басталуын, оның бір жасқа толу жасын есептейді. Осы кезден бастап қана бала толыққанды адам болып есептеледі. Балалардың әрқайсысының бір жасқа толуын міндетті түрде атап өту керек, егер атап өтілмесе, онда ержеткенде баланың үйлену тойын, мерейтойын және т.б. тойларын атап өтуге болмайды. Сондықтан да ата-аналар балаларының бір жасын атап өтуге тырысады.

Қазіргі корейліктер де олардың ата-бабалары сияқты некеге тұруға ерекше мән береді. Бұл адамның өміріндегі төрт басты оқиғаның бірі және салтанатты түрде өткізіліп, оған барлық руластарының назары аударылады. Неке алдында құда түсу рәсімі өтеді. Күйеу жігіт руластарының ішіндегі үлкендері - әкесі, үлкен ағасы, кейбір жағдайда ғана күйеу жігіттің анасы құда бола алады. Қалыңдықтың ата-анасының келісімін, екі жақ ченчи – некелестіру рәсімін өткізуге келіседі, некелесуді толығымен күйеу жігіт қаржыландырады, бірақ ол қалыңдықтың үйінде өтеді. Ченчи рәсіміне күйеу жігіт пен қалыңдықтың жақын туыстары мен достары шақырылады. Қалыңдықтың туыстарына ерлі-зайыптылар арасындағы адалдықтың белгісі ретінде – қаз, күріштің желімді сортынан жасалған ерекше нан – чалпыпэги, сонымен қатар ақ күріш шелпектер – тимпени ұсыну міндетті болып есептеледі.

Корейліктер отбасындағы  қарт адамдарды құрметтеп, балалары олардың мерейтойларын тойлайды. Соның ішінде ең маңыздысы балалардың ата-анасының 61 жасқа толу мерейтойын тойлауы болып табылады. Бұл мерейтой егер отбасындағы балалардың барлығы ер жетіп, отбасын құрып, олардың тойлары жасалып, отбасында ешқандай қайғылы жағдай болмаса ғана тойланады. Егер ондай болмаса, мерейтой кейінге қалдырылып 2, 4, 6 жылдан кейін тойланады. Корейліктердің дәстүрлі тағамдары өсімдік тағамдар – жарма мен көкөністен жасалған тағамдар басым болып табылады. Корейліктердің тағамдары Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азяиның көптеген басқа халықтары сияқты күріш басым өнімді құрайды, күріштен (пап, паби) буға тұзсыз пісірлген ботқалар пісірледі.

Тағам дайындау өнері

Қазіргі корейлердің кулинариясында папты дайындаудың шамамен 40 түрлі әдісі бар және олардың атауы да тиісінше әртүрлі. Корейліктердің тағамдарының ішіндегі куксу, үзбе кеспе сучэби тағамдары негізгі тағамдар болып табылады. Оны бидай, жүгері, қара құмық және картоп ұнынан әзірленеді. Куксуды ұсақтап турап бұқтырылған етпен, көкөніспен, қызыл үгітілген бұрышпен суытылған немесе ыстық сорпамен қоса береді. Қосымша тағамға көже, тұздықты сорпа, қайнатпа, қою ет (балық) сорпасы, кимчхи, көкөніс салаты, майға бұқтырылған және қуырылған ет (балық), қақталған ет (балық), теңіз өнімдері (моллюскілер, трепангілері) тағамдар. Шалғам, орамжапырақ, сәбіз, қияр, пияз, баклажан, картоптан дәмдеуіштер қосылған көкөністер, туралған көкөністер мен шөптерден жасалған салаттар чхэ салаттар дайындалады. Ет тағамдарынан сиыр, шошқа, тауық еттері көп қолданылады. Ет пен балықты шикі (хвэ), тұздалған, маринадталған, қақталған, бұқтырылған, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Корейліктердің тамақтарында бұршақ тұқымдас: соя, жасыл бұршақ және фасоль ерекше орын алады. Соядан корейліктер соя сүтін, соя ірімшігін, соя пастасын және соя тұздығын алады. Сусындардың ішінен күріш арағының түрлі сорттарын, брага, сонымен қатар лимон мен жеміс –жидектен, жаңғақ, зімбір, кептірілген құрма, корица және бал қосылған бал қарағай жаңғағынан жасалған әр түрлі сусындарды айтуға болады.


Информация о работе Корей халқының материалдық және рухани мәдениеті