Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2014 в 19:58, курсовая работа
Ар жағы әзірге бұлдыр арғы замандарды айтпағанда, Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбеттен бермен қарайғы қазақ өлеңін шолғанда, ақыннан кенде емес екенімізге шүкіршілік етеміз. Өлеңі жоқ елдің қанша жанталасқанымен, күндердің күнінде дағдарыстың қамытын мойнына киері хақ. Бүгінге дейінгі адамзат өркениетінің даму барысы осындай ақиқатты алға тартып отыр. Бұл орайда қыруар концепциялар, теориялар жасалды, ұсынылды. Әрқайсысының «бұлтартпайтын» өз дәлелі, өз қисыны бар. Айналып келгенде, әдебиет пен өнердің өлшеусіз қызметіне планетарлық деңгейде назар аудару қажеттігі енді-енді айқындалып қалды. Ғаламдағы бізге белгілі саналы тірлік иесін сақтап отырған жалғыз планета Жердің тағдыры адамның тікелей өзіне байланысты екеніне көз жеткіздік.