Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 20:13, реферат
Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін [1] .
I. Кіріспе ................................................................................................2
II. 1) Христиан дінінің шығу тарихы..................................................4
2) Православие, Католицизм, Протестанттық...............................8
3) Қазақстандағы христиан тарихы...............................................11
III. Қорытынды......................................................................................12
IV. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................13
Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды. Маңызды протестанттық догмат ретінде әрбір пенде арадағы ешбір делдалсыз жеке сенім негізінде құтқаруға ие болумен және мәңгі өмірде тазаруға бағытталған бұл жол дін қызметкерлерін қарапайым қауымнан бөлуді алып тастады. Протестанттық ағымның немесе дін жолындағы төңкерістің көсемі Эрфуттағы Аугустин орденінің священнигі Мартин Лютер болды. 1517 жылдың 18 қазанында папа Лев X «Әулие Петр храмын салуға және христиан әлемін құтқаруға көмек беруге» шақырып, сол үшін ол адамды күнәдан арылтып, құдай алдында күнәсіз етемін деп индульгенцияның сатылатынын мәлімдеген булла жариялайды. Лютер бұл булланы қатты сынға алып, 95 тезистен тұратын қарсылықты Бранденбург епископына және Майн архиепископына жолдайды. Бұл жайында лезде тарап кеткен әңгіме Лютерді 1519 жылы сотқа шақырттырады. Папаның шешімімен Лютер шіркеуден (анафема) аласталады. Ол болса көпшілікке жария түрде Виттенберг университетінің ауласында Папаның оны шіркеуден аластаған булласын өртеп, Рим Папасының дінді бұзған әрекеттерімен күрес барша неміс халқының ісі екенін жариялайды. Бірақ Мартин Лютер өз елінің билігінен қолдау таппайды. Папаны қолдаған император Карлдан ыққан Лютер Фридрих Саксонскидің Вартбург қамалына тығылып, сол жерде Інжілді латын тілінен немісшеге аударады. Мұнымен қоса, 42 жастағы Лютер 1525 жылы бұрынғы монахиня Катарина фон Бормен некелеседі. Осының барлығы шын мәнінде католик дініне қатты қарсылық болатын. Аяғы Лютер ұстанған жолды дұрыс деп қабылдағандардың протестантизм аталатын ірі діни ағымын тудырды. Протестанттар өздері бөлінген католиктердің жұмақ пен тозақтан басқа тазартқышын дінінен алып тастайды. Олар үшін құдай алдында дінге өзін бағыштаған дінбасы да, шын құлшылығын жасаған өзге пенде де бірдей. Бастысы – адамдар сенімінің қасиеттілігі және Інжілдің ештеңемен тең келмес құдіреттілігі. Олар өз ішінде лютерандықтар, баптистер, адвентистер, пресвитериандықтар, методистер, англикандар, цвинглианттар, кальвинистер, квакерлер, евангелие христиандары, анабаптистер және басқалар деп бөлінеді.
Қазақстандағы христиан тарихы
Христиан діннінің Қазақстан территориясында XIV ғасырға дейін болғанына деректі куәліктер көрсетеді, бірақ одан кейінгі ғасырларда бұл аймақта христиан дінінің маңызы төмен түскені көрінеді. Оған қарамастан жеке ру тайпалар өздерінің христиандық өткен шақтарын ұмытпады. Құдай иеміздің игілігімен шындық жарығы қазақ еліне өзінің нұрын қайта шашты, бұл жолы Орыс Православия Шіркеуінің көмегімен орындалды. XVIII ғ/дың соңында, қазақ халқы Екатерина II патшаханымынан, елші жіберіп өздеріне жаңа дінге шомылдырып кіргізетін дін қызметкерлерін жіберуді сұрағаны белгілі, бірақ жауапты істер лезде орындала қоймады. 1820 ж/р аралығында орыс Шіркеуінің (Святейший) Синодында Қырғыз миссиясын (қазақтарды ол кезде қырғыздар деп атады) құру жайында сұрақтар қойылды, ол кез қолайлы уақыт деп саналды. Өйткені көптеген қазақ ауылдары, өздерінің православия дінін қабыл алуына ықыласын білдірді. Атақты Алтай миссионері әулие Макарии (Глухарев) Алтай төңірегідегі тұрғылықты халықтарға православие дінін танып білуіне көптеген еңбегін сіңірді. XIX ғ. Екінші жартысында Қырғыз миссиясы құрылды. Миссионерлердің басты мақсаты ауылдар арасында Қазақ тілінде ізгі хабардларды уағыздап, үздіксіз миссионерлік саяхат жүргізуден, ғибатханалар тұрғызудан және жаңадан шомылдырылған қазақ балаларына миссионерлік мектеп ашып, оларды жаңа ілімге үйретуден тұрды. Бұл мектептерде сабақ қазақ және орыс тілдерінде берілді. Шіркеулерде құдайға қызметшілік қазақ тілінде орындалды, клиростарда қазақ тілінде жаңа шомылдырылғандардың балалары ән айтты. Жаңа өсиеттің киелілердең өмірі жайында және әр түрлі құдайлардың қызметіне арналған әндердең аудармалары болды. Қазақстанда православие сенушілері саны бойынша Ислам кейінгі екінші діни бағыт болып табылады, ол орыс Православие шіркеуінің діни қауымы, сондай-ақ дәстүр қауымдастықтарымен көрініс табады. Еліміздегі православинің пайда болу тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу салдарынан туындаған бастапқы әскери қоныстарымен байланысты. 1871 Түркістан Ипархиясы құрылып, одан Қазіргі Алматы, Шымкент және Ташкент ипархиялары таралды. 1917 жылы революцияға дейін, православие шіркеуі патшалық Ресейдің мемлекеттік діні болып табылды және осының негізінде өзге діндермен салыстырғанда елеулі артықшылықтарды пайдаланды. Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы 1992 жылы «Діни сенім бостандығымен, Діни Бірлестіктер туралы» заң ,2011 жылы «Діни қызмет және Діни бірлестіктер туралы» жаңа заң қабылданды. Алғашқы асығыс қабылданған заң, қазақ жеріне миссионерлерді ағылтқаны аян.
Қорытынды
Христиандықтың Орта Азияда Мерві қаласында пайда болуы туралы мәліметтер ортағасырлық тарихшы Бируни еңбектерінде б.з. ІІІ ғ. деп беріледі. Тарихи деректерде III–IV ғғ. Христиандық культ жоралғыларын өткізу үшін ғимараттар салынғандығын айтады. IV ғ. басында Соғды, Самарқанд қалаларында христиандықтың несториандық бағытының (ерте христиандық бағыттарының бірі) митрополиясы құрыла бастағандығы туралы деректер бар. Византия мен Сирияда қуғын көрген несториандықтар Орта Азия территорияларына көше бастады. Патриарх Тимофей тұсында (VIII-IX ғғ.) түркілердің христиандықты қабылдады деген деректер бар. Несториандықтармен қатар, Орта Азия жеріне, Иса Мәсіх тек құдайылық табиғатқа ие (христиандықтың басым бағыттары құдайылық пен адами болмыстар бөлінбейтін, Иса Мәсіхтің құдай-адам табиғатын) деген пікірдегі яковиттер – сириялық монофизиттер ене бастады. Сонымен қатар, осы аймақтарда Антиохтық патриархқа бағынатын көне сириялық православиелікті ұстанатын – мелькиттердің де болғандығы белгілі.
Алайда, түркілердің исламды қабылдауымен христиандық ықпалы әлсіреп қалды, XII-XIII ғғ. таман Орталық Азияда христиан қауымдастығы қалмады десе де болады.
Пайдаланылған әдебиеттер: