Ежелгі қалалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2014 в 16:17, реферат

Краткое описание

Ежелгі қала Отырар-Арыс өзенінің Сырдарияға құйылысында ортағасырлық Отырар қаласының үйіндісі жатыр.
Отырар үлкен егіншілікті ауданның орталығы, көшпенділердің тірек қорғандарының бірі болған. Одан Таразға, 25-178
Ерте түрік сына жазуларында 8 ғасырда қағанаттың батыс шекарасы ретінде Қангу-Тарбан аталған, ол араб тілді жазуларда Шаштың астанасы ретінде белгілі.

Содержание

 Отырар қаласы.
 Түркістан қаласы.
 Сығанақ қаласы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Kaz yaz.docx

— 23.53 Кб (Скачать документ)

Қазақ экономика, және халықаралық сауда университеті.

 

 

 

Реферат

Тақырыбы: Ежелгі қалалар

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Д130-А тобының студенті

Абжанов Диас

                                   Тексерген: Тілегенова Қ. A

 

 

 

 

 

Астана қ. 2014 жыл

 

Жоспар:

 

 

  • Отырар қаласы.
  • Түркістан қаласы.
  • Сығанақ қаласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1)

  Ежелгі қала Отырар-Арыс өзенінің Сырдарияға құйылысында ортағасырлық Отырар қаласының үйіндісі жатыр.

Отырар үлкен егіншілікті ауданның орталығы, көшпенділердің тірек қорғандарының бірі болған. Одан Таразға, 25-178

Ерте түрік сына жазуларында 8 ғасырда қағанаттың батыс шекарасы ретінде Қангу-Тарбан аталған, ол араб тілді жазуларда Шаштың астанасы ретінде белгілі. Даңқты ортағасырлық географ Якут: "Шаштың ең алыс қалаларының бірі, Мауреннахрға іргелес жатқан, Сейхунның (Сырдарияның) арғы жағындағы қала ... Тұрарбанд. Халық бұл атауды түрліше айта береді жєне олар Тұрар мен Отырар дейді", - деп жазды.

Арабтардың Орта Азияны жаулап алуын суреттейін жазбаларда жєне Қазақстанның оңтүстігінде Отырар осы аттас облыстың астанасы ретінде аталған ("Фараб округі" немесе "Отырар") .

9-10 ғасырлар Сырдариядағы этникалық ауысулармен сыйпатталады. Қанғарлар (қаңлылар) ішінара оғыздармен жєне қарлұқтармен ығыстырылды. Сондықтан да Ибн Хордадбектің: "Ал Фараб қаласында бір мезгілде мұсылмандар мен түрік қарлұқтардың отрядтары тұрады", - деп жазуы тегін емес.

Оғыздар 10 ғасырдың басында Сырдарияның орта ағысына, Арыс даласына жєне Қаратау етегіне орналасты. Оларға Сауран, Сүткент, Арсубаникет, Қарашоқ жєне Фараб қалалары бағынды.

9-12 ғасырлар кезеңі Қазақстанның оңтүстігінде қалалар өмірінің өрлеу уақыты болды. Жаңалары пайда болып, ескілері өсті. Қалалар ауқымы рабадаттар - сауда-қолөнер мекендері есебінен өсті . Отырармен қатар оның төңірегі өркендейді. Солардың бірі орта ғасырдың үздік ғалымдарының бірі Абу Насыр єл-Фараби туған Весидж қаласы болды. Қала Оқсызтөбе үйінділерімен теңестіріледі.

Қаланың көркейуі моңғол шапқыншылығымен үзілді. Қала жан түршігерлік қирауларға ұшырады, ал халқы қуылды немесе ішнара құлдыққа єкетілді. Қираулар мен апаттардың қайғылы толқыны болған моңғолдық атты єскер Қазақстанның барлық аумағын басып өтті. Қалалар қаңырап, бұрын гүлденген елді мекендер иесіз қалды. Алайда Отырар қайта көтеріле алды. Отырар 13 жүзжылдықтың ортасына қарай Батыстан Шығысқа бастаған жол бойындағы ірі сауда торабына айналады . Отырар Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияда кең қолданылған тиындар соғудың орталығы ретінде де белгілі. Қалада 13-14 ғасырларда ірі қоғамдық ғимараттардың құрылысы жүргізіледі. Ерзене ханның тұсында мұнда медресе, ханака жєне мешіт салынады.

Темірдің дєуірі бұрынғы моңғол иеліктеріндегі жағдай біршама тұрақтануымен ерекшеленеді, оның тұсында Ахмет Яссауидің - ғаламат мавзолейі Түркстанда салынады .

16-17 ғасырлар кезеңі қазақ далалары мен Сырдарияда саяси үстемдік үшін үздіксіз күрестер жүргізілуімен ерекшеленеді. ¤збек басшылығының неғұрлым жарқын өкілдерінің бірі Мұхамед Шайбани өлген соң, 1510 жылы билік қазақ хандарына көшеді. Отырарды қазу материалдары 16-18 ғасырлардағы қала өмірі туралы жарқын түсінік береді. .

Қала салудың негізгі компоненті квартал болып табылады. Бұл көшенің бір немесе екі жағына шоғырландырылған үйлер кешені.

Кейбір кварталдардың қолөнерлік мамандануы айқындалған. Отырардың батыс қақпаларына жақын орналасқан, Дараваз-и Суфи қақапаларымен ұқсастырылған тағы бір квартал нан пісірушілердікі болған.

Кейінгі ортағасырлық Отырарды қазу барысында көптеген керамикалар , металл бұйымдар, тиындар жєне єшекейлер жиналды .

Нумизматтық олжалар Отырар Қазақ хандығы кезеңінде 15 ғасырдың ортасынан 17 ғасырдың бірінші жартысына дейін өрлеуді басынан кешкен .

Қала жоңғар шапқыншылығы кезінде күйзеліске ұшырап, 18 ғасырдың ортасында мүлде иесіз қалды.

 

2)

  Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Яссыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.

Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Иассауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..

ХІҮ ғасырда, яғни А.Иассауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазрети Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.

ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Иассауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.

Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.

Олардың қатарына Ахмет Иассауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.

Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Монғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.

 

3)

  Сығанақ – ежелгі астана. Сығанақ алғашқы қазақ хандығы – Ақ Орданың астанасы болды. Ежелгі түрікше атауы «қамал, қорған» деген мағынаны береді. Сығанақ қаласы XI ғасырда Қыпшақ мемлекетінің саяси әрі мәдени орталығына айналған. Қала тұрғындары суармалы егіншілікпен айналысқан. Сығанақ халқына ауыз су жер асты құбырлары арқылы Сырдария өзенінен келіп тұрған.

Сығанақ қаласы Ақ Орданың орталығына айналмай тұрып, әйгілі Шыңғыс хан әскерінің езгісіне ұшыраған. 1219 жылы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы сол кездегі оңтүстік өлкедегі ірі қалалар Сығанақ, Отырар, Ашас сынды жерлерді жаулап алу мақсатында елші жіберіп өз бетімен соғыссыз берілуін сұрайды. Сығанақтықтар Жошы жіберген елшіні өлтіріп, моңғол шабуылына ерлікпен қарсы тұрып, жеті күн бойы қаланы жаудан қорғайды. Алайда жетінші күннен соң жау әскері қамалды қиратып, қаланың тұрғындарын түгелдей қырып тастайды. Сондай жаугершілік заманнан аман қалған Сығанақ өмір сүруін тоқтатпайды. Қала Х-ХІІ ғасырларда Сунақ деп аталған. Кейіннен қайтадан Сығанақ қаласы болып өзгертіліпті.

Тарихшы Мойын ат-дин Натанзидың жазбаларында Ақ Орда хандарының бірі Ерзен Сығанақта көптеген әсем, зәулім ғимараттар салдырған. Археологтардың зерттеуінің нәтижесінде Сығанақтың теңге сарайында XIV ғасырда Ақ Орданы билеген Орыс хан мен Тоқтамыс хандардың есімдері бейнеленген теңге-ақшалар табылған.

А.Ю. Якубовский еңбектерінде жазылғандай Сығанақ базарында Қытай мен Шығыс Түркістаннан, Еуропа мен Кіші Азиядан ірі сауда керуендері жүріп отырған.

Сығанақ жерін зерттеуші археологтардың бірі В.Каллаур 1899 жылы жариялаған “Пратаколы Туркестанского кружка любителей археологии” жинағында: “Сунақ-атада ең алдымен күйдірілген қыштан соғылған екі құрылыс назар аудартады. Олар осы жердегі қаламен тұспа-тұс болуға тиіс. Көлемді үлкен құрылыс үш бірдей тіреу есігі бар екі бөлмеден тұрады. Бұл бөлменің ұзындығы мен ені 9 кез”,- деп жазады.

Сығанақ қаласының қазіргі орны Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Төменарық темір жол станциясынан 8 шақырым жерде орналасқан. Қаратау жотасының оңтүстік батыс етегінде жатқан Белқар үстіртінде жатыр. Қазір ол жер жәй ғана төбешікке айналған. Ежелгі қаланың орыны жал-жал болып үйілген қара топырақ. Қорғанның солтүстік беті жермен-жексен болып шөгіп, тегіс жерге айналған. Бүгінде ол маңды жергілікті тұрғындар Сунақ Ата деп айтады.

Сығанақ жеріндегі ежелгі жер асты жолдарының әсерінен сол маңға күріш еккен егіншілер егістікке су жіберсе бәрібір толмайды екен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша сол жерлерден тесіктер табылған. Аталған тесікке тас тастаса домалап тұрмайды екен.

Сығанақ жерінде халық салдырған мешітті шамамен 1937-1938 жылдары Авангард колхозының кәрістері келіп қиратып, мешіттің кірпіштерін үй, монша сынды т.б. құрылыс материалдарына пайдалануға алған. Ел аузындағы аңыздар бойынша мешіт қабырғасына балта шапқан адамдар сол жерден құлап өлген көрінеді. Ал кейбірі ауруға шалдығып өлген көрінеді.

 


Информация о работе Ежелгі қалалар