Дау дамайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 10:16, реферат

Краткое описание

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлтаралық дау – дамайдың мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты зерттеу тарихи қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады. Ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу үшін әлеуметтік-этникалық дамудағы теріс бағыттарды жою ғана емес, сонымен бірге, қоғамның рухани жаңаруы да маңызды.

Содержание

КІРІСПЕ
1. Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері
2. Ұлттық дау – дамайдың себептері
3. Ұлттық дау – дамайдың себептері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

дау дамайлар.doc

— 126.00 Кб (Скачать документ)

Өркениетті мәдениетте ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті  мемлекеттік саясат санатына көтерілген. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті саяси құбылыс және әлеуметтік қарым-қатынас түрі ретінде әр түрлі ұлттық қауымдастық мүшелерінің бірлігін нығайтуға ғана емес, сонымен бірге сол қауымдастықтардың өздерінің ішкі бірлігін бірнеше есе күшейтуге де септігін тигізеді.

Халықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі  ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесі мен тәжірибесін  қоғамның жаңаруы  жағдайындағы Қазақстан бойынша нақты материалдар бізге халықтар, мемлекеттер достығы мен ынтымақтастығын нығайту бойынша мынандай ауқымды шараларды дайындау мен іске асыруды мақсатты деп санаймыз:

Біріншіден, көпұлтты зиялы  қауымның Қазақстан халықтары өмірін білуі, қазақстандықтар арасында биік ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті  және этносаясат принциптерін белсенді түрде өмірге бойлатушы болуы қажет. Көрсетілген мәселенің шешілуі адамдардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және тәрбиелеудің жаңа әдістері мен тәсілдерін  одан әрі іздестіруді талап етеді. Осыған байланысты, теледидарларда «Қазақстан халықтарының достығы» бағдарламасын ашу қажет.

Екіншіден,  ұлттық шектелгендік пен лаңкестікті, нәсілшілдік пен  шовинизмді, ұлтшылдық пен рушылдықты, космополитизм мен мәңгүрттікті жоюға бірінші дәрежелі маңыз  дарыта  отырып, ұлттық, жалпықазақстандық, жалпыадамзаттық принциптер мен  құндылықтардың  гуманизмі мен тазалығын  қорғай отырып, Қазақстанның да, сол сияқты, Еуразияның да ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасын  жасау қажеттігі пісіп жетілді.

Үшіншіден, БАҚ арқылы көпұлтты  қазақстандық қоғамды  бірлестірудегі  мемлекеттік тіл – қазақ тілінің  рөлін  насихаттап, «Орта Азия халықтары» журналын ашу қажет.

Төртіншіден, қазақстандық халықтардың тарихын саясаттану тұрғысынан танытып, олардың достығы  мен өзара көмегін, сондай-ақ, әсіресе, тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы басқа мемлекеттермен  ынтымақтастығын әділ түрде айрықша көрсету қажет. Сондай-ақ, мысалы,  республиканың барлық жоғары  оқу орындарында «Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» факультативтік дәрісін жүргізу  мақсатқа сай болады.

Бесіншіден, Орта Азиядағы ұлтаралық және конфессияаралық  қатынастарды ғылыми-зерттеу  орталығын ашу қажет,  онда мынандай мәселелер қарастырылуы тиіс деп білеміз: ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің  саяси институттар мен  процестердегі орны мен рөлі; ұлтаралық, мемлекетаралық қайшылықтар және оларды шешу жолдары;  этникалық психологияның  жалпыадамзаттық сипаттарының  қалыптасуы; ұлттық және жалпықазақстандық  сана-сезімнің,  ұлттық және жалпыадамзаттық мүдделердің арақатынасы; ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін  қалыптастыру мен дамытудың құқықтық негіздері; қазақстандықтардың жаңа

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

    1. Назарбаев Н.А. Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында сөйлеген сөзі //Егемен Қазақстан. 2010 жыл, 21 қазан.
    2. Абсаттаров Р.Б. Формирование казахстанского народа как гражданской и этнополитической общности //Вестник РУДН. Серия «Социология». – М., 2008. - №4. – С.90-95.
    3. Бурмистрова Т.Ю., Дмитриев О.А. Дружба сплоченные: Культура межнационального общения в СССР. – М.: Мысль,1986. – 254 с.
    4. Скуратовский В.А. Культура межнационального общения: проблемы регулирования и саморегулирования. – Киев: Вища шк., 1991. – 255 с.
    5. Коган Л.Н. Культура межнационального общения // Интернациональное и национальное в социалистическом образе жизни советского народа. – Фрунзе,1982. – С.431- 437.
    6. Серова И.И. Культура межнационального общения. – Минск, 1986. –159 с.
    7. Абсаттаров Р.Б., Садыков Т.С. Воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика. – Алматы, 1999. – 212 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15

 


Информация о работе Дау дамайлар