Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 09:19, реферат
Қазақша ет (бесбармақ, бешбармақ) асқанда ең алдымен жіліктеп бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктенгенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас - 2, ортан жілік – 2, асықты жілік – 2, беломыртқа – 1, сүбе – 2 (сүбемен бірге бүйректен жоғарғы 5 қабырға кетеді), қабырға -2, төс – 1, омыртқа -1, жауырын -2, тоқпан жілік – 2, кәрі жілік – 2, бұғана – 1, мойын – Осылай асуға дайындалған етті жуып-шайып тазалап, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1 бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді.
1.Ет тағамдары
2.Сүт тағамдары
3. Ұн және дақылдардан жасалатын тағамдар
Майсөк
(майтары) - ақтаған тарыны (сөкті) майға
қуырып дайындалатын тағам. Майсөкті дайындағанда
қойдың құйрық майын турап шыжғырып, шыжығын
алмаған күйінде ақтаған тарыны (сөкті)
салып қуырады. Майсөкті сол күйінде немесе
шайға салып жеуге де болады. Қойдың құйрық
майы болмағанда жылқының майына, сары
майға, тортасын айырған майға, кейде тіпті
тоң майға да құырып әзірлейді. Майсөк
дастарқан сәнін келтіретіп тағам ғана
емес, жолаушылар жиі пайдаланатын түз
тағамына да жатады.
Бидай қуыру
– бидайды қуыру үшін алдымен әбден тазартады.
Бірнеше рет желпиді. Содан соң жылы сумен
мұқият жуады. Қазанды отқа қойып, ұсақтап
тұралған май салып шыжғырыды. Май қатты
қызығанда бидайды салып қуырады. Бидай
күреңдегенде отын сөндіріп, қазанның
бетін жуып, 10-15 минут бұқтырады. Оны шаймен
бірге береді. 7-8 стақан бидайға 1 стақан
құйрық май керек.
Бөкпе – ақтаған
тары сүтке бөрттіріп дайындалады. Кілегейі
алынбаған шикі сүтке ақталған тары салып,
түбі қарылмайтындай етіп жайлап қайнатады.
Сүт суала бастағанда үстіне сары май
салып, аздап құмшекер сеуіп, оттың табына
бөктіреді. Сүт әбден суалып болғанша
тары да піседі. Бабымен піскен бөкпенің
беті қабыршақтанып, бауырдай дірілдеп
тұрады. Бойына сүт пен майды сіңіріп былбырып
піскен бөкпе аса дәмді болады. Бұл үй
ішінің күнделік тағамы ғана емес, сонымен
бірге сыйлы қонақтарға тартуға жарарлық
кәделі ас. Бөкпеге: 1 л сүт, 1 стақан тары,
2 ас қасық сарымай керек.