Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 08:42, научная работа
Қазақ халқының тәрбие берудегі алдына қойған мақсаты - шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап ананың балдай тәтті ақ сүтімен, ақ әлдиімен нәресте бойына сыпайылықты, инабаттылықты, шыншылдықты, ғасырлар бойы сырын жоғалтпаған салт- дәстүрлерімізді сіңіру.
Қыз- қонақ. Бой жетіп , өз теңін тапқаннан кейін, еркелеп өскен алтын ұясынан ұшып, басқа шаңырақтың бағы болады. Келін болып киелі шаңырақты аттау, нәрестелі болып ұрпақ жалғастыру – қыз бала үшін мақтаныш.
Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек.
1. Кіріспе
2. 1- бөлім.
Қазақ және қытай халықтарының дәстүрлі қоғамдағы әйел затының орны.
2- бөлім. Мақал –мәтелдердің ұқсастықтарын және айырмашылықтарын салыстыру барысында ежелгі қазақ және қытай қоғамындағы әйелдердің орнын зерттеу.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Тақырыбы: « Қазақ және қытай халықтарының қыз балаға және әйел затына қатысты мақал-мәтелдер».
Жоспары:
Қазақ және қытай халықтарының дәстүрлі қоғамдағы әйел затының орны.
2- бөлім. Мақал –мәтелдердің
Кіріспе
Қыз бала – қылықты ару, аяулы жар, әдемі әйел, ардақты ана, ақ жаулықты әже. « Әйел» деп айтсақ оның ішінде анамыз бар. Қай елде болмасын қыз балаға берілетін тәрбие маңызды рөл атқарады. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. Қыз баланы қастерлеп, кішкене кезінен алақандарына салып аялап өсіреді. Бірақ та әр елдің салты басқа демекші, барлық мемлекетте , тарихы тереңде жатқан, ата- бабалардан аманат болып ұрпақтан- ұрпаққа беріліп келе жатқан өз тәрбие үлгілері бар.
Қазақ халқының тәрбие берудегі алдына қойған мақсаты - шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап ананың балдай тәтті ақ сүтімен, ақ әлдиімен нәресте бойына сыпайылықты, инабаттылықты, шыншылдықты, ғасырлар бойы сырын жоғалтпаған салт- дәстүрлерімізді сіңіру.
Қыз- қонақ. Бой жетіп , өз теңін тапқаннан кейін, еркелеп өскен алтын ұясынан ұшып, басқа шаңырақтың бағы болады. Келін болып киелі шаңырақты аттау, нәрестелі болып ұрпақ жалғастыру – қыз бала үшін мақтаныш.
Қыздың бойжетуі, яғни, жан-жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне ие болуы заңды құбылыс. «Қыздың жолы жіңішке», «Қызға қырық үйден тыю» деген сияқты халықтық тәлімгерлік талаптарының мәнін түсініп қана қоймай, бойжеткен одан өзіне қатысты қорытынды шығара білуі, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысын басшылыққа алуы керек.
Осыған орай, мен қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі маңызы зор мақал- мәтелдерді қолдана отырып, қазақ пен қытай арасындағы қыз баласына деген көзқарасты зерттегім келеді.
Тақырыбы: « Қазақ және қытай халықтарының « қоғамдағы әйел рөліне» қатысты мақал мәтелдері».
Мақсаты: Қазақ және қытай халықтарының мақал мәтелдерін салыстыра отырып , айырмашылықтары мен ұқсастықтарына зер салу.
Зерттеу әдісі: Салыстыру әдісі.
Олай болса, екі халықтың мақал –мәтелдерін салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын саралайық. Ең алдымен, ұқсас мақалдарды талдаймыз:
Қазақ халқында,
Қытай халқы:
«苗好一半谷,妻好一半福。»
Miáo hǎo yībàn gǔ, qī hǎo yībàn fú
«Бидай жақсы өссе жарым тоқшылық, әйелің жақсы болса жарым бақытты боларсың».
«...әйелдің жақсы болуы жартылай бақыт»- мақалдарға зер салар болсақ, қазақ және қытай, халқы да жақсы әйел тек жақсылық алып келетінін, жақсы әйел алсаң толық бақытты болуға жарты қадам қалатынын ұрпаққа өсиет етіп айтып келеді. Сондықтан да ата- анасы әрқашанда қыздарын адал жар, асыл ана болуға жастайынан тәрбиелеген. Егер де жақсы әйел алсаң жартылай байығаның деген мағынаны білдіретінін аңғаруға болады.
2.Қазақ халқында: « Қыз ұзатқанның қызылы қалмас».
Қытай халқында: «Ұзатылған қыз шашылған сумен тең».
Қазақ халқы қыз ұзатқан кезде ата- ана , бауырлары жасауын беріп, сән- салтанатымен ұзатқан. Қыздың жасауын «қызылға» теңеп, оны жақсылыққа балаған. Ал, қытай халқында оны шашылған сумен теңеп, оның орны қайтадан толмайтынын, босқа ысырап болғандығын көрсетеді. Бұл мақалдардан екі халықтың қыз ұзатуға деген қарама- қайшы түсініктерін байқауға болады.
3.«Ерін елі сыйласа, әйел бақыт тапқаны».
«夫荣妻贵».
«Ері беделді болса, әйелі тоқ болады».
Берілген 2 мақалдан да қоғамдағы ер адамның беделді болуы, құрметке ие болуы әйелдің бақытты болуына, ешқандай жоқшылық көрмеуіне әсерін тигізетіндігі айтылады. Қазақ мақалында әйел үшін бақыт – жұбайының ел ішінде сыйлы болуы . Ал, қытай мақалында, ерінің беделі жоғары болса, әйелінің өмірі еш қиыншылықсыз өтеді деген мағынада.
«Әйел - үйдегі ырысың, Келін - кеңейген тынысың, қыз түздегі өрісің».
国乱思良相,家贫思贤妻
Guó luàn sī liángxiāng, jiā pín sī xián qī
Елдегі былық үшін билеушіні айыпта, үйдегі жоқшылық үшін әйелді айыпта.
Қазақ мақалында үйдегі бірліктің, берекенің, ырыстың кілті әйелде. Қыз бала бойжеткен кезеңнен бастап, ата- анасы оған болашақта бір үйдің әсем келіні болатынын құлағына құяды. Келін деген аяулы атқа лайық болуға дәріптейді.
Қытай мақалында жанұяны бір мемлекетке теңеп, мемлекеттің кемшіліктерін осал билеушіден көрсе, ал үйдегі жоқшылыққа себепкер әйел деп білген.
«Ұл мұраты үй болу,
Қыз мұраты үйлену».
«男大当婚,女大当嫁».
Ұл ер жетсе уақытында үйлену керек,
Қыз бой жетсе,уақытында күйеуге шығу керек.
Әрине, қай мемлектетте болмасын, ата- анасы мәпелеп өсірген балапандарының өз теңін тауып, бақытты шаңырақ көтеруін қалайды. Әсіресе, аялап өсірген қызын құтты орнына қондыру ата- ананың міндеті. Кәмелет жасқа толғаннан бастап -ақ, қызын болашақ келін ретінде тәрбиелеп, үй шаруасына баулиды.
Ендігі кезекте, мақал – мәтелдердің айырмашылықтарына зер салайық.
«Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер. Немесе : Әйел көркі ақылда».
Мақалдың мағынасынан байқағанымыздай, қазақ халқында қыз баланың білімді болуы маңызды . Алты жасқа тола салысымен мектеп табалдырығын аттатып, бар күшін салып қыз баласына жоғарғы оқу орнын да тәмәмдаттыруға тырысады. Себебі, болашақта қызының білімсіз, надан болғанын қаламайды. Жақсы мамандықта оқып білім алуына бар жағдайды жасауға талпынады.
Қытай халқы болса,
«姑娘讲绣花,
秀才讲文章».
«Ғалым ғылым туралы айтады, қыз кесте тігу туралы айтады»- дейді. Ал бұл мақал біздің халық үшін таңсық. Себебі бұл мақалда қыз баланың тек үй шаруасымен айналысуы керектігі айтылып тұр. Бұл , әрине, біз үшін жат нәрсе.
«Жақсы әйел - жігіттің жақсы қылар жаманын, ұшқыр қылар шабанын.
Немесе, Еркек- бас. Әйел- мойын. Мойын қайда бұрылса, бас сол жаққа қарайды».
Ер адам қашанда отбасының тірегі, қамқор әке. Ер адамның бағының жануы алған әйеліне тікелей байланысты. Алғаны жақсы болса, жігіттің жаманын жасырып, жақсылығын асырып отырады. Және ер адам отбасының тірегі болғанымен, ол үйдің берекесінің сақталуы, отбасында тыныштық болуы әйелге қатысты. Сондықтан да, әйел мойын ретінде сипатталады. Себебі мойын қайда бұрылса, бас та сол жаққа қарайды. Демек, әйел отбасының ұйытқысы.
«嫁鸡随鸡»
«Қораз қайда барса туық соңытан ереді». Бұл мақалдан біз қазақ халқының осы тақырыптаға мақалына қарағанда айырмашылықты байқаймыз. Себебі, қораз- ер адам. Ал, тауық- әйел адам ретінде беріліп отыр. Және отбасында тек қана ер адамның рөлін аса жоғары қоятындығын байқауға болады.
«Келін қайын енесінің топырағынан жаралады»-, деген мақал бар. Бұл мақалды ашып айтатын болсақ, келіннің қайын енесіне тартатындығы , болашақта сол үйдің сол үйдің қызындай болып кететіндігі айтылады.
«娘家的饭香,婆家的饭长»
Niángjiā de fàn xiāng, pójiā de fàn zhǎng
Төркіннің асы балдай, ененің асы тастай. Бұл мақалдан ұғынатынымыз, қыз бала өз ата- анасының үйінде өзін еркін сезінсе, күйеуге шығып, жат жерге барғаннан кейін ол жерде емін- еркін жүре алмайды.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер».
Бала тәрбиесінде ата- атаның қосар үлесі орасан зор. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, тәй- тәй басып жүруің, мектепке баруың, үлкен өмірге қадам басуың, барлығы барлығы ата- ананың көз алдында болады. Ұл әкеге қарап бой түзесе, қыз анаға қарап бой түзейді. «Анасына қарап қызын ал», деген мақалда бұл сөзімізге дәлел болады. Ананың қыз балаға берер тәрбиесі сарқылмайды. Мейлі ол бойжетседе, тұрмысқа шықсада анасымен ақылдасып жақсы болуға талпынады.
«儿大不由爷,女大不由娘».
Ұл ер жетсе әкеден акыл сұрамас, кыз бой жетсе шешеден ақыл сұрамас.
Бұл мақал біздің салт- санамызға керісінше. Бала өсіп, өз – өзімен болғаннан кейін, ата –анасының ақылынсыз ақ өмір сүреді деген мағынада.
«Өнерлі қыз – сүйкімді»,- дейді қазақ. Қыз бала талантты, өнерлі болып өссе, ата- анасының көз қуанышы болады. Күміскөмей әнші, мың бұралған биші қыздарымыз жетерлік. Өнерлінің өрісі кең демекші, қазақ қызының өнерлі болуына көп қарсылық білдірмеген.
Ал, қытай халқы болса,
«Қыз талантсыз болса, жақсылықтың белгісі»,- дейді. Бұдан байқағанымыз, қыз баланың бойында еш дарыны болмаса , яғни білімсіз болса, оқи білмесе оны күйеуге бергеннен кейін басқару оңай болады деген мағынада айтылған. Халықтың санасы бойынша қыз бала тек ошақ қасы, отбасында ғана жүріп, еррінің айтқан сөзінен еш шықпайтын, өзінің ой- пікірі жоқ адам ретінде санаған.
Ұқсастықтары |
Айырмашылықтары |
Әйел затының отбасындағы орнының жоғарылығы, жақсы әйелдің жанұяның байлығы, ырыс- берекенің кілті, отбасының ұйытқысы екендігі. |
Қытайлардың қыз баланы тек үй шаруасын атқарушы, тек қана ер адамның айтқанынан шыға аламайтын надан ретінде көруі, оның бойжете келе ата-ана ақылын тыңдамай-ақ өмір сүреді деген түсінігі. |
Қорытынды:
Қазақ халқында қыздың орны ерекше. Сонау ерте кезеңдерде ата - бабамыз « ұмай ана», «от ана», «күн ана» «жер ана» сияқты төтемдерге сиынған, сондықтан да әйел затына деген құрмет қазақ халқының қаны мен санасына сіңген қасиет.
Сол себепті ұл туса асық жиып, қыз туса моншақ тізгізген бабаларымыз қыздың тәрбиесіне аса мән берген. Ұлын ел қорғайтын батыр деп, қызын бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетер болашақ ана деп аялаған. «Қыз өссе елдің көркі» деп сұлулығын пайымдап, еркелетіп өсіріп, босағаның оң жағынан орын берген. Қызына 40 үйден тиым салдырып, ізеттілікпен тәрбиені дарыта білген. Адал жарларын « жұбайым», «зайыбым», «асыл жарым», «сүйген жарым» деп таныстырған. « Қыз – өрісің». Жат жерге барып екі араны жалғаушы. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін.» — деген.
Қытай халқында өткен ғасырларда, феодалдық кезеңдерде қыз баланың рөлі төмен болған. Оларға тек үй шаруасын атқарушы кісі ретінде ғана қараған. Өз жұбайларын басқа кісілерге таныстыру кезінде өз есімімен атап таныстыруды да ар санаған. «Менің балаларымның шешесі, ыдыс жуушым, тамақ пісіретінім» деген секілді теңеу сөздерді пайдаланған. Қыз бала дүниеге келсе тірідей көміп тастаған , тіпті әйелін күңдікке сатып жіберген жағдайларда болған. Конфуцийдің айтуы бойынша, «әйелде 3 тәуелділік бар. Ол тәуелділік былай айтылады: 1. Күйеуге шыққанға дейін әкесіне тәуелді,2. Күйеуге шыққаннан кейін, күйеуіне тәуелді, 3. Күйеуі өлсе ұлына тәуелді». Яғни әйел адамның қоғамдағы рөлі өте төмен болған. Еркектің айтқанынан еш шыға алмаған.
Екі елдің мақал- мәтелдерін салыстыра отырып көп нәрселерді аңғаруға болады . Қыз балаға, әйел адамға деген сый- құрмет пен қоғамдағы нәзік жандылардың алатын орнының екі елде айырмашылығы үлкен екенін байқадық. Салыстыра келе, қазақ және қытай халықтарының әйел адамдарға, қыздарға қатысты мақалдарынан қарама- қайшылықты көбірек байқауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Қазақ және қытай халықтарының қыз балаға және әйел затына қатысты мақал-мәтелдер