Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 20:50, реферат
Ағылшындықтар өздерінің ағылшын тілінде таза сөйлейтіндерін мақтан тұтады. Кейде өздерін шала ағылшынша сөйлейтін американдықтармен салыстырады. Ағылшындықтар үшін ағылшын тілі- қоғамдық ортада адамдармен қарым- қатынастарда өз пікірін ашық айту тәсілі.
Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері
Ағылшындар мәдениетіне шолу.
Англия (англ. England)
- өте мықты, тарихи
Англия- көп ғасырлар бойы сақталған ескі,
таңғаларлық және қызықты дәстүрлерге
бай ел. Англия Ұлыбританияның 83%-ын құрайды.
Англияның астанасы - Лондон қаласы.
Ағылшындықтар өздерінің ағылшын тілінде
таза сөйлейтіндерін мақтан тұтады. Кейде
өздерін шала ағылшынша сөйлейтін американдықтармен
салыстырады. Ағылшындықтар үшін ағылшын
тілі- қоғамдық ортада адамдармен қарым-
қатынастарда өз пікірін ашық айту тәсілі.
Ағылшындықтар салты бойынша қарым-қатынас
жасап отырған адамның ойын бөлмеу, сөйлесіп
отырған адам сөзіне құрметпен қарау керек.
Ағылшындықтардан "мүмкін", "маған
солай секілді", "мен ойлаймын..."
деген сөздерді сөйлесу барысында жиі
естиміз. Бұл - сыпайылықтың белгісі.
Ағылшындықтар адамдарды жасының үлкендігіне
қарап құрметтеп қана қоймайды.Сонымен
бірге адамдардың сезімінің жоғарылығына
қарап құрметтейді. Ағылшындар бірін-
бірі ұнатып жатса некелесуге асықпай-ақ
жай ғана бірге өмір сүріп көреді. Егер
осы аралықта бірін- бірі жете танып, түсінісіп
жатса некелерін уақыты келгенде қидырады.
Ал түсініспеушіліктер болып жатса екіге
бөлініп кете береді. Мұның нәтижесі ажырасып
кетуден, сәтсіз отбасы атамнудан сақтанатындығы
екен.
Ағылшындардың салт-дәстүрлері
Англия ұлттық дәстүрге, әсіресе
ұлттық киімдерге бай ел. Ағылшындардың
ең танымал киімі- ауылдық жерлерде
жаз мезгілінде билейтін моррис атты
би киімі. Бұл киімді тігудің кейбір ерекшеліктер бар. Негізінен
бұл би жерге қатысты магиялық белгімен
байланысты.
Ағылшындықтар "Ескі- демек сенімді.
Ескі сөзі күмәнсіздікті білдіреді. Жаңа
ой- күдікті, жаңа технология- сенімсіз."
деп есептейді.Ағылшындардың неше мың
жыл бұрынғы салт-дәстүрлері әлі күнге
дейін сақталған. Оның дәлелі ағылшындықтар
әлі күнге дейін тойды ескі дәстүр бойынша
өткізеді.
Некенің алдында атастыру (яғни уәделесу)
көптеген елдерде орындалады. Англияда
атастыру рәсімі алдында күйеу жігіт пен
келінге әр түрлі сынақтар жүргізіледі.Атап
айтар болсақ, жігіт қыз айтқан, қалаған
нәрсенің барлығын орындайды. Ал келін
болса бір қолымен ескі сандықтың қақпағын
ұстау қажет.
Ағылшындықтарда тағы бір
қызықты мынандай салт-дәстүр
бар. Тойға келіннің 10 құрбысы мен күйеу
жігіттің 10 құрдасы міндетті түрде күйеу
жігіт пен қалыңдық киімін киіп шығады.
Яғни ағылшындықтардың діни- сенімі бойынша,
жаман ниетті жын шайтан 10 жұп ішінен нағыз
күйеу жігіт пен қалыңдықты таба алмайды
және өз жаман ниетін жүзеге асыра алмайды
екен. ХVІІ ғасырда тойларда қалыңдық әртүрлі
түстердегі киімді киетін болған. Ал Англия
ханшайымы Виктория алғаш рет тойға ақ
көйлек киген. Содан бастап ақ көйлек кию
дәстүрлі түрде жалғасқан. Ақ көйлек пәктікті,
тазалықты білдіреді.
Қалыңдыққа орындауға тиісті міндеттер:
- Қандай бағада болса да
- Дәстүр бойынша қалыңдыққа
-Жаңа түскен келіннің үстінде
көгілдір түсті бірнәрсе болуы
қажет.Көгілдір түс
Ағылшындықтар мамыр айы - нағыз
отау құруға ыңғайлы, қолайлы, жайлы
ай деп есептейді. Осы айда отау құрған
екі жас бақытты, ғұмырлары ұзақ болады деп сенген.
Ағылшындықтар шай ішуді, әсіресе
сүт қосып ішкенді жақсы көреді.Ағылшындықтар
үшін шай ішу "тек қана ішіп алып, жұмысқа
жүгіру" емес. Оларда шайды ерекше ниетпен
ішу ертеректен бері бар. Шайды ішіп отырып
армандарын, болған жақсы жәйттарды еске алып, ерекше
көңілмен ішеді екен. Ағылшындарда тіпті
шай ішу дәстүр болып табылады.
Ағылшындарда ең көне әрі
қоғамдық дәстүрі"чаепитие"(
Ағылшындықтардың үйдің жанына бау-бақша
отырғызуы да олардың тағы бір ерекше
дәстүрі болып табылады. Ол кезде ағылшындықтар
аула ішін өте әдемі, өте таза, әртүрлі
көкөніс, гүлзарлармен безендіру де олардың
өте жақсы дәстүрі болып келеді. Тіпті
талапқа сай өте әдемі бау- бақшалар конкурсы
да болып тұрады. Конкурста жеңген жеңімпаз
өзін өте таза, ұлттық салт-дәстүрді өте
қатты сыйлайтын ағылшынмын деп есептейді.
Ағылшындарға тән тағы бір ерекше дәстүр-
өз балаларына өте жақсы, сіңімді білім
беру. Ағылшындар балаларын көбінесе ақшалы
оқуға, әсіресе қыздарды бір бөлек, ер
балаларды бір бөлек оқытатын мектептерге
беруді жөн санайды(балалдың білімді болғаны
дұрыс деп есептейді).
Ағылшындар дәстүрі бойынша, түскі асқа
ерекше киім кию міндетті емес. Күндізгі
киіп жүрген киімімен жүре беруіне болады.
Мыс, джинсы, футболка, т.б.
Ағылшындарда хан отбасы
Одан бөлек тағы бір
Ағылшындар ұлттық мерекелері
Ағылшындарың ерекше мерекесі - Рождества
мерекесі. Ағылшындардың салттары бойынша, Рождества кезінде
үй ішін әдемі бұйымдармен безендіреді.
Ескі дәстүр бойынша үйдің барлық терезелеріне
шырағдан қойылады, сондықтан бұл түн
"шырағдан түні" деп те аталады.
Ұлыбританияда "Рождества- әкеден"
сыйлық сұрауға болады. Яғни өзінің арман еткен затын, болмаса,
өзінің не тілейтінін хатқа жазып, оны
тасқа байлайды да лақтырып жібереді.
Ескі діни-сенімдер бойынша, ол хатты Рождества-әкенің
өзі алып, қалағанын береді екен. Бұл мереке
уақытында ағылшындықтар бір- біріне,
бірдей бағаға сыйлық сыйлауына болады.
Жеребе тастау арқылы бір адам есімін
суырып алады да сол адамға арнайы сыйлық
жасауға кіріседі. Рождества алдында өзін
сыйлайтын әрбір адам барынша барлық жақындарына,
таныстарына ашық хат арқылы ол адамға
не тілейтіндігін жазып, сыйлайды екен.
Ағылшындықтар үшін Рождества мерекесі
"отбасы мерекесі" деп есептелінеді.
Сол күні басқа үйге қонаққа баруға баруға
болмайды, бірақ басқа отбасылармен бірігіп,
жаңа жылды мейрамханада қарсы алуларына
да болады екен.
Католиктік Рождества мерекесінің өткізілу уақыты:
Желтоқсан айының 24-күнінің 25-іне
қараған түні Рождества Христова түнін
тойлайды. Рождества Христова- христиандық
маңызды мерекелердің бір түрі және 145
ел жыл сайын тойлайтын ерекше мереке.
Желтоқсан айының 26 сы күні- әулие
Стефанды еске алу күні. Желтоқсан айының
27 сі күні- Иоанна Богослованы еске алу
күні. 28- желтоқсан Вифлемскті еске алу
күні( Бұл күні әулие бүлдіршіндерге ерекше
ықыласы ауады ) . 29 және 30 желтоқсан күндері
Иисусты, Марияны, Иосифты еске алады екен.
Рождества күні (31желтоқсан күні) сағат
тілі 12 ге жақындағанда үй қожайыны есікті
ашып тұрады. Сағат тілі 12-ге жеткенше
есікті ашып Жаңа жылды күтеді. Бұл ескі
жылды шығарып салғанның, Жаңа жылды қарсы
алғанның белгісі екен. 1қаңтар күні Рождестваны
тойлау аяқталады.
Хеллоуин(өте қорқынышты)- ағылшындардың
балаларға арнап жасалатын
Хеллоуин мейрамының тарихы
Христиандық дәуірге дейінгі
кезеңде қазіргі Англия мен Ирландияның,
сондай-ақ Франция аумағында кельт
атты жұрт өмір сүрген. Кельттердің жыл
санауы қыс және жаз болып екі бөліктен
тұратын. Олар Күнді өздерінің жоғары
құдайы деп санайтын.Олардың түсінігі
бойынша, Күн қыс мезгілінде өлілердің
патшасы Самхейннің (Самайн) тұтқынында
болады-мыс. Тура 31қазан күні (біздің жылсанау
бойынша) кельттер өздерінің Самхейн деп
аталатын ең үлкен мейрамдарын тойлайды
екен. Бұл мейрам күзгі өнімді жинау науқанының
аяқталатынын және ескі жыл бітіп, жаңа
жылдың басталуын білдіретіндіктен, ерекше
мәнге ие еді. Сонымен бірге Самхейн қатал
қыстың басталуын білдіреді. Бұл күні
мазасыз әруақтар мен сиқырлы тіршілік
иелері біздің әлемімізге өтеді деп сенетін.
Сондықтанда кельттер әруақтар сияқты
киініп алып, арғы беттен келетін тылсым
күштерді тыныштандыру үшін, әр үйге барып
тамақ сұрап жүретін болған. Сондай-ақ
әр түрлі бал ашулар өткізілетін. Мысалы,
жастар қосақталып отырып,ұзын пішіндісі
-еркек, ал дөңгелектеу келгені әйел деп
есептеп, шырмауық жапырақтарын жанып
жатқан отқа лақтыратын болған. Алаудың
екпініндегі жапырақтар, бір-біріне жабысатын
болса, жақында той боларын, ал екі жаққа
ұшып кетсе , айырылысуды білдіреді деп
есептеген. Аңызға сенсек, ішіне жанып
тұрған шырағдандар орнату арқылы асқабақтан
қорқынышты шамдар жасауды ирландиялық
ұста Джек ойлап тапқан. Ол осы шамдары
арқылы шайтанды екі рет алдап, одан өз
өміріне қастандық жасамайтыны туралы
уәдесін алған-мыс. Бірақ та кінәлары үшін
ол жұмаққа жіберілмеген және ол шоқ болып
жанған көмірді жел тиіп қалмау үшін бос
асқабаққа салып,өз жолын жарық ете отырып,
ақырзаман келгенше жер бетін кезіп жүру
керек болған. ХІХғасырда Ирландия мен
Шотландия имигранттары бұл мерекені
Америкаға әкелді.Тек өткен ғасырдың 1920жылы
Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларында
алғаш рет ресми тойланды.Келе -келе Хеллоуинде
ағаштарды өртеу, шамдарды сындыру секілді
ұсақ бұзақылықтар сәнге айнала бастады.
1950 жылдардан бастап Хеллоуин коммерцилық
тұрғыдан пайда әкеле бастады.Костюмдер,
әшекейлер, ашықхаттар және басқа да заттар
өте жоғары сұраныстарға ие бола бастады.
АҚШ пе Канадада тойланып келген жаңаша
сипаттағы Хеллоуин бүгінде Еуропа мен
басқа да құрлықтарға қанатын жая бастады.
Ағылшындардың салт-дәстүрлерінің,
мерекелерінің маңыздылығы, ерекшелігі.
Ағылшындардың салт- дәстүрлерінің ерекшелігі
- сыпайы, ескі, көңілді және жағымды.Қазіргі
заманда ескі салт-дәстүрді сақтап жүрген
елдер кемде-кем. Ағылшындықтардың барынша
балаларына жақсы білім беруге тырысу
көңілге қонымды.
Отбасы - тәрбие бастауы
Ағылшын халқында ең алғашқы сәби дүниеге келісімен (бай болса да) отбасындағы бар байлық тек сол балаға ғана мұраға беріледі. Оның басқа іні, сіңлілері болғанымен оларға ештеңе берілмейді олар өз тірліктерін өздері жасайды. Француздар мен немістерге қарағанда ағылшындар қыз баланың жасауына да аз көңіл бөлген. Олар баланың өмірін қамтамасыз еткеннен гөрі, олар талпынған сәтте ұядан итеруге әрекет етіп, өздіктерінен ұшуға жағдай жасайды.
Ағылшын әжелері өз немерелерін өте жақсы көргенімен, тек сенбі, жексенбі күндері ғана немерелерін қонаққа шақырып, күтеді немесе ата-аналары демалыста жүргенде бір-екі апта ғана немерелеріне қарайды. Бірақ олар тегін және үнемі бала бағушы болуға ешқашан да келіспейді.
Ағылшын отбасы баланы ішкі әлемінен аз қорғайды. Олар баланы өз ортасында, өз құрбыларымен қатар өскендіктерін қалайды. Сол себепті бала кішкентай кезінен бастап өз өзіне жауап бере алатын және әлеуметтік жауапкершілігі бар тұлға болып қалыптасады.
Ағылшын жасөспірімінің білімі аз болғанымен, қарым-қатынаста адамгершілік қасиетінің жоғары екенін, үлкендер арасында басқа шет елдік құрбыларынан гөрі өзін өте жақсы ұстай алатындығын көрсете біледі. Өзінің жанұясына жақындығы да аз сезіледі, алайда қоршаған әлеуметтік ортада өзінің құқығы мен міндеттерін жақсы біледі.
Әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу Британияда ең басты адамгершілік характердің бірі болып есептеледі. Саяси-қоғамдық жауапкершіліктер белгілі бір жаттығулар мен оқытудың арқасында емес, олар бала бойына ағылшын біліміне бағытталған тәрбие мен әр түрлі бағыттағы еркін еңбектің өмірлік тәжірибелері арқылы сіңіріледі.
Өз қалау бойынша еңбекке араласу ағылшындықтар үшін кең таралған және игі іс болып есептеледі. Өз сөздеріне қарағанда ағылшындықтар қызметтік міндеттемесі жоқ кез- келеген жұмысқа өте үлкен ықыласпен беріледі, ал қоғамдық міндет олар үшін «әлеуметтік хобби».
Қорыта айтқанда, ағылшындықтарУ.Черчиллидің : «Егер жалғыз ағаш тірі қалса, ол мықты болып өседі» деген сөзін көп қолданғанды жақсы көреді екен. Ал Лондонда: Француз жанұя мен мемлекет тұрғысынан ойласа, ағылшындықтар үшін жеке тұлға мен қоғам ең басты бағыт. Бүгінде жаңашыл Ұлыбритания мектептерінде адамгершілік пен ұлтжандылық тәрбие мәселелерін қарастыратын жаңа реформа жасалған.
Информация о работе Ағылшындардың салт-дәстүрлері мен мерекелері. Ағылшындар мәдениетіне шолу