Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2015 в 07:27, лекция
Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді. Ұзыннан-ұзақ бір көше боп жоғарыдан төмен қарай созылып жатқан. Қыста осы жалғыз көшенің басынан-аяғына дейін балалар шуылдаса топырлай жүріп қарды таптап, сырғанақ жасайтынбыз. Қар қалың түскенмен таулы жердің күні өте жайма-шуақ, жылы болады. Тапталған қар күні бойы жентектеліп еріп, кешке қарай көк мұз боп қатып қалатын. Дәл сол кезде үй-үйден шанасы барлары шанасын сүйретіп, конькиі барлары аяғына конькиін байлап, бала атаулы тегіс көшеге шығатын. Қас пен көздің арасында ұзын көше бастан-аяқ қыбырлаған балаға толып кетуші еді. У-шу боп, біреулері төмен қарай оқша зулап, шанасының табанынан от жарқылдап бара жатқанда, енді бір шұбалған топ шаналарын сүйретіп жоғарыға өрлеп бара жататын
Аян
Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді. Ұзыннан-ұзақ бір көше боп жоғарыдан төмен қарай созылып жатқан. Қыста осы жалғыз көшенің басынан-аяғына дейін балалар шуылдаса топырлай жүріп қарды таптап, сырғанақ жасайтынбыз. Қар қалың түскенмен таулы жердің күні өте жайма-шуақ, жылы болады. Тапталған қар күні бойы жентектеліп еріп, кешке қарай көк мұз боп қатып қалатын. Дәл сол кезде үй-үйден шанасы барлары шанасын сүйретіп, конькиі барлары аяғына конькиін байлап, бала атаулы тегіс көшеге шығатын. Қас пен көздің арасында ұзын көше бастан-аяқ қыбырлаған балаға толып кетуші еді. У-шу боп, біреулері төмен қарай оқша зулап, шанасының табанынан от жарқылдап бара жатқанда, енді бір шұбалған топ шаналарын сүйретіп жоғарыға өрлеп бара жататын...
Бүгін де сырғанақтағы ойынның сондай бір қызған шағы еді. Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып, ұясына қонуға таянған. Сірескен ақ қардың бетінде бір сәтке жұқалаң қызғылт кілегей тұрды. Күні бойы Ешкіөлместің күнгейінде жайылған мал ешкім қайырмаса да, бір ізбен шұбырып ауылға қайтқан. Кенет бүкіл ауылды шулатқан ащы дауыстар селк еткізді. Төбе құйқаны шымырлатып жоқтау айтқан дауыстар. Аянның үйінен шығып жатыр. Мұндайда балалар еліккіш келеді ғой. Сырғанақты тастай бере дәл бірдеңеден құр қалатындай бәріміз бірдей дүрліге дүркіресіп, Аянның үйіне қарай лап қойдық. Артымыз жетпей жатып, алдымыз не боп қалғанын естіп те үлгердік. «Аянның әжесі өліп қапты», - деген сыбырды алқына тұрып сүйінші сұрағандай бірімізге-біріміз жеткіздік.
Жарғақ сары тон киген Аян, күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп-боз боп, есігінің алдында тұр екен. Үйінде көрші-қолаң әйелдер бірімен-бірі шуылдаса-көрісіп, азан-қазан боп жатқанмен, ол көзіне жас алмапты.
Біз өзара сөйлескеніміз болмаса, оған үн қатқамыз жоқ. Аян да бізді үнсіз қарсы алды. Сүйреткен шанамызға, конькиімізге көз салды. Тоңғаннан ба, танауын жиі-жиі тартып, дір-дір етеді.
(272 сөз)
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»