Элеваторға түсетін астықтың қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 12:26, курсовая работа

Краткое описание

Астық қабылдау кәсіпорындарында дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың жүзеге тарта түрлері келіп түседі. Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін әрбір дақылдың өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, түрлі белгілермен топтастыру керек. Мұндай жол астықтың сақтауға төзімділігін арттыру үшін қолданылатын технологиялық түсімдердің жалпы принциптерін дұрыс орындап, жүзеге асыруға мүмкіндік ереді. Әрине, сақтау технологиясын дұрыс қолдануда, жетілдіруде астықтың жалпы қасиеттерімен қатар әртүрлі партиялардың дән түріне ботаникалық өсіру, тасымалдау ерекшеліктері де елеулі роль атқарады.

Содержание

Кіріспе
1 Элеваторға түсетін астықтың қасиеттері
2 Элеваторда жасалатын барлық операцияның есептік көлемін анықтау
2.1 Астықты қабылдау
2.2 Астықты тазалау
2.3 Астықты кептіру
2.4 Астықты арту
2.5 Астықтың ішкі қоғалысы
3 Құрал –жабдықтарды есептеу және қабылдау
3.1 Нория санын есептеу және қабылдау
3.2 Астық тазалайтын машиналарды есептеу және тазалау
3.2.1 Сепараторды есептеу және қабылдау
3.2.2 Астық кептіргішті есептеу және қабылдау
4 Элеватор сиымдылығын есептеу
4.1 Силостық корпустардың өлшемін анықтау
5 Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Қорытынды
Қолданылған оқулықтар тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

дайын курсовой.doc

— 265.50 Кб (Скачать документ)

СМЖ-нің 3 деңгейлі құжаты

Н 10/1.140-2008

Әдістемелік нұсқау

Баспа 2

Енгізу күні 05.05.2008


 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

м.х.дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті

 

БЕКІТЕМІН

Азық-түлік өнімдері технологиясы кафедрасының меңгеруші

 

____________     _Кенжеходжаев М.Д.__

/қолы/ /аты-жөні./

«_____»_______________20__ж.

 

 

 

 

 

 

5В072800 – «Өңдеу өндірісінің технологиясы»  мамандығының білімгерлері үшін

«Өсімдік тектес өнімдерін өңдеу және сақтау» пәнінен курстық  жұмысқа

 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз 2012 

 

Әдістемелік нұсқауды «Өсімдік тектес өнімдерін өңдеу және сақтау» пәнінен курстық жұмысты орындау үшін «5В072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының білімгерлері үшін пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған

 

Әдістемелік нұсқауды құрастырушы:

 

 

т.ғ.к., доцент М.Д.Кенжеходжаев ______________________

/аты-жөні/ /қолы/

 

   

 

Әдістемелік нұсқау Азық-түлік өнімдері технологиясы кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді.

 

Хаттама №_____ «______»_____________20____ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1 Элеваторға түсетін астықтың қасиеттері

2 Элеваторда жасалатын барлық  операцияның есептік көлемін  анықтау

    2.1 Астықты қабылдау

    2.2 Астықты тазалау

    2.3 Астықты кептіру

    2.4 Астықты арту

    2.5 Астықтың ішкі қоғалысы

3 Құрал –жабдықтарды есептеу және қабылдау

   3.1 Нория санын есептеу және қабылдау

   3.2 Астық тазалайтын машиналарды  есептеу және тазалау

   3.2.1 Сепараторды есептеу және қабылдау

   3.2.2 Астық кептіргішті есептеу  және қабылдау

4 Элеватор сиымдылығын есептеу

   4.1 Силостық корпустардың  өлшемін анықтау

5 Еңбек қорғау және тіршілік  қауіпсіздігі

Қорытынды

Қолданылған оқулықтар тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстанның алдағы даму  жылдарының негізгі  экологиялық және әлеуметтік негізгі бағыттарына астық өндірісін  және оны өңдеу өнімдерін  ұлғайту болып табылады. Елімізде астық дақылдарының көптеген мол өнімді, сапасы жақсы жаңа сорттары шығарылып отыр. Астық көп өндірілетін солтүстік аймақтарда элеватор жәнге астық қамбалары көп салынып, ондағы барлық орындалатын жұмыс механикаландырылған  және автоматтандырылған.

Қазіргі заманға сай элеватор  астықты тәулігіне 30 000 тоннаға дейін қабылдап, оны  ірі қоспалардан тазалап, сепараторда құрғақ астықтарды тазалайды.

Республиканың  егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде.

Астық өндірісі – ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон,  жарма, тәтті тағамдар  сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады және оны күрделі  жем ретінде  мал шаруашылығында да  кеңінен пайдаланылады.

Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан, ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын. Технологиялық ғылымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімінің  сапасын зерттеп, оны мемлекетке тапсырудың негіздерін,  астықтың сапасына қойылатын негізгі шартты межелерге  жеткізу әдістерін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Элеваторға түсетін астықтың қасиеттері

 

Астық қабылдау кәсіпорындарында дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың жүзеге тарта түрлері келіп түседі. Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін әрбір дақылдың өзіне  тән ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, түрлі белгілермен топтастыру керек. Мұндай жол астықтың  сақтауға төзімділігін арттыру үшін қолданылатын технологиялық түсімдердің жалпы принциптерін дұрыс орындап, жүзеге асыруға мүмкіндік ереді. Әрине, сақтау технологиясын дұрыс қолдануда, жетілдіруде астықтың жалпы қасиеттерімен қатар әртүрлі партиялардың дән түріне  ботаникалық өсіру, тасымалдау ерекшеліктері де елеулі роль атқарады.

Астық деген сөз үлкен мәнді, кең түсінік. Оның құрамында негізігі дәннің өзі болады да, тағыда әртүрлі қоспалар, шөп шалаң, ауа жайлаған қуыстары болады, түрлі микроорганизм жәндіктермекендейді.  Сондықтан сақтау тұрғысынан алғанда астық массасы дейді де, сол астықтың сапасының   көрсеткіштері бойынша астық партиясы деп те атайды.

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен практикалық тәжірибенің  арқасында астық сақтау барысындағы құбылыстар  туралы мағлұматтар баршылық.

Сақталуға қолданған астықтың, дәннің құрамы мен қасиеттеріне  белгілі әсерін тигізетін біраз жағдайлар бар. Оларға дәнді дақылдардың сорттық ерекшеліктері, дәннің өсіп жетілуі мен қалыптасу шарттары, астықты ору тәсілдері,  астықты орылғаннан кейінгі сақтау мен астық қабылдау кәсіпорындарына  тасымалдау жатады.

Астықтың физикалық қасиеттері. Астық сақтау тәжірибесінде міндетті түрде  есте ұстайтын оның белгілі бір айқын физикалық ерекшеліктеріне  қасиеттері болады.

Астық өндеу процестерін механикаландыру, автоматтандыру, олардың ішінде  астықты қабылдаған соң ең керектісі  кептіру мен тазартуды ң жаңа тәсілдерін енгізу мен бүгінгі талабына сай құрылған элеваторлар мен қоймаларда дәнді жөнді сақтау үшін астықты ң мына төмендегідей  физикалық қасиеттерін жете біліп, орынды  пайдалану, қолдану керек. Дән жиымының  сусымалдылығы, өздігінен іріктелуі, қуыстылығы, ылғал мен өз газ тартқыштық қабілеті, жылу сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі  және т. б. көрсеткіштер  астықтың негізгі физикалық қасиеттерін анықтайды.

Сусымалылық. Астық шашыранды  екі фазалы жүйе болып, сусымалы заттар қатарына жатады. Дәннің жоғары деңгейдегі сусымалдылығы  астықты бір орыннан екінші орынға ауыстыру,  алмастырып-араластыруға, қоймаға орналастыруда және түрлі транспорттық, техникалық жабдықтарға салуда,  өңдеуде тиісті рөлін атқарады.

 

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.

«Өсімдік тектес өнімдерді сақтау және өңдеу технологиясы» пәнінен курстық жұмыс жасау студенттерді күрделі инженерлік тапсырмаларды – дипломдық жобалауға, прогрессивті ғылыми негізделген процестер астықты ағында қабылдау және өңдеу, жайғастыру және арту, тасымалдау, технологиялық және көмекші жабдықтарды дұрыс таңдап алу мен орналастыру, элеватор ғимараттарының өлшемдерін анықтауды негіздеу, элеватордың бөлек құрылғыларын бір-бірімен үйлестіру, элеватордың оперативті жұмысын жоспарлауды, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, элеватор-қойма шаруашылықтарында өндірістік санитария мен өртқауіпсіздік шараларын сақтауды орындауға дайындайды

 

Курстық жұмыстың көлемі мен мазмұны.

«Өсімдік тектес өнімдерді сақтау және өңдеу технологиясы» пәнінен курстық жұмыс есептік-түсініктеме жазба мен графикалық бөлімнен тұрады.

Түсініктеме жазбада элеваторда жүргізілетін барлық операциялардың есептері, тасымалдау және технологиялық жабдықтарды есептеу мен таңдау, элеватор өлшемдерін есептеу, элеватордың барлық құрылғыларын үйлестірудің таңдап алынған нұсқасын  сипаттау, тәуліктік жұмыс кестесі бойынша элеватордың жұмысына талдау жасау келтіріледі.

Түсініктеме жазбаның көлемі 35 парақтан аспайды.

Курстық жұмыстың графикалық бөлімі мына негізгі сызулардан тұрады:

1.Қабаттар мен силостық корпустардың устінен қарағандағы көріністері масштаб 1:200;

2.Элеватордың  барлық ғимараттарының планы.

3.Астықтың қозғалу технологиялық схемасы.

 

Курстық жұмыстың есептік бөлімін орындауға

әдістемелік нұсқау

Элеваторға түсетін астықтың сандық- сапалық сипаттамасы.

Элеваторға су жолы мен темір жол транспорттарынан  түсетін астықтың сандық- сапалық сипаттамасы берілген тапсырмадан алынады. Автомобиль транспортынан түсетін астықтың сандық- сапалық сипаттамасы п.2.15, 3-ші кестеге сәйкес элеватордың салыну ауданына(тапсырмада көрсетілген) байланысты алынады.

Темір жол транспортынан түсетін астық ылғалдылығын 16% -деп, су транспортынан түсетін астық ылғалдылығын 17% -деп алған жөн. Лас қоспа мөлшері - 3%-дан аспауы тиіс.

Есептеуді элеваторға жыл бойына түсетін астық мөлшерін анықтаудан бастаған дұрыс.

Дайындау элеваторына жыл бойына түсетін астық мөлшері дайындау мөлшерімен сәйкес келеді.Аударыстыру элеваторының жыл бойына түсетін астық мөлшері жылдық жүк айналымымен сәйкес келеді.

Өндірістік элеватордың жылдық астық мөлшері бір жылда диірменнің тұтынатын астық мөлшерімен анықталады. Диірменнің тәуліктік өнімділігін жұмыс периодына көбейту арқылы анықталады.

 

Бір жылда түсетін астық мөлшерін біле отырып, бір айда, тәулігіне, сағатына түсетін астықты (бірқалыпсыз түсуін ескеріп), сонымен қатар тазалау, кептіру(сапалық сипаттамасына сәйкес), арту көлемдерін есептеу керек.

 

 

Элеваторда жасалатын барлық операцияның есептік көлемін анықтау

 Астықты қабылдау

Элеватор жобасын өндеп, тасымалдау келесі мәліметтерге негізделеді.

Дайындау элеваторы А  70 000 т., астықты арту темір жолға 60%, су жолына 40%

Орталық ауданын салу

 

 

 

 

 

 

 

Элеваторға түсетін астықтың мөлшері мен сапасын сипаттау

 

Транспорт түрі

Мөл-шері %

Ылғалдылығы

Лас қоспалар

Қиын ажыра-тылатын

15-ке дейін

15-17

17-22

22-26

1-ге дейін

1-3

3-5

5

Автотранс-порттан қабылдау

 

10%

 

40

 

30

 

30

 

-

 

20

 

60

 

10

 

10

 

10%

Темір жол транспортына арту

 

90%

                 

Су жолы транспортына арту

 

-

 

100%

 

-

 

-

 

-

 

100

 

-

 

-

 

-

 

-


 

Астықты автотранспорттан қабылдау

 

Астық дайындағанда дайындау мөлшерінің 80 % есептік дайындау периодына түседі.(НТП, п.2.7.)

 Ақаб= 0,8 A   

 

 

 

т

 

т

 

 

т

 

т

 

т

мұндағы:

А (т) - – дайындау периодында автотранспорттан түсетін астық мөлшері.

Пр (тәулік) – дайындау периодының ұзақтығы, климаттық шарттарға байланысты астық жинау мерзімдерімен анықталады және НТП п.2.6. сәйкес қабылданады.

0,8 – астық тапсырушының  есептік периодында түсетін астық мөлшері,  

[HTП, п. 2. 7.]

Кт, Кс – автотранспорттан түсетін астықтың тәуліктік және сағаттық біркелкі еместігін  көрсететін коэффициент, [НТП. Таб. 2. п. 2.13. , 10 бет].

T (сағ) - тәулік бойы автотранспортпен астықты тасып жеткізу есептік уақыты. Астықты дайындау көлемі шағын болғанда  автотранспортпен астықты тасып жеткізу есептік уақыты 8 және 16 сағат болуы мүмкін.

 

 

Астықты темір жол транспортына арту

Темір жол транспортына 11 ай бойы артылады. Айлық және тәуліктік мөлшері біркелкі еместігін көрсететін. Коэффициенттерді ескере отырып есептейміз.

 

т

Ажыл – 1 жылда түсетін астықтың мөлшері

Кт/ж – темір жол транспортынан түсетін астықтың мөлшері

Кай , Кт – темір жол транспортына астықты артуға байланысты, айлық және тәуліктік қалыпты емес коэффициенті  1,5 және 2,0  [НТП, n 2.14].

т

т

т

т

          т

           т

Астықты тазалау

 

Элеваторға түсетін астықта лас қоспа мөлшері 1 % артық болса, міндетті түрде тазалау керек. Егер лас қоспа мөлшері 5% көп болса, онда алдын ала лас қоспаларды ворохтазалағышта тазалайды.

Егер, құрамында қиын бөлінетін қоспа болса, қосымша триер машинасында тазалайды.

 

т

Мұндағы: - авто, темір жол транспортынан түсетін астықтың мөлшері = .

     Кворох; Ктриер - ворохта , триерде тазалау керек астықтың мөлшері.

 

 

 

Астықты кептіру

 

Кептіруді қажет ететін астықтың мөлшерін оның  ылғалдылығына байланысты анықтайды.

Түсетін астықтың ылғал және сулы бөліктерін міндетті түрде  кептіру керек.

 

 

Мұндағы : К1, К2 , К3 - әр түрлі транспорттан түсетін астықтың жалпы мөлшерінен ылғал және сулы мөлшері.

 

 

Информация о работе Элеваторға түсетін астықтың қасиеттері