Балалардың шығармашылығын дамытуда театрландырудың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2014 в 17:42, лекция

Краткое описание

Театр- мерекелік және ұызыұты ойындарға толы.Балаларға ешбір теңдесі жоқ зор қуаныш әкеледі.Мектеп жасына дейінгі балалар өте әсерленгіш, олар әсіресе эмоциялық ықпалға берілгіш.Сәбилердіңнақты ойларына көркем шығарманың сахнаға бейімделуі сол шығарманың мазмұнын дұрыс және ашығырақ түсінуге көмектеседі.
Алайда оларға спектакльді көруден, нағыз театр жұмыстарына өздері қатысқаны ұнайды.Декорациялар, қуыршақтар әзірлеу, сценарийлер жасап, оны талқылау да қызықты.Ойыншықтар театрының өзі кішкене көркемдеулерге түгел бір комплексті құрал ретінде әсер етеді, бұның өзі көркем образдар, ашық безендірілу, дәл сөздер және музыка.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Камшат Бекеш Театр туралы.doc

— 49.50 Кб (Скачать документ)

Балалардың шығармашылығын дамытуда театрландырудың

                                             әдіс-тәсілдері 

Театр- мерекелік және ұызыұты ойындарға толы.Балаларға ешбір теңдесі жоқ зор қуаныш әкеледі.Мектеп жасына дейінгі балалар өте әсерленгіш, олар әсіресе эмоциялық ықпалға берілгіш.Сәбилердіңнақты ойларына көркем шығарманың сахнаға бейімделуі сол шығарманың мазмұнын дұрыс және ашығырақ түсінуге көмектеседі.

     Алайда оларға спектакльді  көруден, нағыз театр жұмыстарына  өздері қатысқаны ұнайды.Декорациялар, қуыршақтар әзірлеу, сценарийлер жасап, оны талқылау да қызықты.Ойыншықтар театрының өзі кішкене көркемдеулерге түгел бір комплексті құрал ретінде әсер етеді, бұның өзі көркем образдар, ашық безендірілу, дәл сөздер және музыка.

     Нағыз тетрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді.Бұның бәрі сөз жоқ,сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді.Балада бірте-бірте образдарды құрастыру іскерліктері, өнертапқыштығы және ептілігі, интуициясы, импровизация қабілеттері дамиды.

    Тыңдаған шығарманың мазмұнын жандандыру үшін педагогтың ұйымдастырған театрландыру ойындарында, шағын спектакльдерде импровизация принципі ең басты соңғы нәтижесі емес бұл әрекетте маңыздысы-кейіптендіру,шығармашылық тебіреніс және орындау үрдісі.Театрландыруда ең бастысы-баланың кейіпкерлердің сөзін жаттауы, шығарманың мазмұнын нақты келтіріп, бейнелеуі емес.Мәтінді жаттау,қимылды келтіру уақытты талап етеді, ал бұл жастағы балалар ұзақ бір нәрсемен шұғылдана алмайды.Әрине, осындай театрландыру шығарма мазмұнын нақты итермелейді және оның көріністігі төмендеу болады.Балалар өзара қатынаста екі тілді пайдаланады.Бірінші тіл –бұл сөздер, сөйлемдер, фразалар, түсініктер, қорытындылау тілі.

    Екінші-бұл эмоция, тебіреніс, ым, жалпы мимика тілі.

    Балалардың ойындық тапсырманы  жануарлар немесе ертегі кейіпкерлер  образында орындауы оларға өз денесінің пластикалық қозғалыстарының жақсы игеруіне көмектеседі.

    Тіл дамыту, дауыс және  тыныс алу жаттығулары баланың  сөйлеу аппаратын жетілдіріп, дұрыс  және нақты дыбыстарды айтуға  дағдыландырады. Балалар көпшіл  болады, нақты өз ойын тұжырымдауға және оларды ашық баяндауға, қоршаған әлемді тануға және сезінуге үйренеді.

    Құбылыстардың және басқа  да көрермендердің алдында өз  өнерін көрсету баланың рухани  қажеттілігі мен шығармашылық  күшін іске асыруына жағдай  туғызып, өзін-өзі бағалауын көтереді.Бала үнемі өзіне алатын көрермен мен орындаушы қызметін алмастыруды, оған өзінің позициясын, іскерлігін, білімін көрсетіп, еңбексүйгіштігінің жүйелі түрде жұмыс істеуінің, шешім қабылдағыштығының қалыптасуына жағдай туады.Театрландыру әрекетін ұйымдастырудың бірнеше ерекшеліктері бар.

    Біріншіден, бұл ертегімен  танысу.Бұл кезең педагог үшін  аса маңызды, сондай-ақ баланың  әдеби мәтінге эмоционалды лебізін  білдіру деңгейін, оның көркемдік  тебіреніс қабілетін, көркемдік  шығарманың эстетикалық құндылығын түсіну дәрежесін анықтауға көмектеседі.Ертегілермен таныстыру үрдісінде балалар оның желісіне қарамай талдайды.

    - кейіпкерлердің ерекшеліктері олардың жағымды және жағымсыз болуы неліктен екенін;

    - олар қалай көрінуі керек, олардың жүрісін, қалай сөйлейтінін;

    - оның мінезіндегі ерекшеліктер  неден көрінетінін;

    - ертегінің өнеге-өсиет  беруін.

    Екіншіден, рөлді бөлу және оны игеру өте маңызды.Бұл кезеңде әр балаға ертегі мәтіні негізінде өзінің нұсқасын ойластыруға, яғни өз бетімен шығармашылық ізденіске ынталандыратын жағдай туғызу керек. Балалар жұмысқа белсенді араласып, осындай актерлік шеберлік дағдыларын игеруге, мәнерлі сөйлеуге, пластикалық қозғалыс арқылы көрсете білуге үйренеді.

    Үшіншіден, бұл театр  әрекеті үшін бірігіп дайындаған ойын кеңістігі.Балалар апта бойы атрибуттар, декорация жасау үшін еңбектенеді. Ата-аналардың көмегімен қалдық материалдарды қолданып, бірнеше костюмді, жетіспейтін бетперделерді дайындауға болады.

    Театр – балалар үшін  бұл әрқашан ойын, таңғажайып ертегі, желілігі тартымды және әдемі кейіпкерлердің әрекетінің сиқырлылығы. Бұл кейіпкерлерді көру ғана емес, солар сияқты болу.Кейіптендіруде балалардың;

      Сенсорлық дағдысы;

      Эмоционалды және  ойлау мүмкіндіктерінің аймағы  кеңеюі;

      Бөгеліп қалушылығы;

      Ұялшақтығы жойылып, шығармашылық қиялы мен фантазиясы  дамиды. Театрландыру әрекеті балаларға  ертегіні түсіну арқылы қоршаған әлемді тануы мен түсінуіне мүмкіндік беріп, олармен үйлесімді өмір сүруге, сабақтардан қанағат, ләззат алуына, әрекеттердің әр түрлілігіне  көркем шығармашылық белсенді үрдісінде оларға қатысуға, яғни жалпы дамуы мен шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

    Балалар театрының бірнеше түрі бар: ең көп тараған түрі – ойыншықтар театры.Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән сахнада – орындық кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнала бастайтыны белгілі.Ондағы қатысушы адамдар ролін «ойыншықтар» орындайды.

    Егер ойыншықтар театры  қосымша нәрселер жасауда керек етпесе, онда балалар тек көрермендер ролінде қатысса, бес саусақ театры немесе «Петрушкалар» театры кәдімгі театрлық ойындар жағдайын талап етеді.Мұндай театрға балалардың ықыласы зор.Оның жалпы кішкентайлығы, петрушка қуыршақтар қатысатын титімдей сахнасы балдырғандардың бүкіл ойын алаңын көріп отыруына мүмкіндік береді.Бес саусақ театрына қуыршақ дайындау процесі балаларды қатты еліктіреді.Сондықтан  да олар да премьераға дейін жасампаздық әрекетпен шұғылдануда болады.

    Мұндай қолайлы ықшам театр балаларға күшті әсер қалдырады.Сәбилер спектакль кейіпкерлерімен бірге барлық оқиғаға сабырсыздана қайғырып  отырады:қуыршақтармен сөйлесе, ашумен ұрсып отырады.Тіптен тұйық мінезді балалар жайбарақат отыра алийды.

    Бес саусақ театрына декорация едәуір жұмыс.Қолына қуыршақты кигізіп алып тәрбиеші  сәбилерге жақындаса болғаны, сол торай немесе аю балалармен сөйлесе кетеді.Аздап тентектік жасайды, еркелейді, баланы жұбатып жігерлендіреді, бір нірсе жасап беруді сұрайды.

    Балаларды көлеңке театры да қызықтырады.Көлеңке театры ертегілер мен сюжеті, өлеңдерді инцинировкалаудың көп тараған түрі.Көлеңке көрсету ертегі, әңгіме, мысалдары оқумен қатар жүргізіледі.Көлеңке театрының мүмкіндігін кеңейту үшін бір кейіпкердің бірнеше сюжетін әртүрлі кейіпте, әр жағдайда жасау керек.Көлеңке театры спектаклін көрсету алғашқы уақытта үш тәрбиешінің қатысуын керек етеді.Біреуі экран алдында отырып тексті оқиды, қалған екеуі экранның артында силиуэттерді басқарады.

    Балаларға кеңінен танымал  театрлардың бірі-столда тұратын «картон театры».Оған керек: сахна, шымылдық, декорация, фигуралар картоннан жасалып, әр түрлі түспен боялады.Сахналық материалдық ерекшелігіне байланысты бұл театр картиналар театры деп аталады.Кішкентай балалар картиналарды кітаптан көруді ұнатады, ал қозғалып тұрған картиналарды, әрине, олар қуан қарсы алады.

                                

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         КӨРІНІС АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ 

                           НЕМЕСЕ ТЕАТРДЫҢ ПАЙДАСЫ

Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.Ұлттың бүгіні де, ертеңі де тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Қазірргі таңда білім беру жүйесіне заман жаңа міндеттер жүктеп отыр.Себебі білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа талаптар қойылды.Заман талабына сай әрбір педагог жаңа технологияны меңгеріп, өз тәжірбиесінде қолдануда.

    Осыған байланысты біздің  №34 «Балбұлақ» бөбекжайында «Қуыршақ театры әлемі» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.Театр әр балаға қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлайды.Оның көркемдік талғамын, ақыл-ойымен еліктеуін, қиялын дамытады.Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері – тіл жетпес құдретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес.Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театрдың атқарар рқлі ерекше.Балаларға арналған театрдың бірнеше түрі бар:Қуыршақ театры.Үстел үсті театры.Папе-Маше театры.Қорап театры.Алжапқыш театры.Көлеңке театры.Қолғап театры.Саусақ театры.Ойыншықтар театры.Картиналар театры.Шұлық театры.Қасықтар театры.Стакан театры.

    Театр арқылы көркем  шығармаларды, қысқа тақпақтарды  жаттап, оны өзіне тән орындаудан  бастап – ақ кішкене немесе  көлемді қойылымдар ойналатыны  белгілі.Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.Тіпті кішкентайлар тобынан тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сқздер әсерлі естілуі үшін үстел үстіндегі тетрды қысқа қойылым арқылы қолдана берген жөн.

Балалардың ой-өрісінің кеңейуіне байланысты сахналық ойындар күрделене түсуі тиіс.Балабақшада көркем шығармаларды сахналауға дайындауда ертегі мәтіні ауызша айтылады барлық кейіпкерлермен қайталанады, шығармашылығын  шыңдауға көмек беріледі.Театр әлемі түрлері арқылы балалар ойлану, ойын дамыту және қиялдау мүмкіндігіне ие болады.

    Осы орайда бөбекжайымызда  театр түрлерін жасақтау қолға  алынып, әр маман өз шеберлігімен  тәнті қылып бірнеше көрнекліктер  дайындады, театр реквизиттернің (құрал-жабдықтарын) жасады.                                                                

    Қорыта келгенде, театр  әлемі балалардың көркемдік қабілетін  жетілдіріп, зеректікке, шешендікке  баулып, тұлғалық қарым-қатынасқа  жасауға, өнерге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылықтарын арттырады.Қиял-ғажайып ертегілерді әңгімелеу барысында жеңіл ырғақпен, сәтті ұйқаспен жеткізуге үйретеді.

    Қалай десек те балаға  берілетін білім, көркем әдебиеттен  нәр алуды театр арқылы беруге  жете көңіл бөлінсе, түсіндірілсе, бала үшін - әрі демалыс, әрі мереке, тәрбиешілер үшін үлкен жетістік болар еді...


Информация о работе Балалардың шығармашылығын дамытуда театрландырудың