Жедел-iздестiру қызметiнің субъектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:48, контрольная работа

Краткое описание

Ішкі істер органы құрамында жедел — іздестіру қызметкерлері өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызмет атқарады. Ұлттық қауіпсіздік органдары – мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігін жүзеге асыру барысында құпиялы жедел — іздестіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының әскери барлау – жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган болып табылады, шекарасы аумағына қатынасатын тұлғаларға барлау жүзеге асырады. Қаржы полиция органы – экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстар болған жағдайда жедел — іздестіру қызметкерлері жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметінің құрамында жедел — іздестіру қызметкерлер бар, олар Қазақстан Республикасының Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жедел іздестіру баяндама.docx

— 23.82 Кб (Скачать документ)

 

                            Жедел-iздестiру қызметiнің субъектілері 

     Жедел іздестіру  қызметінің субъектілері бұл  жедел іздестіру шараларына қатысып  жатқан тұлғаларды  айтамыз. Субъектілеріне жатады:

1)мемлекеттік орган;

2)мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлері;

3)іздестірудегі тұлға;

4)жедел іздестіру қызметіне  көмек көрсетуші тұлғалар.

Жедел — іздестіру қызмет жүзеге асыру барысында органдар арасында жедел — іздестіруді  жүзеге асырады, заңды және жеке тұлғалар, бұл қатынастар осы қызмет негізінде  жүзеге асырылады, осыған қатысты тұлғалар  арасында арнайы құқықтық қатынастар пайда болады, Қазақстан Республикасының заңымен реттелінетін қатынастар.

Жедел — іздестіру қызметін заңымен және Қазақстан Республикасының  басқа да заңдарында құқығы мен міндетін қалыптастырады,  тұлғаларға, мекемелерге және тағы басқа құқыққа қайшы әрекетті жүзеге асыратын және басқа жедел — іздестіру қызметін мүддесін білдіретін заңда қолданады.

Жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыруда өз қызметкерлері  арқылы жүргізіледі, жедел — іздестіру  қызметін жүзеге асыруға көмек көрсететін азаматтар арқылы жүргізіледі.

Басқа мемлекетердің жедел  — іздестіру органдарымен өзара  қатынасы. Жедел — іздестіру қызметі  әр бір уәкілетті органның құрамында  бар, олар: ішкі істер органы, ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан  Республикасының әскери барлау министрлігі, қаржы полиция органы, Қазақстан  Республикасының Президентінің  күзет қызметі.

Қазақстан Республикасының  аумағында Жедел — іздестіру  қызметін жүзеге асыратын органдар:

Ішкі істер органы құрамында  жедел — іздестіру қызметкерлері  өз өкілеттігі шегінде Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес қызмет атқарады. Ұлттық қауіпсіздік  органдары – мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігін жүзеге асыру  барысында құпиялы жедел —  іздестіруді жүзеге асырады. Қазақстан  Республикасының әскери барлау –  жедел — іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган болып табылады, шекарасы аумағына қатынасатын  тұлғаларға барлау жүзеге асырады. Қаржы полиция органы – экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстар болған жағдайда жедел — іздестіру қызметкерлері жұмыс атқарады.  Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметінің құрамында жедел — іздестіру қызметкерлер бар, олар Қазақстан Республикасының Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Жедел-iздестiру  қызметiн жүзеге  асыратын органдар.      

 

  • 1. Қазақстан Республикасы  аумағында жедел-iздестiру қызметiн:  
    Ішкі істер органы;
  • Ұлттық қауіпсіздік органдары;
  • Қазақстан Республикасының қорғаныс министірінің әскери барлау органдары;
  • Әділет министірлігінің қылмыстық атқару жүйесі;
  • Қаржы полиция органы;
  • Қазақстан Республикасының Президентінің күзет қызметі.

 

 

Бұл органдар тізімі жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар болып табылады.

Жедел іздестіру  қызметін жүзеге асыратын органдар тізімі , тек заңмен ауыстырылуы және толықтырылуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген жедел  іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар тізімі 1994 жылғы заңның бірінші  нұсқаулығындағыдай толықтай жалпы түрде сәйкес келеді және көбі өзгіртілгін жоқ.

 

Жедел-iздестiру  қызметiн жүзеге асырушы органдардың  мiндеттерi.      

Жедел-iздестiру қызметiнiң осы  Заңмен белгiленген мiндеттерiн  орындау кезiнде оны жүзеге  асыруға уәкiлдiк берiлген органдар; 

а) жеке және заңды  тұлғалардың заңмен қорғалатын  құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн,  меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң  қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық  және қорғаныс әлуетiн нығайту  үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;

б) жедел-іздестіру шараларын  жүзеге асыру арқылы қылмыстарды  анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық  процесте пайдалану үшін олардың  нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздері тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын  жүргізу туралы тергеушiнiң жазбаша  тапсырмаларын орындауға;

б-1) прокурордың жедел-іздестіру  қызметінің заңдылығын қадағалауды  жүзеге асыру барысында берген жазбаша  нұсқауларын орындауға;

б-2) қылмыстық іс бойынша  жасырынған сотталушыны және азаматтық  іс бойынша жауапкерді, атқарушылық  іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру  туралы сот актілерін орындауға;

в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн  өздерiне белгiлi болған жәйттер мен  деректердi Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк өкiмет пен басқару  органдарына дер кезiнде хабарлауға;

г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;

д) жедел-iздестiру шараларын  жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық  процесте пайдалану үшін жүргізілген  жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін  бейнелейтін материалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

 

 

 Жедел-іздестіру  қызметін жүзеге асырушы органдардың  құқықтары. 

 

 

 Жедел-іздестіру қызметінің  міндеттерін орындау кезінде  оны жүзеге асыруға уәкілеттік  берілген органдардың: 

1) өз құзыреті шегінде  осы Заңның 11-бабында көрсетілген  жедел-іздестіру іс-шараларын жария  және жасырын жүргізуге; 

2) жедел-іздестіру қызметінің  міндеттерін шешуді қамтамасыз  ететін жедел есепке алуларды  және ақпараттық жүйелерді құруға  және пайдалануға;

3) жедел-іздестіру іс-шаралары  барысында жазбаша немесе ауызша  шарт бойынша жеке және заңды  тұлғалардың, әскери бөлімдердің  тұрғын  үй-жайлары мен тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда оны, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар есебінен өтей отырып пайдалануға;

4) астыртын ұйымдар құру  мақсатында жедел-іздестіру қызметін  жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары  мен көлік құралдарының ведомстволық  бағыныстылығын, сондай-ақ құпия  көмекшілердің жеке басын құпияландыратын  құжаттарды пайдалануға; 

5) қажетті ғылыми-техникалық  немесе өзге де арнаулы таным-білімі  бар лауазымды адамдар мен  мамандардың көмегін пайдалануға; 

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға;

7) Қазақстан Республикасының  аумағында жедел-іздестіру қызметін  жүзеге асыруға құқығы бар  басқа да органдардың келісімі  бойынша осы органдардың күші  мен қаражатын жекелеген іс-шаралар  жүргізуге тартуға; 

8) осы Заңның 11-бабында  көзделген жедел-іздестіру іс-шараларын  жүргізу мақсатында ғана тәуліктің  кез-келген уақытында ұйымдардың  аумақтарына және үй-жайларына,  ал әскери бөлімшелердің және  басқа да режимдік объектілердің  аумақтарына олардың басшыларының  келісімі бойынша кедергісіз  кіруге;

9) Қазақстан Республикасы  Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабында белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің нәтижелерін көрсететін материалдарды беруге құқығы бар. 

 

Жедел-iздестiру  қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi. 

 

1. Жедел-iздестiру шараларын  жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы  әрекеттерге жол берген қызметкерлер  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2. Жедел-iздестiру қызметiн  жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен  келтiрген залалды өздерi Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi. 

Жедел-іздестіру құқығы заңмен белгіленген міндеттерін атқару кезінде оның жүзеге асыратын уәкілдік берілген органдар төменде көрсетілгендей өз іс-шараларын дұрыс және орынды қолдана білу қажет. Жеке және заңды тұлғалардың, заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтарын, өмір сүруге қауіпсіздікті қамтамасыз ету, осы міндеттерді іс шараларда атқарады. Бұл міндет өте ауқымды болғандықтан, оларды бірнеше органдарға жүктелген жедел-іздестіру қызметінің заңмен берілген түсініктемесіне толығымен енген. Осы қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу жөнінде тергеушінің жазбаша тапсырмаларын соттың ұйғарымымен атқаруға міндетті. Осы жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қылмыстық процесті пайдалану үшін табылған материалдарды, деректерді астыртын жағдайды қамтамасыз ету және хабарлама құпиясын ашылуға жол беруге қажетті шараларын жүзеге асыру барысында, осы органдардың өзіне тән құқықтары бар.

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттердің  тізімі. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қазақстан Республикасының  Жедел-іздестіру туралы заңы.

Қазақстан Республикасының  «Ішкі істер органдары» туралы заңы.

Қазақстан Республикасының  «Ұлттық қауіпсіздік органдары» туралы заңы.

Қазақстан Республикасының  «Қаржы полиция органдары» туралы заңы.

Қазақстан Республикасының  «Күзет қызметі» туралы заңы.

Плетнев В. Оперативно - розыскная  деятельность. Курс лекций Алматы КазГЮА, 2001.

Оперативно – розыскная  деятельность в Республики Казахстан. Учебное пособие. Алматы – 2002. 380стр.


Информация о работе Жедел-iздестiру қызметiнің субъектілері