Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Июня 2015 в 22:48, реферат
Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”.
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері..............................................4
Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі.
Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.............6
Жасқа толу .....................................................................................................9
ІІ. Қылмыстың арнаулы субъектісі.................................................................11
ІІІ.Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық .........................13
Қорытынды..........................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................18
Заңдық (психологиялық) белгі адамның өзінің істеген әрекетіне есеп бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады.
Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген іс-әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін, оның қоғамға қауіпті мәнін яғн, қоғам, басқалар үшін өз мінез-құлқының зияндылығын сезбейтінін көрсетеді. Ақыл-ойдың бұзылуы еріктің бұзчылуына себепкер болып, адамның өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің мәнін түсінгенмен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезеңдер де болады. Мысалы, наркотикалық аштық жағдайындағы адам, өзіне жедел жәрдем көрсетуші медицина қызметкеріне шабуыл жасап, одан наркотикалық зәрі бар нәрсені тартып алуды өз мінез-құлқының қылмыс екенін сезеді. Бірақ та наркотикалық тәуелділікке байланысты еріктілік жағдайының терең бұзылуы салдарынан өзін-өзі ұстауға, басқаруға қабілеті болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот-психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет. Есі дұрыс емес деп танығанда медициналық белгінің нышандарының кем дегенде біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интеллектуалдық еріктілік белгілерінің екуінде немесе ауырлық жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет. Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі. Белгіленген тәртіппенесі дұрыс емес деп танылған адамдар субъектісі болып табылмайды, бұл оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіреді. Қылмыстық кодекстің 17-бабының 2-бөлімінде есі дұрыс күйінде қылмыс істеген, бірақ сот үкімшығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылып қалған, есі ауысу дертінен ауырып қалған адамды жазаға тарпау туралы айтылған. Есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді. Мұндайда сот-психиатриялық сараптың қорытындысына сәйкес, есі асысуы уақытша деп танылса, іс өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға соттың тағайынгдауы бойынша медицналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал уақытша есі ауысу дертінен айыққаннан кейін жазалануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 18-бабында мас күйінде істелген қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған. Осы бапқа сәйкес қылмысты мас күйінде істеген адам (спирттік ішімдікті, есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдаланудың нәтижесінде) қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Демек, мұндай адам қоғамға қауіпті іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылады6.
1.2.Жасқа толу
Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып танылады. Өте жас балалар қылмыстың субъектісі бола алмайды. Өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере алмайды және өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға тиым салады. Кез-келген жеке тұлға есі дұрыс болса да, егер заңда көрсетілген жасқа толмаса қылмыс субъектісі бола алмайды.
ҚК-тің 14-бабының бірінші бөлігінде “есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс” делінген7.
ҚК-тың 15-бабының бірінші бөлігінде жасқа толған қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.
Заңда анық көрсетілген кейбір қылмыстар үшін ғана қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап көзделген.
ҚК-тің 15-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адам мына қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады: адам өлтіру (ҚК-тың 96-бабы), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК-тың 1013-бабы) ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (ҚК-тің 104-бабының екінші бөлігі), зорлау (ҚК-тің 171-бабы), адамды ұрлау (ҚК-тің 125 бабы), ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-бабы 181-бабы) ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатының (ҚК-тің 185-бабының екінші, үшінші, төртінші бөліктер) ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, терроризм, адамды кепілге алу (ҚК-тің 234-бабы), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚК-тің 242-бабы), қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар мен қару құралдарын ұрлау не қорқытып алу (257-б), тағылық (258-б), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-б), ауырлататын мән-жайларда өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (275-б, 2-б), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (ҚК-тің 299-б).
Қылмыстардың бұл көрсетілген тізімі толық болып табылады және кең түсініктеме беруге жатпайды. Осы көрсетілген қылмыстардың қоғамға қауіптілігін 14 жасқа толған әрбір адам сезеді, өз әрекетіне есеп береді, сол себепті де заң шығарушы көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылықты 14 жасқа толған уақыттан бастап белгілеп отыр.
Қылмыстық заң қылмыстық жауапқа 16 жастан, ал кейбір заңда арнаулы көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан тартылатын белгілегенмен, кейбір әрекеттің мәнінің ерекшелігіне және субъектінің ерекше белгілеріне қарай, қайсыбір қылмыстардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған адамдар ғана тартылады. Мысалы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту 131-бап, әскери қылмыстарда қылмыстың субъектісі болып тек 18-ге толған адамдар ғана танылады. Қылмыс істеген, кәмелетке толғандардың жасы, туған жылы, айы-күні дәлме-дәл анықталуы қажет. Адамның белгілі бір жасқа (14,16,18,25) толуы дәл туған күнімен емес, кейінгі тәуліктен бастап есептелінеді. Кәмелетке толмағандардың жасы сот медициналық сарапшының қорытындысы бойынша анықталғанда, оның туған күні болып сол аталған жылдың соңғы айының соңғы күні (31 желтоқсан) танылады8.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі істерді қарағанда соттар айыпкердің кім екендігін, оның тәрбие және өмір сүру шарттарын, қылмыстық ниетін, істеген қылмысының себебі мен жағдайын толық есепкеала отырып, оларға тәрбиелік сипаттағы шараларды қолдануды немесе жаза тағайындау мәселесін шешуі қажет.
Кәмелетке толмағанның психикалық жағынан артта қалуы жөніндегі деректер болған жағдайда оның психикалық даму деңгейін, өз іс-әрекетінің мәнін толық ұғына алған-алмағандығын, оған қаншалықты ие бола алғандығын анықтау қажет. Ол үшін, қажет болған жағдайда, балалар мен жас өспірімдер психологиясы саласындағы мамандар (психолог, педгог) сараптама жүргізуге тиіс немесе бұл мәселелерді сарапшы-психиатрдың шешуі қажет.
Қылмыстық кодекстің 15-бабының үшінші бөлігіне сәйкес егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде толық түсіне алмаса, не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
Қылмыстық заң қылмыс субъектісінің жасы кәмелетке толмауына байланысты қылмыстық жауаптылық пен жазаның әр түрлі кодексінде кәмелетке толмағандардың жауаптылығы туралы мәселелер. Жалпы бөлімде, “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы” деп аталатын 4 бөлімде қарастырылған.
ІІ. Қылмыстың арнаулы субъектісі
Есі дұрыстық және заңда белгіленген жасқа толу, бұл айтылған екі белгі кейбір қылмыс құрамдары үшін жеткіліксіз, ондай құрамдарға субъект болу үшін осы көрсетілген белгілердің үстіне басқа да қосымша белгілер болуы қажет.
Қылмыстың арнауы субъектісі дегеніміз субъектінің жалпы белгімен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) бірге қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі тиісті нормаларда көрсетілген қосымша – арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз. Қолданылып жүрген қылмыстық заңда қылмыстың арнаулы субъектісі туралы жалпы ұғым берілмеген. Қылмыстың арнаулы субъектісін сипаттайтын белгілер Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті қылмыстық-құқылық нормаларының диспозицияларында көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында арнаулы субъектілердің белгілерін көрсеткен. ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінде мұндай екі түрлі тараудың аты көрсетілген. 13-тарау мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар және 16-тарау әскери қылмыскер. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың ерекшелігі сол, мұндай қылмыстарды тек қана мемлекеттік органның лауазым иесі немесе қызметшісі болып тағайындалған адамдар ғана қызмет бабын пайдалану арқылы істей алады. Санатқа жатпайтын адамдар қызмет бабындағы қылмыстардың объективтік жағының белгілерін орындауы мүмкін емес. Әскери қылмыстардың субъектісі болып тек қана әскери қызметшілер, әскери қызмет атқаруға міндеттілер ғана саналады. Кейде арнаулы субъектінің белгісі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нақты нормаларында көрсетілгенімен, ондай белгіні заңды грамматикалық, логикалық, жүйелі түсіндірудің негізінде анықтауға болады. Кейбір нормалар бойынша қылмыстың арнаулы субъектісін анықтау үшін заң шығарушы белгілі бір мемлекеттік жүйе қызметкерлеріне тән сипаттаманы береді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөілімінің 15-тарауы бойынша сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың бірнеше нормалары әділ соттылыққа қоса осы органның лауазымды адамдарының анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья – істейтін қылмыстары туралы көрсетіп, олардың қылмыстық жауаптылығын белгілеген.
Жалпы Ереже бойнша Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың субъектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар (6,7-б.) танылады. Арнаулы субъектілі қылмыстарды қылмысқа бірге қатысып істегенде оның орындаушысы тек қана арнаулы субъект, ал басқа қатысушылары жай субъект болады. Арнаулы субъект мынадай белгілері бойынша топтастырылады.
1.Мемлекеттік құқылық жағдайы бойынша: ҚР азаматы, шетелдіктер және азаматтыға жоқ адам (165-б)
2.Демографиялық белгілері бойынша
Кінәлінің жынысына қарай еркек (120,121-бап), әйел (121-бап), жас мөлшері (131, 132 - баптар)
3.Отбасылық туыстық
Ата-аналар (ҚК 136-бап), жұбайлар (140-бап), қамқоршы (139-бап), денсаулық жағдайы – ВИЧ, ЖҚТБ, соз ауруларымен ауыратын адамдар (116, 115-баптар)
4.Әскери міндетке қатысы
5.Қызмет жағдайы жөніндегі адамдар (307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316 - баптар).
6.Арнаулы мемлекеттік
7.Кәсіби міндетіне қарай: дәрігер (144-бап), медицина қызметкерлері (ҚК 114 бап).
8.Атқарған қызметінің немесе жұмысының мәніне қарай қызмет не жұмыс бабын өзіне сеніп тапсырған мемлекеттік құпияны жариялау (172-бап), теміржол, су, кеме және әуе көлігі қызметкерлері (295-бап), сайлау комиссиясының мүшесі (147 -бап), сауда қызметкерлері (223-бап)
9.Азаматтық мемлекет
10.Адамның жәбірленуші
11.Адамның бұрынғы істеген
ІІІ.Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық
Профессор Е.Қайыржанов: “Әуелі маскүнемдіктің қоғамдық өмір негізі - өндіріске тигізетін зияны көп” – дейді9. Еңбек тәртібінің бұзылуы, шығарылатын өнімнің саны мен сапасының төмендеуі, өндірістегі түрлі жарақат, еңбек адамының жұмыстағы өлімі немесе мүгедекке ұшырауы, тағы басқа жағдайлар маскүнемдікке байланысты екенін нақтылы, толық көрсеткен.
1958 жылғы шыққан заңға дейінгі
заңда (1934 жылғы) мас күйінде жасалған
қылмыстардың жауапкершілігі
Көрнекті психиатр-ғалымдар маскүнемдік адамның екі жағдайын аңғаруға болады дейді. Ішпеген соң уақытында өте сабырлы, ал мас күйінде аянышты, әжуалы, сиықсыз болып көрінеді. Дегенмен, заңда мас күйінде қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылуы, жаза тағайындалуы қажет екенін көрсетеді.
Әрине, мас күйінде жасаған іс-әрекетіне кінәлінің саналы түрде есеп бере алмайтыны, келетін зардапқа толығымен жауап беру қабілетінің жетпейтіндігі белгілі болғанымен өз қылығына, жасаған әрекетіне есеп бере алады, әрекетін басқара алады. Қылмыстық құқықта маскүнемдік физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді.
Физиологиялық (жабайы маскүнемдік)- уақытша жүйке жүйелерінде өзгешеліктердің болуы. Кей кезде сана-сезімі азайып, болып жатқан жағдайға толық жауап беруге қабілеті жеткіліксіз болуы. Дегенмен, жүйке жүйесінің әлсірегенін, қабілетінің жеткіліксіз болғанын, болып жатқан жағдайда анықтауға шамасының келмегенін, ішімдіктің салдарынан есінің уақытша кіресілі-шығасылы ауруы болмаса, кемақылдылық ауруы бар деуге болмайды. Мұндайда адам өзінің айналасындағы көріністерде не болып жатқанын, жалпы жағдайды болжай алатындай, өз қылығына жауап бере алатындай сана сезімде болады деп ойлау керек. Көбінесе адам мас күйінде де өзінің ісіне есеп беріп және өзін-өзі ұстай алатындай күйде де болады. Қандай мөлшерде ішсе де есінен айырылмайтын жағдайда болуы мүмкін. Ал көп жағдайда оның яғни мас адамның санасында елестеушілік (галюцинация), сандырақтау сияқты қасиеттерді аңғара алмаймыз.
Елесті ауру (белая горячка), көз алдына елестеушілік (алькогольный галлюциноз), сандырақтау (корсаковский психоз) ауруларымен ауру мезгілінде жасаған іс-әрекеттер болса, қылмыстың жауапкершіліктен босатылып, ем қолданылады.
Физиологиялық мас болудан патологиялық мас болуды ажыратып алу қажет. Патологиялық мас болу дегеніміз – психиканың қатты, аз уақытта бұзылуы. Патологиялық мас болғанда сананың дертті өзгерісі салдарынан кенеттен сандырақ, елес пайда болады, адам бағдардан айырылады, шындықтағы байланысты жоғалтады, себепсіз үрейленеді, ашу пайда болады. Дүлей әрекеттерді кенеттен, қатыгездікпен жасайды және талқандап бүлдіруге бейім болады. Патологиялық мас болу алдын-ала соған итермелейтін факторлар (қажу, үрейлену, мазасыздан т.б) болғанда туындайды және ол алкогольді қанша қабылдағанға байланысты емес10.
Қылмыстық заңда көзделген қылмысты патологиялық мас жағдайында жасаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Патологиялық мас болу жағдайында адам, өзінің психикасының уақытша ұзылуы себепті, өз әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну және оған ие болу қабілетінен айырылады, яғни бұлжағдайда Қылмыстық кодекстің 16-бабында көрсетілген есі дұрыс еместіктің медициналық және заңдық белгілері болады. Мұндай адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлей шаралары қолданылуы мүмкін.
Информация о работе Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық